Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Бірінші кезектегі бұл  нарықта табыстылығы барабар  қаржылық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты болды. Бір жағынан заңдардың қатты құрсауымен, ал екінші жағынан салымшыларға олардың жинақтарын сақтау және көбейту жөніндегі моральдік міндеттемелерін шектелген зейнетақы қорлары жаңа даму жолдарын іздестіруге мәжбүр болады. Нарықтың тербелістеріне дер кезінде жауап табу, жағдайды үнемі талдау және алдын ала білу, басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы икемділік барлық алға қойылатын міндеттердің сәтті шешімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың біріне айналады.

ЖЗҚ алдында тұрған мәселелерді  шешу үшін мемлекет тарапынан бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Бірінші кезекте бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 24 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген Зейнетақыны жинақтау жүйесін 2005-2007 жж. дамыту бағдарламасы болды, және оның басты мақсаты ретінде: «Қазақстанның зейнетақыны жинақтау жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың көзі ретінде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру» болды. Осы бағдарлманы іске асыру мақсатымен өткен жылы ЖЗҚ қызметін бірқатар заңнамалық актілері қабылданды:

  • Зейнетақы жинақтау қорларына пруденциалдық нормативтер туралы Ережелерге зейнетақыны жинақтау қорының зейнетақы активтері бойынша каленьдарлық жылдың аяғына қарай номиналдық табыстылығының көрсеткіші белгіленген барынша төмен табыстылық мәнінен аз мөлшерді құраған кезіндегі жағдайда теріс айырманың орнын толтыру тәртібін белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді, сондай-ақ осы теріс айырманың орнын толтыру кезінде зейнетақыны жинақтау қорының есеп-шотына ЗАИБАҰ аударуы тиіс ақша сомасын аудару мерзімін және есептеу тәртібі 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
  • ЖЗҚ-ның ай сайынғы инвестициялық табыстары (шығындары), ай сайынғы жарналары және комиссиялық сыйақы сомалары туралы жыл сайынғы міндетті мәліметінің форматын кеңейтуге бағытталған «Міндетті, ерікті және ерікті-кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету жөніндегі типтік келісімдерді бекіту және зейнетақыны қамтамасыз ету жөніндегі типтік келісімдерді бекіту және зейнетақы активтерінің инветсициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның жинақтау қорының акционерлері жөніндегі ақпарат көлемін анықтау туралы» қаулыға қосымшалар енгізілді;
  • лицензияларды берудің шарттарын және тәртібін белгілеу мақсатындағы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті лицензиялаудың, сондай-ақ зейнетақы жинақтау қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға және оның қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың, тәуекелдіктерді басқару жүйесін қалыптастырудың Ережелері әзірленген және бекітілген;
  • зейнетақы активтерін өз күшімен басқаратын ЗАИБАҰ және ЖЗҚ-ларды ынталандыру, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды 2005 жылдың наурызында сатып алу мақсатымен қаржылық құралдарды есептеу әдісінің өзгеруін және ЖЗҚ зейнетақы активтерінің қоржынындағы бойынша табыстарды мойындауды қарастыратын зейнетақы жинақтау қорларының инвестициялық қоржындарында орналасқан қаржылық құралдарды бағалау Ережелерін бекіту туралы қаулы қабылданды /36,18-20 б./.

Сонымен қатар, 2005 жылдың қарашасында Зейнетақы активерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру Ережелері жаңа редакциямен бекітілді.

Бұл Ережелер зейнетақы  активтерін инвестициялауды жүзеге асыру рұқсат етілген қаржылық құралдар бойынша сақтандыру (хеджирлеу) операцияларының жүзеге асырылуы өтетін тәртіптің белгіленуін, хеджирлеу (сақтандыру) құралдарының тізімін және оларды пайдалану шегін қарастырады. Сондай-ақ бұл Ережелерде зейнетақы активтерін инвестициялауға арналатын қаржылық құралдардың тізімін кеңейту жағы қарастырылған, МБҚ (Мемлекеттік бағалы қағаздар) бойынша лимиттер төмендетілген. Сонымен қатар, шетелдік мемлекеттен тыс құнды қағаздардың рейтингтік бағалануы жөнінде зейнетақы активтерінің есебінен эмитенттері рейтингке ие акциялары сатып алынуы мүмкін деген жағдай қарастырылған. Инвестициялық қорлардың пайдаларын рейтингтік бағалаулар жөнінде Standard (Poor,s агенттігінің тиісті рейтингтік шкалалары бойынша рейтингтік бағалаудың шектік мәндері белгіленген («ВВВ т»-нан, немесе «ВВВ f»-тан төмен емес).

Өткен сегіз жылдың ішінде зейнетақы жүйесі елеулі өзгерістерде бастан кешті: қатысушылар құрамы кеңейе түсті, зейнетақы қорлары ірі  қаржылық институттардың категриясында  енді, рыноктың барлық мүшелерінің  арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Бүгінде қаржылық институттары өздерінің клиенттеріне әр түрлі өнімдер, қызмет көрсетулер ұсынады және осы өнімді (қызмет көрсетулерді) таңдау мүмкіндігі салымшылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Әр түрлі қаржылық институттары арасындағы жалпы бәсеке де қаржы нарығының дамыған инфрақұрылымын құруға ықпал етеді.

Зейнетақыны жинақтау жүйесінің  келешектегі дамуында жүйе инфрақұрылымында өзгерістер күтіледі, заңдардың өзгеруіне  байланысты бірігулер және жойылулар  орын алуы мүмкін және де бір жағынан, зейнетақы нарығы ойыншыларының санын азайтуға бағытталған зейнетақы жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптар күшейеді. Сонымен қатар, бұл процестерде инвестициялау құралдарының мәселесі де, пайыздық мөлшерлемелердің құлдырауы да, теңге бағамының әрі қарай нығаюы да өзінің рөлін атқаратын болады.       

Болашақта зейнетақы  активтерінің өсу динамикасы өседі, бұл номинальды жалақының өсімімен және зейнетақы жүйесі салымшылар санының  жоғарылауымен анықталады. Сондай–ақ  мұндай жағдай зейнетақы активтерін орналастыру мәселесін шиеленістіруі мүмкін, бұл оның құрылымының өзгеруін растайды.

Жалпы алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша 4 жыл 3 айдағы нақты жинақтардың орташа сомасы барлығы 42,1мың теңге немесе жылына 10 мың теңгені құрады. Мұндай аз мөлшерлі жинақтардың негізгі себебі жалдамалы жұмысшылар жалақысының төмен деңгейі, сондай–ақ зейнетақы жарналары бойынша 25 млрд. теңге көлеміндегі кәсіпорындардың берешегі. Жалақыны есептеп төлегенде 10% көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын формальды түрде ұстап қалып, сәйкес зейнетақы қорларына аудармай, өз мақсаттарында қолданатын кәсіпорындар бар / 31, 47б./.

Одан басқа, кейбір кәсіпорындар салықтық, соның ішінде зейнетақы  аударымдарын төмендету үшін жалақы деңгейін төмендетіп көрсетеді.  Табысты жасырудың мұндай әдістерін жиі қолданудың тәжірибесі зейнетақы қорларына қаражаттарды мерзімінде аударуды бақылау механизмінің және қандай да бір шаралардың жоқтығын көрсетеді; ал  салымшылардың сотқа шағымданулары не орынсыз екендігін, не мәліметтердің кең қоғамға жетпегендігін дәлелдейді.

Салымшыларды жеке зейнетақы  есепшоты жағдайын міндетті түрде ақпараттандыру қарастырылмаған. Алайда салымшының сұратуы  бойынша қор барлық қажетті мәліметтерді беруі тиіс, жылына 2 рет – тегін, кейін – белгіленген төлем бойынша. Кейбір зейнетақы қорлары ғана жыл аяғында салымшыларға олардың зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты өз бетінше жібереді. Аннуитеттегі жинақтарды айырбастау мен төлемдерді жүргізу процесінің заңнамамен реттелмеуі қатаң назар аудартады. Зейнетақы келісімдері қордың қаржы міндеттемелерін қарастырмайды, яғни салымшы зейнетақыға шыққан кезде ол зейнетақы мөлшерін немесе жалақының неше пайызын алатынын білмейді, ерекшелігі тек "зейнетақы мөлшері жинақталған сома көлеміне байланысты" екенін білетіндігінде. Осылайша, бүкіл реформа зейнетақы жинақтары мен олардан алынған инвестициялық табысты дербес есептеуді ұйымдастыруға топтастырылған / 32, 36 б./.

Осымен байланысты, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулысымен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу мен олардың көлемін есептеу әдістерінің жаңа ережелері бекітілген. Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің пресс–қызметі мәлімдегендей, жаңа ережелер міндетті зейнетақы аударымдарына да, еркін зейнетақы аударымдарына да таратылған. Енді зейнетақы жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін ай сайын не бір мезгілде түгел ала алады. Жинақтаушы зейнетақы қорында барлық ақшалай жинақтарының сомасы 100 мың теңгеден не он екі минималды зейнетақы мөлшерінен төмен көлемдегі зейнеткерлер мемлекетпен төленетін зейнетақы сомасына тәуелсіз барлық соманы ала алады. 2003 жылдың 1 маусымына дейін минималды зейнетақы мөлшері (МЗМ) 5 мың теңгені құрады. Бүгінде бұл сома 5,5 мыңға жетті. Яғни ағымдық жылдың бастапқы бес айының төлемдері 5 мыңнан, кейін 5,5 мыңнан өндіріледі. Зейнетақы жасына жеткен кезде 8 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік зейнетақы мен 240 мың көлеміндегі зейнетақы жинақтары кезінде алушы ЖЗҚ–на барып, бірден 100 мың ала алады. Бұл мемлекеттік зейнетақы мөлшеріне әсер етпейді.

Минималды зейнетақы  мөлшерінен (МЗМ) төмен зейнетақы  алатын тұлғаларға да шарттар қойылады. Мысалы, 3,5 мың теңге зейнетақы  мен ЖЗҚ–да жинақтары сомасы 500 мың  көлеміндегілердің ай сайынғы төлемдеріне  қосымша жылдық төлемі 34270 теңгені құрайды. 3,5 мың теңге мөлшеріндегі айлық төлемдер өзгеріссіз қалады.

Зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеу жыл сайын  өндіріледі. Жаңа заңдарға сәйкес каленьдарлық жыл 1қаңтардан 31желтоқсанға дейін  қабылданады. Толық жылдық соманы азаматтар  осы период ішінде кез–келген уақытта ала алады. Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын алудың периодтылығын (ай сайын, квартал сайын, жыл сайын) алушының өзі анықтап, қосымша келісім–шартта белгілейді. Келісімнің барлық шарттарын қарастыруға, ЖЗҚ жаңа заңы бойынша, жылдық соманы алуға алушы қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін 15 күндік мерзім беріледі.

Ал ерікті зейнетақы  жинақтары бойынша жылдық сома ЖЗҚ  мен алушының келісімімен белгіленеді. Қазақстан халқының 14,9 млн. ішінде 1,6 млн. адамы зейнеткерлер. Жұмыс істеуші жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы саны республика азаматтарының 3 млн.астам  / 37, 146 б./.

  Қазақстан Республикасының  еңбек және әлеуметтік қорғау  Министрлігінің пресс–қызметі мәлімдегендей,  келешекте жаңа зейнетақы жүйесін  жетілдіру мен зейнетақы төлемдерінің басқа нұсқаларын жасау болжалануда.

Қазақстанның ағымдық  заңнаммасына сәйкес өз зейнетақы жинақтарын алудың негізі зейнетақы жасына жетуден  басқа, азаматтың  тұрғылықты тұрғын орнына шетелге кетуі. Жүйеге толық  сенімсіздікпен, нақты төлемдер механизмінің жоқтығы мен мемлекеттік органдардың жоғарғы деңгейдегі жемқорлығы көптеген азаматтар өздерінің басқа елге тұрғылықты тұрғын орнына шетелге кетуі туралы жалған құжаттарды рәсімдеп, өз жинақтарын алып, содан соң жаңа қорда барлығын "таза беттен" бастайды. Зейнетақы жинақтарының өсімі негізгі звенолары жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компания болып табылатын, зейнетақы қызмет нарығы инфрақұрылымының дамуымен қатар жүреді. Соңғы екі жыл ішінде МЕЖЗҚ жеке капиталы сенімділік пен қорлар жұмысының тұрақтылығы артуы мақсатында екі еселенді.

21.04.2003 жылғы Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкін Басқару  қаулысымен жарғылық капиталдың  минималды мөлшері ашық жинақтаушы  зейнетақы қоры үшін 250млн. теңге, корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры үшін 100 млн. теңге көлемінде бекітілген. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметін жүргізуге лицензия алу үшін өздерінің жарғылық капиталдарын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры үшін 500млн. теңгеге дейін, ал корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры үшін 300 млн. теңге көлеміне дейін толықтырулары керек. Мұндай ұлғайту зейнетақы қорларының материалды–техникалық базасын жетілдіру үшін қосымша қаражаттардың қажеттілігімен түсіндіріледі.

Жинақтаушы зейнетақы  қорлары жарғылық капиталына талаптардың  жоғарылауына байланысты республика зейнетақы  жүйесі құрылымында өзгертулер болуы  мүмкін: кейбір зейнетақы қорлары  өз активтерін өзіндік инвестициялық  басқаруға көшуі, ұсақ зейнетақы  қорларының қосылуы, ЗАБК саны өз ішінде не зейнетақы қорларымен қосылуы есебінен қысқаруы.

Жарғылық капиталдың жетіспеушілігі жағдайында ұсақ және орта ЖЗҚ қосылуы түрінде зейнетақы  активтерінің консолидациясы мүмкін. Қазір зейнетақы қызмет нарығы консолидацияланған дегенмен, зейнетақы қызметінің 70%–нан астамын үш ірі ЖЗҚ – МЖЗҚ,"Ұлар–Үміт","Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ " алады. Орташа ЖЗҚ үлесіне тиістісі 29%–ына жуығына зейнетақы қызметі мен 1%–ына қайта құрылған не ұсақ ЖЗҚ, мына жағдайда "Капитал" мен "Отан".

Зейнетақы активтері  мөлшері байланысты ЖЗҚ бірнеше  топқа бөлуге болады. Актив мөлшері 20 млрд. теңгеден жоғары ЖЗҚ. Оларға жататындар: МЖЗҚ, "Ұлар–Үміт","Қазақстан  Халық банкі ЖЗҚ ", "ABN AMRO–КаспийМұнайГаз". Зейнетақы қорларының бұл тобы жиынтық  активтері зейнетақы қызмет нарығының 74%–ын құрайды. Келесі топқа активтері 5–20 млрд.теңге аралығындағы ЖЗҚ кіргіземіз. Мұнда мына ЖЗҚ кіргіземіз: "Сенім", "Құрмет", "ҚазақМыс", "Қазақстан", "Валют–Транзит Қор", "МұнайГаз–Дем", "Халықтық зейнетақы қоры". Қалғандары 5 млрд. теңгеден төмен активтерді иеленуші, зейнетақы нарығының тек 4%–ын ғана алатын ұсақ қорлардың тізімінде / 25,44б. /.

Зейнетақы активтері  көлемі бойынша нарықта жетекші  болып МЖЗҚ табылады, себебі: біріншіден, зейнетақы қорының қызмет етуінің барлық мерзімі ішінде "по умолчанию" қоры болғандықтан; екіншіден, қордың мемлекеттің иелігінде болуы өз жинақтарының зейнетақы төлемі ретінде сақталуы мен қайтарылуы салымшыларда сенімділік тудырды; үшіншіден, МЖЗҚ техникалық себептерге байланысты алыс аймақтардан салымшыларды тартудың мүмкіншілігі жоғары болды. Абсолютті мәнде МЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1 млрд.теңгеге өсуде, бұл оның тұрақтылық позициясын көрсетеді.

Бір салымшыға жинақтың орташа сомасы 53 мың теңгені құрайды. "Филип Моррис Қазақстан" ЖЗҚ темекі компаниясы қызметкерлерінің жоғары табысының күшінен ерекшелік тудыртады. Таза зейнетақы активтері сомасы, яғни зейнетақы төлемдері бойынша кредиторлық берешек, аударылған комиссиондық сыйақылар бойынша ЖЗҚ міндеттемелерін есептегендегі зейнетақы активтері сомасы 2002 жылдың 1 сәуірінде зейнетақы жүйесі бойынша 200,4 млрд. теңгені құрады, ол 1,315млрд. теңге не барлық зейнетақы активтерінің 99,9%–ына сәйкес, бұл салымшылардың ЖЗҚ түсетін зейнетақы жарналарын инвестициялаудың үлкен потенциалы барын көрсетеді.

Алайда жинақтаушы зейнетақы  жүйесі дамуының позитивті беталысы зейнетақы аударымдарының міндеттілігімен, сонымен қатар салымшылар санының  мен номиналды жалақының өсімімен анықталатынын ескеру керек. Қазақстан  зейнетақы жүйесі реформасының қажеттілігі нарықтық экономика мен халықтың әл–ауқатын қамтамасыз етудің негіздерін салуға ұмтылу талаптарымен келісілген еді. Реформаның негізгі ынталандырушысы мемлекеттің халықты зейнетақымен қамсызданыру шығындарындағы өз қатысуын минимизациялауға ұмтылуы. Қазақ реформасының ерекшелігі жинақтаушы жүйенің қосымша ретінде емес, жаңа мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандырудың негізгі элементі ретінде болуы / 27, 21 б./.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары