Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің  негізгі звенолары: жинақтаушы зейнетақы  қорлары, зейнетақы активтерін басқару  бойынша компаниялар, банктер-кастодиандар.

Жинақтаушы зейнетақы қорлар - бұл ашық не жабық типтегі акционерлік қоғам формасында құрылған заңды тұлғалар. ²Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына сәйкес ЖЗҚ (ННПФ) зейнетақы жүйесінде орталық звено болып табылады /4, 3б./. Олар салымшылармен жұмысты, зейнетақы келісім-шарттарын жасайды, зейнетақы жарналары инвестициялық табыс аударымдарына жеке есеп-шот жүргізеді, сондай-ақ салымшылар алдындағы қордың міндеттемелерін ұйымдастырады. Қор өз қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алады, өз салымшылары мен мемлекеттік құрылым алдында есеп береді, халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, өтініштерін қарастырады, салымшының өлімімен немесе шетелге кетуімен байланысты сұрақтарды шешеді.

Ағымдық кезеңде Қазақстанның зейнетақы  жүйесі мемлекеттік және жеке бөліктерден  құралғандықтан, нарықта мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) қызмет етеді және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте салымшылардың тек міндетті зейнетақы аударымдарын жүргізіп, зейнетақыны алушыларға төлемдерді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендірудің мүмкін нұсқалары әзірленуде.

Қазақстан Республикасының зейнетақы  қорын реттеу бойынша комитеті Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендірудің мүмкін нұсқауларын әзірлеген. Комитетке әр түрлі компаниялардың,  соның ішінде шетел компанияларының өкілдері МЖЗҚ  потенциалды  инвесторлар үшін жеткілікті тартымды кәсіпорын болғандықтан жекешелендіру туралы ұсыныспен жиі келеді. Мемлекет болса МЖЗҚ жекешелендіруге әлі дайын емес.

Әзірленіп жатқан нұсқалардың ішінде республика үшін екеуі ғана анағұрлым артықшылыққа ие. Біріншісі МЖЗҚ-ны стратегиялық инвесторға мемлекет меншігінде  акциялар пакетінің үлесін сақтай отырып сатуды қарастыру. Екіншісі-  мемлекетте блоктаушы акция пакетін сақтап МЖЗҚ-ны сату. Екі жағдайда да Ұлттық комиссияда бағалы қағаздар және олардың қаржылық нарықта баға белгісі бойынша болашақ кәсіпорынның акцияларының листингі қарастырылады.

МЖЗҚ сатқан жағдайда жұмыс істеуші  Заңнаманың өзгеруін талап ететінін ескеру керек.


 

Сурет 1. Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруын жүргізетін ұйым инвестициялық  қоржын құрылымының нормаларын сақтап бағалы қағаздар түрлерін заңнамамен рұқсат берген жинақталған зейнетақы активтерін орналастырумен айналысады. Қазақстанда бұндай ұйымдарға зейнетақы активтерді басқару бойынша Комитет – ЗАИБАҰ  жатады / 4, 3 б./.

ЗАИБАҰ – бұл жинақтық зейнетақы қорларының активтерін инвестициялауды  іске асыратын ұйым болып табылады. Олар заңды тұлға,  бағалы қағаздар нарығыының кәсіби қатысушылары  болып табылады, инвестициялық портфельдің қалыптасу нормаларын сақтай отырып заңнамамен рұқсат етілген бағалы қағаздарға зейнетақы қорлары активтерін орналастырумен айналысады. Жинақтық зейнетақы қорларымен ЗАИБАҰ ортасында өзара қатынастар қордың активтерін басқару келісім шарты негізінде қалыптасады. Келісім шарт қорытындысы туралы шешімді қабылдау тәртібі  жарғыда сипатталады. Зейнетақы қорлары үшін  Ұлттық Банктің депозиттері бойынша жеке тұлғаларға проценттік ставка бағыт болып есептеледі. ЗАИБАҰ –дың белгіленген табыстылыққа жету үшін кепіл ретінде оның активтері саналады, ол сенімді басқару келісім шартында айқындалады.  ЗАИБАҰ-дың негізгі функциясы - салымшылардың ақшаларын тиімді орналастыру және табыстың максимальды мүмкіндігі деңгейін қамтамасыз ету мақсаттарында ішкі және сыртқы халықаралық қаржылық рыноктардағы жағдайды қадағалау. 

Банк–кастодиандар зейнетақы  активтерінің сақталуы мен қаражаттар қозғалысының жедел қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. ЗАИБАҰ–мен келісім–шарт жасаумен қатар зейнетақы қоры банк–кастодианмен келісім–шарт жасауы қажет. Банк–кастодиандардың қызметі зейнетақы активтерін шоғырландыру бойынша барлық операцияларыдың есебін жүргізуде, оларды орналастыруда, инвестициялық табыс алуда, сонымен қатар ЗАИБАҰ қызметі мен оның есепшоттарының жағдайы туралы қорды ақпараттандыруда тұжырымдалады. Банк қаражаттарды мақсатты қолдануда және инвестициялау лимиттерін сақтауда да бақылау жүргізеді / 4, 4 б./.

Зейнетақы жарналары Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына не мемлекеттік емес зейнетақы қорының біріне салынады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорының біреуі өз активтерін зейнетақы қорына зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есептемелерді тұрақты тапсыратын арнайы құқықты иеленуші банк–кастодиандарда сақтауы керек. Зейнетақы қорларын инвестициялауды ЗАИБАҰ жүргізеді. Зейнетақы қоры, банк–кастодиан мен ЗАИБАҰ арасында үш жақты келісім құрылады. Зейнетақы активтерін салудың әрбір жеке жағдайы үшін зейнетақы қоры, банк–кастодиан мен ЗАИБАҰ –ның өкілдерімен қол қойылатын инвестициялық шешім қабылданады. Зейнетақы активтерін орналастыруды басқарудың бұндай күрделі механизмі азаматтардың зейнетақы жинақтарының анағұрлым жоғарғы деңгейлі қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен құрылған. 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін орналастыру құқығын міндетті түрде мемлекеттік өкілетті органдармен бекітілген норматив талаптарына жауап беретін және қажетті лицензияларды алған жинақтаушы зейнетақы қорлары иеленеді.

Зейнетақы қорлары басқа қаржылық ұйымдарға қарағанда қатаң мемлекеттік реттеуге алынған.Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мына үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • ЖЗҚ институционалдық формасын реттеу;
  • ЖЗҚ қаржылық шаруашылық қызметін реттеу, сонымен қатар олардың жұмыстарының залалсыз болуын қадағалайды;
  • ЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымын реттеу;

ЖЗҚ активтерінің құрылымын  қалыптастыру белгілі  жағдайға жеткеннен  кейін пассивтерінің нақты соммасы  төленуіне байланысты. Жарналардың  түсуі мен төлемдердің басталуы арасында, сонымен қатар жарналардың түсу мерзімі аяқталуы  мен зейнетақы төлеу уақыты аралығында бірнеше жылдар бар.  Ол ЖЗҚ-на ұзақ мерзімді және орта мерзімді қаржылық инвестицицялар жасауға мүмкіндік береді.  Тұрақты экономикалық және саяси жағдайда инвестициялық ресурстардың кейбір бөлігі қысқа мерзімді салымдарға бағытталады.

ЖЗҚ коммерциялық ұйым болып  табылады, сондықтан да максималды пайда алуға ұмтылады. Пайданы  өтімді емес қарыз міндеттемелерінің  жоғары табысының айырымы  мен  салымы жоғары өтімді пассивті міндеттемелерінің аз төлемдерінен алады.  Зейнетақы қорлары активтері мен пассивтерін қор және  олардың қатысушылары арасындағы балама принципі негізінде келістіреді.

Сонымен жинақтаушы зейнетақы  қорлары қаржы нарығында салыстырмалы түрде жаңа институционалды инвесторлар болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің қанағаттанарлықсыз әлеуметтік қамсыздандыруына қарсы құрылуына негізделген және оның дамуы корпорациялардың жоғары білікті жұмысшы күшін тарту талабы есебінен өріс алды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы институты ретінде халықтық ақша қаражаттарын ұлттық экономикаға инвестициялау үшін аккумуляциялау мүмкіндігін береді. Бұл бөлімде зейнетақы қорларының макро-микроэкономикалық қызметтері анықталды.

         

 

1.2 Жинақтық  зейнетақы  жүйесін  басқару қағидаттары

 

Портфельдік қалыптастыру кезінде түрлі қасиеттері бар  құнды қағаздар арасындағы пропорцияны  анықтау қажет. Классикалық консервативті (тәуекелі аз) портфельді құрудың негізгі  қағидалары мыналар: консервативтілік, диверсификациялау және жеткілікті ликвидтіліктің қағидалары /12, 19б./.

Консервативтілік қағидасы басым ықтималдылығы бар тәуекелді  үлестен мүмкін болатын шығындар сенімді активтердің табыстарымен жабылатындай жоғары сенімді және тәуекелді  үлестер арасындағы өзара байланысын ұйғарады.

 Мұндай жағдайда инвестициялық тәуекел негіз сомма бөлігінің шығынына емес, ол тек қана жоғары табысты жеткіліксіз алудан тұрады. Тәжірибе көрсеткендей, клиенттердің көбісі депозиттік мөлшерлемесі бірден екіге дейін шамасында ауытқитын сенімгерліктің жоғары категориясындағы банкілерінің табысымен қанағаттанады.

 Диверсификациялау  қағидасы портфельдік инвестициялаудың  негізгі қағидасы болып келеді. Диверсификация бір құнды қағаздар  бойынша мүмкін болатын көлемді  емес табыстар басқа қағаздар бойынша көлемді табыстарымен өтеу арқасында тәуекелді төмендетеді. Іскерлік активтілігінің циклдық ауытқуларының синхронділігін болдырмау мақсатында бір-бірімен тығыз байланыспаған, әр түрлі саласындағы құнды қағаздарды портфельге қосу арқасында тәуекелділіктің минимумі пайда болады.

Оптималды мөлшері - сегізден жиырмаға дейін құнды қағаздардың  түрлері. Диверсификация активті сегменттер арасында да, олардың ішінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қысқа  мерзімді облигациялар мен қазыналық  міндеткерлікті түрлі сериядағы құнды қағаздар арасында диверсификациялауға болады, корпоративті құнды қағаздар үшін - әр түрлі эмитенттер акциялары арасында. Жеңілдетілген диверсификация мәнді анализсіз бірнеше құнды қағаздар арасында қаражатты бөлуден тұрады. Қоржындағы қаражаттың жеткілікті көлемі салалық және аудандық диверсификацияны өткізуге жағдай жасайды. Салалық диверсификацияда бір саладағы өнеркәсіптің қағаздары жағына қарай қоржынның басым болып түсуіне жол берілмеуі тиіс, әйтпесе бүтіндей бір салада дағдарыс басталуы мүмкін. Мысалы, дүние жүзі нарығында мұнай бағасының түсуі, сонымен қатар бүкіл мұнай қайта қорыту кәсіпорындағы акциялар бағасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде инвестициялық қоржыгға кері әсер етеді. Солай сияқты бір аудандағы кәсіпорындарға да қатысты болады. Бір уақыттағы акциялар бағасының төмендеуі саяси тұрақсыздықтың, ереуілдердің, табиғи апаттардың және т.б. нәтижесінде болуы мүмкін. Корреляциялық анализ әдістері қоржындағы әр түрлі құнды қағаздар арасында оптималды баланс табуға жол береді.

Жеткілікті ликвидтілік қағидасы ақшалай қаражатқа деген клиенттердің сұраныстарын қанағаттандырарлықтай дәрежеден төмен емес тез жасалынатын активтердің үлесін қоржынға сақтап тұру үшін жағдай жасайды. Тәжірибе көрсеткендей, қаражаттың нақты бір бөлігін ликвидті (табысы азырақ болса да ) құнды қағаздар ұстау тиімдірек, ол өз кезегінде нарық конъюнктурасының өзгеруіне және жеке тиімді ұсыныстарына тез жауап беруге мүмкіншілік береді.

 Портфельді құрастыру  сұрағын қарастырғанда, инвестор олармен басқаратындай өзіне параметрлерді анықтау қажет :

- портфельдің оптималды  типін таңдау қажет;

- өзіне тиімді портфельдің  табысы мен тәуекелдің үйлесімділігін  бағалау және сәйкесінше әр  түрлі дәрежедегі тәуекелі мен  табысы бар құнды қағаздар портфелінің салмағын анықтау;

- қоржынның алғашқы  құрамын анықтау; 

- әрі қарай қоржынды басқару сызбасын таңдау /19, 93б./.

Инвестициялық портфельді қалыптастыру міндеті өз клиенттердің қаржы ресурстарын аккумуляциялауымен және оларды капиталдар нарығында пайдалануымен айналысатын зейнетақы қорлары үшін актуалды. Зейнетақы қорларының инвестициялық қоржының қалыптастыру бірнеше жолдармен жүзеге асады:

- оны құру мақсатын  қалыптастыру және олардың приоритеттілігін ( оның ішінде, маңыздырақ – дивидендтерді үнемі алып отыру әлде активтер бағасының өсуі), тәуекел дәрежесін, минималды кірісін, болатын кірісінен бас тартуын және т.б. анықтау;

- қаржы компаниясын таңдау (ол  отандық немесе шетелдік фирма  болуы мүмкін: шешімді қабылдау  кезінде фирма абыройын, фирманың қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болуы; фирма ұсынатын қоржын түрлері, оның табыстылығы, қолданылатын инвестициялық құралдардың түрлері, т.б. критерийлерді пайдалануға болады);

- инвестициялық есепті жүргізетін  банкті таңдау.

Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін  қалыптастыру кезіндегі құнды қағаздарды тиімдірек бөлуді статистикалық әдістер арқылы жүзеге асыруға болады. Оның негізгі элементтері активтерді бағалау, инвестициядық шешім, портфельді оптимизациялау және нәтижелерді бағалау болып келеді. Жалпы осы жағдайда жүйелі тәуекел мен табыстылық бір-бірімен байланысты болу керек. Құнды қағаздарға инвестиция тәуекелі күтілетін маңызынан кірістің бас тартуының ықтималдылығымен анықталады. Кірістің болжамды мәнісін инвестициядан кірістің динамикасы туралы статистикалық мәліметтерді қайта құру негізінде анықтауға болады. Ал тәуекелді болатын кірістен ортақ квадратикалық бас тарту ретінде / 40, 16 б./.

Табыс пен тәуекелдің абзал үйлесімі тәуекелдің әсерін төмендеуге жағдай жасайтын салымдарды диверсификациялау жолымен, активтердің көп бөлігі бар, зейнетақы қоры арқылы жүзеге асады.

Зейнетақы қорлардың активтерді тиімсіз  басқарудан шығын тәуекелдерін төмендету  мақсатымен мемлекет зейнетақы резервтерін  қаражатын орналастыру тәртібін орнатады.

Қорлар зейнетақы активтерін өз бетінен немесе басқару компаниясы арқылы басқаруды жүзеге асыра алады. Зейнетақы қорларының ативтерін  мемлекеттік құнды қағаздарға, банктік  депозиттерге және басқа да инвестициялау  объектілеріне орналастыруды заңға  сәйкес қорларымен жүзеге асырылады. Зейнетақы жиналым қаражаттарын басқару компанияларына тасымалдау заңға сәйкес сенімді басқару шарты негізінде ғана қорымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда зейнетақы резервтерін және зейнетақы жиналым қаражаттарын сенімді басқаруға берілгенмен, басқару компанияларына оларға деген жеке меншік құқығы берілмейді / 42,35 б./.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары