Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен Қазақстандағы жинақтау зейнетақы қорының инвестициялық саясатының негізгі мақсаты – бұл барлық жинақтау зейнетақы қорының мемлекеттік инвестициялық  шегерімдердің есебіне сүйене отырып қорлардың қаражаттарын қолдану және инвестиция салымының табыстылығы мен тұрақтылығын тексеріп оның қызметін жүзеге асыру болып табылады. Қазақстандағы қаржы нарығының тұрақсыздығы мен оның жеткіліксіз дамуына байланысты жинақтау зейнетақы қорының консервативті инвестициялық саясатты қолданады.

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ

 

Бұл тарауда Қазақстан  Республикасында әрекет етуші зейнетақы  жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жасалып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері талқыланады,  Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері зерттеліп, қазіргі жағдайына талдау беріледі.  

 

 

2.1 Қазақстанда  зейнетақы жүйесінің қазіргі  жағдайын талдау

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық есеп режимінде кастодиандық келісімге сәйкес банк–кастодиандарда сақталады.Кастодиан бірнеше зейнетақы қорларына қызмет ете алады. Зейнетақы қоры, банк–кастодиан мен ЗАИБАҰ арасында үш жақты келісім құрылады. Үш жақты келісім бойынша зейнетақы қорлары өздерінің серіктестерін ауыстырғандығы туралы деректер тіркелген. Қабылданған инвестициялық шешімдерге сәйкес олардың аударымдарын әр түрлі қаржы құрал––жабдықтарға алынған инвестициялық табыс есебінен есептеп аударуды жүргізеді. Зейнетақы активтерін міндетті басқару, яғни әр түрлі қаржы құралдарына (екінші деңгейлі банктердің депозиттері, мемлекеттік бағалы қағаздары, акционерлік қоғамдардың А және Б листингі акциялары) белгіленген ақшалай құралдардың сомасын бағыттауды ЗАИБАҰ жүргізеді (ал 2003 жылдан бастап – сәйкес лицензиясы бар кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары). ЗАИБАҰ қаржы нарығының маркетингтік зерттеуін жүргізеді, инвестициялар бойынша негізделген шешімдер дайындайды және оларды банк–кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қарауына шығарады. Зейнетақы жинақтарының сақталуы заңнамамен бекітілген шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі:

  • зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау;
  • зейнетақы активтерін басқару мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша компания қызметін лицензиялау;
  • екінші деңгейлі банктердің және басқаларының кастодианды қызметін лицензиялау /9,128б./.

Зейнетақы қорларының табыстары  еңбек Министрлігі мен Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғаудың жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша Комитетпен бекітілген шекті мөлшерінен жоғары емес шамада өз қызметі үшін комиссиялық сыйақылар есебінен қалыптасады. Комитет жинақтаушы зейнетақы қорларын бақылау мен реттеу үшін жаңадан, арнайы құрылған мемлекеттік орган болып табылады. Зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылар мөлшері зейнетақы жарналарының 1%–ын және инвестициялық табыстың 10%–ын құрады /14, 45 б./. Осы қаражаттар көзінен зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияға комиссиялық сыйақылар төлейді. Зейнетақы қорының жеке қаражаттарын инвестициялаудан түскен табысы толықтай қордың өзіне ғана тиісілі.

Бүгінгі таңда республикада зейнетақылық қызмет ету нарығы 14 жинақтаушы зейнетақы қорларын ұсынады, олардың ашық типті жинақтаушы зейнетақы қорлары –11, корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорлары –2 мен ашық типті Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары –1 (кесте 3).

 

Кесте 3

   1998–2006 жылдардағы (мерзім соңында) ЗАИБАҰ, банк – кастодиандар мен мемлекеттік емес зейнетақы қорларының саны

 

 

Жылдар

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ЗАИБАҰ

8

8

8

8

9

10

10

10

10

банк–кастодиандар

9

11

12

11

10

10

10

10

10

МЕЖЗҚ

12

16

15

15

16

16

16

14

14


Ескертпе : дерек көзі -Ұлттық банктің статистикалық бюллетені /7/

 

Жинақтаушы зейнетақы  қорларының құрылтайшылары Қазақстан  Республикасының ірі өндірістік және қаржылық құрылымдары болғандықтан, олардың мүдделері қорлардың  стратегияларында айқындалады. Сондай–ақ өндірістік күштер мен еңбек ресурстарының шоғырлануын ескере отырып, стратегияда географиясы, мөлшері мен салымшылардың салалық қажеттілігі көрініс табады. Өткен мерзім бойынша жинақтаушы жүйенің толықтай дамуы оның қызмет етуі жылдарындағы көрсеткіштерінің динамикасы көрсететін сандық көрсеткіштері дамуының тұрақты тенденциясымен сипатталады (Қосымша А). Берілген кестеден көрсетілген мәліметтерден жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың сенімінің артуы және салымшылар мен қызметшілер  санының өсуімен байланысты зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы жинақтары қарқынды ұлғайып отырған. Жаңа зейнетақы жүйесін енгізу зейнетақы жасының біртіндеп өсуімен жүргізілді. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақыға шығу жасы ұлғайды, 2002 жылдың 1шілдесінде зейнетақыға шығу жасы ер адамдарда 62 жас, ал әйел адамдарда 58 жас. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңестік уақыттардан қалған барлық зейнетақылық жеңілдіктер алынып тасталды. Бүгінде зейнетақы жүйесінде 70% –дан жоғары жұмыспен қамтылған халық қатысқан. Зейнетақы жүйесі міндетті сипатта болғандықтан, салымшылар көлемінің өсуінде де көрініс табады. Салымшылар көлемінің өсуі зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының

дамуына әкеледі / 10, 148 б./. 

2004 жылдың ортасына  қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 6 млн.–ға жуық адам тартылды, орташа бір МЕЗҚ–на 500 мыңға  тарта адам құрады. Салымшылар  саны бойынша ірі МЕЗҚ болып  салымшылар көлемі 2 млн. адамнан  жасатын МЖЗҚ табылады, ол бүкіл  зейнетақы жүйесі салымшыларының барлық көлемінің 31%–ын құрайды.

Еркін зейнетақы салымдарын 26200 адам аударады, ол барлық салымшылардың 0,45%–ын құрайды. Еркін салымдар негізінен "Сенім", "Ұлар Үміт", "Каптиал" МЕЗҚ шоғырланған. Бұл қорларға еркін  салымдардың 96%–ына жуығы, соның 72–сі "Сенім" МЕЗҚ–ға тиісілі.

2004 жылдың 1 қаңтарына  республика аймақтарында 72 филиал  мен 73 өкілдігі бар, республикалық  16 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет  етті.

2006 жылдың 1 қыркүйегіне  республикада 14 жинақтық зейнетақы  қорлары қызмет атқаруда. Олар аймақтарда өздерінің 77 филиалдары мен 77 елшіліктеріне ие. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару лицензиясына 12 заңды тұлға ие, оның ішінде өзінше басқару лицензиясына 5 қор ие: «МЖЗҚ» Жинақтық зейнетақы қоры» АҚ, «Қазқстан БТА Жинақтық Зейнетақы Қоры» АҚ, «Капитал» Жинақтық Зейнетақы Қоры» АҚ, «Қазақмыс Жинақтық Зейнетақы Қоры» АҚ.Жеке зейнетақы есеп шоттарының салымшылар саны 2006 жылы 8209653 құрады. Міндетті зейнетақы жараналар бойынша 5 қор ең көп салымшыларға ие («МЖЗҚ» - 28,64 %, «Қазақстан Халық банкі» - 19,59 %, «Ұлар-Үміт» - 15,27 %, «Валют-Транзит қоры» - 8,90 %, «Қазақстан БТА» - 7,97 %).

Ерікті зейнетақы жарналары  бойынша ең көп салымшылар шоттарының санына ие қорлар: «Сенім» 58,8 %, «Ұлар-Үміт» 18,24 % және «Капитал» 14,38 % Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың көп бөлігіне ие қорлар – «Ұлар-Үміт» және «Қазақстан Халық Банкі». 2006 жылы ол бойынша салымшылар саны 3698 құрады, олардың жеке зейнетақы шоттарында 27,2 млн. теңге жинақталды. Келесі 4 кестеде зейнетақы жарналары бойынша өсім көрсетілген / 6, 11 б./.

Қор жинақтарының масштабтары  тек елдің көлемінен ғана емес, сондай–ақ олдың қызмет етуінің  ұзақтығына да байланысты. Ұзақ мерзімді қорларда қолмақты қаражаттар жинақталады. Ең ескі зейнетақы жүйелері Голландия, Дания мен Швецияда. Ұзақ мерзімде жұмыс істеген халықаралық зейнетақы қорлары жинақтары ірі мөлшердегі көлемге жетті. Европалық комиссия мәліметтері бойынша жоғарыдағы аталған мемлекеттер мен Англияның зейнетақы қорларының жинақтары 1999 жылдың аяғында ЖІӨ мөлшерін ұлғайтып, жүздеген миллиард доллар құрады.

2004 жылы 8 ай ішінде  жиынтық активтер 67,717 млрд. теңгеге  немесе жарты млрд. долларға өскен.  Жыл басынан зейнетақы активтерінің  өсімі 18,4%–ды құрады. Жалпы жылына  зейнетақы активтері шамамен 92–93 млрд. теңгеге жоғарылауда. Зейнетақы жинақтарының анағұрлым көп сомасын бұрынғыдай "Қазақстан Халық банкі", Мемлекеттік зейнетақы қоры мен "Ұлар–Үміт" қорлары иеленуде. "Қазақстан Халық банкі"ЖЗҚ зейнетақы активтері толық емес 2004 жылда 20 млрд.теңгеге өскен. Қалған екеуі де өздерінің негізгі көрсеткіштері бойынша қалыспайды: әрбіреуінің зейнетақы активтерінің мөлшері 500 млн. доллардан астам. Бұл қорлар зейнетақы қызмет нарығының 65%–ын құрайды. Нарықтың 1/3–ін 10 орташа ЖЗҚ  (ABN AMRO–КаспийМұнайГаз, Құрмет, Валют–Транзит, Қазақстан, Сенім, Қазақмыс, МұнайГаз–Дем, Халықтық зейнетақы қор, Отан, Қорғау) алады, ал қалғандары нарықтың 1,5%–ын құрайтын ұсақ разрядтарға жатады.

 

Кесте 4

2005-2006 жылдарда Қазақстанда  зейнетақы қорлары салымшылары шоттар санының өсімі

 

Салымшылар шоттары

2005 ж.,мың теңге

2006 ж.,мың теңге

Өсім, мың теңге

Өсім қарқыны, %

1

2

3

4

5

Міндетті зейнетақы жарналары  бойынша

7299393

8209653

910260

12,47

 Ерікті зейнетақы жарналары  бойынша

31580

32983

1403

4,44

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналар бойынша

3202

3698

496

15,49


Ескертпе: дерек көзі - Аналитичекая записка «О состоянии накопительной пенсионной системы в Казахстане» /6,16 б./.

 

Қазақстанның қаржылық жүйесі  пост-кеңестік кеңістіктегі ең озық жүйенің бірі ретінде танылады. Мұны халықаралық эксперттер де мойындайды. Еліміздің қаржылық құрылымында зейнетақыны жинақтау қорлары елеулі рөлге ие. Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау тарихи 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданған кезден басталады. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалыптасу кезеңін сәтті аяқтап елеулі табыстарға қол жеткізді, сөйтіп таңдаған даму жолының дұрыстығын дәлелдеді.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша республикамызда 14 зейнетақы жинақтау қоры қызмет етеді, олардың республика аймақтарында 76 филиалы мен 75 өкілдігі бар / 6, 13 б./.

Зейнетақы жинақтау қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды 10 ұйым жүзеге асырады, олардың  ішінде 3 зейнетақы жинақтау қорының зейнетақы активтерін өз күшімен басқаруға лицензиясы бар.Олар: «МЗЖҚ» АҚ, «Қазақстан халық банкі  ЖЗҚ» АҚ және «Қазақстан ТАБ ЖЗҚ» АҚ.

2005 жылы басқа зейнетақы  жинақтау қорларына қосылуы жолымен  қайта құрылуына байланысты, зейнетақы  салымдарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметін іске асыру жніндегі 2 лицензияның әрекеті тоқтатылды («Филип Моррис Қазақстан ҚЖЗҚ» АҚ, «Құрмет» ТҚЖЗҚ» АҚ).

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 7 613369-ды құрады. 2005 жыл бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аударып отырған салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны 638 932-ге (9,2%) өсті.

Ерікті зейнетақы жарналары  бойынша салымшылардың (алушылардың) саны өткен жылы 2 179-ға (7,2%)  өсті және 2006 жылдың 1 қаңтарында 479,9 млн теңге зейнетақы жинақтарының жалпы сомасымен 32 336-ны құрады.

Ерікті кәсіби зейнетақы  жарналары бойынша салымшылардың  шоттарының саны, 2005 жылы 533-ке өсті және 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 17,1 млн теңге жалпы зейнетақы жинақтарымен 3 297-ні құрады. / 7, 13 б./.

2006 жылдың 14 қаңтарына  қарай салымшылардың (алушылардың)  зейнетақы жинақтары 648,6 млрд. теңгені  құрады немесе 2005 жылдың 1 қаңтарымен  салыстырғанда 34,0% -ға өсті. 2005 жыл бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының өсімі 164,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарының жалпы түсімі өткен жылы 132,4 млрд теңгеге немесе 34,8% -ға ұлғайды және 2006 жылдың 1 қаңтарына қарай 512,4 млрд теңгені құрады. / 6, 8 б./.

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерін (комиссиялық  сыйақыны алып тастағанда) инвестициялаудан түскен таза инвестициялық таза табыстың сомасы 2005 жылдың ішінде 40,4 млрд теңгеге  өсті (35,3%) және 2006 жылдың 1 қаңтарына қарай 155,1 млрд теңгені құрады. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасында таза инвестициялық табыстың үлесі 23,91% -ға немесе өткен жылдың ішінде 0,22 пайызға ұлғайды.

Зейнетақы жинақтау қорларының 2006 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайы бойынша зейнетақы төлемдері 35,8 млрд теңгені құрады, бұл 2005 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 35,8% -ға артық. 2005 жылы зейнетақы жинақтау қорларынан жүргізілген зейнетақы төлемдері 9,4 млрд теңгені құрады.

Салымшылардың (алушылардың) бір қордан екінші қорға зейнетақы  жинақтарын аударуы 2005 жылы 96,4 млрд теңгені  құрады және сақтандыру ұйымдарына зейнетақы  аннуитеттің келісім-шартына сәйкес зейнетақы жинақтарының аударымдары 13,0 млн теңгені құрады.

Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтері, 2006 жылдың 1 қаңтарына қарай 650 млрд теңгені, 01.01.05. кезіндегі ұқсас көрсеткішке қатысты өсім 34,2% -ды құрады. Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің ҚР ІЖӨ-ге қатысты өсімі 2005 жылы 8,74% -дан 9,59% -ға дейін ұлғайды. 2006 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайы бойынша зейнетақы жинақтау қорларының зейнетақы активтерінің номиналдық табысының 2002 желтоқсан мен 2005 желтоқсан мерзіміндегі орташа өлшенген коэффиценті 18,92% -ды, жинақталған құнсыздану деңгейі аталған мерзімде 22,62% -ды құрады.

Деректерден көрінетіндей, 2005 жылғы зейнетақыны жинақтау жүйесі үшін айтарлықтай күрделі болып өтті.

Дамуындағы анық алға басуға және қорларға, жалпы алып қарағанда, 2003-2004 жылдардағы кризистен сәтті өтуіне мүмкіндік тудырған бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануына қарамастан, қорлардың жалпы жүйе бойынша табыстылығы да айтарлықтай төмен болды / 24, 6 б./.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары