Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Қорлардың, зейнетақы ережелеріне  сәйкес құрылған, зейнетақы резервтерін  орналастыру, қатысушылар мүддесіндегі зейнетақы резервінің өсуі және сақталуы мақсатымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Қорлар зейнетақы резервтерін орналастыруды басқару компаниясы арқылы ұйымдастырады. Ол өз кезегінде қор берген қаражатын қайтаруды қамтамасыз етуі қажет. Басқару компаниясы заңға сәйкес өзіне жүктелген міндеттерін атқармаған жағдайда қор алдында жауап береді. Мұндай жағдайда басқару компаниясы қордың міндеттері бойынша қатысушылар алдында жауап бермейді.

 Осыған орай зейнетақы қорларының  активтерін басқаруының негізгі  ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады / 18, 7 б./.

 Біріншіден, зейнетақы қорларының активтері зейнетақы жүйесінің қатысушыларының зейнетақы жарнасынан тұрады. Сондықтан да активтерді басқару нәтижелері тікелей пропорционалды түрде болашақ зейнеткерлердің инвестициялық кірістеріне әсер етеді, яғни инвестициялық кірістерді алу зейнетақы төлемдерің көбейтуге мүмкіндік жасайды.

Екіншіден, зейнетақы активтерінің ұзақмерзімділігі және көлемдігі басқару  құрылымдарына бұларды экономикада  активті қолдануға мүмкіндік  береді.

 Үшіншіден, инвестициялайтын  активтер көлемдерінің жеткілікті болжамы инвестициялау процессін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

 Төртіншіден, зейнетақы  қорларының активтерін инвестициялау  қоржынды инвестициялау  болып  табылады.Сол уақытта бұл процесс  белгілі бір дәрежеде мемлекетпен  реттелуі мүмкін. Мұндағы инвестициялық қаржылар зейнетақы жүйесінің қатысушыларына тиесілі болғандықтан,олардың сақталынуына кепілдік берілуі тиіс.Содықтан да активтерді басқару кезінде қоржынды инвестициялаудың  қағидаларын ескеру қажет .

  Бесіншіден, зейнетақы  қорының активтерін басқаруының мақсаты берілген тәуекел дәрежесі  негізінде  максималды табыстарымен қамсыздандыратын қоржын құру болып табылады.

 Алтыншыдан, зейнетақы қорының  инвестициялық портфелін тиімді  басқару мынадай факторлар негізінде  жүзеге асады: құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, оның қызметінің нақты мерзімі, нарық статистикасы /20,66 б./.

  Зейнетақы активтерінің инвестициялық мәні бәріне белгілі. Шетелде зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі зейнетақы қорларының көмегімен бос ақша ресурстары жұмыс капиталы  ағынына айналады.

Бүгінгі таңда экономикада зейнетақы  қаражаттарын пайдалану  проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен  бірге Америкада, Германияда да –  зейнеткерлер үлесі көбейіп, ал оларды қаржыландыратын қызметкерлердің үлесі аз елдердің барлығында да талқыланып отыр. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) бағалауынша, 2010 жылға қарай зейнетақылық жүктеме коэффициенті (65 жас және одан жоғары тұлғалар санының 15-64 жастағы тұлғалар санына  қатынасы) Германия мен Италияда 30 %-дан жоғары асады, Ұлыбритания, Францияда - 25%-ды, АҚШ-та 20 %-ды құрайды.

  Соңғы онжылдықтағы басым  тенденция зейнетақы жүйесінің  бөлу принципінен жинақтауға  көшуі болып отыр. Бұл жүйенің  артықшылықтары нарықта оның барлық қатысушылары үшін “ойын ережелерін” нақты сақтау арқылы зейнетақы активтерін тиімді басқару есебінен жүзеге асуы мүмкін.

 Жинақтаушы зейнетақы қорларының  инвестициялық саясаты мемлекет  бекіткен инвестициялық шектеулер  есебімен инвестициялық пайданы қамтамасыз ету мақсатында қорға шоғырландырылған ақша қаражаттарын пайдаланудың негізгі бағыттарын таңдауды ұйғарады. Инвестициялық саясат инвестициялау мақсаттарын таңдау, инвестициялау объектілерін таңдау, инвестициялау пропорцияларын бекіту сияқты критерийлерды қарастыру тиіс.

 ЖЗҚ инвестициялық саясатының  мақсатты бағытын таңдау қажеттілігі  былайша түсіндіріледі: ЖЗҚ инвестициялық  ресурстары салынуы мүмкін активтердің  әр түрі  бір-бірінен  екі  балама бойынша ерешеленеді:тиімділік  пен сенімділік.

Табыстылық пен сенімділік  барлық ЖЗҚ инвестициялық қызметінің мақсатты нұсқауларының мазмұнын анықтайды. Осы мақсаттарға сай олар өздерінің  инвестициялық стратегияларын құрып  және қаржы құралдарын салудың бағыттарын таңдайды. Егер шет елдерде ЖЗҚ  көбі бірқалыпты стратегияны таңдаса, ал Қазақстанда консервативті инвестициялық саясат көп қолданылады.

 “Қазақстан Республикасының  зейнетақымен қамтамасыз ету  Заңына” толықтырулар мен өзгертулер 2003 жылдың басында кіргізілген.  Бұл заң зейнетақы жүйесінің  концептуалдық негіздерін қарастырған. Егер алдыңғы заңнама зейнетақы қызметі нарығында негізгі үш қатысушыларды қарастырса: зейнетақы қорлары, ЗАИБАҰ мен кастодиан-банктер, ал қазіргі заң зейнетақы қорларына өздерінің активтерін өз бетінше басқаруға құқық береді, бұл ЗАИБАҰ қызметін концептуалды өзгертеді. Жаңа заңнамаға сай зейнетақы қорлары өз бетінше басқарып қана қоймай, сонымен қатар басқаруды бірнеше басқарушыларға, оның ішінде шетелдіктерге де тапсыра алады. Компанияның активтерінің қай бөлігі тиімді басқарылатыны  осылай жақсы көрінеді деп ұйғарылады.

 Жасалған заңнамадағы жаңа  зейнетақы жүйесін құрған кезде  мүдделердің қарамақайшылық прблемаларын  шешу үшін зейнетақы активтерін  басқару бойынша қызмет зейнетақы  қорларының  қызметінен бөлінген  еді, зейнетақы қорларына өздерінің активтерін салымшыларды тарту арқылы өсірген тиімді, бұл кезде қорға жоғары тәуекелді және табыстылығы жоғары қаржылық құралдарды алу ұсынылады. ЗАИБАҰ мен зейнетақы қорларының арасындағы қызметтердің бөлінісі бұл проблеманы шешеді және зейнетақы жүйесінің тәуекелділігін төмендетуге көмектеседі / 4, 3 б./.


  Бүгінгі таңда  зейнетақы активтерін өзін-өзі  басқару бойынша заңнамасына  түзетулердің енгізілуі ұлттық  зейнетақы жүйесінің бірыңғай  стандарттарға көшуіне мүмкіндік  береді. Сонымен бірге, ЗАИБАҰ қызметі үшін қордың шығындары азаяды, өйткені ЗАИБАҰ-ға сыйақыларды мұндай көлемде төлеуге нарық әлі толықтай дамымаған. Бірақ басқа жағынан алып қарайтын болсақ, зейнетақы жүйесі дамыған сайын әлемдік нарыққа интеграциялануы мүмкін.Бұл көзқарас тұрғысынан зейнетақы қорлары үшін сыртқы нарыққа шығуға қиындық туғызу мүмкін, өйткені ол үшін көптеген ресурстар қажет, оның ішінде техникалық жабдықтау, ақпараттық қолдау, персонал, жинақталған тәжірибелі потенциал. Сондықтан уақыт өте келе кейбір зейнетақы қорлары ЗАИБАҰ арқылы басқаруға оралуы мүмкін. Мұның бәрі қаржылық нарық пен қордың өзінің алға қарай дамуымен байланысты.

Экономиканы модернизациялау  үшін нарық қатынасының логикасы ірі инвестициялық ресурстарының  мобилизацияның қажеттілігін анықтайды.Реалды секторға, әлеуметтік және білім бағдарламаларына бағытталатын олар мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауды қажет етеді, ал басқа қайнар көздерін қалыптастырудағы ауыртпалықтарының барлығын жеке инвесторлар көтеру қажет. Қазіргі уақытта шетелдерінің қаржылық көмегінің қысқаруын ескере отырып, басымды міндеті Қазақстан Республикасының экономикасына азаматтардың қаржы ресурстарын тартуға жағдай жасауға болып келеді. Мемлекеттің инвестициялық саясатқа араласуы төрт негізгі мақсатты көздейді /23, 32б./:

Біріншіден, нарықта құнды  қағаздар операциясы арқасында ақша массасын реттеу, бұл мақсат үшін мемлекет мемлекеттік құнды қағаздар үлесі  бойынша, депозитті институттар  активтерінің құрылымында, минималды  лимитті орнату (бәріне бұрын коммерциялық банкілер).

Екіншіден, құнды қағаздар нарығында мемлекет операциясының  арқасында бюджеттік салымдарының тұрақты қайнар көздерінің қалыптасуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаржы институтының бүкіл типтер активтерінің құрылымында  мемлекеттік құнды қағаз үлесі  бойынша минималды лимитті қалыптастыра алады. Мұндай инвестициялық портфельді реттеу шарасы тұрақты бюджеттік тапшылық жағдайында енеді.

Үшіншіден, қаржы нарығының  сенімгерлігін, қаржы институттар  операцияларының тәуекелінің төмендеуі арқасында арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет бекіте алады:

- инвестициялаудың өзінің лимиті, тәуекелді инвестициялардың максималды үлесін шектеу және т.б.

- резервті сақтандыру  қорларына минималді міндетті  аударымның лимиті.

Төртіншіден, мемлекет ішінде инвестициялық қызметті ынталандыру. Мұндай мақсатпен институциялық  инвесторлар үшін максималді лимиттер қалыптасады.

Мемлекет қажетті жағдайда мүдделері Қазақстан Республикасыны мен оның азаматтарының ұлттық мүдделеріне  қайшы келетін инвесторлар үшін мықты тосқаулдар жасауы қажет.

Ынталандыру, мадақтау, жеңілдіктер режимін жасау және т.б. әдістерімен бір қатарда қолдануы қажет мемлекеттік басқаруының ерекше әдісі болып келеді.

ҚР экономикасы үшін инвестициялар оны әрі қарай  көтеру мен дамытуға қажет. Сондықтан  да инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін сәйкес келетін қағидалар жүйесі өзіне мынаны қосып алуы қажет: инвестициялардың  мақсатқа бағытталуы, оның тиімділігі, жүйелілігі, уақыттылығы, инвестициялық қызметтің икемділігі мен реттелуі, әлеуметтік, экологиялық, экономикалық қауіпсіздігі.Бұл қағидалар жүйесі инвестициялық  қызметтің дәлелі, бағдары ретінде қызмет етеді және оның көмегімен инвестициялау процессі реттеледі және бағытталады. Қағидалар жүйесі инвестицияның нақты мақсаттарын орындау үшін керек, ал инвестициялық қызметтің басты және негізгі мақсаты терең экономикалық дағдарыстан шығу, өмір сүру сапасын жақсартатын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын, оның негізінде активті өмір ұзақтығын қалыптастыратын, білім мен мәдениеттін  деңгейін көтеретін жоғары тиімді экономика құру.

Капиталының едәуір жоғары өсімі тән зейнетақы қоры инвестициялық  институт болып табылады...«жеке  зейнетақы қоры қаржы нарығының 26% құрады» / 22, 40б. /.

Олардың инвестициялық  қызметі міндетті болып келеді, ал оның нәтижелері салымын инфляциялық  құнсыздылығы мен қаржылық катаклизімдерінен ең болмағанда сақтауын қамтамасыз етуі қажет. Бұндай жағдайда инвестициялаудың арнайы ережелері мен шарттары қолданылады.Олар активті түрде Қазақстанда қалыптасады. Зейнетақы қорлары қаражатының инвестициялау тәртібі реттелуі қажет.Инвестициялау институцианалді, функционалды үйлесімге, диверсификациялау қағидаларына, ақшалай кірістер мен төлем уақытының үйлесімділігіне негізделген қор міндеттемелерін мен  құрылымдарды(asset liability approach) есепке ала отырып жүзеге асырылуы тиіс. Сандық реттеу мен саналық қағидалары мұқият дәлелденген болуы қажет;өйткені олар зейнетақы қорларының қауіпсіздігі мен кірістілігіне қатысты болды. Өзіндік инвестициялау шектелу қажет, егер сәйкес кепілдіктер жоқ болса. Зейнетақы қорларының шетелдік капитал салымдарының либерализациясы саналы басқарым шешімдерінің пәні ретінде қолдау табуы қажет.

Мемлекеттің зейнетақы қорларының қызметіне бақылау дәрежесі зейнетақы жүйесінің кірісі бойынша маңызды фактор болып табылады. Көп жағдайда мелекеттің өзі басқаратын тиімділігі жеке басқару компаниялары басқаратын тиімділігінен төмен. Ол менеджерлер алдына қойылатын мақсаттарының әртүрлілігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік  қорларда саяси аспектілерінің күшті әсері байқалады: соның нәтижесінде инвестициялар  мұнда үкіметті несиелендіру жағына қарай салыстырмалы төмен пайыз көрсеткішімен ысырылған.

Сонымен қатар мемлекеттік  қор міндетті түрде мемлекетпен  ғана басқарылатын ұйым емес. Әртүрлі  мемлекеттерде мемлекет араласуының  дәрежесі әртүрлі.  Мынадай нұсқаулар қарастырылған:

-түрлі мемлекеттерде ЖЗҚ активтерін басқарудағы мемлекеттің қатысу дәрежесі әртүрлі.Тікелей мемлекеттік басқаруда жинақтаушы зейнетақы шотындағы қаражат мемлекеттік бюджеттің бөлігін құрайды немесе жеке пул құрайды. Активтердің көп бөлігі еліміздің мемлекеттік қарыз қағаздарына инвестицияланады, мемлекеттік банк депозитінің шотына аударылады немесе мемлекеттік инвестициялық жобалар арасында бөлінеді.

 Нарықтық қағидалары  негізінде мемлекеттік  басқаруда қор қаражатын мемлекет басқарады, бірақ инвестициялық шешімді шенеуніктер емес, мемлекеттік қызметке (Канада) шақырылған мамандар шығарады.Мұндай сызбанұсқа тәуекел бағасын және инвестициялық  стратегияны жобалауды ұйғарады, сонымен қатар әртүрлі варияцияларды иемдене алады.Мәселен, басқарушы қаражатының тек аз бөлігімен айналысады, ал қалған бөлігі базалық сызбанұсқа арасында таралады (Сингапур,Фиджи). Сонымен қатар қор аудандық қағида бойынша бөліне алады. Мұнда әрбір аудан өз басқарушыны шақырады (Боливия) / 43, 45б./.

Сыртқы басқару реттеудің қатаң әдістерімен қатар жүреді және қор қаражатын сыртқы басқарушымен басқаруды болжамдайды. Сонымен қатар мемлекет инвестициялық қоржының құрылымына қатар шектеуліктер қояды. Нормативтер инвестициялау стратегиясын және қолжетімді құралдар санын таңдауға шек қояды. Осы кезде инвестициялық қоржын негізінен нарықтық құнды қағаздарды алынады (Уругвай).

 Елімізді, мемлекеттің  минималды қатысуымен, сыртқы басқаруы басқару жүйесінің тиімдірек түрі болып келеді. Мұндағы тиімділік  басқарушылар арасындағы бәсекелестікке негізделеді  және капиталдың дамыған нарығын және халықтың инвестициялық мәдениетін талап етеді (Австралия).

Әрбір әдісті жасау мүмкіндігі тікелей мемлекет дамуының ерекшеліктерімен байланысты болады. Капитал нарығының  толық жойылуы немесе тиімсіздігі жағдайында тікелей мемлекеттік басқару зейнетақы қоры қаражаттарын бөлу әдістерінің тиімдірек түрі болып келеді. Сонымен қатар көп жағдайда мемлекеттік зейнетақы қорының активтерін пайдалану тиімділігі жеке басқарушы компаниялардың басқару тиімділігінен төмен болып келеді.

Көп жағдайда басқарылым капитал нарығының ірі қатысушылары шегінде арнайы құрылған компания арқылы жүзеге асады. Басқарушы менеджерлер  міндетіне инвестициялық қоржынды басқару, жеке немесе клиенттік шоттарды басқару кіреді.

  Дамушы және зейнетақы  жүйесін реформалайтын  мемлекеттерде  көбінесе бір компания және  бір инвестициялық стратегия  болады, яғни барлық  қорының салымшылары ұқсас қоржыны иемденеді. Мұндай таңдауға реттеудің маңызды шығындары және мемлекет пен басқарушы компаниялар жұмысының мониторингі себеп болады, одан басқа берілген жағдайда жеке шоттарды басқару қажеттілігі болмайды, ал есеп коллективті шоттар деңгейінде жүргізіледі.  Маңызды өзіндік ерекшелігі активтерді басқару құрылымын жетілдіру мемлекет жағынан көп шығындарды қажет етпейтін болып келеді / 5, 101-104 б. /.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары