Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41
3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................
Инвестициялық портфель табыстылығын анықтауда маңызды рөл, сонымен қатар оның құрамы атқарады.Іс жүзінде барлық мемлекеттік зейнетақы жүйелерінде үкімет қорларды қаражатының көп бөлігін мемлекеттің қарыздық құралдарына және банктің депозиттік шотына аударуды міндеттейді. Кейбір мемлекеттерде бұл қаражат аударудың бірден бір бағыты болып келеді. Мұнда нарық активтеріне биржалық котировкаларымен екілік нарығы жоқ мемлекеттік қарыз қағаздары(жеке жағдайда, қағаздар зейнетақы қоры үшін арнайы шығарылуы мүмкін) сонымен қатар депозиттік шоттар(негізінен мемлекеттік банкілерде ашылатын) жатады.Дегенмен, депозиттер жалпы жағдайда нарықтық емес активтер(депозиттік емес сертификаттар шығарудан басқасы) болып келеді. Инвестициялық портфель құрылымын реттеу кезінде олар көбінесе мемлекеттік қағаздармен бір классқа бірігеді, сондықтан да берілген классификацияда нарықтық активтерге жатады.
Кесте 2
Әр түрлі
мемлекеттерде инвестициялық
Мемлекеттер
|
Қарыздық құралдар |
Нақты активтер | ||
Мем.қарыз/ депозиттер |
Несие қамтамасыздан ған облигациялар |
акциялар |
Жылжыма-лы мүлік/басқаактивтер | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
АҚШ |
100 |
0 |
0 |
0 |
Оңт.Корея |
89 |
3 |
3 |
6 |
Япония |
63 |
17 |
19 |
0 |
Малайзия |
63 |
21 |
15 |
1 |
Швеция |
42 |
40 |
0 |
18 |
Орташа көрсеткіші |
75 |
14 |
3 |
8 |
Ескертпе: дерек көзі–Зейнетақы активтерін инвестициялау//Құнды қағаздар нарығы, №11.2004ж. / 8, 12-15б. /.
“Зейнетақымен қамсыздандыру
туралы” ҚР заңына сәйкес зейнетақы
резервтер қаражатын
- көрсетілген қаражаттар сақталымын қамтамасыз ету;
- инвестициялық портфельдің
табыстылығын, диверсификациясын,
- саналымдық бағалануға
келетін объективті
- құнды қағаздар сенімділігінің есебі;
- зейнетақы резервтер
қаражаттарын ораластыру процессінің
мөлдірлілігі және зейнетақы
жиналым қаражаттарының
- инвестициялық процессті кәсіби басқару;
Зейнетақы активтерін басқару үшін шығындар үлесі заңмен бекітілген және оны құрайды:
- салымдардың
1%(салымшылардың кеткен
- инвестициялау процессі кезінде алынған табысының 10% зейнетақы да қорының өзімен шарт бойынша басқарушы компаниясы арасында бөлінеді /4,3б./.
Дүниежүзі тәжірібесіне сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етуі барысында зейнетақы қорлары инвестциялауды өз бетінше жүргізеді, басқару компаниясы немесе мемлекеттің экономикалық жағына, қаржы рыногі мен зейнетақы жүйесінің дамығандығына, еліміздің экономикалық процессіне мемлекеттің араласу деңгейіне, т.б. факторына байланысты бірігіп жүргізеді.
Қазақстанда осы уақытқа дейін мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа инвестициялық қызметті өз бетінше жүргізуге қорлар құқылы емес болды. Қазіргі уақытта қорлар келісім берілген бағыттар бойынша зейнетақы резервтерді өз бетінше орналастыра алады.Басқарылым компаниялардың көмегімен басқарғанда, соңғысы заң талаптарына сәйкес берілген қызмет түріне рұқсаты(лицензиясы) болуы керек. Зейнетақы жиналым қаражатының басқару компанияларына өтуін қор Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес құрылған сенімгерлік басқару шартының негізінде жүзеге асырады /3,3б./.
Зейнетақы резервтер
қаражатының және зейнетақы жиналым
қаражатының сенімгерлік
Қорының зейнетақы
ережелеріне және мемлекет
Инвестициялық активтер
дәл көрсетілген пайыздық
Қазіргі уақытта мемлекеттік құнды қағаздар үлесі төмендеді және мемлекеттік зейнетақы қорларының 70% -дай мөлшерін құрады.Заңға сәйкес зейнетақы қорлары активтерін басқарушы ұйымдар зейнетақы активтерін келесі инвестициялық құралдарға инвестициялай алады (2 сурет).
Рұқсат етілген активтер
деп ҚР зейнетақы заңының шегінде
рұқсат етілген инвестициялау
Рұқсат етілген активтер пакеті зейнетақы заңына, экономика мен қаржы нарығында дамуына өзгерістер енгізуіне байланысты өзгеруі, қайта қарауы мүмкін.
Зейнетақы қорының инвестицияларының
табыстылығын көрсеткіші экономиканың
макроэкономикалық
Зейнетақы қорының
инвестициялық саясатының
Екіншіден, тиімді ұзақмерзімді жобаларды инвестициялауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, ішкі қарызының уақытша құрылымын өзгертуге жағдай жасайды (ол әлі күнге дейін дәлелсіз себептермен уақытша алып пайдалану пайдасына ығысты).
Жинақтаушы зейнетақыларының кіріспесі әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзіне ғана емес, бүкіл экономикаға да жағымды әсер етеді. Бұл жүйе ұлттық экономикада инвестициялық ресурстар көлемін көбейте алады.
ҚР қаржы министірлігінің |
Жергілікті атқарушы органдарының құнды қағаздары |
Халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары |
Корпоративті акциялар |
Корпоративті облигациялар |
Ипотекалық құнды қағаздар |
Банктік депозиттер |
Ұлттық банк ноталары |
Еврооблигациялар |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік құнды қағаздары |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес құнды қағаздары |
Қазақстан Республикасының Заңымен
тікелей қарастырылмаған өзге инвестициялау
объектілеріне зейнетақы |
Сурет 2. Зейнетақы қорларын инвестициялау
Қазір олардың ішіндегі ұзақмерзімінің тапшылығы сезініп жатыр. Өзіміз білетіндей, “ұзақ” ақшалардың тапшылығы Қазақстандық қаржы жүйесінің ең басты “қысқа” орыны болып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, жалпы активтердегі ұзақмерзімді несиелердің үлесі капиталының жеке қайнар көздерінің арқасында бойы қарқынынан асып түсетін фирмалар үлесін көбейту арқылы дамуға жағымды әсер етеді. Қазақстандағы зейнетақы заңы жинақтаушы зейнетақы қамсыздандыру жүйесінің активтерін сырттай басқару қағидаларын бекітеді.Үкімет жасаған талаптарды басқару компаниялары қанағаттандыру қажет. Мұндай жүйе: мемлекеттік емес компаниялардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаражатын басқаруға қатысуы, басқару компаниялары арасында бәсекелестікті ұйғарады.
Жинақтаушы зейнетақы сақтандыру жүйесіне қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы қорын таңдау құқығы берілген. Дегенмен таңдау жасамаған азаматтардың зейнетақы жиналымдары Мемлекеттік зейнетақы қорына беріледі және ол өз бетімен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.Бұл категорияға жұмысшылардың көп бөлігі кіреді. Мемлекеттік компаниялардың шарттары қатаңырақ /42, 28 б./.
Олар мемлекеттік теңгелік және валюталық облигацияларымен және Қазақстан Республикасы кепілдік берген басқа да құнды қағаздармен, ипотекалық облигацияларымен, банктік депозиттерімен шектелген. Мемлекеттік басқару компаниялардың құрылуы нарықтық қағидалардағы мемлекеттік басқару құрылымына сәйкес келеді. Бұндай жүйелер шегіндегі консервативті инвестициялық саясат инвестицияның төменгі табыстылығын қамтамасыз етеді. Одан басқа зейнетақы жиналымдар инвестицияның мемлекеттік басқару инвестициялық саясатының бюджет мұқтаждығына бағыну тәуекелділігін құрайды. Инвестицияларды мемлекеттік компанияларда жинаудың нәтижесінде ол мемлекеттік қарыз нарығына, коммерциялық банкілерді ығыстырып билік етеді. Бұндай жағдайда мемлекеттік бүкіл таза ішкі алып пайдаланушының көлемі зейнетақы инвестицияларын орналастыру үшін жеткіліксіз болады. Мемлекет тапшылықсыз бюджет саясатын қолдайтынын ескеретін болсақ, келешекте де зейнетақы инвестициялардың жоғары реальды табыстылығына сенуге болмайды.
Зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді активтерін сәтті басқару өзіне тұрақты экономикалық өсім мен тиімді қаржылық реттеуді қосатын және өзінен маркетингтік акциялардың және операциялардың тезділігін, арзандылығын, сенімділігін қамтамасыз ететін қоя тұрған банктік жүйені; құнды қағаздардың ликвидтілігінің жоғары дәрежесіне кепіл беретін инвестициялық механизімінің терісбұрылған жүйесін шығаратын шарттар кешенін талап етеді. Бүтіндей, жинақтаушы зейнетақы технологияларын нәтижелі қолдану жоғары сапа стандартына және сенімділігіне жауап беретін қаржы институттарының болуы кезінде ғана мүмкін. Ондайлардың болмауы зейнетақы жиналымдарының құнсыздануына жоғары әкімшілік пен комиссиондық шығындардың болуына әкеп соғады. Кез келген мемлекеттің зейнетақы жүйесі жалдамалы еңбек адамдарын әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі болып табылады. Зейнетақы жүйесінің ұйымдық-құқықтық нысаны еңбек қоры мен экономиканың жағдайымен анықталады. Мұндай жағдайға:салық саясаты, табыстар, демографиялық жағдайлар саласындағы саясаты, қаржылық және сақтандыру институттарының дамуы, қоғамды зейнетақымен қамсыздандырудың нақты моделін қабылдау жатады. Жалпы жасының және денсаулық жағдайының әсерінен сапалы еңбек ете алмайтын жалдамалы жұмысының жалақысының орнына негізгі кіріс көзі зейнетақы болып табылды. Көрсетілген себептермен жұмыс істей алмайтындардың өмір жағдайын қамтамасыз ететін жұмыс күшін қайта өндіруге кеткен шығындарды өтеу үшін арналған қажетті өтемінің бөлігін, зейнетақы жүйесін материалды қамсыздандыру үшін қорға алынады. Бұндай мақсатқа жұмсалатын қаражаттың бөлігі ІЖӨ құрылымында – қоғам өркенділігі дәрежесінің макроэкономикалық көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақы сақтандыру мақсатына ІЖӨ-нің 3% жұмсалады, ол өз кезегінде дүниежүзі стандартына сай келеді. Қазақстанда бір жұмыскерге ІЖӨ- нің көлемі экономикасы дамыған елдер қатарына кіретін, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерімен салыстырғанда әлде қайда төмен. Осыдан Қазақстандағы зейнетақы мөлшерінің төменділігі түсіндіріледі. Орташа жалақы мен зейнетақы мөлшерінің арақатынасы, минималды және орташа зейнетақы мөлшерінің сатып алу мүмкінділігі ,зейнеткер болуының орта көрсеткіші(әйелдер мен еркектерді санағанда) зейнеткерлердің әлеуметтік сақтандыру дәрежесін көрсетеді.Ұлттық зейнетақы жүйесінің моделін құрастыру -әлеуметтік саясатты жүргізу әдістері мен құру принциптері жөнінде қоғамдық бірауыздылық нәтижесі.Бұндай келісім белгілі бір экономикалық, мәдениеттік, ұлттық әдет – ғұрыптарының әсерінен пайда болады. Кез келген зейнетақы жүйесін ұйымдастырудың ортақ және негізгі шарты мемлекеттің жұмыскерлердің зейнетақыға құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдық, экономикалық базаны құру болып табылады. Зейнетақы жүйесінің тиімділік дәрежесі тәуелді болады: экономикадағы жағдайларымен, қаржы және сақтандыру институттарының қызметімен байланысты “сыртқы жағдайлар”; нақты зейнетақы жүйесінің спецификасымен (құрылымы, түрлері, жүйенің түрлешелері, оның қаржылық механизімінің табиғаты) анықталатын “ішкі жағдайлар”; зейнетақы жүйесінің “ішкі” және “сыртқы” жағдайларының адекваттілігі, олардың қайшы болмауы/ 30,25-28б. /.