Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Жекеменшік зейнетақы  қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы  қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен  және жергілікті басқару органдарымен құралады. Мұндай қорлардың пассивті операцияларының  негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары  және жұмыскерлердің жарналары  құрайды. Активті операциялар мемлекеттік  және корпорациялардың бағалы қағаздарының  салымдарында шоғырланады.    Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен қызметінің формаларын  ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.

Еркін активтерді құрай  отырып зейнетақы жарналары зейнетақы  қорларында  жинақталады. Сондықтан  зейнетақы қорларының активтері  экономикада маңызды роль атқарады / 10, 89 б./.

Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің  көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы  активтерінің үлесі 10% құрайды (кесте 1).

Зейнетақы қорлары инвестициялар  сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.

Зейнетақы қорларының макроэкономикалық  қызметіне :

- Олар  инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың  иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т.б.)  нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер  болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне , басымды бағыттар мен  қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

- Қаржылық делдалдардың  жекеменшік міндеттемелерін  шығару  экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді.Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы , нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға  материалданған инвестициялар экономикалық өсудің  сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды  /9, 58 б./.

   

Кесте 1

Экономикасы дамыған  мемлекеттер бірлестігі елдеріндегі  зейнетақы қорларындағы активтер  көлемі (1993 жылы)

                                                                                                  млрд.доллар

Елдер

Активтер 

ЖҰӨ бойынша активтер

Жан басына шаққандағы активтер

1

2

3

4

АҚШ

2 908

49

12

Жапония

1 752

42

14

Ұлыбритания

726

77

13

Германия 

254

15

3

Нидерланды

216

68

14

Швейцария

195

83

28

Канада

162

29

6

Австралия

122

43

7

Швеция

62

25

7

Норвегия

31

27

7

Ирландия

14

28

4


Ескертпе: дерек көзі – Смешанное общество: мировой опыт и Казахстан»./Отв. ред. АК. Кошанов  /43, 87 б. /.

 

 Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Зейнетақы қорларының  микроэономикалық  қызметіне :

- Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.

- Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады.Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.

- Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді  қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары  (акцияларды, корпорациялардың  ұзақмерзімді облигациялары)  сатып алғаннан кейін  кәсіпорынға қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғанан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Қысқа мерзімді инвестциялар айналым қорларын  толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай,инвестициялық сұраныс  пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді /9, 63 б./.

Қазақстанда зейнетақы  реформасының басты себебі болып  әлеуметтік қамсыздандыру саласын  дағдарысқа ұшыратқан посткеңестік экономикалық дағдарыс саналады. Халықтың қартаюы мен жұмыспен қамсыздандырудың төмендеуі өлшемінен жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуына ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесі өсті. Қазақстанда бір зейнеткерге 2.5 жұмысшы тең келді. Халықтың еңбекке қабілетті бөлігіне салықтық ауыртпашылық лезде жоғарылады, ол зейнеткерлерге ағымдық төлемдерінің тапшылығын тудырды. Зейнетақылық реформаның басында зейнеткерлер алдындағы борыш 36 млрд.теңге көлемінде қалыптасты.Кейбір аймақтарда зейнетақы төлеу мерзімінің кідірісі 10 айға жетті. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде қаржылық жағдай мен тиімділікке байланысты қалыптасқан күрделі экономикалық және әлеуметтік қауіп төндірген жүзеге асырылушы жүйе қаржылық стрессте болды. Сондықтан зейнетақылық қамсыздандыру реформасы объективті қажеттілікке ие болды      /13, 15 б./.

Орталықтандырылған зейнетақы  жүйесінің қызмет етуі келесідей  кемшіліктерді айқындады:

- жарналар көлемі мен зейнетақылық төлемдер арасындағы сәйкессіздік. Яғни қызметкер оның жұмыс берушісінің зейнетақы қорына аударымдардың уақытылы және толықтығына тәуелсіз зейнетақыны ала алатын. Сондай-ақ мемлекет зейнетақыны Мемлекеттік зейнетақы қорынан төлеуге міндетті болды;

- өндіріс шығындарының ұлғаюында көрініс тапқан, жалақының 25,5% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарының ставкасы жеткілікті жоғары болды. Сонымен қатар аударымдардың жоғарғы деңгейі жұмыс берушілердің зейнетақы төлемдерін төлеуден жалтаруына алып келді;

- зейнетақы аударымдарының түсімдерін бақылаудың болмауы мен жұмыс берушілердің қызықпаушылығы жинақтау деңгейінде білінді;

- зейнетақы жеңілдіктерінің үлкен мөлшерінен әлеуметтік әділеттілік қағидасының бұзушылығы;

- зейнетақы аударымдарының иесізденуі мен қаражаттарды тиімсіз басқару зейнетақы аударымдарының ұлғаюына кедергі жасады;

- өз кезегінде зейнетақы қаражаттарын тиімсіз басқару артынан қаржылық ысыраптарды тудырды.

Қазақстанда бірінші  мемлекеттік емес зейнетақы қорлары 1994 жылы пайда болды. Олар бірінші Қазақстандық еркін зейнетақы қоры ²Бутя², мемлекеттік емес зейнетақы қоры ²Надежда² және тағы басқалары болды. Алайда олардың қызметі заңнамалық-құқықтық негіздер мен техникалық инфрақұрылым жоқтығынан қиындады. ²Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары туралы² Заң 1996 жылы бекітілді, бірақ бір жылдан соң 1997жылы зейнетақы реформасына бастама салған ²Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заң қабылданғаннан кейін өзінің күшін жойды /16, 49 б./.

Зейнетақы реформасы 1998 жылы жүзеге асырыла бастады. Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып жинақтаушы зейнетақы қорына көшті. Бұл кезеңде қаржылық нарық ресурстардың өткір жетіспеушілігі, сондай-ақ зейнетақы реформасы қор нарығының дамуымен байланысты болды.

Алайда екі жылдан кейін қаржылық нарықтағы жағдай түбірімен өзгерді. Қор нарығының  өркендемеуі мен басқа факторлармен қатар банктік жүйенің өтімділігінің өсуі мен зейнетақы активтері көлемінің өсуі зейнетақы активтерін орналастыру мәселесінің туындауын ескерді.

Зейнетақы жүйесін реформалауда Чилиде қызмет етуші зейнетақылық қамсыздандыру  жүйесі негізге алынды. Қазіргі зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінің қызмет ету параметрлері мен негізгі салаларын түгелдей үш деңгей анықтайды / 11, 25-26 б./.

Бірінші деңгей.

²Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қатар ынтымақтас (солидарный) зейнетақы жүйесі сақталды, сонымен бірге зейнеткерлер алдында ескі зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген барлық мемлекеттік міндеттемелер де сақталған. Ынтымақтас зейнетақы жүйесінің міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушіден ұсталатын бірыңғай әлеуметтік салықтың (21%) ішіне кіретін. Ынтымақтас зейнетақы жүйесі ынтымақтас жүйе кезінде стаж жинаған, сондай-ақ жинақтаушы жүйеде жеткілікті зейнетақы жинақтарын жинақтауға мүмкіндігін иеленбеуші қызметкерлер мен зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыруды қарастырады.

Екінші деңгейі.

Зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде әрбір азамат жеке зейнетақы жинақтарын еңбекақы түріндегі төлемге жататын табыстың 10% көлемінде міндетті түрде ұсталып қалынатын зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылады. Сәйкесінше зейнетақы жасына жеткен азаматтардың зейнетақылары ынтымақтас жүйедегідей зейнетақыға шығу кезіндегі жұмыс жасаушылардың санына байланыссыз,салымшылардың жекеменшігі болып табылатын жинақталған құрал-жабдықтардың есебінен құрылады. Осылайша зейнетақыға шығу кезінде салымшылардың жеке зейнетақы шоттарынан өздерінің жинақталған жинақтары төленеді. Одан басқа зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарының өсуі мен оларды инфляциядан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қаржы құралдары инвестицияланады.

Үшінші деңгей.

²Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңға сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еркін жарналарының есебінен құралатын қосымша зейнетақыны құратын еркін жарналар түсінігі енгізілді.Осылайша әрбір азамат еркін зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақылық жинақтарын көбейтуге мүмкіндігі болады.

1999 жылы ²Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына өзгертулер енгізілді, соған сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына  зейнетақы жарналары қызметкерлердің жалақысынан міндетті түрде ұстала бастады.

Зейнетақылық реформа  қаржы нарығының жаңа қатысушыларын  әкелді  :

- жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ);

- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын атқарушы ұйымдар

  (ЗАИБАҰ);

- банктер-кастодиандар /18, 9 б./.

Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына көшу бастапқыда халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімінің  артуы мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың  тиімді келуіне көмектесетін аралық институт құруды ойластырған. Аралық институт ролі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді, оған зейнетақы жинақтарын сақтандырудың мемлекеттік кепілдемелері таратылды және зейнетақы активтерін инвестициялауды арнаулы шектеуші лимиттері белгіленді.

Қазіргі таңда республикамызда  зейнетақы жүйесінің ынтымақтас (мемлекеттік) және жинақтаушы (жеке) жүйелерінің құрамынан қалыптасқан аралас түрі қызмет етуде:

-ынтымақтас жүйе қалыптасқан зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы алты айдан кем емес азаматтарға арналған;

-жинақтаушы жүйе 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына жалақының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарға арналған.

Жұмыс беруші ынтымақтас жүйеге зейнеткерлердің зейнетақысын төлеу шығындарын жабуға бағытталған әлеуметтік салық түрінде еңбекақы қорына үстеме  21% аударып отырған. Зейнетақы жүйесінің екіленуі нәтижесінде бүгінгі күндері зейнетақыға шығатын азаматтар екі қайнар көзден зейнетақымен қамсыздандырылады:

- зейнетақының бірінші бөлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты ынтымақтас жүйесінен еңбек стажына қатынасты мемлекет жағынан төленеді;

- зейнетақының екінші бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы жинақтарынан төленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының пайда болуынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшыларының зейнетақылық аударымдарының барлық ақшалай аударуларын дербестендірілген, төлемдерді алушылар бойынша Мемлекеттік орталық  арқылы зейнетақыны төлеуді жүзеге асыра бастаған. 1998 жылдың желтоқсанында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық активтері есебінен алғашқы рет қазақстандық акционерлік қоғамдарының акциялары сатып алынды.

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі 2005 жылы 1 маусымнан бастап әрекет етуші «Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету туралы»  Заңында бекітілген /1, 2 б./. Қазіргі кезде республикада зейнетақылық қамтамасыз етудің  еңбек және жинақтық жүйелері қатарласып қызмет етуде. Ол бірінші суретте берілген.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары