Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41
3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................
Қорыта келгенде, Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің анағұрлым өзекті мәселелері келесідей:
-жұмыс істеуші зейнетақы заңнамасындағы жетіспеушіліктер (мысалы, келешек төлемдердің механизмінің белгісіздігі, зейнетақы қорларына қаражаттардың уақытылы аударылуын бақылаудың жоқтығы);
-ұлттық қор нарығының дамуы, яғни экономиканың нақты секторына зейнетақы активтерін салу мүмкіндігінің жоқтығы;
-тұрғылықты тұрғын орнына шетелге кетуімен байланысты "жоғалған клиенттер" мәселесі;
-жұмысшы халықтың жеткіліксіз көлемі,
-ЖЗҚ арасындағы тең емес бәсекелестік. Нақты уақытта барлық салымшылар қорлар арасында "таратылған", ал қорлар өз салымшыларының санын көбейту үшін оларды өз бәсекелестерінен "тартуы" керек. Зейнетақы қоры менеджменті жиі жеке байланыстарын, ірі компаниялардың жетекшілерімен таныстығын қолдану арқылы басшыларымен келісіп, салымшыларды өздеріне олардың келісімінсіз ауыстырып, оларды тек қордың ауысқандығы туралы мәліметтейді. Сондықтан да халықтың едәуір бөлігі жинақтардың мөлшерін емес, ақшаларының қай қорда сақталып жатқандығын да білмейді,
-жұмыс істеуші жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі қағидалары туралы халықтық сауатсыздығы мен ескертілмеуі;
-инвестицияланатын активтер табыстылығының төмен деңгейі /34,11 б./.
Сонымен қорыта айтқанда, өткен мерзім бойынша жинақтаушы жүйенің жалпы дамуы сандық көрсеткіштердің өсуінің тұрақты тенденциясымен сипатталады: зейнетақы жинақтары өсуде, бұл салымшылардың санының өсуіне, халықтың жинақтаушы жүйеге сенімділігінің артуына, жұмысшылар санының өсуіне және зейнет жасының біртіндеп өсуіне байланысты. Сонымен қатар, даму кезінде белгілі бір проблемалар туындалғаны айқындалды: әр салымшыға жинақтардың төмен деңгейі, заңнамалық базаның жетілмегендігі, табыстарды жасыру тәжірибесінің жиілігі, зейнетақы активтеріне ерікті аударымдардың дамымағандығы, қорлар арасындағы қиянатшыл бәсекелестіктің проблемасы, жұмысшы халықтың, әсіресе аймақтардағы, жеткіліксіз қамтылуы және т.б.
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және кемшіліктері мен қиыншылықтары
Зейнетақы активтерінің инвестициялық мәні бәріне белгілі. Шетелде зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі зейнетақы қорларының көмегімен бос ақша ресурстары жұмыс капиталы ағынына айналады.
Бүгінгі таңда экономикада зейнетақы қаражаттарын пайдалану проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Америкада, Германияда да – зейнеткерлер үлесі көбейіп, ал оларды қаржыландыратын қызметкерлердің үлесі аз елдердің барлығында да талқыланып отыр. ХВҚ бағалауынша, 2010 жылға қарай зейнетақылық жүктеме коэффициенті (65 жас және одан жоғары тұлғалар санының 15-64 жастағы тұлғалар санына қатынасы) Германия мен Италияда 30 %-дан жоғары асады, Ұлыбритания, Францияда - 25%-ды, АҚШ-та 20 %-ды құрайды / 43, 63 б./.
Соңғы онжылдықтағы басым тенденция зейнетақы жүйесінің бөлу принципінен жинақтауға көшуі болып отыр. Бұл жүйенің артықшылықтары нарықта оның барлық қатысушылары үшін “ойын ережелерін” нақты сақтау арқылы зейнетақы активтерін тиімді басқару есебінен жүзеге асуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы
ЖЗҚ инвестициялық саясатының
мақсатты бағытын таңдау
Табыстылық пен сенімділік барлық ЖЗҚ инвестициялық қызметінің мақсатты нұсқауларының мазмұнын анықтайды. Осы мақсаттарға сай олар өздерінің инвестициялық стратегияларын құрып және қаржы құралдарын салудың бағыттарын таңдайды. Егер шет елдерде ЖЗҚ көбі бірқалыпты стратегияны таңдаса, ал Қазақстанда консервативті инвестициялық саясат көп қолданылады.
“Қазақстан Республикасының
зейнетақымен қамтамасыз ету
Заңына” толықтырулар мен
Жасалған заңнамадағы жаңа зейнетақы жүйесін құрған кезде мүдделердің қарамақайшылық прблемаларын шешу үшін зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет зейнетақы қорларының қызметінен бөлінген еді, зейнетақы қорларына өздерінің активтерін салымшыларды тарту арқылы өсірген тиімді, бұл кезде қорға жоғары тәуекелді және табыстылығы жоғары қаржылық құралдарды алу ұсынылады. ЗАИБАҰ мен зейнетақы қорларының арасындағы қызметтердің бөлінісі бұл проблеманы шешеді және зейнетақы жүйесінің тәуекелділігін төмендетуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда зейнетақы активтерін
өзін-өзі басқару бойынша
Жаңа зейнетақы
жүйесінің қызмет етуі
Сурет 3. Еңбек зейнетақысының жинақтаушы бөлігінің қаражаттарының
қозғалысы
2006 жылдың 1 қырқүйегіне
салымшылардың зейнетақы
Кесте 5
2002-2006 жылдарда Қазақстанда
зейнетақы жинақтарының өсу
Мерзімі |
Зейнетақы жинақтарынң сомасы, млн.теңге |
Өсім, млн. теңге |
Зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны, % |
01.09.2002 ж. |
235,9 |
81,0 |
52,29 |
01.09.2003 ж. |
328,8 |
92,9 |
39,38 |
01.09.2004 ж. |
436,1 |
107,3 |
32,63 |
01.09.2005 ж. |
583,8 |
147,7 |
33,87 |
01.09.2006 ж. |
810,9 |
227,1 |
38,90 |
Ескертпе: дерек көзі – Аналитичекая записка «О состоянии накопительной пенсионной системы в Казахстане» /6, 9 б./.
Берілген кестеден көріп отырғандай зейнетақы жинақтардың абсолютті өсімінде олардың 2002 жылдан 2004 жылға дейін өсу қарқынының төмендеуі байқалады. Бірақ, 2006 жылдың 1 қыркүйегіне 2005 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зейнетақы жинақтары 5,03 процентке артты және 38,9 % құрады /6, 15 б. /.
Жинақтық зейнетақы қорлары арасында ең үлкен жинақ зейнетақы жинақтарына ие келесі қорлардың салымшылары: «Қазақстан Халық Банкі» - 219 382 млн. теңге немесе 27,05 %, «Ұлар-Үміт» - 144 477 млн. теңге немесе 17,82 %, «МЖЗҚ» - 144 396 млн. теңге немесе 17,81 %, «Қазақстан БТА» - 73 516 млн.теңге немесе 9,07 % және «ГРАНТУМ» - 54 239 млн. теңге немесе 6,69 % жалпы зейнетақы жинақтарының сомасының. Жиынтығында бұл 5 қорларға 78,44 % жалпы зейнетақы жинақтарынң сомасынан келеді (сурет 4).
Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі қызмет еткен кезден бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқару процесін өзгермелі және тұрақсыз ретінде сипаттауға болады, өйткені бір ЗАИБАҰ -дан екіншісіне зейнетақы активтерінің қозғалысы басқарушы компаниялардың нарықтық позициияларына әсер етеді.
Бүгінгі таңда активтер
“Қазақстанның Халық банкі”
ЗАИБАҰ -ы сияқты жаңа ЗАИБАҰ -ң
пайда болуымен, сонымен қатар
ЖЗҚ-ның өз активтерін өз
Сурет 4. Қазақстанда зейнетақы жинақтары қорларының құрылымы (2006 ж.)
Бүгінде зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымдарға ауыстырылды және оларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады / 30, 21 б. / :
- ЖЗҚ-ЗАӨБ -МЖЗҚ және “Қазақстанның Халық банкі” ЖЗҚ;
- ЗАБК “Актив-Инвест”, ЗАБК ‘Нұр-Траст”;
- ЗАИБАҰ -Альфа-Траст, ABN AMRO Asset Management, Жетісу, Premier Asset Management, Bailyk Asset Management (бұрынғы“BESTINVEST”) сияқты жаңа немесе есімдері өзгертілген ЗАБК.
Инвестициялық активтер
алдын ала нақты келісілген
пайыздық қатынастағы қаржы
Сурет 5. Құралдар бойынша ЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің
өзгерісінің динамикасы, %
Таза инвестициялық табыс суммасы 2006 жылыдң 1 қыркүйегіне 218980 млн. теңге құрады. Таза инвестициялық табыс көлемінің өсу қарқыны алдыңғы жылдармен салыстырғанда келесі көрсеткіштермен сипатталады. (кесте 6, қосымша Ә, Б)
Кесте 6
2002-2006 жылдарда зейнетақы активтерінің инвестициялық
табысының өсу қарқыны
Мерзім |
«Таза» инвестициялық табыстың сомасы,млрд. теңге |
Өсім,% |
Өсу қарқыны,% |
Зейнетақы жинақтарында «таза» инвестициялық табыстың үлесі,% |
01.09.2002 ж. |
66,5 |
22,7 |
51,83 |
28,19 |
01.09.2003 ж. |
88,1 |
21,6 |
32,48 |
26,79 |
01.09.2004 ж. |
105,2 |
17,1 |
19,41 |
24,12 |
01.09.2005 ж. |
140,6 |
35,4 |
33,65 |
24,08 |
01.09.2006 ж. |
219,0 |
78,4 |
55,76 |
27,01 |
Ескертпе: дерек көзі - Аналитичекая записка «О состоянии накопительной пенсионной системы в Казахстане» . – Астана. – 2006 /6, 16 б./
Берілген кестеден көріп отырғанымыздай, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда таза инвестицииялық табыс 14,24 процентке және 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 22,11 процентке артқан.
Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі 2006 жылыдың 1 қыркүегіне 618 504 млн. теңге немесе ІЖӨ-ге 7,09 % құрады (сурет 6).
2004 жылдың 1 акпанындағы жағдайы бойынша таза инвестициялық табыс сомасы 95,5 млрд. теңгені құрады. Ағымдық жылдың қаңтарына инвестициялық портфель қорының 01.01.2004ж. 27,13% валютаның нарықтық курсына тәуелді шетел валютасында ірілендірілген бағалы қағаздардан тұрғандықтан, таза инвестициялық табыстың сомасы 3,7 млрд. теңгеге төмендеді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банктің мәліметтері