Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Жергілікті және штаттық  деңгейдегi зейнетақымен қамсыздандыру  жоспарлары ХIХ-ғасырдың екiншi жартысынан бастап дами бастады. Осындай жоспарлардьң алғашқысы болып 1869 жылы құрылған Нью-Йорк қаласы тұрғындарының зейнетақы жүйесi болды. Жергiлiктi және штаттық зейнетақы жүйелерiнiң дамуы ХХ-ғасырдьң екiншi жартысында байқалды, әсiресе жергiлiктi және штаттық бағдарламалардағы зейнетақы активтерi 10 есе көбейген 80-90 жылдарда болды. 2000 жылы зейнетақы активтерiн 2,2 трлн. долларды құрады. Осылайша 1980 жылы осы бағдарламалар шеңберiндегi инвестициялық кiрiс барлық түсiмдердiң 35%-iн құраса, 2000 қаржылық жылда 78%-тi құрады /43, 61 б./.

Зейнетақы багдарламаларының  қатысушыларының  зейнетақы жоспарлары   шеңберiнде, төлемдерге ерекше кұқығы заңды түрде федералды  
деңгейде iшкi табыстар кодексінің сәйкес бабтарында бекiтiлген, Көрсетілген бабтарға сәйкес, олардың активтерiнiң кандай да бiр болмасын болігi  
катысушылар алдындағы мiндеттемелердi орындаудан баска ешқандай мақсаттарға пайдаланылмауы тиiс Бұдан басқа зейнетақы активтерін пайдалану штаттық жене жергiлiктi билiк органдарының заңнамаларымсн белгіленеді,  мысалға, штаттардың жиырма алты зейнетақы жүйесінде шектеулер орнатылған. Осы шектеулерге байланысты активтердің 50%-тен аспайтындай бөлiгi акцияларға инвестидиялануы мүмкін.

Штаттық жене жергiлiктi заңнама  зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын камтамасыз етуге жене әрбiр зейнеткердiң, әртүрлi жағдайларға байланысты әлi зейнетақы алмайтын, зейнетке шығу жасы жетпеген әрбiр жұмысшының алдында алынған мiндеттемелердi орындауды мiндеттейдi. Зейнетақы жүйесiн басқаруда штаттық және жергiлiктi заңнамалармен реттелiп отырады.  
Конгресстің зерттеу қызметiмен, мұғалiмдердi зейнетақымен қамсыздандыру сұрактары бойынша Ұлттық кеңеспен, штаттардың зейнетақылық зерттеулер комитетiмен үнемi жүргiзiлетiн мемлекеттiк зейнетакы жүйелерi үшін (оның iшiнде зейнетақы қаражаттарын инвестициялауға уәкілетті органдар немесе тұлғалардың қаржылық жауапкершiлiгiнің қатынасы) орнатылған талаптарды зерттеу оларды барлық деңгейде реттеудiң тармақталған жүйесінің бар екендiгiн көрсетедi.

Штаттық деңгейдегi зейнетақымен камсыздандыру агенттiгi барлық жиналған каражаттарды зейнетақы жоспарларындада анықталған шарттарға сәйкес әрбiр қатысушыға зейнетақы төлеуге заң жүзiнде уәкiлеттi.  
Көптеген штаттық жене жергiлiктi зейнетақы жоспарларында жұмысшылардың жарна төлеуі қарастырылған. Зейнетақылық зерттеулер Комитетiнiң мемлекеттiк жинактаушы зейнетақы жүйесiнiң салыстырмалы талдауын зерттеу нетижесiнде, катысушылардың жарналары орта есеппен жалақынъң 5,41%-iн кұраған.  
Жұмыс берушiлер жарналарының көлемi 1000 адамға дейiнгi салымшылар саны жоспарында  төленген жалақыдан 18,31%-тен, 1000 адамнан көп салымшы саны жоспарында төленген жалақының 8,73%—не дейiн түрленіп отырады. Бұл жарналардың ставкалары өзгертулерге ұшырауы мүмкiн.  
Әдетте жүйе қызметінің жалпы саясатын жасап бекiтетiн қамқоршылар кеңесiнiң қызметi де бақыланады. Кеңес зейнетақы жоспарлары катысушыларының арасынан, жұмыс берушiлер арасынан, зейнетке шыққан тұлғалар мен коғам өкiлдерiнің және де инвестициялық қызмет саласының мамандары мен мемлекеттiк билік органдары өкiлдерiнiң арасынан қалыптасады. Штаттық деңгейдегі мұғалімдiк жинактаушы зейнетақы жоспарларының 90%-ке жуығының кұрамында зейнетке шыққан тұлғалармен қатар жарна төлеушi белсендi қатысушыларда бар өздерінің  қамқоршы кеңесі бар.  
Америка Құрама Штаттарында заңнамалык иннициативаны үйлестіру үшiн, басқарушылық шешiмдердi жетiлдiру үшiн, штаттық жене жергiлiктi зейнетақы жүйелерiне мерзiмдiк зерттеу жүргiзу мен талдау үшiн Мемлекеттiк зейнетақы жүйелерінің үйлестiру кеңесi кұрылды. Ол штаттық және жергiлiктi зейнетақы жоспарларына жәрдемдесушi үш ұлттық ассоциациялардың бiрiккен ұйымы болып табылады .Олар Штаттардың зейнетақы жүйелерiн басқарушы ұлттық ассоциация, Мемлекеттiк зейнетақы жүйесi бойынша ұлттык конференция және Мұғалiмдер үшiн зейнетақы жоспарларларының ұлттық кең                                                                                                                                                 есi.

Экономикалық коньюктураның  қиындауымен және де 2001 жылғы  лаң-кестiк  әрекеттерге байланысты зейнетақылық жиналымдарды сақтау, олардың сақталуьна биліктің барлық деңгейiндегi жауапкершiлiк  бойынша сұрактар туды. Кейбiр штаттарда казiрдiң өзiнде зейнетақы жүйелерiндегi қаржылық тұрактылықты нығайтуға байланысты шаралар колданылады. Мысалға, 2001 жылдың 20 желтоқсаныада Иллинойс штатының губернаторы 2004 жылдың 1 маусымына дейін мұғалiмдiк зейнетақы жуйесiнiң қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған “Мұғалiмдер үшін зейнетақылық сактандыру багдарламасы туралы” заңға қол койды. Осы уақытқа дейiн арнайы құрылған екi партиялық коммисия жасап жатқан ұзақ мерзiмге арналған заң күшiне енуi тиiс. Комиссияга заң шығарушы билiктiң он екi өкiлiмен бiрге, губернатор тағайындаған үш адам, мұғалiмдергс арналған зейнетқы жуйесiнiң атқарушы директоры, зейнетке шыққан мұғалiмдер ассоцациясынан бiр - бiр өкiлдер, бiлiм беру жүйесі ассоцациясының жұмысшылары, мұғалiмдер федерациясы, Иллинойс штатының мектеп әкiмшілiгi ассоциациясы енедi / 43 , 29 б./.

Зейнетақы жиналымдарын кепiлдендiрумен қамтамасыз ету бойынша  косымша шаралардың кажеттлiгi федералдық деңгейде де мойындалады. Жұмыс iстеген жылдардағы әлеуметтік жарналарын төлеп келген жұмысшылар зсйнетақы жиналымдарынан айырылатындай тәуекелдiкке тап болмауы керек.  
Конгресс “Зейнетақы жиналымдарының қауiпсiздiгi туралы” заң жобасын карады. Ол жұмысшыларға өздерiнiң зейнетақылық жиналымдарына көбiрек бақылау жасауға мүмкіндік берудi, зейнетақы бағдарламаларының катысушыларын ақпараттық қамсыздандыруды жақсартуды қамтиды. Олар зейнетақы есепшотының динамикасы туралы толық есептерге, ұсынылған инвестициялық жобалардың сенiмдiлiк дережесiне, инвестициялық коржынды таңдауға катысты маманның көмегіне кеңейген мүмкiндiктегi рұқсаты болуы керек.  
Штаттарда, әкiмшiлiктерде, округарда аталған бағдарламалармен өздерiнiң кәсіптiк: мемлекеттiк кызметтегi, судьялық, мұғалiмдiк, әкiмшiлiк жұмысшылар, өрт сөндiрушiлер, полиция, т.б. жұмыстарына сәйкес толық күн кызмет істейтін барлық жұмысшылар қамтылған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қызметiн штаттық және жергiлiктi билiк органдарының өкiлдерінен және де нақты зейнетақы жүйесiне қатысушылардан қалыптасатын қамқоршылар кеңесiмен тағайындалатын атқарушы директор басқарады. Мысалға, Иллинойс штатының мұғалімдері үшін зейнетақы жүйесiнiң қамқоршылар кеңесi он бiр адамнан тұрады. Олар штаттың бiлiм беру жүйесiнiң бас инспекторы, зейнетақы жүйесiнiң қатысушыларымен сайланатын төрт қамқоршы, губернатормен сайланатын төрт қамқоршы. Қазiргi уакытта зейнетақы алып отырған тұлғалармен сайланатын екi қамқоршыдан тұрады.

Календарлық жыл сайын  атқарушы, заң шығарушы, инвестициялық комитеттердің жылжымайтын мүлік сұрактары бойынша, кадрлық және әкiмшiлiк сұрақтар бойынша отырыстар үнемi өтіп тұрады, мысалы, 2001—2001 жылдары инвестициялық комитеттің сессиясы он екi рет жиналды.  Әрбiр зейнетақы жоспары шеңберінде қатысушылар категориясы накты айтылған. Мысалы, Мектеп кодексi мен Иллинойс штатының бiлiм беру сұракгары бойынша Кеңесінің талаптарына сәйкес, штат мұғалімдерінің зейнетақы жүйесі толығымен және белгiлi бiр молшерде Чикаго қаласының сыртындагы мемлекеттiк мектептерде жұмыс істейтін персоналды камтиды, оның ішіне класс жетекшiлерi, пән мұғалiмдерi, мектеп әкiмшiлiктерi, автоiсiнiң оқытушылары, жоғары класс оқушыларының оқытушылары, мектеп кітапханашылары, шаруашылық жұмысшылары мектеп психологтары. әлеуметтiк жұмысшылар, мектеп бiлiмiнiң аймақтық инспекторлары мен олардың көмекшiлерi, аймақтық бөлiмшелердiң қызметкерлерi, штаттағы үкiметтiк мекемелердiң және бiлiм беру сұрақтары бойынша Кеңестің мұғалімдiк бiлiктiлiктi талап ететiн кызметтерін жұмыс iстейтiн тұлғалар да кіредi.

Мектеп автобустарының жүргiзушiлерi, мектеп дәмханаларының қызметкерлерi, хатшылар, кауiпсiздiк қызметінің кызметкерлері штаттың мұғалiмдер үшiн зейнетақы жүйесінен тыс калады. Осы кызметтердiң кейбiреулерi муниципалдық, зейнетақы жоспарларымен камтылуы мүмкiн.  
Штаттық зейнетақы жүйесiне кiретiн жоғарыда аталған категориядағы жұмысшылар жұмысқа тiркелген күннен бастап зейнетақы жоспарларының катысушылары болып есептеледi. Соңғы жарияланған 2001 қаржылық жылғы есептiң мәлiметтерi бойынша, мұғалiмдерге арналған зейнетақы жүйесi, орташа жасы 43 жасты көрсететін 220295 адамды қамтиды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлемдерiн 64877 адам алып үлгердi. Орташа айлық зейнетақы көлемi 2290 долларын кұрады. Ал мұғалiмдiк зейнетақы алушылардың орташа жасы 71 жас 2000 қаржылық жылдың мәлiметтерi бойынша барлығы 2209 штаттық және жергiлiктi деңгейдегi зейнетақы жүйелерi тiркелген, Оның ішінде 218-i штаттағы билiк органдарының басқаруы астында және 1991-i жергiлiктi билiк органдарының басқаруында / 43, 39 б. /.

Штаттық және жергiлiктi заңнамаларға сәйкес зейнетақы алу құқығына ие болу үшiн мiндеттi ең төменгi жұмыс өтiлi белгiленген. Зейнетақылық зерттеулер Комитетiнiң мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң салыстырмалы талдауьн зерттеу нәтижесi зерттелген зейнетакы жоспарларының 40%-i он жылдық жұмыс өтiмiн, ал шамамен 53%-i бес жылдық немесе одан да аз жұмыс өтiлi қажет ететiндiгiн көрсеттi.

Қазiргi уақытта шетелдерде зейнетақымен қамтамасыз етудiң  
мемлекеттiк емес формалары кеңiнен таралды. АҚШ пен Канадада олар — “жеке зейнетақымен қамсыздандыру”, Германия, Италия, Жапонияда — “өндiрiстiк сақтандыру”, ал Ұлыбританияда — “кәсiптiк зейнетақылы қамсыздандыру” деп аталады.

Зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес формаларының мақсаты әлеуметтiк қамсыздандырудьң мемлекеттiк жүйесiне қосымша сақтандырылған азаматтарға зейнетақы төлу болып табылады.    Жұмысшыларды кәсіпорын шеңберінде сақтандыру жүйесi өткен ғасырда экономикасы дамыған шет мемлекеттерде пайда болды. Олар негiзiнен қайырымдылық сипатқа ие болды, зейнетке шығу құқығын алудың шарты тек жұмысберушінің еркiне тәуелдi болды.

Англияның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi үш бөлiктен тұрады:  
базалық мемлекеттiк зейнетақы, косымша мемлекеттiк зейнетақы және халыктың зейнетақы жиналымдары. Базалық мемлекеттiк зейнетақы барлық азаматтарға төленедi. Қосымша мемлекеттiк зейнетақының көлемi жинақталған зейнетақы төлемдерiнiң сомасына байланысты және зейнетке шығар алдындағы жалақының 50%-не жетедi. Бұдан баска, мемлекет, ең алдымен салық, шаралары аркылы халықтың  ерiктi зейнетақы жиналымдарын ынталандырады. Бұлар банктердегi арнайы есепшот, сақтандыру компаниясымен өмiр бойы зейнетақы туралы келiсiм және жеке зейнетақы қорына қатысу болуы мүмкін. Азаматтардың қосымша зейнетақымен қамсыздандыруға қызығушылығы, олардың жиналымдарға төленетiн қаражаттарынан табыс салығы алынбайтындығымен түсіндiрiледi. Жинактаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық кiрiстен де табыс салығы алынбайды, салық тек зейнетақы төлеу кезiнде ғана алынады. Осылайша, азаматтар оншшакты жылдарға “салықтық несие” түрiнде қаражат алады және барлық жинақталған соманы инвестициялау арқылы зейнетақысына қосымша бiршама акы алады / 44, 52 б./.

Ұлыбританияның зейнетақы  рыногы европадағы ең iрi зейнетақы  рыноктарының бiрi болып табылады. Мұнда  барлық зейнетақы жиналымдардың 40%-i шоғырланған. Барлық еңбекке кабiлеттi жиырма жастан асқан 33 млн. ағылшындардың iшiнен жалданып жұмыс iстейтiндерi 22 млн. Олардың жартысы (10,5 млн) кәсiпорындармен ұйымдастырылатын зейнетақымен камсыздандыруға қатысады, 4,5 млн. өз еркiмен зейнетақы жарналарын төлейдi және тек барлық жұмысшылардың үштен бiрi ғана зейнетақымен қамсыздандыруға қатыспайды.  
Ұлыбританиядағы жеке зейнетақы қорларының орнын көрсету үшiн бiрнеше цифрлар жеткiлiктi. Зейнетақы қорларындағы жыл сайынғы жарналардың көлемi 37 млрд. фунт стерлинтi құрайды. Ал олардың жиналған активтерi 640 млрд. фунт стерлингке жетедi. Осыған активтерi 190 млрд. фунт стерлингке жететiн жеке зейнетақы жиналымдарына түсетiн 15 млрд. фунт стерлинг болатын жылдық жарналарды косамыз. Сонда әр жылдағы зейнетақы жиналымдарына компаниялар мен жеке салымшылардан түсетiн жарналардың қосындысы (52 млрд. фунт стерлинг) Ұлыбританияның бюджетiнен төленетiн әр жылдағы зейнетақы қаражаттарының сомасынан (25 млрд. фунт стерлинг) екi есе көп болып отыр.

Жеке зейнетақы қорларын негiзінен iрi корпорациялар бiлiктi жұмысшыларды тарту мен ұстап тұру мақсатында өз қызметкерлерiн косымша зейнетақымен қамсыздандыру үшiн құрады. Ережсге сәйкес косымша зейнетақыға жарналарды компания да, жұмысшы да салады. 1978 жылдан бастап Англияда мемлекеттің зейнетақылық мiндеттемелерiн жекешелендiру тәжiрибесi басталды. Компания өз еркiмен қосымша зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiң міндеттемелерiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұның ынталандырушысы болып әлеуметтiк қорғау министрлігіндегі мiндеттi зейнетақы жарналарының елеулi азаюы болып табылады. Әдетте мемлекеттiк зейнетақы қорына жұмысшының өзі жалақыдан 9% аударады, осының үстiсі жұмысшы үшiн жұмысберуші 10,4% аударады. Мемлекет келiсiм-шарттардағы талаптардың орындалуын қатаң бақылау құқығын сакқап қалады. Мұндай шарттарға инфляцияның өсуiне байланысты зейнетақы көлемiнiң өсуi, жесiрлерге 50% қосылуы, мемлекеттік талаптарга сәйкес зейнетақының ең төменгi көлемінің кепілдігі жатады.  
Жалақының үштен екiсіндей ең жоғарғы зейнетақы алу үшiн, азаматтар кәсiпорында кем дегенде жиырма жыл жұмыс iстеулерi қажст. Бұл кезеңдi жеке зейнетақы қорларына жоғары жарналар аудару арқылы азайтуға болады. Бiрак бұл жалақының 15%-iнен аспайтындай болуы керек. Бұл сомалар салық төлеудсн босатылады. Бұл арқылы азаматтардың зейнетақысы да көбейедi және салыққа төлейтiн сомасы да азаяды. Жеке зейнетақы қорының қызметiнен белгілi бiр экокомикалык пайданы оны кұрған компаниянын өзi де алуына болады. Қаражаттарын тиімдi инвестициялау жағдайында, зейнетақы қорына берiлген активтер болашақта оның зейнетақы төлеумен байланысты мiндеттемелерін едәуiр көбейтiп жiберуi мүмкiн. Мұндай жағдайда мiндеттi зейнетақы аударымдарын азайтуға рұқсат етілген.

Басқа кәсiпорынға ауысқан  жағдайда, жұмысшы өз қалауы бойынша  белгiлi бір проценттi алып тастай отырып, өзiнiң барлық жинақталған  сомасын ауысқан кәсіпорынның зейнетақы қорына алмастыруына болады. Азаматтар зейнет жасына жеткен жағдайда таңдау мүмкiндiгiне ие болады. Зейнетақы алу  үшін   зейнетақыны  сол қорда рәсiмдеуге болады немесе жиналған соманы басқа зейнетақы қорына немесе сақтандыру компаниясына ауыстыруы мүмкiн. Зейнеткерлердiң ақшалары үшiн рыноктағы қатаң бесекелестiк, азаматтарға ең жақсы жағдайларды таңдауды камтамасыз етедi.

Зейнетақы қорлары зейнетақы  схемаларын жасайды, жарналар мен төлемдер есебiн жүргiзедi, өзінің болашақ мiндеттемелерін ескередi және осыған сәйкес басқарушы компанияларға қаражаттарды қайтару бойынша шарттар қояды. Зейнетақы қоры инвестициялаумен  айналыспайды, бұл қормен келiсiм-шарт негізінде жұмыс iстейтiн басқарушы компанияның жұмысы.

Голландияда кәсiптiк  зейнетақымен қамсыздандыру экономиканың әртүрлi салалары шеңберiнде немесе бөлек компаниялардың иелерi өз ерiктерiмен  немесе коллективтiң келiсiмiмен сақтандыру компаниялары аркылы сәйкес зейнетақы  жүйесiн немесе қосымша зейнетақымен сактандыруды кұрайды. Голландияның жұмыспен қамту және әлеуметтiк сұрақтар бойынша министрлiгi зейнетақымен қамсыздандырудьң жеке жүйелерiнiң жұмысына жалпы бақылау жүргiзедi. Кәсіптік қосымша зейнетақымен қамсыздандыруға құқық беретiн уақыт, бір жұмысберушiде жұмысшының  жұмыс істеуінің ең төменгi ұзақтығы екi жылды кұрайды. Зейнетақы жүйесiн жүргiзу зейнетақы мекемелерiмен қатар арнайы компаниялармен де жүзеге асырылады. Қосымша зейнетақымен қамсыздандыруға төленетiн жарналар мен зейнетақы жүйесiнiң активтерiмен жасалатын операцияларға салық салынбайды. Бiрақта, Ұлыбританиядағыдай Голландияда да зейнетақыға салық салынады. / 43, 63 б./.

Германияда кәсiптiк  қосымша зейнетақымен қамсыздандыру  арнайы заңнамамен реттеледi және төрт ұйымдастырылған құқықтық формада жүзеге асырылады. Ол кәсіпорынның зейнетақы жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Мұнда зейнетақы активтерi кәсiпорынньң өзiндiк қаражаттарынан бөлiнбеген. Бұдан басқа зейнетақы активтерi кәсiпорынның өзiндiк қаражаттарынан бөлек болатын үш форма бар. Олар зейнетақы қорларымен өз бетiнше басқарылады, яғни көмекшi қорлармен және сақтандыру компанияларымен Ұлыбритания мен Голландияға қарағанда Германияда салық жеңiлдiктерi тек алғашқы екi ұйымдастыру-құқықтық формаға, яғни кәсiпорындардың зейнетақы жүйесi және зейнетақы қорларына негiзделген. Көмекшi қорларға және сақтандыру компанияларына салық жеңiлдiктерi қарастырылмаған. Кәсiптiк қосымша зейнетақымен қамсыздандыруға құқық беретiн уақыт, бiр жұмысберушiде жұмысшының жұмыс iстеуiнің  ең төменгі ұзақтығы Германияда он жылды кұрайды, ал алынған зейнетақы кұкығы жұмыс орнын ауыстырған жағдайда сақталады.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары