Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

Аталған үш елдiң де мiндеттi зейнетақылық сақтандыру жүйесiнде  белгiлi бiр жұмысшылар категориясына  жарна телеудің көлемiне байланысты, зейнетақы көлемi мен төлеудiң шарттарына байланысты қандай да бiр жеңiлдiктер қарастырылмаған.

Ұлыбритания, Германия жене Голландияның зейнетақы жүйелерiнiң  ерекшелiктерi әр елдiң жалпы зейнетақы  жүйесiндегi зейнетақымен қамтамасыз етудiң  жеке формаларындағы үлесі болып табылады. Барлық елдерде жеке ерiктi зейнетақымен сақтандыруды қамтамасыздандырудың үлесi ең төменгi деңгейде. Басқа формаларға қарағанда сәйкесiнше аз, себебi бұлар барынша халықтың камтамасыз етiлген бөлiгiмен пайдаланылады. Мiндеттi зейнетақылық сақтандыру мен кәсiптiк қосымша зейнетақымен қамсыздандыруға келер болсақ, олардың көлемi әр елдiң соғыстан кейiнгi реформаларында қолданылған тәсiлдерiнiң қатынасымен анықталады.

Батыс елдерiнде жинақтаушы үлесi мемлекеттiк зейнетақы жүйесi, жеке зейнетақы жүйесi және корпоративтiк қорлар ретiнде де қолданылады. Жеке зейнетақымен сақтандыру жүйесi кәсiптiк негiзде де, жеке жинақтаушы негiзiнде де кұрылады.

Америка Құрама штаттарында  әр штаттың, қаланың және округтың зейнетақы  жүйелерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар, бiрақ оларды штаттық және жергiлiктi, федеративтiк деңгейдегi нақты реттемелеу мен мемлекеттiк органдар тарапынан катаң есеп пен бақылау бiрiктiредi. Штаттық жергiлiктi бағдарламалармен барлық жұмысты халық қамтылған, олар жұмысқа орналасқан сәттен бастап зейнетақы жоспарының қатысушысы болып табылады.  
Америка Құрама штаттарының зейнетақы жүйесi кейiнге қалдырылған салық салу жүйесi арқылы жоғары инвестициялык кiрiс алумен катар, жұмысшының жеке зейнетақы қорынан айтарлықтай көлемде қаражат жинап алу мүмкiн болатындай етiп кұрылған. Зейнетақы қорына ақша аударып отырған жұмысшы азамат бес жыл мерзiмнен кейiн өзi жинаған ақша қаражаттарын алуына құқылы  
Зейнетақы қорлары тек әлеуметтiк бағытта ғана емес, сонымен қатар экономикалық бағытта да жұмыс аткқрады. АКШ-та зейнетакы қорындағы жиналымдарды кепiлге коя отырып, тұрғын үй сатып алу үшiн банктен ипотекалық несие алуға мүмкiндiк бар. Осылайша зейнетақы қоры несиенiң қайтарылуының кепiлi бола отырып, халықтың өмiр сүру деңгейiн жоғарлатудың қосымша ресурсы болып табылады / 43, 81 б./.

Кәсiптiк зейнетақы  жүйесi келесiлерге негiзделедi:  
- салалық принцип бойынша, бұлар европалық континентальдық елдерге тән;  
- жеке компаниялық принцип бойынша, бұл англо-американдық тәсiл болып     табылады;

- төленетiн зейнетақы жұмыс берушiмен қаржыландырылады, жұмысшының   еңбек өтiлiне және оның жалақысына байланысты.

Дамыған елдердiң зейнетақы  жүйелерiнiң мемлекеттiк және жеке жиналымдарға қарағанда, кәсiптiк схемаларында жиналымдарды жұмыс берушiлер төлейдi. Олар фирмалардың ерiктi аударымдары негiзде және ужымының келiсiмдерi негiзiнде де жүзеге асырылуы мүмкiн. Жинатқаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық ресурстардьң қалыптасуын зерттей отырып келесiдей қорытындыға келдiк.

Шетелдер тежiрибееi инвеетициялы багдарламаларды каржыландыру ушiн жянактаушы зейнетакы корлары аркылы халык каражаттарын пайдалануга болатындығын керсеттi.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларындағы инвестициялық ресурстар  дегенiмiз зейнетақы алушыларға зейнетақы  төлемдерiн төлеу үшiн және зейнетақы келiсiмдерi қатысушылары алдындағы мiндеттердi орындауға арналған қаржы ресурстары. Зейнетақы қорларындағы инвестициялық ресуретар елдiң қаржы ресуретарыньң бiр бөлiгi болып табылады. Алғашында болашақта қайта бөлiну мақсатында ақша ағымы қалыптасады, яғни ақша қаражаттары болашақта белгiлi бiр тұлганың зейнетақымен қамтамасыз етiлуi үшiн жиналады. Осыған орай жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық ресурстары елдiң қаржылық ресурстарының бiр бөлiгi больш табылады.

Зейнетақы қорлары арқылы жиналатын инвестициялық ресурстар келесi негiзгi көздерден құралатыны анықталды: құрылтайшылар жарнасы, кордың салымшылары мен қатысушыларының жарнасы, бұрын инвестицияланған бос ақша қаражаттардан түскен табыс.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларындағы инвестициялық ресурстардың негiзi көзiне тартылған қаражаттар жатады, яғни салымшылардың жарналары. Бұл қор қатысушыларының жеке есепшотындағы жеке және заңды тұлғалардьң салымдары. Зейнетақы активтерiн орналастырудан түскен инвестициялық кiрiс жинақтаушы зейнетақы қорларыныцң ең маңызды қаржыларыньң бiрi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық стратегиясы барлық салымшылар мен қатысушылардың қолы жетерлiктей инвестициялық декларацияға бекiтiлдi. Инвестициялық шешiмдердiң негiзгi принциптерiне сенiмдiлiк, өтiмдiлiк және табыстылық жатады.

Ерiктi зейнетақы жарналарының келуiнiң ынталандырушысы болып  депозиттiк қызметтердi көрсету болуы  мүмкiн, яғни бұл белгiлi бiр уақыт  аралығынан кейiн (үш, бес. он жыл) iрi көлемдегi заттар сатып алуға, емделуге, демалуға және басқа да қажеттiлктерде зейнетақы жиналындарының белгiлi бір бөлiгiн алудың мүмкiндігi. Бiрақта. жинақатаушы зейнетақы қорларына өздерiнiң ұсьнып отырған қызметтерiн кеңейтуiне мүмкiндiк беру қажет. Тағы бір ынталандырушы ретінде салымшылардың белгiленген деңгейден көп жарналар салғаны үшiн олардың жеке зейнетақы есепшоттарына белгiлi бiр соманы салу арқылы премиялдау болып табылады. Мысалға жинақтаушы зейнетақы қоры әрбiр ерiктi 30000 теңге зейнетақы жарнасына, өзiнiң меншiктi қаражаттарынан салымшының есепшотына салынған соманың 1%-iн қосуына болады. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша, жұмысберушi жинақтаушы зейнетақы қорымен өзiлiң жұмысшылары үшін зейнетақы жарналарын аудару бойынша, осы арқылы өз жұмысшыларының ақы төлеуде және басқа да сұрақтар бойынша коммиссиялық жеңілдiк алуына мүмкiндiк беретiн зейнетақы келсiм—шартын жасасуына болады, бұл шара жұмысберушiлердегi жұмысшылардың еңбегінің ынталандырушысы бола алады.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларындағы инвестициялық ресурстардың қалыптасуының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк кепiлдiк жүйесiн сақтандыру қорын құру арқылы арттыру керек және жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын, атап айтқанда қорды тексеру нәтижелерiн, экономикалық коэффиценттердiң орындалуын, зейнетақы қорларының негiзгi көрсеткiштерi негiзiнде бағалық рейтингiсiнiң құрылуын, жинақтаушы зейнетақы қорынан лицензияны алған жағдайдағы немесе тоқтата тұрған жағдайдағы нақты есептерiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы максималды түрде ашып көрсету қажет.  
Жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы ақпараттың ашықтылығы, бiрiншiден азаматтардың әртүрлi зейнетақы қорлары iшiнен жақсы бағдар алуына мүмкiншiлiк туғызады, екiншiден жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысымен танысып бақылауға мүмкiншiлiк алады және үшiншiден қордың болашақтағы дамуына септiгiн тигiзетiн халықтың сенiмiне ие болады / 41, 38 б./.

Жұмыста зейнетақы қорларының инвестициялық портфелiн әртараптандыру мақсатында қаржылық инструменттердiң  ассортиментiн кеңейтудiң қажеттiлiгi айтылған. Қазiргi зейнетақы жүйесiне Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы мен қатар бағалы қағаздар нарығын дамытуға мүмкiндiк туғызатын ипотекалық облигацияларды енгiзу ұсынылады.

Бәсекелестiк орта мен  зейнетақы қорларының инвестициялық  қажеттiлiктерi, қалыптасып жатқан жаңа қаржылық инструменттер қаржы нарығының дамуымен олардың тиiмдi де өтiмдi болуына септiгiн тигiзедi. Бұлар маңызды экономикалық мiндеттердi, яғни экономиканың  әртурлi салаларындағы кәсiпорындарды қаржыландыруды, экономикадағы қаржылық секторды тұрақтандыру меселелерiн шешуге көмектеседi. Осылардың барлығы ел экономикасының өсуiне, салымшылардың жиналымдарының жоғары кiрiс әкелуiне және жаңа жұмыс орындарьшъщ ашылуы мен жалақының көбеюiне әкелiп соғады.

Мемлекеттiк емес зейнетақымен қамсыздандыруды дамытудың маңызды  бiр бағыты болып корпоративтiк (кәсiптiк) зейнетақы бағдарламаларын құру болып табылады. Корпоративтiк зейнетақы қорларының жұмысына жеңiлдiктер беру шарты бойынша жұмыс берушiмен жұмысшының бiрiккен зейнетақы жарналары ескерiлетiндей зейнетақы жоспары жасалынуы қажет.

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық ресурстарының қалыптасуын ұйымдастыруға байланысты шаралар аймақ позициясынан емес, жалпы орталық негiзiнде қаралған. Кез-келген аймақ - бұл бiр елдiң бөлшегi. Бiрақ аймақтар қандай елдерге қатыстылығына байланысты бiр-бiрiне ұқсамайды. Федеративтi құрылымы елдерде әрбiр аймақ өздерiнiң заң шығарушы және атқарушы базаларына ие, яғни аймақтағы экономикалық процестерге әсер ете алатындай жеткілікті деңгейдегi мүмкiншiлiктерге ие.  
Қазақстан сияқты унитарлы мемлекеттерде аймақтардың аймақ экономикасына елеулi әсер ету мүмкiншiлiгi шектелген. Осындай жағдайда, егер атқарылып жатқан шаралар Орталықтың жалпы экономикалық бағдарламаларымен сәйкес болатын болса, аймақтың экономикалық


Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары