Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

 

Сурет 19.1 – Ұйымдағы өндірісті оперативті жоспарлаудың атқаратын қызметтері

 

  1. Оперативті жоспарлау жүйесінің түрлері

Өндірісті оперативті жоспарлау жүйесі – жоспарлы жұмыстардың тәсілдері мен техникасының жиынтығы, олардың анықтаушы факторлары (сурет 19.2):

    • жоспарлы есептердің орталықтандыру дәрежесі;
    • қабылданған жоспарлы-есеп бірліктерінің сипаты;
    • жоспарлау мерзімі;
    • жоспарлы және есепті құжаттарды рәсімдеу және оның қозғалысының тәртібі мен құрамы.

Орталықтандыру дәрежесі жоспарлы жұмыстардың барлық көлемін шешім қабылдау деңгейлері бойынша бөлуді анықтайды.

 Орталықтандыру дәрежесі  бойынша жүйе түрлері:

  • орталықтандырылған;
  • жергіліктендірілген.

Жоспарлы-есепті бірлік – жоспарлау мақсаттары үшін ұйымда қабылданған есепті жұмыс бірлігі.

Оперативті жоспарлау жүйесінің басты сипаттамасы – жоспарлы-есепті бірлік құрамы болып табылады.

Календарлы-жоспарлы нормативтер – өзара байланысқан жұмыс орындарының, учаскелер мен цехтардың жұмысын келістіру, календарлық жоспарлардың өзара байланыстыру инструменті, сонымен бірге қондырғы мен персоналды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инструмент болып табылады:

  • бөлшектер мен түйіндер партиясының мөлшері;
  • бөлшектер мен түйіндер және олардың партиясының ырғағы;
  • өндірістік цикл ұзақтығы;
  • запастар мөлшері және т.б.

 

Оперативті жоспарлау жүйесі


 

Детальды

 

Комплектілі

 

Тапсырысты

әр атауының деталы

комплектілі-түйінді

комплектілі-топтық

 

толықтай тапсырыс, яғни бір бұйым атауының барлық деталдар мен түйіндер жиынтығы

бір жиынтық бірлікке енетін деталдар комплектісі

түрлі жиынтық бірлік пен бұйымдар деталының комплектісі, бірақ олардың календарлы-жоспарлы нормативтері бірдей болады (партия ырғағы, шығарудың артық болуы)


 

 

Сурет 19.2 – Оперативті жоспарлау жүйесі

Өндірісті оперативті жоспарлауды ұйымдастыруда екі концептуалды тәсіл көрсетіледі:

  • итеріп шығарылатын жүйелер;
  • тартылатын жүйелер.

Бұл жүйелер жабдықтау барысын жоспарлау және ұйымдастыруда жұмыс позициялары бойынша және сәйкес жұмыс процестерін кеңістікте және уақытта тәртіпке келтіру бойынша материалдық ағымдардың тиімді қозғалысының құралы ретінде қолданылады. Бұл дискреттік өндірісті жүзеге асырған жағдайда маңызды. Дискретті өндіріс өндірістің жүргізілу барысында өндірістік процестің үздіктілігімен сипатталады. Үзілісті болу жүйеге енуден одан шығуға дейінгі материалдық ұғымдар қозғалысын қиындатады, бұл өз алдына өндірістік цикл ұзақтығының артуымен және запастардың барлық түрлері мөлшерінің өсуімен сипатталады және соңында жүйе өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ол жағдайда барлық процестерді тұрақты болуы керек, яғни өтімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және жоғарлату үшін.

  Жүйенің екі түрі де түрлі кәсіпорындарда және экономиканың түрлі үлгілерінде де (нарықтық, орталықтан басқарылатын, ауысу кезеңінде) кеңінен қолданылады. Екі жүйе де сәйкес  жабдықтаулар (көлемі, мерзімі, сапасы және т.б. бойынша) арқылы кейінгі буындар есебінен алдыңғы өндірістік буындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ерекшілігі ағымдар қозғалысын басқару тәсілінде және  ең алдымен буындар байланысы бойынша жабдықтауды   жоспарлаудың орталықтандыру дәрежесіне – орталықтандырылған және жергіліктендірілген жоспарлауға байланысты.

Орталықтан жоспарланатын «итеріп шығарылатын» жүйенің түжырымдамасы: әрбір бөлімше жоспарлы кезеңге нақты тапсырмалар алады және олардың орындалуы туралы кәсіпорынның орталық жоспар органдарына есеп беріп отырады. Мүндай жоспарлауда бөлімше де, жоспарлаудың орталық органы да жоспарлы тапсырманың көлемі мен мерзімінің орындалуына ғана көп көңіл бөледі. Мүнда әрбір бөлімше бір-бірінен изолировано әрекет етеді. Ол аралық қоймаға жіберіліп жатқан өніммен не болатынын, өткен айдағы өнім қалдығы (бар, жоқ) туралы ойламайды. Қоймада қалдықтар болған жағдайда жүйеде запастар артықшылығы пайда болады, ал запастарды толықтыру кезіндегі кедергілер болғанда өндірістік процесті тоқтата алатын дефецит пайда болады. Сұраныс немесе жабдықтауда өзгерістер болғанда жоспарлар оперативті түрде қайта қаралуы керек, бұл жоспарлы жұмыстың еңбек сыйымдылығын арттырады. Орталықтан жоспарланатын «итеріліп шығарылатын» жүйе құрылымы төмендегі суретте көрсетілген.

 

Кәсіпорындағы жоспарлаудың орталық органы



Дайын өнім қоймасы







 

- Аралық қойма                                                 - -Материалдық ағым



- Ақпараттар ағымы                                             - Өндірістік бөлімше

 

Жергіліктендірілген жоспарлаудағы «тартылып шығарылатын» жүйе орталықтандырылған жоспарлауды орта мерзімді кезеңге (1-3ай) жұмылдырады және осының негізінде өнім өндірісінің барлық кезеңдері мен процестеріне ресурстарды (айналым құралдарын) бөліп көрсету. Орталық жоспарлау органы сұранысқа сәйкес дайын өнім өндіру процесін ғана бақылайды, оны соңғы бұйымды жинаудың кестесін құру арқылы жүргізеді. Жинауды жүргізетін бас конвейер жинау кестесіне сәйкес қажетті жартылай фабрикаттарды жақында орналасқан аралық цехтардан таңдайды. Қоймалардан алынған жартылай фабрикаттар жабдықтаушыларымен толықтырылады. Процесс материалдық ағымдар қозғалысына (технологиялық процесс барысына) кері бағытта жүзеге асырылады. Мұндай жүйе түрлі бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді және соның негізінде түрлі сұранысты қанағаттандырады. Жергіліктендірілген жоспарлаудағы «тартылып шығарылатын» жүйе құрылымы төмендегі суретте көрсетілген.

 

 

Кәсіпорындағы жоспарлаудың орталық органы



Дайын өнім қоймасы





 

  1.  Өндірістік менеджменттегі кестелер мәні мен түрлері. Өндірістік кестелерді жасау

Кесте – ресурстар бойынша бәсекеге түсетін операциялардың (ресурстардың) орындалу мерзімін анықтайтын календарлық күндер жиынтығы.

Өндірістік менеджменттегі кестелерді құрудағы талаптар:

  • барлық бұйымдар бойынша барлық жоспарланған жұмыс номенклатурасын орындауды қамтамасыз ету;
  • жоспарланған барлық бұйымдар бойынша жұмыстардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
  • календарлық кезеңнің барлық кескіні бойынша персонал мен қондырғылардың толықтай және бірқалыпты қамтылуын қамтамасыз ету.

Өндірістік кестелерді құру кезінде ең алдымен менеджер қандай тәсілді пайдалатындығын шешу керек, содан соң бұл қызметтің қажетті процедурасын анықтау керек, ең алғашқысы – кесте мен өндірістік қуатты байланыстыру.

Кесте құру процедурасына көптеген факторлар әсер етеді. Сыртқы және ішкі бағытталған кестелер арасындағы сұраныспен анықталатын байланысты және байланыссыз әрекеттер арасындағы ерекшеліктер кестені жасау үшін түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Екі фактор бір-бірімен өзара байланысты, нәтижесінде Өндірістік менеджментда кесте құрудың үш жағдайымен кезігеді (кесте 19.1).

 

Кесте 19.1 – Өндірістік кесте құру жағдайларының үлгілері

 

Сыртқа бағытталған кесте

Ішке бағытталған кесте

Сұранысқа байланысты әрекеттер

Жағдай 1

Тұтынушылық сұраныс белгілі, нені, қайда жасау керек екені анық белгілі, сондықтан жүйе барысындағы әрекеттер дәл есептелуі мүмкін. Кесте құрудағы тәсілдер толықтай болмағанмен анықталған. Белгілі әрекеттер тұтынушымен белгіленген уақытқа орындалуы керек және жүйенің сыртқы шектеулерін қанағаттандыру керек.

Жағдай 3

Тұтынушылық сұраныстың не жасалуы керек екені белгілі, ал күндер қажет болған жағдайда есепке алынбайды. Жүйе барысындағы әрекеттер дәл есептелуі мүмкін. Кесте құрудағы тәсілдер толықтай болмағанмен анықталған. Белгілі әрекеттер жүйенің ішкі мақсаттарына жету үшін орындалуы тиіс.

Сұранысқа байланысты емес әрекеттер

Жағдай 4

Көбіне болмайды.

Жағдай 2

Тұтынушылық сұраныс белгісіз. Нақты уақыт кезеңіндегі жүйе барысындағы әрекеттер болжамдық бағалаудың негізінде құралады. Әрекеттер нақты кезең болжамдарына сәйкес орындалса және жүйенің ішкі мақсаттарын қанағаттандырған жағдайда кесте құрудағы тәсілдер толықтай болмағанмен анықталады.


 

20 Тақырып Кәсіпорындағы персоналды  басқару мен ұжымның әлеуметтік  дамуы

1 Кәсіпорын кадрлары 

2 Кәсіпорын кадрлары  және қызметкерлер санын жоспарлау

1 Кәсіпорын кадрлары 

Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топ қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.

"Кадрлар", "персонал" және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.

Өнім өндірісі үрдісімен тікелей байланысты, яғни негізгі өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорын кадрларын өнеркәсіптік-өндірістік персонал деп атайды (сурет 5).

 

2 Кәсіпорын кадрлары және қызметкерлер санын жоспарлау

Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.

Тәжірибеде кадрларды есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.

Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.

Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.

Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.

Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.

Кварталдағы (жылдағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны кәсіпорынның кварталда (жылда) жұмыс жасаған барлық айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосып, осы қосындыны 3 (12)-ге бөлу арқылы анықтауға болады.

Кәсіпорын кадрлары тұрақты өлшем емес: бір қызметкерлер жұмыстан босатылады, ал біреулері жұмысқа қабылданады. Кәсіпорындағы қызметкерлердің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер:

- кадрлардың жұмыстан босатылуы  бойынша айналым коэффициенті  – кезең ішінде барлық жұмыстан босатылған қызметкерлер санының сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады

 

                                             Кбос = Сбос / Сорт,                                                 (4.1)

 

мұндағы

Сбос

-

кезең ішінде жұмыстан босатылған қызметкерлер саны;

 

Сорт

-

кезең ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны.

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері