Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Кейбір кәсіпорындарда, соның ішінде акционерлік қоғамдарда таза пайда келесі бағыттарда бөлінеді: жинақтау қоры, пайдалану қоры, резервті қор, әлеуметтік  сфера қоры, валюталық аударымдар қоры, құрылтайшылар (акционерлер) арасында пайданы бөлу. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылады. Сонымен пайданы бөлу деп кәсіпорындағы пайда бюджеті мен оны пайдалану баптары бойынша бағыттауды айтады. Пайданы жоспарлаудың негізгі тәсілдері келесідей:

  • тікелей есептеу тәсілі;
  • аналитикалық тәсіл;
  • жиынтық есептеу тәсілі.

Тікелей есептеу тәсілі - өндірілетін өнімнің көп емес ассортиментінде қолданылады, бұл жағдайда пайда тауарлы өнімді өткізуден түскен түсім мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы есептелінеді

 

                                   П=(V Баға) –  (V S),                                           (13.1)

 

мұндағы

П

-

жоспарлы пайда;

 

V

-

жоспарланған кезең ішінде натуралды өлшем бірлігінде өндірілген тауарлы өнім көлемі;

 

Баға

-

өнім бірлігінің бағасы;

 

S

-

өнім бірлігінің толық өзіндік құны.


 

Пайданы жоспарлаудың аналитикалық тәсілі өндірілетін өнімнің көп ассортименті болған жағдайда қолданылады және жоспарлы пайдаға әсер ететін жеке факторларды анықтаумен сипатталады. Аналитикалық тәсілде пайда жоспарлы жылдағы өндірілетін өнімнің әр түрі бойынша анықталмайды, толықтай салыстырылатын өнім бойынша есептелінеді.

Жиынтық есептеу тәсілі бірінші және екінші тәсілдер элементтерін қамтиды. Сонымен, жоспарлы жылдағы бағамен және есепті жылдағы өзіндік құн бойынша тауарлы өнім құны тікелей есептеу тәсілі арқылы анықталады, ал жоспарлы пайдаға өзіндік құн өзгерісі анықталады.

 

2 Өндірістің рентабелділік  көрсеткіштері

Рентабелділік – ресурстарды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.

Рентабелділік көрсеткіштерін есептеу негізінде пайданың (көп жағдайда таза пайданың) шығындалған қаржыларға немесе өткізуден түскен түсімге немесе кәсіпорын активтеріне қатынасымен анықталады, яғни кәсіпорын қызметінің тиімділік дәрежесін сипаттайды және оның бірнеше түрлері бар (кесте 5).

 

Кесте 5 - Рентабелділік көрсеткіштері

Рентабелділік көрсеткіштері

Есептеу формуласы

Сипаттамасы

жеке өнім түрлерінің рентабелділігі

өнім бірлігіне шаққандағы пайда 

 

өнім бірлігінің өзіндік құны 

түрлі өнімнің, барлық тауарлы өнімнің пайдалығын және кәсіпорынның рентабелділігін (табыстылығын) сипаттайды. Баға белгілеуде негізге алынады.

барлық тауарлы өнім рентабелділігі

тауарлы өнімге шаққандағы пайда     

тауарлы өнімнің өзіндік құны     

өндіріс рентабелділігі

баланстық (таза) пайда                            

негізгі өндірістік қорлар құны + материалдық айналым қорлар құны

Өткізу рентабелділігі

 өнімді сатудан түскен пайда

 өткізуден түскен түсім

өткізудің әр 1 теңгесі кәсіпорын пайдасының қандай пайызын алатындығын көрсетеді. Өндірілетін өнім номенклатурасын таңдауда негіз болады.

 баланстық пайда 

 өнімді өткізуден түскен таза  

 түсім + басқа да өткізулерден 

 және өткізулерден тыс 

 операциялардан түскен табыс

Активтер  рентабелділігі

           пайда

     жиынтық активтер

сәйкес активтердің 1 теңгесіне келетін қайтарымдылықты сипаттайды. Кәсіпорынға салынған ақша қаржыларының тиімділігін көрсетеді.

Ағымдағы активтер рентабелділігі

             пайда 

                                       

    ағымдағы активтер

Таза активтер рентабелділігі

           пайда 

     таза активтер


 

 

 

 


Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері