Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат
Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.
1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі
Үздіксіз әрекет агрегатының жұмыс режимі қаралған кезеңде агрегаттың үздіксіз жұсысымен не жұмысындағы үзіліс болуымен сипаталады немесе кезең ішінде тұрақты жүктеме мен немесе уақыт ішінде өзгермелі жүктемемен жұмыс істеумен анықталады. Циклдік әрекет агрегаттары жұмысының өнімділігі бір мезетте өңделетін бұйым саны ұлғаюына тиімді жұмыс уақытына және көмекші уақыт қысқартылуына байланысты. Энергия тұтынуды нормалау кәсіпорындағы технологиялық нормалаумен тығыз байланысты.
Үлес шығынының суммалық нормалары деп өнім шығару өндірістік процесінде толық энергия шығыны нормалары аталады. Салаланған суммалық норма әр жеке өнім үшін және іріленген суммалық норма жалпыланған өнім үшін цех, зауыт бойынша.
Цех нормалары – осы цех энергия шығынынан тұрады. Жалпы зауыттық өнім шығару процесі аяқталғанда шығындалған энергия суммасы.
14 Тақырып Басқару кәсіпорынның экономикалық дамуындағы интеграциялық факторы ретінде
1 Менеджмент және басқару
2 Менеджменттің түсініктемелік аппараты
3 Басқару қағидалары және олардың мазмұны
1 Менеджмент және басқару
Жан-жағымызға қарасақ, көп нәрсені басқаруға болатынын көруге болады: машиналар мен химиялық реакциялар жұмысын, өсімдіктердің өсуін және адамдар әрекеттерін. Сонымен бірге, бұлар әр түрлі. Өсімдіктер, машиналар, химиялық элементтер мен басқалары табиғат заңдарына бағынатын жансыз объектілер болып табылады. Бұл объектілердің әрекеттерін алдын-ала білуге немесе есептеуге болады, сондықтан да оларды басқару техникалық сипатта деп атауға болады.
Ал адамдардың жеке сана-сезімдері, көзқарастары, ынталары, ұмтылыстары болады. Олардың сыртқы әсерлерге деген реакцияларын анықтау өте қиын, сондықтан адамдарды басқару техниканы басқарудай болмайды.
Мұндай әрекеттерде әлеуметтік басқару тәсілдерін қарастыру керек. Олардың түрлері әртүрлі: мемлекеттік басқару, әскери басқару, шаруашылық басқару және т.б. Шаруашылық басқару жеке алынған ұйым немесе кәсіпорында жүзеге асырылады.
Көп жылдар бойы біздің елдегі шаруашылық басқару әкімшілік сипатта болды. Ол экономиканы реттеудің жоспарлы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Бұл жағдайлар адамдардың жеке дербестікке, жаңашылыққа, шығармашылыққа, өзін және өз жұмысын жетілдіруге деген ұмтылыстарын шектеді.
Менеджмент шаруашылық басқарудың нарықтық жағдайдағы бір түрі болып табылады. Ол адамдардың экономикалық еркіндігін, өз табыстарын а жетуге басшылық етудегі жеке дербес шешімдерді қабылдау құқықтары мен міндеттерін, қабылданған шешімдердің нәтижесіне өз қаржылары, өз мүліктерімен толықтай жауапты екендігін сипаттайды.
Менеджменттің пайда болуы жүздеген және мыңдаған жұмысшылары бар ірі кәсіпорындар санының өсуіне байланысты болған. Кәсіпорын иелерінің өздері көптеген бағынышты қызметкерлерді білікті түрде басқара алмағандықтан ол үшін арнайы адамдарды – менеджерлерді, кәсіпқой басқарушыларды жалдауға мәжбүр болды. Осындай адамдар тобы менеджмент деп аталды, орыс тілінің “басшылық” деген түсінігіндей.
Басқарушылық міндеттерді жүзеге асыру қызметін менеджмент деп атайды. Ол екі жақты көзқараспен қарастырылуы мүмкін. Біріншіден, бұл – кез-келген жағдайлардағы жеке дербес шешімдер қабылдау қажеттігіне байланысты нарық жағдайында әрекет ететін ұйымдарды басқару.
Екінші жағынан, менеджмент – бұл жеке дербес басқарушылық қызмет, тек кәсіпорын құрып және бағынышты қызметкерлерді басқаруды ғана қарастырмайды, мысалы, эстрада жұлдыздарының концерттерін, спорттық және бұхаралық шараларды және т.б. ұйымдастыру.
Екі жағдайдағы да менеджменттің мақсаты – басқару объектісінің бұрынғы жағдайынан сапа және сандық жағынан жақсыға өзгерген, күтілетін жағдайына қол жеткізу.
Менеджмент оқу пәні ретінде қарастырылады, алғаш рет 1881 жылы Джозеф Вартон АҚШ-тың бір колледжінде оқыта бастаған. Ал қазірде менеджмент жоғары және орта кәсіби білім беру бағыттарында кеңінен қолданылатын пәннің бірі және кез-келген маманды дайындаудың басты элементі болып табылады.
Сонымен бірге, менеджмент пән аралық сипаттағы ғылыми пәндер мен практикалық тәжірибелер жиынтығы болып табылады, келесі салаларды қамтиды: экономика, ұйымдастыру, социология, психология, педагогика, құқық.
Менеджмент ұйымдастырудың
дайын әдістерін және
Менеджмент деп адамдардың еңбегін, ой қабілеттерін және мінез-құлықтарының мотивтерін пайдалана отырып ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетудегі қызмет деп қарастыруға болады.
Қазіргі заманда менеджмент термині түрлі түсініктерді анықтау үшін қолданылады. Біріншіден, менеджмент - түрлі ұйымдардың өз мақсаттарына жету үшін осы ұйымдардағы адамдарға басшылық ету қызметінің нақты түрі деп қарастырылады. Екіншіден, менеджмент - нақты қызметтің ойлаған нәтижесіне жетуді басқарудағы кәсіби қызметін жүзеге асыруда қажет болатын білімдер саласы деп түсіндіріледі. Үшіншіден, бұл түсінік басқару бойынша жұмысты жүргізетін нақты адамдар категориясымен (нақты әлеуметтік топтармен) теңдестіріледі. Қазірде бұл қызмет жеке мамндыққа, білімдер саласы – жеке пәнге, ал әлеуметтік топтар – беделді қоғамдық күштерге айналды.
2 Менеджменттің түсініктемелік аппараты
Менеджменттің түсініктемелік аппаратын экономикалық орта мен кәсіпорынға байланысты жалпы түсініктер негізінде көрсетуге болады ( экономика, нарықтық экономика, бизнес, кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг, кәсіпорын, фирма, корпорация,ұйым және т.б. түсініктер).
Жалпы алғанда экономика бұл шаруашылықты рационалды жүргізуді қарастырады. Экономика негізін оның алғашқы звеносы – кәсіпорын құрайды.
Нарықтық экономика – сатып алушы мен сатушы құқықтарының теңдігіне, өндіріс қорлары мен еңбек құралдарына деген меншіктің болуын, шаруашылық ету субъектілерінің экономикалық дербестігі мен жауапкершілігіне негізделетін экономика. Қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі – сұраныс пен ұсыныс. Нарықтық экономикаға тән сипаттар: еркін баға тағайындау, капитал, еңбек, товарлар нарығының болуы, және бұл мемлекеттік реттеу элементтері мен нарыққа әсер ететін сыртқы орта факторларының болуын қамтиды.
Нарықтық экономикадағы басты өндірістік құрылымдардың бірі – кәсіпорын – шаруашылық етудің экономикалық және құқықтық жағынан дербес субъект болып табылады. Шаруашылық ету субъектілері өзін-өзі ақтау қағидасы негізінде жұмыс жасайды. Олар өз қызметтерін меншіктің барлық формалары негізінде жүзеге асыра алады: жеке меншік, кооперативті, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар меншігінде, шетелдік заңды тұлғалар ретінде, сонымен бірге аралас капиталмен болуы мүмкін.
3 Басқару қағидалары және
Басқарушылық қызмет, кез-келген басқа қызметтер сияқты нақты қағидалар негізінде жүзеге асырылуы керек. Осы қағидаларды ескерсе, басқарушылық қызмет табысты болады, ал ескермеген жағдайда ұйым тарапынан үлкен қатерлерге, шығындарға әкелуі мүмкін. Бұл қандай қағидалар?
Осы қағидалардың ішінен ең бастысы – ғылым мен өнер элементтерінің байланыстылығы.
Басқару процесі бір бағытқа бағытталуы керек, яғни әрекеттер жәй ғана емес, ұйым алдындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталуы керек.
Менеджменттің басты қағидасы оның универсалдылығының негізінде мамандандырылудың байланыстылығы. Басқарудың табысты болуы үшін әр объектіге немесе процеске қатысты оның ерекшеліктерін ескеретін жеке тәсіл қажет. Футбол командасын сахынадағы әртістерді басқарған сияқты басқаруға болмайды, сол сияқты ғылыми ұжымды әскери бөлімшені басқарған сияқты басқаруға болмайды. Барлық жағдайда да өз қызметі жағынан мәні бір әрекеттер, яғни адамдарға басшылық ету әрекеті барлығына бір, осының негізінде барлығына бірдей жалпы, универсалды қағидалар болуы керек.
Кез-келген басқарушылық процесс тізбектілік қағидасына негізделуі керек. Басқаша айтқанда, басқарушылық процесін қамтитын барлық әрекеттер кеңістікте және белгілі бір уақытта нақты тәртіп бойынша орындалуы керек. Мысалы, ең алдымен шешімді қабылдап алып, жағдайды артынан ойлауға болмайды. Кейбір жағдайда басқарушылық әрекеттердің тізбектілігі циклдық сипатта болуы мүмкін, олардың белгілі бір уақыт өтуіне байланысты қайталануын қамтиды. Циклдық әрекеттерге ағымдағы жоспарлау, бақылау, бухгалтерлік есептерді жасау жатады.
Шаруашылық процестердің үздіксіздігі сәйкесінше оларды басқарудың, персонал қызметін үйлестіру мен бақылаудың үздіксіз болуын қажет етеді.
Бұл ұйымның жеке элементтерін орталықтан реттеу мен өзін-өзі басқарудың байланыстылығынсыз жүзеге асырылмайды.
Өзін-өзі басқару адамдармен жүзеге асырылғандықтан онда қызметкерлердің жеке ерекшеліктері және олардың психологиясы, адам аралық қатынастар заңдылықтары мен топтық әрекеттер есепке алынуы керек. Бұл ұйымда дұрыс моралды-психологиялық жағдай туғызады және ойлағандай орындалатын тиімді шешімді қабылдауға жағдай жасайды.
Басқарушылық процес дұрыс жүруі үшін келесі қағиданы сақтау керек: басқарушылық процестің әр буындарындағы жауапкершілік пен құқықтар бірлігі. Құқықтардың жауапкершіліктерден тым артық болуы тәжірибеде басқарушылық дәрежесінің төмендеуіне әкеледі, ал жетіспеушілігі іскерлік белсенділік пен инициативаны баяулатады, тіптен ірі келіспеушіліктер болуы мүмкін.
Менеджменттің басты қағидасы басқаруға қатысатын қатысушылардың бір-бірлерімен бәсекелестігі. Ол табыстылыққа деген жеке қызығушылықтар негізінде түрлі тәсілдер көмегімен, соның ішінде материалдық сый ақы, қызмет бойынша жоғарлауы, өзін-өзі көрсету, жаңа білімдер мен дағдыларды игеру арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі заман жағдайында басқарушылық процес нәтижелі болуы үшін келесі қағиданы ескеру керек: шешімдерді дайындау процесіне орындаушыларды максималды кең көлемде тарту. Өздерінің қабылдаған шешімдерін, еңбектерін, ойларын жүзеге асыруда, жоғарыдан түсірілген шешімдерге қарағанда белсенділік жоғары болады.
15 Тақырып Кәсіпорынды
1 Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
2 Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
3 Өндірісті басқару құрылымының түрлері
1 Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу: “Ең қолайлы құрылым-бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш-жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым”
Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін.
Классикалық теория өндірісті басқару құрылымын қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен түрлерін айқындау, басқа- рудың нақты қызметі бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкерші-лігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.
Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметік рөлін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді бола- тындығын мойындайды.
Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.
Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б.) сүйенуі тиіс.
Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір біріне қарай бөлінуінің (иерархиялығының) жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды тиімді деп санады, өйткені бюрократтық жолмен қабылданған шешімнің насиқаттық сипаты болады деп есептейді.