Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Ресурспайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.

Табиғатты сақтау көрсеткіштері – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ қауіпсіздік және экологиялық көрсеткіштерін біріктіреді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.

Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.

Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.

 

2 Өнім сапасын басқару жүйесі

Өнім сапасын  басқару - өнімді жасауда, өндіруде және пайдалануда қажетті сапа деңгейін белгілейтін, қамтамасыз ететін және сақтайтын бір-бірімен байланысқан шаралар кешені.                     Сапа саласындағы кәсіпорын (ұйым) саясаты


Өнім сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, яғни кәсіпорында өнім сапасын басқару жүйесі әрекет етуі керек. Ол сапаны басқаруға қажетті жауапкершіліктерді, процедураларды, үрдістер мен ресурстарды нақты бөлетін ұйымдық құрылыммен сипатталады.

Соңғы жылдары 9000 сериялы ИСО стандарты кеңінен қолданылады, онда кәсіпорындағы өнім сапасын басқарудың халықаралық тәжірибесі көрсетілген. Осы құжаттарға сәйкес сапа саласындағы саясат жасалынады, онда өнім сапасын басқару, сапаны қамсыздандыру мен жақсартуды қамтиды.

Сапа жүйесінің басты элементі өнімнің өмірлік циклы немесе «сапа тармағы» болып табылады. «Сапа тармағы» («сапа спиралы») – қажеттеіліктерді анықтаудан бастап оларды қанағаттандыруды бағалауға дейінгі түрлі кезеңдердегі сапаға әсер ететін бір-бірімен байланысты барлық қызмет түрлерінің концептуалды үлгісі.

 

3 Өнімді стандарттау және өнім  сертификаты

Стандарттау - өнімнің төмендегі жағдайларын қамсыздандыру мақсатында ережелер мен нормаларды, сипаттамаларды (талаптарды) белгілеу бойынша қызмет:

- қоршаған орта, адам  өмірі, денсаулығы мен мүліктер  үшін өнім, жұмыстар мен қызмет  түрлері (стандарттау объектілері) қауіпсіз болуы;

- техникалық және ақпараттық  үйлесімділігі, сонымен бірге өнімдердің бір-бірінің орнын ауыстырулары;

- ғылым, техника мен технологияның  даму деңгейіне сәйкес өнім  мен қызмет түрінің сапасы;

- өлшемдер бірлігі;

- барлық ресурстарды  үнемдеу;

- табиғи және техногендік  катастрофалар мен басқа да  төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелін ескерудегі шаруашылық субъектісінің қауіпсіздігі;

- елдің қорғау қабілетіне  дайындығы.

Өнім сертификациясы - өнімнің белгіленген талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін тәсілдердің бірі.

Кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің бір-бірімен, мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекеттігінің нысандары мен тәсілдері мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарымен қамтылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

- ҚР-ның мемелекеттік  стандарттары;

- салалық стандарттар;

- техникалық жағдайлар;

- кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар стандарттары;

- ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа  да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Стандарттау объектілеріне жататындар: өнімдер, жұмыстар (үрдіс), қызмет түрлері, материалдар, құрал-жабдықтар, жүйелер, ережелер, процедуралар, атқаратын қызметтер, тәсілдер немесе қызмет түрлері.

 

9 Тақырып Өндіріске құрал-жабдықтық  шаруашылығы бөлімшелерімен қызмет  көрсетуді ұйымдастыру

    1. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру
    2. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылық құрылымы

 

1 Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру

Кәсіпорынның     инструменталды     шаруашылыгының     мәні, инструменталды   шаруашылықты  ұйымдастырудың   негізгі   өндіріс тиімділігіне әсерімен анықталады. Жалпы өндірісте техникалық жабдықтау шығындары 25-30%-ке әкеледі. Кәсіпорынды инструментпен жабдықтауға кеткен айналым құралдарының көлемі, кәсіпорынның жалпы айналым құралдарының сомасынан 15-40%- ін құрайды.

Кәсіпорынның жалпы жұмысының жетістігі, өнім сапасы, жұмыс ырғактылығы және рентабелділік инструменталды шаруашылықты дұрыс ұйымдастырумен байланысты.

Инструменталды шаруашылықтың негізгі мақсаты: цехтарды және негізгі өндірістің жұмыс орындарын сапалы технологиялық жабдықтармен, инструменттермен үздіксіз және өз уақытында қамтамасыз ету; жабдықпен қамтамасыз етудің сапасын көтеру; жабдықтарды өндіруге, сатып алуға, сақтауға кеткен шығындарды сатып алуға инструменттерді қалпына келтіру, жабдықтарды жөндеу. Осы мақсаттарды шешуде кәсіпорын инструменталды шаруашылықтың мақсатын құрайды.

Инструменталды шаруашылықтың құрылымы – негізгі өндірістің түріне, сипатына байланысты және кәсіпорынның көлеміне байланысты анықталады. Ipi және орта кәсіпорында инструменталды шаруашылықтың құрамына мыналар кіреді: инструменталды шаруашылықтың бөлімі, инструменталды цех, орталық инструменталды қойма, цехтық нструменталды - үйлестірмелі қойма, жабдықтарды жөндеу учаскесі.

Инструменталды шаруашылық бөлімін кәсіпорынның бас инженеріне бағынатын басшы басқарады. Бұл бөлім құрамына мынадай функционалдық бөлімшелер кіреді: жоспарлы — диспечерлік бюро, техникалық бақылау бюросы, нормативтер бюросы, инструменттер сатып алатын бюро, конструкторлы - техникалык бюро.

Жоспарлы – диспечерлік бюро – кәсіпорынның, инструменталды және жабдықтау түрлеріне қажеттілігін анықтайды, кәсіпорын өндірісінің жоспарын құрады, жоспардың орындалуына бақылау жасайды және есепке алуларды жургізеді, цехтарға инструменттерді бөлу бойынша лимиттерді тағайындайды.

Техникалық бақылау бюросы – инструментті сақтау мен өткізу бойынша бақылауды жүзеге асырады, инструменттің тозу және беріктілік нормасын тексереді, инструменттік шаруашылыкты ұйымдастыру бойынша шараларды жасауга катысады.

Нормативтер   бюросы   –   инструменттерді   жабдықтау   және классификациялау бойынша жұмыстарды жургізеді, жалпы кәсіпорын және цехтар бойынша айналым қорларын және шығындар нормасын бақылайды.

Инструменттер сатып алынатын бюро – жоспарлы – диспечерлік бюромен жасалған жоспарға сәйкес инструменттерді сатып алуды ұйымдастырады.

Конструкторлы — технологиялық бюро — техникалық жабдықтауды жобалайды және оны дайындау бойынша технологияны жасауды жүзеге асырады. Инструменттік  цех – инструменттік шаруашылықтың  негізгі материалдық базасы болып табылады.

Орталық инструменталды қойма – кәсіпорынның жабдықтар қорын негізгі сақтаүшы болып табылады. Бұл қоймада инструменттік қоймадан және сырттан келетін жабдықтар кабылданады, сакталады және инструменталды - үйлестірмелі қоймаға беріледі.

Инструменталды — үйлестірмелі қоймалар — кәсіпорынның негізгі цехтарында ұйымдастырылады.

Әдетте қымбат бағалы өлшеу құралдары және технологиялық жабдықтар жөнделуге ұшырайды, жөндеу жоспармен ұйымдастырылады.

Инструменталды шаруашылықты рационалды ұйымдастырудың негізгі ceбeбi болып – инструменттер және технологиялық жабдықтардың индексациялануы және классификациялануы табылады.

Осының нәтижесінде жабдықтарды есепке алуды ұйымдастырумен байланысты, оларды қабылдау, шығарумен байланысты қиындықтарды жеңуге мүмкіндік болады.

Қaзipгi кезде ең көп тарағаны - жабдықтардың мынадай үш белгісі бойынша классификациясы:

- қолдану белгісі бойынша;

- өндірістік процесстегі орны  бойынша;

белгіленуі бойынша.

Қолдану белгісі бойынша:

-жалпы қолданылатын жабдықтар, олардың параметрлері ГОСТ-пен анықталады;

белгілі бір операцияны орындау үшін қолданылатын жабдықтар.

Өндірістік процесстегі орны бойынша:

- кәсіпорынның негізгі өнімін  дайындау үшін қолданылатын бірінші  реттік инструменттер;

бірінші реттік инструменттерді дайындау үшін қолданылатын екінші реттік инструменттер.   

Инструменталды шаруашылықты рационалды ұйымдастырудың негізгі ceбeбi болып – инструменттер және технологиялық жабдықтардың индексациялануы және классификациялануы табылады.

Осының нәтижесінде жабдықтарды есепке алуды ұйымдастырумен байланысты, оларды қабылдау, шығарумен байланысты қиындықтарды жеңуге мүмкіндік болады.

Қaзipгi кезде ең көп тарағаны - жабдықтардың мынадай үш белгісі бойынша классификациясы:

- қолдану белгісі бойынша;

- өндірістік процесстегі орны бойынша;

белгіленуі бойынша.

Қолдану белгісі бойынша:

-жалпы қолданылатын жабдықтар, олардың параметрлері ГОСТ-пен  анықталады;

-белгілі бір операцияны орындау  үшін қолданылатын жабдықтар.

 

2 Кәсіпорынның инструментальды шаруашылық құрылымы

Орталық инструменталдық қойманың негізгі функциясы болып, инструменттерді қабылдау, сақтау, есепке алу, шығару және сонымен қатар орталық инструменттік қоймадағы инструменттер қорларын жоспарлау және реттеу табылады.

Инструменттерді  қабылдау – орталық инструменттік қоймаға инструменттік цехта жасалған, шеттен сатып алынған, сонымен қатар инструменттер мен жабдықтарды жөндеу бойынша шеберханаларда өңделген және қалпына келтіру бойынша шеберханаларда қалпына келтірілген барлық инструменттер келіп түседі.

Шеттен келетін инструменттер арнайы құжаттар, яғни счет фактура, накладнойлар бойынша қабылданады; инструменттерді қабылдауда олардын саны орталық инструменттік қойма жұмысшыларымен, ал сапасы орталык инструментті қойманың бақылау пунктімен тексеріледі.

Инструменттік цехтар мен жөндеу және қалпына келтіру бойынша шеберханалардан келетін инструменттер, сапа бақылауынсыз накладной бойынша кабылданады.

Тозған және сынған инструменттер орталық инструменттік қоймаға қабылданады. Сәйкес тексеруден кейін инструменттердін бір бөлігі жөндеу және қалпына келтіру бойынша шеберханаларға жіберіледі, ал екінші бір белігі - екінші реттік материалдар қоймасына жіберіледі.

Инструменттерді сақтау – орталық инструмента қойманың әрбір бөлімінде сәйкесінше конструкторланған стелаждар мен шкафтарда белгілі бір кластағы жабдықтар сакталады. Инструменттер стелаждарда

мынадай тәртіп бойынша орналастырылады: бірыңғай инструменттер - өсу тәртібі индексі бойынша; арнайы инструменттер - өнімдер, бөлшектер және операцияларға орналасуына қарай операциялардын номерлері бойынша; инструменттердін сакталу орны номерленеді.

Инструменттерді есепке алу – орталық инструменттік қоймада сақталатын инструменттің әрбір типтік өлшеміне есеп карточкасы жасалады. Бұл карточкада инструменттің аты, өлшемі және профилі, индексі, қозғалысы және берілген типтік өлшемдегі инструменттердің қай стелажда, полкада, торда орналасқаны керсетіледі.

Кіріс есебі инструмент партиясымен келетін құжаттар негізінде, ал шығын eceбі - инструменттерді инструменталды - үйлестірмелік қоймаға беру құжаттары арқылы жүргізіледі.

Инструменттерді цехтарға беру, әрбір цехқа тағайындалған лимит бойынша жүзеге асырылады.

Орталық инструменталдық қоймадағы инструменталдық қорларын жоспарлау және реттеу - сақтау үшін қорларды көбейтуді жоспарлауда екі жүйе қолданылады: «тапсырысқа» және «қоймаға».

Цехтық инструменталды – үйлестірмелік қоймалардың негізгі функциялары болып, орталық инструментті қоймадан инструменттерді алу, оларды сақтау, есепке алу, жұмыс орындарына беру және жұмыс орындарынан алу, орталықтандырылған шеберханасына және жөндеу мен қалпына келтіру үшін орталық инструмента қоймаға аудару, ұйымға жіберу үшін тозған инструменттерді шығынға жазу,  инструменталды-үйлестірімділік қоймадағы жабдықтар қалдығын ұйымдастыру және реттеу.

Орталық инструменталды қоймадан инструменттерді алу бекітілген цехтардағы лимитке сәйкес жүзеге асырылады. Инструменталды – үйлестірімділік қоймада инструменттерді сақтау орталық

инструменттердің қоймасындағы сияқты ұқсас. Инструменталды – үйлестірімділік қоймадағы жөндеу немесе тексеру үшін қажет ететін инструменттер пайдалануға жарамды инструменттерден бөлек сақталады.

Инструменталды – үйлестірімділік қоймадағы инструменттерді есепке алу орталық инструменталды қоймадағы сияқты есеп карточкасы бойынша жүргізіледі.

Инструменттерді жұмыс орындарына беру әртүрлі жүйе бойынша жүзеге асады. Ұзақ мерзімді қолданылатын және қымбат бағалы инструменттер жұмысшыларға учаскелік мастердің рұқсатымен беріледі және жұмысшының инструменталды кітабына жазылады. Қысқа мерзімді қолданылатын инструменттер бірлік және екілік маркалы жүйемен және жазбаша талап жүйесі бойынша беріледі.

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері