Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Жұмыс орындарын қамтамасыз ету жүйесі активті және пассивті болуы мумкін. Активті жүйеде инструменттер қосалқы жұмысшылар мен инструменталды - үйлестірмелік қоймаға беріледі және алынады. Ал пассивті жүйеде инструменттер негізгі өндірістік жұмысшылармен инструменталды - үйлестірімділік қоймаға беріледі және алынады.

Тозған немесе сынған инструменттерді жөндеуге кеткен шығыны қалдық құнынан аспаған жағдайда ғана жөндейді.

Күрделі және қымбат бағалы инструменттерді жөндеу жоспарланған болуы қажет. Жөндеу ipi өндірістік цехтар үшін меншіктік жөндеу базасында, ал қалған цехтар үшін инструменталды цехта жүргізіледі.

Инструментті қалпына келтіру деп – толықтай тозған және есептен шыққан инструменттерді қарапайым эксплуатациялық күйге әкелу және бұрынғы қалпына келтіру. Инструменттер алғашқы және басқа өлшемдермен қалпына  келтірілуі  мүмкін. 

10 Тақырып Өндіріске жөндеу шаруашылығы  бөлімшелерімен қызмет көрсетуді  ұйымдастыру

1 Жөндеу қызметінің мәні

2 Жоспарлы алдын-ала  ескерту (ЖААЕ) жүйесінің қызметі

3 Жөндеу нормативтері

 

1 Жөндеу қызметінің мәні

Қазіргі кезде кәсіпорындар өте қымбат тұратын құралдармен, роботталған жиынтықтармен, көлік құралдарымен және т.б. негізгі қор түрлерімен жабдықталған. Жұмыс процессі кезінде олар өздерінің жұмыс сапасын жоғарлатады, яғни бөлшек бұйымдарының тозуынан құрал өзінің дәлдігін, қуатын, өнімділігін жоғарлатады.

Тозуды компенсациялау үшін және құрал-жабдықтарды қызмет түріне әкелу үшін оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу шаруашылығы қажет болды.

Техникалық қызмет дегеніміз- құрал-жабдықтарды белгіленуі бойынша, уақыты, сақталу мерзімі бойынша қолдану кезінде оның жұмысқа қабілеттілігі мен жөндеуге икемділігін қамтамасыз ететін жинақты операция.

Жөндеу дегеніміз- құрал-жабдықтарды немесе оның бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін операциялардың жиынтығы.

Кәсіпорынның жөндеу қызметінің негізгі функциялары:

  • жоғарғы өнімділікті және үздіксіз қызмет ететін құрал-жабдықтарды жөндеу жағдайында, жұмысқа дайын күйінде сақтау;
  • жөндеудің барлық түрлеріне кететін уақытты және оған кететін шығындарды азайту.

 

2 Жоспарлы алдын-ала ескерту (ЖААЕ) жүйесінің қызметі

Жоспарлы алдын-ала ескерту (ЖААЕ) жүйесінің негізгі мәні құрал-жабдықтардың бірнеше жұмыс сағатынан кейін оларға тексеру жүргізу және олардың көлемі, жағдайы және ерекшелігі қолдануға сәйкес екендігін тексеру.

Жоспарлы алдын-ала ескерту (ЖААЕ) жүйесінің негізгі қызметі жөндеуге кететін шығындарды азайту және жөндеу сапасын жоғарлату.

Техникалық қызмет бойынша және құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша жүйе келесі қызмет түрлерін ұсынады:

Жөндеуаралық қызмет құрал-жабдықтар жағдайын тексерумен, механизмдердің уақытында реттелуімен ұсақ жөндеулерді жүргізумен қорытындалады. Бұл қызметтерді жұмыс уақытынан тыс негізгі жұмысшылармен және кезекші жөндеуші персонал орындайды.

Смена және май толтыру барлық құрал-жабдықтар үшін орталықтандырылған жүйемен арнайы график бойынша орындалады.

Геометриялық дәлділік. ГОСТ-пен қаралған нормаға сәйкес ерекше жоспар –график бойынша жоспарлы жөндеуден кейін жүргізіледі.

Метал кесетін станоктар үшін қаттылықты тексеру ГОСТ-та белгіленген нормаларға сәйкес жоспарлы, орта және нақты жөндеуден кейін жүргізіледі.

Құрал-жабдықтарға деген бақылау оның жұмысқа дайындығын тексеру үшін қолданылады.

Жоспарлы жөндеу мазмұнына және еңбек сиымдылығына байланысты ағымдағы, орташа, нақты болып үшке бөлінеді. Ағымдағы жөндеу дегеніміз –тозған бұйымдардың азғантай көлемін алмастыру арқылы және механизмдерді келесі жөндеуге дейін жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Орташа жөндеу дегеніміз-құрал-жабдықтардың жеке бөлшектерін алмастыру немесе түзету. Капиталды жөндеу  құрал-жабдықтардың жөнделгендігін қалыптастыру мақсатында жүзеге асады.

Жоспардан тыс жөндеу дегеніміз  құрал- жабдықтардың авариялық жағдаймен болатын жөндеу немесе жылдық жоспарда қаралмаған жөндеу. Егер жөндеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса жоспардан тыс жөндеулер  болмау керек.

 

3 Жөндеу нормативтері

Нормативтердің дәлдігіне кәсіпорынның техникалық қызметіне кететін және құрал-жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар көлемі тәуелді болады, сондай-ақ құрал-жабдықтарды бұзылуынан болатын өндірістегі шығындар болады. Негізгі нормативтері:

      • жөндеу аралық цикл ұзақтығы;
      • жөндеу аралық цикл құрылымы;
      • жөндеу аралық мезеттің және бақылауаралық мезеттің ұзақтығы;
      • жөндеу күрделілігінің категориясы;
      • еңбек сиымдылығының нормативі;
      • материал сиымдылығының нормативі;
      • бұйымдар қорының нормасы.

Жөндеу аралық цикл дегеніміз –бұл құрал-жабдықтардың қолданылу мезетінен бастап алғашқы капиталдық жөндеуге дейінгі уақыт немесе екі тізбектей орындалатын капиталдық жөндеудің арасындағы уақыт.

 

11 Тақырып Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

1 Тасымалдау  шаруашылығының  мәні және құрылымы

2 Кәсіпорынның жүк айналымдылығын  анықтау

3 Тасымалдау  шаруашылығын  ұйымдастыру, жоспарлау

 

1 Тасымалдау  шаруашылығының мәні  және құрылымы

Қазіргі машинақұрастыру кәсіпорынның жұмысы және радиоэлектр өнеркәсібінің кәсіпорындары зауыттың ішінде сондай-ақ сыртында да әртүрлі жүктерді орналастырумен тығыз байланысты зауыттың жалпы немесе цехтық қоймасына материалдар, отындар, жинақ бұйымдар келіп түседі, ал  қоймадағы дайын өнім немесе өндіріс қалдықтары ретінде шығады. Зауыттың ішінде жалпазауыттық қоймадан алынатын жинақталатын және т.б. бұйымдардың материалдарын көліктендіру жүзеге асады.

Көлік шаруашылығының негізгі функциясына жүктерді жеткізу, тиеу-түсіру және экспедициялық операциялар жатады.

Көлік шаруашылығының қызметі тек бұлармен шектелмейді. Зауыттың көлік шаруашылығын ұйымдастыру және оның жұмысы өндірістік процеске және шығарылатын өнімдердің өзіндік құнына әсерін тигізеді. Көліктен жұмыс орындардың ырғақтылық жұмысы; өнімнің бірқалыпты шығуына байланысты болады.     

Көлік құралдары зауытта былайша топталады:

      • әрекет ету тәсілі бойынша: үздікті және үздіксіз;
      • көлік түріне байланысты: рельсті, рельсіз, сулы, арнайы көлік;
      • белгіленуі бойынша: сыртқы, цехаралық, цех ішілік;
      • жүктерді орналастыру бағыты бойынша: көлбеу, тік, тік-көлбеу.

Ірі және орта кәсіпорындарда жалпы сұрақтары бойынша және маркетинг немесе өтімділік бойынша директорлардың орынбасарына бағынатын көлік бөлімі құрылады. Бұл бөлім транспорт түрлері бойынша шаруашылық бірліктер тобымен бірігеді. Көлік бөлімінің құрамы жоспарлы-экономикалық, диспетчерлік, техникалық және есепті болып бөлінеді.

 

2 Кәсіпорынның жүк айналымдылығын  анықтау

Жүктерді зауыт ішінде тосып тұру үшін қажетті негізгі және көмекші цехтармен қамтамасыз ету қажет. Көлік құралдарына деген қажеттіліктерді есептеу үшін зауыттың және цехтың жүк айналымдылығын, жүк ағымын, таситын жүктердің номенклатурасын анықтайды (Сызба № 1). 

Цехтың немесе зауыттың жүк айналымдылығы дегеніміз –уақыттың белгілі мерзіміне бекітілген жүк санын айтамыз (жыл, тоқсан, ай, тәулік, смена) .

Жүк ағымы дегеніміз –тасу және тиеу пунктерінің арасындағы белгілі бағытта орналасқан жүк саны.

Біржақты дегеніміз –көлік құралдары бір жаққа жүкпен, ал екінші жаққа жүксіз жүреді. Екі жақты –көлік жүкпен екі жаққа да жүреді.

 

3 Тасымалдау  шаруашылығын ұйымдастыру, жоспарлау

Көлік шаруашылығының жұмысын жоспарлау технико-экономикалық, оперативті календарлық және диспетчеризация болып бөлінеді.

Технико-экономикалық  жоспарлау жылдық жоспарды кварталға бөлумен сипатталады. Оперативті календарлық  жоспар айлық және смена –тәуліктік жоспарларды жасақтаудан тұрады. Өндіріс типіне байланысты көлік қызметінің смена-тәуліктік жоспарлануы өзгеріп отырады. 

 

 

12 Тақырып Қойма шаруашылығын  ұйымдастыру

1 Қойма шаруашылығының  құрылымы.

2 Қойма операцияларын  ұйымдастыру.

 

1 Қойма шаруашылығының құрылымы.

Қойма шаруашылығы өндірістік процеске әсерін тигізетін кәсіпорынның ең маңызды көлігі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық құндылықтарының көпшілігі қоймадан өтеді. Қойма шаруашылығының негізгі қызметіне жататындар:

1) өндірісті қажетті  ресурстармен үздіксіз қамтамасыз  ету;

2) олардың сандық және сапалы сақталуын қамтамасыз ету;

3) қойма операцияларына  байланысты шығынның мах-ды азайтылуы;

4) бұйымдарды немесе  тағы басқа материалдық құндылықтарды  жинақтау.

Қоймада тиеу-түсіру жұмыстарының үлкен көлемі және материалдық құндылықтарды орналастыру бойынша жұмыстар іске асады. Сондықтан қойма шаруашылығын  дамытудың басты мақсаты жұмыстың комплексті механизмі және автоматизациясы, қойма мекемелерін қолдануды жақсарту, көтерме сауда негізінде материалдарды техникалық жабдықтауды ұйымдастыру ұйымдастыру «дәл уақытында» типті материалдарды техникалық жабдықтау жүйесінің енгізілді (Бұл АҚШ-та «джей», ал Жапонияда «канбан» деп аталады).

 

2 Қойма операцияларын ұйымдастыру

Қойма операцияларын ұйымдастыру келесі элементерді қамтиды: қабылдау, сақтау, есептеу, материалдық құндылықтарды жіберу бойынша бақылау.

Материалдарды қабылдау сандық және сапалы болады. Қабылдауға сол құндылықтарға қатысы бар тұлғалар қатысады. Қоймаға түскен материалдық құндылықтар құжатпен жүргізіледі. Қоймада олардың саны тіркеледі. Құжатсыз түскен құндылықтар олар тіркелгенше бөлек сақтайды. Қабылданған құндылықтарға қабылдау актісі немесе ордер жасалады.

Материалдық құндылықтарды сақтау. Материалдық құндылықтардың әрбір тобы белгілібір орынға бекітіледі. Бұл үшін тиеу-түсіру операциялары ыңғайлы болу қажет, санының және сапасының сақталуы, өртке қарсы қауіпсіздену, санын және сапасын тексерудің жеңілдігі.

Тауар-материалдық құндылықтардың есебі  қоймадағы олардың қозғалысын көрсетеді. Материалдарды есептеу әрбір материалдың түрі бойынша карточкамен жүреді. Карточкада мах, мin-ді, сақтандыру запасының көлемі, шығын, түсім көрсетіледі. Бухгалтерия осыларға бақылау жасау қажет.

Зауыт бухгалтериясымен қойма жұмыстарына бақылау жасау кіріс-шығыс және есеп карточкалары бойынша жүргізіледі.

Цехтарға материалдарды жіберу айлық лилий шегіндегі лимит картасы бойынша беріледі. Егер лимит толықтай қолданылса, материалдарды беру аяқталады. Цех қажетті материалдарды тек кәсіпорынның директорының рұқсатымен алады.

Материалдық құндылықтарды жіберуді ұйымдастырудың активті және пассивті түрі бар. Пассивті жүйеде тұтынушылар қоймадан материалдық құндылықтарды материалдық қажеттіліктер бойынша немесе лимит картасы бойынша алады және өзінің көлік құралдарымен цехқа жеткізу қажет. Ал активті жүйеде алдын-ала материалдар дайындалады және өзінің көлік құралдарымен дәл жұмыс орындарына график бойынша цехқа жеткізіліп отырады.

 

13 Тақырып Энергетикалық шаруашылықты  ұйымдастыру

1 Өндірістегі энергетикалық  шаруашылықты ұйымдастыру

2 Өндірістегі энергетикалық шаруашылықтың ұйымдық құрылым және оны басқару

3 Өндіріс кәсіпорындағы  электр энергиясы мен отын  экономикасының негізгі бағыттары

 

1 Өндірістегі энергетикалық шаруашылықты  ұйымдастыру

Өндірістік кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы кәсіпорынды оған керек барлық энергия түрлерімен керекті мөлшерде және берілген энергиямен жабдықтаудың режимінде үздіксіз, саналы түрде қамтамасыз ету керек.

Бұл кезде отын мен энергия үнемдеу режимі сақталып, энергоқондырғыштар қуаты мен энергия желілерінің өткізгіштік қабілеті барынша қолдануы тиіс, персонал еңбегінің өнімділігі артып, энергетикалық цехтар өнімдерінің өзіндік құны төмендеуі керек.

Өндірістік кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастырудың негізгі сұрақтары: зауыттың энергетикалық жабдығына пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру-генерациялаушы, түрлендіруші, тұтынушы жабдықтар; зауыттың барлық энергетикалық жабдығына жоспарлы алдына алу жөніндегі ұйымдастыру; энергоцех персоналының еңбегін, жалақысын ұйымдастыру; энергетикалық есеп жүргізуді ұйымдастыру.

Зауыт шаруашылығын пайдалануды жоспарлауға мына сұрақтар кіреді: отын энергетикалық балансты әзірлеу және кәсіпорынның энегиямен жабдықтау жоспарын жасау (зауыттың энергияға сұранысы, энерготұтыну режимі, энергия сұранысын түрлі энергия көзімен жабу, олардың жұмыс режимі, генератор жүктемесін агрегаттар арасында экономикалық бөлу); энергожабдықтардың күрделі жөндеуін жоспарлау; зауыт энергошаруашылығы персоналының еңбегі мен жалақысын жоспарлау.

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері