Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

Сурет 10 – Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы өзара байланыстылық

 

Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді.

Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты құраушысы – қондырғылар мен аудандар, ал айнымалы құраушысы – персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.

“Өндірістік қуат” түсінігімен бірге “өткізу қабілеттілігі” деген түсінік қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол қондырғының, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.

 

2 Өндірістік қуатты есептеу  әдістемесі

Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:

1) қондырғылар саны, құрамы мен  техникалық жағдайы және өндірістік  аудандар туралы мәліметтер. Есепке  негізгі өндірістің барлық қондырғылары  алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және жаңартудағы, жұмыс істемейтіндері де есептелінеді);  

2) қондырғылар өнімділігінің техникалық  нормалары және өндірілетін өнімнің  еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын  кәсіпорындар үшін қондырғылар  өнімділігінің паспорттық нормалары  қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар  үшін – техникалық түсініктемесі  бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;

3) қондырғылар жұмысының уақыт  қоры мен кәсіпорын жұмысының  тәртібі. Есептеулерде қондырғылар  жұмысының ең жоғары мүмкін  болатын жоспарлы (тиімді) жылдық  уақыт қоры ескеріледі; 

4) өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы  және олардың бағдарламадағы  өзара сандық қатынастары. Есептеулерде  өндірілетін өнімнің жоспарлы  номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген  кезде өнімнің номенклатурасы өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі (алдыңғы қатардағы) өндірістік бірліктердің: цехтардың, учаскелердің қуатымен анықталады. Цехтар мен учаскелердің өндірістік қуаты негізгі технологиялық қондырғылардың: агрегаттардың, жабдықтардың, қондырғылар тобы және т.б. қуаты бойынша анықталады. Алдыңғы қатардағы цехтың өндірістік қуаты (Қц) келесідей есептелінеді

                              Қц = Қ1 а1 + Қ2 а1 + ... + Қn аn,                                  (9.1)

 

мұндағы

Қ1, Қ2, ... , Қn

-

бір типті қондырғы түрінің жылдық өндірістік қуаты;

 

а1, а1, ... , аn

-

қондырғының нақты түрінің саны.


 

Кәсіпорынның өндірістік қуатының пайдалану дәрежесі қуатты пайдалану коэффициентімен (кқ.п) сипатталады

                                         кқ.п = Vн / Қорт,                                                       (9.2)

 

мұндағы

-

өнім өндірудің нақты көлемі;

 

Қорт

-

орташа жылдық өндірістік қуат.


 

Өндірістік қуаттың түрлері: ену, шығу, жобалық және орташа жылдық болып бөлінеді.

Ену қуаты деп ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы немесе нақты күндегі кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын қарастырады.

Шығу қуаты (Қш) деп жоспарлы кезең соңындағы кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын атайды, келесі формула арқылы есептелінеді

                           Қш = Қб + Ққ + Қж + Қт + Қн – Ққжш ,                            (9.3)

 

мұндағы

Қб

-

кезең басындағы өндірістік қуат;

 

Ққ

-

қуатты құрылыс нәтижесінде енгізу;

 

Қж

-

кәсіпорынды жаңарту салдарынан қуаттың өсімі;

 

Қт

-

техникалық жағынан қайта жарақтандыру және басқа да шаралардың нәтижесінде қуаттың арытуы;

 

Қн

-

өнім номенклатурасы (еңбек сыйымдылығы) өзгерісінің әсерінен қуаттың арытуы (төмендеуі);

 

Ққжш

-

қондырғылардың шығуы салдарынан қуаттың төмендеуі.


 

Кәсіпорын (цех, учаске) бойынша әрекетке енгізілген, бірақ игерілмеген қуаттарды өндірістік қуат деп әрекетке енгізілген жобалық қуатты айтады.

Орташа жылдық қуат (Қорт) – есепті кезең немесе жыл ішінде орташа есеппен кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) иелігінде бар қуат, ол баланстық тәсілмен анықталады

              Қорт = Қб + Σ (Қенг Nенг) / 12 - Σ (Қшығ Nшығ) / 12,                 (9.4)

 

мұндағы

Қб

-

кезең басындағы өндірістік қуат;

 

Қенг

-

жыл ішінде әрекетке енгізілген қуат;

 

Nенг

-

әрекетке енгізілген қуаттың пайдаланылған айлар саны;

 

Қшығ

-

жыл ішінде шығарылған қуат;

 

Nшығ

-

қуаттың шығарылған кезеңінен жыл соңына дейінгі айлар саны.


 

18 Тақырып Өнім өндіру мен  қызмет көрсетуді жоспарлау 

Өнім өндірісінің жоспары (өндірістік бағдарлама) өнімнің сату көлемі, номенклатурасы мен ассортименті негізінде, оның сапасы, одан түсетін пайда мөлшері, рентабелділік деңгейі негізінде, кәсіпорынның нарықтық үлесінің мөлшерімен анықталады. Өндірістік бағдарлама натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық көрсеткіштер арқылы есептелінеді.

Натуралды өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі өндірілетін өнім номенклатурасы мен ассортиментімен сипатталады. Өнім номенклатурасы - өндірілуі керек бұйымдардың (жұмыстар мен қызмет түрлерінің) аталуы. Өнім ассортименті – номенклатура көлеміндегі осы бұйымдардың (түрлері, типтері, сорттары, мөлшерлері) түрлілігі.

Материал сыйымдылық белгілері бойынша біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін өлшеу үшін шартты-натуралды өлшеуіштер қолданылады.

Норма-сағат, адам-күн, станок-сағатпен өлшенетін өндіріс көлемінің еңбек өлшемі натуралды өлшемдермен үйлесімдері басқа цехтардың өндірістік бағдарламаларын жоспарлауда және басқа да мақсаттар үшін қажетті қызметкерлер санын, өндіру нормасын, еңбек ақы мөлшерін анықтауда қолданылады.

Құндық өлшеуіштер жалпылама өлшеуіштер болып табылады, олардың көмегімен өндірістің жалпы көлемі анықталады және өнімнің товарлы, жалпы және өткізілетін көлемі жоспарланады.

Тауарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:

  • дайын бұйымдар құны;
  • өздері өндірген жартылай фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;
  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;
  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес қондырғылар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;
  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Көпшілік өнеркәсіп салалары бойынша тауарлы өнім зауоттық тәсіл бойынша анықталады, яғни тауарлы өнім көлеміне өз мұқтаждықтары үшін кәсіпорынмен өндірілген дайын өнімдердің, жартылай фабрикат құны енбейді. 

Дайын бұйымдар бойынша тауарлы өнім кәсіпорынның әрекеттегі бағаларымен жоспарланады. Есеп бойынша сол кезеңдегі әрекеттегі баға бойынша есептелінеді және сонымен бірге тауарлы өнім есептерде кәсіпорынның салыстырмалы бағалары бойынша анықталады.

Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы өнімнің тауарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады. Жалпы өнім (ЖӨ) зауоттық тәсіл бойынша екі әдіспен есептелінеді:

1) жалпы және зауот ішіндегі  айналымның айырмасы арқылы анықталады

                                                    ЖӨ = Жа – ЗІа,                                                      (9.5)

 

мұндағы

Жа

-

жалпы айналым;

 

ЗІа

-

зауот ішіндегі айналым;


 

2) тауарлы өнім мен жоспарлы  кезең басындағы және соңындағы  аяқталмаған өндіріс қалдықтарының  айырмасының қосындысымен анықталадыЖӨ = ТӨ + (АӨб – АӨс),                                          (9.6)

мұндағы

АӨб , АӨс

-

кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының құны.


Жалпы айналым – кәсіпорынның барлық цехтарымен нақты кезең ішінде өндірілген өнімнің барлық көлемінің құны.

Зауот ішіндегі айналым – уақыттың бір кезеңі ішінде кәсіпорынның бір цехымен өндірілген, және басқа цехымен пайдаланылған өнім құны.

Аяқталмаған өндіріс - өндіріспен аяқталмаған өнімдер.

Өткізілген өнім – нақты кезеңде нарыққа енген және тұтынушылармен сатып алынатын өнім көлемінің құны.

 

19 Тақырып Оперативті-өндірістік  жоспарлау және өндірісті реттеу

  1. Өндірісті оперативті жоспарлау міндеттері
  2. Оперативті жоспарлау жүйесінің түрлері
  3. Өндірістік менеджменттегі кестелер мәні мен түрлері. Өндірістік кестелерді жасау

 

  1. Өндірісті оперативті жоспарлау міндеттері

Өндірісті оперативті жоспарлау – салыстырмалы қысқа уақыт аралығында (ай, декада, апта, тәулік, сағат) өнім дайындау бойынша өндірістік тапсырмаларды жасау, қабылданған өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру және ұйым қызметінің мақсатына жету үшін олардың орындалуын үздіксіз бақылау және реттеу.

Оперативті жоспарлау үрдісінде шешілетін мәселелер: өндірістік бағдарламаға сәйкес бұйымдар мен түйнектерді жинау, бөлшектерді дайындау бойынша қандай-да бір операциялар:

  1. қандай жұмыс орнында, учаскеде, қандай цехта;
  2. қандай көлемде;
  3. қандай кезең ішінде;
  4. қандай тәртіп бойынша орындалу керек екендігі шешіледі.

Өндірістік үрдістерді кеңістікте қамту бойынша оперативті жоспарлау түрлері (сурет 19.1):

  • цехаралық;
  • цехішілік.

Өндірісті оперативті жоспарлау кезеңдері:

І кезең – оперативті-календарлық жоспарлау;

ІІ кезең – диспетчерлеу.

 

Ұйымдағы өндірісті оперативті жоспарлаудың атқаратын қызметтері


 

Календарлы жоспарлау

Диспетчерлеу

Цехаралық жоспарлау

1. Календарлы-жоспарлы нормативтерді жасау

2. Цех үшін айлық және ай  ішінде оперативті бағдарламаларды  жасау

3. Цехтармен орындалған оперативті бағдарламаларды есепке алу

1. Материалдар,жартылай фабрикаттармен  жабдықталу және олардың жеткізілу  жоспарларының орындалу ауытқуларын бақылау

2. Дайын бұйым өндірісі мен  оларды тұтынушыларға дейін жеткізу  жоспарларының орныдалуын бақылау  және реттеу

3. Бағдарламаларды орындау үшін  цехтарды барлық қажеттілермен  үздіксіз қамтамасыз етілуін  бақылау

4. Цехтармен бағдарламаларды орындаудағы оперативті есеп, бақылау және реттеу

Цехішілік жоспарлау

1. Учаскелер үшін айлық тапсырмаларды  жасау

2. Учаскелер үшін қысқа уақыт  кезеңіне (декада, апта, бескүндік, тәулік  және смена) тапсырмалар жасау

3. Учаскелермен тапсырмалардың орындалуын есепке алу

1. Тапсырмалар орындау үшін учаскелерге қажеттілердің барлығымен үздіксіз қамтамасыз ету және бақылау

2. Учаскелермен тапсырмалардың орындалуын оперативті есепке алу, бақылау және реттеу

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері