Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Бюрократтық құрылымның кемшілігі-стандарттық ережелердің, процедуралар мен нормалардың мәнділігін, қызметкерлердің өз міндетін мүлтіксіз орындауды қамтама-сыз туді, осы ұйымдағы басқа да бөлімшелердің тапсырманың орындалуын талап етуді, сондай-ақ клиенттер мен қоғам арасындағы өзара әрекеттесуді асыра сілтеушілік. Мұның өзі іс-қимылдағы икемділіктің әлсіреуіне әсер етеді. Икемділіктің жойылуы ұйым ішіндегі қызметкерлердің қарым қатынасында да пайда болуы мүмкін.

 

2 Ұйымдық құрылымға қойылатын  талаптар

Ұымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отандық және шетелдік көп жылғы басқару практикасында оны құрудың ұйымдық принціптерін басшылыққа алу қажет.

Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен (жұмыскерлердің өкілеттілігі, олардың жауапкершілігі мен өзара қарым-қатынас т.б.) сипатталады, сондық- тан да құрылымда қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принціптерді талап ету қажет. Басқару объектісі неғұрлым күрде-лі болса, қалыптастыруда принциптер соғұрлым зор роль атқарады, ал мұның өзі құры-лымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына төмендегілер принціптер қоданылады.

Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принципінің тұтастығы. Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды. Әрбір буында тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет. Оның үстіне басқарушы звено екі объектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.

Сызықтық және қызметтік басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принціпі. Сызықтық басшылық өндіріс өнімдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал қызметтік сызықтық басшылыққа жәрдем көрсету, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т.б. жабдықтауы тиіс.

Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағы-нышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасына дұрыс анықтау қажет.

Қызметтік нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және қызметтік буынның айқын белгіленген жұмысы болуы, басқа бөлімшелердің қызметіне басшылықтың барлық деңгейінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдай диалектикалық қызмет тұтастығы мен басқару құрылымы бөлімдерінің, бюроның және басқа да ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір санының қалыптасуынан көрінеді.

Әрбір буын басқарушысы мен лауазымды адамның правосының, міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі. Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді қабылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.

Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерінің ең аз шығынымен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болу тиіс.

Жоғарыда аталған принциптермен қоса, басқару құрылымын жасауға ішкі және сыртқы факторлар да ықпал етеді.

Сонымен, өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы басқарудың барлық объективті қажетті қызметтеріне орындауды қамтамасыз етуі, кәсіпорынның не-месе бірлестіктің өндірістік құрылымының талаптарына сай келуі, әрі өндіріс жағдайының өзгеруне сәйкес даму мүмкіндігінің болуы; басқару нормасына сай болуы; тиімді ақпарат байланыстарының талаптарына сай келуі, басқару ақпара-тының өндірістік ұйым мақсатты құрылымның еңбек бөлінісі мен кооперация- сына барынша сәйкес келуін қамтамасыз етуі; талдау бағалау және болжалдау қызметтірінің нығаюын қамтамасыз етуі; басқарудың жоғары сенімділігін опера- тивтілігін (тез орындаушылығын), спасын, үнемділігін, тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

3 Өндірісті басқару құрылымының  түрлері

Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді басқару үшін қажетті жағдай болып саналады. Құрылым ұйымдағы байланыстырушы буын болып саналады, жоспарлаудың нышандары мен ұйымдас-тырылуына жұмысты бөлу және оны үйлестіру әдістері ықпал етеді, әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің өз жұмысын қалай істейтіндігін өлшеуге мүмкіндік береді. Құрылым белгілі бір дәрежеде басқару технологиясын да алдын ала айқын-дайды, ақпарат айналымының жолына және басқаруда технологияларды пайдалану әдістеріне ықпал етеді, кадрларды іріктеу мен орналастыру жөнінде міндеттер қоя-ды.

Сонымен, басқару жүйесінің құрылымы кез келген саладағы қызметте басқаруды тиімді ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты. Құрылымдағы қателік басшылар жұмысын немесе басқару процесін жүзеге асыруды қиындатып қана қоймай, зерттеушілердің, конструкторлардың, өндірісшілердің еңбегін кемітеді, экономикалық шығынға, жұмыс шығынына ұшыратады. Мұның өзі тек басқару жүйесінің ғана емес, бүкіл ұйымдық жүйесінің тиімділігін кемітеді. Сондықтан да басқару жүйесінің құрылымын қолайлы етуге тырысу, сөйтіп басқадай тең жағдай-ларда ұжым алдына қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

Кезінде Г.Эммерсон жүйе құрылымын тиімді ұйымдастыруды қолданудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Мүлтіксіз ұйымдастыру жағдайында-деп жазды ол,-тіпті нашар басшының өзі шамалы ғана зиян шегеді. Алайда ақуалы ұйымдастыруға сүйенетін нашар басшы міндетті түрде сүрінеді әрі өзіне бағыныш-тыларды да сорлатады.

Басқару мәселесі жөніндегі американдық кеңесшілердің пікірінше олардың практикасында жұмыстың 75%-ы кәсіпорынды басқару құрылысындағы кемістікті жоюға кететіндігін атап көрсетеді. Басқару жүйесінің құрылымын зерттеудің едәуір күрделі болатын себебі, практикада оның ресми жне бейресми жақтары болады. Ресми деп басқарудың жоғарғы органдарының тиісті нұсқауларымен, бұйрықтар-мен, жарлықтармен белгіленетін құрылымды айтады. Оның негізі праволық норма-лар. Ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің өзара қарым қатынас бірлігі, олардың көзқарасындағы айырмашылығы, жеке сапалары мен бейімділігі т.б. бойынша қалыптасады.

Нақты ұйымдық жүйелерде басқару құрылымының айырмашылығына қарамастан әдетте олар екі классикалық құрылым типінің-сызықтық және қызмет-тік типтердің үйлесімі болып табылады.

 

16 Тақырып Кәсіпорындағы жоспарлау

1 Жоспарлаудың мәні мен  қажеттілігі

2 Жоспарлаудың шетелдік  тәжіребиесі

 

1 Жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жұйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылуы ұшін қолдануға болатын  басқарудың ең пәрменді тетектерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек .

Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап , олардың қолданылуы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып отыр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі – жоспарлау .Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздікпен  экономикалық өсу жолына  түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады .

Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін екі тұрғыдан бақылауға болады . Бір жағынан , ол ваоюнтаристік (өмірдің негізгі ерік деп санайтын реакцияшыл  философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады .Мемлекеттік жоспарларға  заңды күш берілді , бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады .Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңістік республикалардың әлеуметтік – экономикалық дамуында бүркеленбеген құлдырауды өзінше көрсететін .Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың  әдісі ретінде емес, керісінше субъект (мемлекет ,үкімет) шешуші рөл атқаратын.

Жоспарлау процесінің  өз болмысынан туынлайтын волюнтаризмді атап көрсеткен И. Кант “Жоспар құру жеңіл және даңғой іс, сол атқылы өзінің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытсаң , өзің жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды  білместен бірдеңе ұсынасың ... ” деп жазады .мұндай жоспарлау жоғарыдан экономикалық дамуының барлық салалары мен аймақтарының ерекшкліктерін және әлеуетті мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шекткулі параметлерді зорлап міндеттейтін  барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өкткені бұл олардың органикалық бірлігі,  мұнда өзгеріс мәніне субъективті факторлар ие болады.

Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында .жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нақты әлеуметтік экономикалық процестері жатады .

Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным басқару жүйесінен өзін өзібас тартпаудан емес, оның жаңа көбінесе нарықтық жағдайларға бейімделуі мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық өзгеруінен тұрады. “Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күшті тездететін және тиімділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес, Экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады  .Еркіндікті дәл сол дамыталды ,пысықтылықты көтермелейді, тәуекелділікті тудырады” (Л.Абалкин ) Осындай күшті тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады .Ол меншік түрінде, басқару объектісінің  орналасуы кеңістігіне қарамастан қолданылады.

Жоспарлау бұл кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті: сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар ,сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне  қойылатын талаптар турлалы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек . Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүнинің  негізі бір бірімен байланыссыз белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден турады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция ) жағдайында қандайда болмасын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл  (догматизм )пікірді ұстанса , алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде  жоспарлауды қолдану мен оп–оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.

 

2 Жоспарлаудың шетелдік тәжіребиесі

Шетелдегі индикаьтивті жоспарлау түрлерінің эволюциясы назар аудартады. Оларда бұл процесс ондаған жылдарға созылады. Индикативті жоспарлау түрлерінің эволюциясы тұрғысынан алғанда мемлекеттік кірістердің ҰЖО-ге ұлғаю шамасына қарай экономикалық өсу қарқыны мен үйлесіміне бюджет ықпалының күшеюіне байланысты конъюктуралық түрі бірінші болады.

Әлемдік тәжірибе дағдарысты уақытта, дамудың үлкен, шұғыл кезендеріне мемлекет еркін нарықтық «өз еркімен көңіл білдіруге» кедергі келтіріп, кең ауқымды міндеттерді өз мойнына алатынын айғақтайды. Ф.Рузвельт (АҚШ президенті) осылайша кейнсиан ережесін қолданды, бұған өндірісті жоспарлау, бюджет шығыстарын ұлғайту, ішкі нарықты кеейту кіреді. Жоспарлау АҚШ-та көбірек дамыды. Орталықтандырылған жоспарлау екі шығу көзінен: муниципиальды және аймақтық денгейдегі жоспарлау; ірі фирмалар денгейінде жоспарлаудан бастау алады. Алғашқы бесжылдық жоспар АҚШ-та 1928 ж. қабылданды, ол индустрияның жаңа ірі саласы авиацияны дамытуға арналды. Жоспарлы тапсырмаларды белгілегенде ешқандай волюнтаризмге жол берілмеді.

Индикативті жоспарлауды қолдануда Францияны бай тәжіребиесі бар 1946ж. бастап  жалпы мемдлекеттік жоспарлар жасала бастады. Олардың жасалуын жоспар жөніндегі бас комиссариат ұйымдастырды. Жоспарлаудың француздық жүйесінің негізін қалаушының атымен «Моне жоспары» деп аталған бірінші мемлекеттік жоспар 1947 жылдан 1953 жылға дейін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта он бірінші бесжылдық жоспар іске асуда. Бұл жоспарлар директивті сипатта болмаса да, жалпы алғанда ел осы жоспарлардың бағытын ұстанады және бұл елді экономикалық прогреске әкелген, басқарудың қуатты тетіктерінің бірі болып қызмет етеді.

Жоспарлауды қолдану саласында Жапония ірі табыстарға жетті. Индустрияландыруда жоспарлау негізінде ірі өзгерістер болып өтті. 1950, 60, 70-жылдары нарықтық экономиканың жоспарымен бірлескен үш онжылдықты- капитализм мен социализм арасындағы «үшінші жолдың»  классикалық нұсқасы деп санауға болады.

 

17 Тақырып Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өндірістік бағдарламасы

1 Кәсіпорынның өндірістік қуаты

2 Өндірістік қуатты есептеу  әдістемесі

 

1 Кәсіпорынның өндірістік қуаты

Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни күнтізбелік кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.

Нақты өнімді өндіру мүмкіндігі ретіндегі өндірістік қуат кәсіпорында, оның бөлімшелерінде өндірістік ресурстардың: қондырғылар, персонал, материалдың болуын қамтиды. Өндірістік қуат түсінігі анықтамасының екі тәсілі бар. Біріншісі бойынша өнімді өндіруге қатысатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері, ал екіншісі бойынша – тек өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар есепке алынады. Тәжірибеде кеңінен екінші тәсіл қолданылады.

Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік қондырғылар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.

Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырмашылық кәсіпорынның резервімен сипатталады, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуаттың пайдалану дәрежесін көрсетеді. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы өзара байланыстылықты 10 сурет арқылы көрсетуге болады.

                                                            Өндірістік қуат


                                                    

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері