Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат
Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.
1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі
Зауыт энергошаруашылығын ұтымды ету, қайта құру жөніндегі ұйымдастыру техникалық шараларды жоспарлау; өнімнің өзіндік құнын жоспарлау.
Энергетикалық шаруашылықты пайдалануды жоспарлау сұрақтарына материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау, энергоцех өнімдерін пайдалану мен өткізуді қаржыландыру сұрақтары кіпмейді, себебі бұл функциялары өнеркәсіптік тиісті басқару бөлімшелері орындайды.
Өндірістегі отын мен энергия үнемдеу қоры қазір де өте зор. Олар барлық кәсіпорында, энергетикалық процестерінде, әсіресе энергия тұтыну процестерінде бар. Егер қазіргі заманғы генератор қондырғылардың п.э.к. 30-80% болса, көптеген энергия тұтыну процестері 15-20%, кейде 2-3% төмендейді. Бұл көптеген кәсіпорында энергетикалық нормалау, агрегат, цехтардың электробаланстары дұрыс ойластырылмағаннан, өндірістің тиімсіз технологиялық схемасынан, энергия беруші дұрыс таңдамағаннан, үлкен энергия шығыны мен бос кетуінен, электр жабдықтарында жіне желіріде жылу шығуын, энергия кетіп қалғаннан болады. Өндірістік кәсіпорындарда отын мен энергия резервін анықтау және пайдаланудың негізгі бағыттары: кәсіпорынның барлық энергетикалық процестері буынындағы энергетикалық нормалау жүйесін ғылыми негізден қолдану; кәсіпорын энергобалансын энергетикалық нормалау жүйесі негізінде және энергожабдықтың үнемді жұмыс режимін таңдау негізінде дайындау; технологиялық процестерді ұтымды энергия көздеріне ауыстыру, екінші реттік энергоресурстарды барынша қолдану; энергоқондырғыларды тікелей шығындарды азайту.
2 Өндірістегі энергетикалық
Зауыт энергошаруашылығының ұйымдық құрылымы өндіріс типіне, кәсіпорын ұйымдық құрылымына және жұмыс режиміне, жалпы энергия тұтыну көлеміне, қолданудағы энергия түріне, қолданудағы жылу ұстағыш түріне, энергоқабылдағыштардың бірлік қуаты мен суммалық қуатының түріне, санына, олардың орналасуына, цехта шоғырлануына заводтың энергиямен жабдықталу схемасына, жалпы энергетикалық шаруашылық персоналына, оның құрылымына (мамандығы, лауазымы бойынша) байланысты.
Ұйымдастырылу жағынан энергетикалық шаруашылық жалпы өндірістік (генераторлық және түрлендіруші қондырғылар, жалпы өндірістік энергия желілері тарату желісі және өндіріс ғимараттарының энергоқабылдағыштары) және цехтық деп (зауыт цехтарының энергоабылдағыштары, тарату желілері түрлендіру қондырғылары жылу беру, желдету аспаптары) бөлінеді.
Жалпы зауыттық энергошаруашылықты пайдалануды мамандандырылған энергетикалық цехтар жүзеге асырады.
Цех энергошаруашылығын пайдалану-энергетикалық цех персоналының немесе негізгі цехтың энергетикалық персонал жұмысы. Энергетикалық жабдыққа күрделі жөндеу мамандығын энергетикалық цехтар (жөндеу мастерлеріне) тапсырылады.
Өндірістік кәсіпорынның энергетикалық цехы жұмыс сипатына қарай негізгі үш топқа бөлінеді:
Жөндеу-монтаждау цехы энергошаруашылығы үлкен көлемдегі кәсіпорындар үшін тиімді энергетикалық жабдықталу орталықтанған схема бойынша жүргізілетін кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылық энергоқабылдағыш, тарату желісі, түрлену қондырғысынан тұрады және екі цехқа біріктірілуі мүмкін. Электр күш беру (электр жабдығы мен желілерін жөндеу, пайдалану) және жылу беру жабдығын компрессор, бу, су және ауа желілерін пайдалану.
Зауыттың энергетикалық шаруашылығын жедел басқаруға кіретін: зауыттың энергия мен жабдықтау элементтерінің жұмысын үйлестіру және оны бақылау, зауытты және оның барлық бөлімшелерін үздіксіз энергиямен жабдықталуын қамтамасыз ету; энергоқондырғылар агрегаттары арасындағы жүктемені экономикалық бөліп тарату; энергетикалық цехтарды барысында туындаған ақаулықтарды жедел жою.
Зауыттың энергошаруашылығын жедел басқаруды жүзеге асыратындар: энергетикалық цехтардың кезекші бастықтары цех персоналының кезекші бригада жұмысына жетекшілік етеді.
Энергоцехтың кезекші бастығы шұғыл тұрғыда зауыттың кезекші диспетчеріне бағынады, зауыттың кезекші энергетигі тікелей зауыт диспетчеріне бағынады, ал егер зауыттың энергошаруашылының аудандық энергожүйемен байланысты болса, энергожүйенің кезекші диспетчеріне де бағынады (жүктемені реттеу, қоректендіретін фидерді сөндіру-қосу сұрақтары бойынша).
Егер кәсіпорында зауыт ЖЭО-ы болса кезекші энергетик энергожүйе диспетчерімен ЖЭО-нің кезекші инженері арқылы байланысады.
Жеке комбинацияланған схема бойынша салынған зауыт энергошаруашылығының ұйымдық құрылымында ерекше орын алатын ең ірі энергетикалық зауыттың жылу электр орталығы (ЖЭО).
Зауыт ЖЭО-ң ұйымдық құрылымы аудандық типтегі ЖЭО құрылымына да қарапайым ЖЭО зауыттың энергоцехтарының бірі болып табылады, он бастық басқарады, ол өндірістік бөлімшелерге: отын (отынды дайындау және беру), қазандық, машини, электротехникалық жөндеу бөлімшелеріне бөлінеді.
3 Өндіріс кәсіпорындағы электр энергиясы мен отын экономикасының негізгі бағыттары
Энергетикалық нормалау міндеті – жекелеген технологиялық операциялар мен өндірістік процестерге керек түрлі энергия мен отын түрлерінің шығын нормасын әзірлеу.
Энергетикалық нормалау мақсаты – кәсіпорындардағы энергия мен отынды барынша үнемдеу. Энергия тұтыну нормалары өнім бірлігіне шыққан энегияның үлес шығыны түрінде белгіленеді. Олар техникалық негізделген және прогрессивті болуы тиіс, яғни озық технология мен озық өндіріс ұйымдастыруға сәйкесетін қазіргі энергия тұтыну деңгейін бейнелеуі тиіс.
Өнім бірлігінің энергия мен отын үлес шығыны осы өнім түрін өндіру үшін белгіленген технологиялық процесс үшін таңдалған энергия мен энергия көзі түріне, осы процеске қатысушы өндірістік және энергетикалық жабдықтың өнімділігіне, жетілу дәрежесіне, күйіне (мысалы, металл кесуші станок және оған қызмет көрсетуші электр двигвтель); жабдықтың жұмыс режимі мен жүктелу дәрежесіне; өндіріс процесін және жұмысшылар еңбегін ұйымдастыруға; пайдалану жабдығының сапасы мен тәжірибесіне байланысты. Энергияның қалыпты үлес шығыны осы өндірістік процестің атқарылуы жағдайы үшін белгіленеді.
Энергияның үлес шығынын техникалық негіздеу өндірістік процестегі агрегаттардың энергия жұмсауын зерттеу, талдау, сынау және есептеу нәтижесі болып табылады (өндірісте озық технология бар болса және оңтайлы ұйымдастырылса). Энергия тұтыну үлес нормасының техникалық негізделген жүйесін әзірлеу үшін, энергетикалық сипатты агрегаттарға сүйенген технологиялық процестердің энегетикалық балансын жасау керек.
Энергия мен отынның үлес шығыны нормасы тұрақты болып табылмайды. Олар өндіріс жағдайы өзгерген сайын (өндіріс бағдарламасы өсуі, өнім мен шикізат ассортименті өзгеруі, технология өзгеруі, автоматты басқару негізу және Өндірістік менеджментды жақсарту, маусымдық факторлар т.б.) әлсін-әлсін қаралып, өзгертіліп тұрады.
Үлес нормасының шамасы ұлғаюы да, азаюы да мүмкін. Сондықтан әрбір норма сәйкесті нормалаушы өндіріс жатады. өзгермелі жағдайларға байланысты нормаларды жедел қайта есептеу үшін үлес нормаларының жоғарыда аталған өндіріс жағдайларының әсерін отын мен энергия шығынын есептеу кезінде ескеруге мүмкіндік береді.
Бұл аталған өндіріс жағдайларының әсерін персоналға энергия мен отын үнемдегені үшін сыйақы беру сұрағын шешуде маңызды.
Энергетикалық нормалау жүйесі түрлі энерготұтыну үлес нормаларының көптеген санын қамтиды. Үлес нромаларының мынадай түрлері бар:
Энергия шығынының бағыты бойынша (пайдалану бойынша):
а) техникалық мұқтажғ; технологиялық операциялар мен процестерге, көмекші процестерге (жарық түсіру, жылу беру, желдету, жөндеу, инструмент жасау т.б.);
ә) энергетикалық қажетіне; қажетті түрдегі, өлшемдегі энергияны өндіру үшін отын мен энергияның үлес шығындары;
б) Зауыт аумағында тарату және түрлендіру кезінде энергия жойылу нормалары.
Технологиялық процесті қамту дәрежесіне қарай:
а) операциялық норма (бір операцияға, бір агрегатта);
ә)технологиялық процеске шыққан суммаланған норма (бір цех не зауыт шегінде).
Бүкіл өндірістік процесті қамту деңгейіне қарай:
а) жекелеген өнім түріне, сортына, тип мөлшеріне қарай сараланған норма – операциялық, цехтық, жалпы зауыттық, операциялық норма - белгілі станоктағы әр деталь операция үшін белгіленеді. Цехтық сараланған нормаларды – цех шығарған әр деталь үшін, тиісті операциялық нормаларды қосып анықтайды.
Жалпы зауыттық нормалар – зауыттың осы өнім түріне жататын цехтық нормаларды қосқаннан табылады.
ә) нормаларды ірлендіру (біріктіру, цехтық және жалпы зауыттық). Бұл нормалар түрлі типті өлшемдегі өнім топтары үшін орташа деп есептейді: тонна прокат үшін, соғылған темір тоннасы үшін т.б. жылпы зауыт үшін іріленген норма дайын өнім топтары үшін немесе барлық зауыт өнімдері үшін белігеленді.
Операциялық нормалардың негізгі мақсаты – жабдықтың берілген ең пайдалы жұмыс режимі энергияны үнемдеп шығындауына және жұмысшылар жұмысына бақылау жасау. Олар жұмысшыларға энергия мен отын үнемдегені үшін сыйақы беру үшін пайдаланылады.
Суммалық цехтық нормалар мақсаты цехтардағы және жалпы зауыттағы энергияны пайдалануды бақылау. Бұлар зауыттың инженерлік-техникалық персоналына сыйақы беру үшін негіз болады (энергия мен отын үнемдегені үшін, кәсіпорында энергия, отын пайдалануды дұрыс қойылғаны үшін). Біртекті өнім шығаратын зауыттарда бұл мақсаттағы негізгі көрсеткіш жылпы зауыттық нормалар болып табылады. Болған жағдайларда цехтық үлес нормаларының жиынтығы көрнекі болып есептеледі.
Цехтық нормалар жекелеген цехтар және жалпы зауыттық шаруашылық есеп үшін энергия мен отын шығынын жоспарлауға қолданылады. Жалпы зауыттық нормалар жалпы зауыттың энергия талаптарын жоспарлауындағы есептеулер үшін. Салалық жоспарлау үшін, келешек жоспарлау, кәсіпоорында энергия мен жабдықтауды жобалау үшін және энергияны қолданғанда талдау үшін пайдалынады.
Энергия тұтынуды техникалық нормалау энергия шығыны мен өнім шығаруды дербес есепке алу мүмкін болған өндіріс шептерінде жүзеге асырылады. Сондықтан техникалық негізделген нормаларды дайындау зауыттағы энергия есебін жүргіху мен осыған қажет бақылау - өлшегіш аспаптардың бар болуына байланысты.
Энергетикалық нормалау көрсеткіштері тиімді болуы үшін өнім бірлігін дұрыс таңдау керек, олар – энергия мен шығынның үлес шығыны. Өндірістік кәсіпорынның өнім бірлігі болып өнімнің тікелей және жанама көрсеткіші болуы мүмкін.
Тікелей көрсеткіштің негізгі түрі - өнімнің натурал бірлігі. Олар қарапайым келтірілген (жіптің тонна нөмері т.б.).
Натурал бірліктер есептеуге қолайлы және өнімнің натурал бірлігіне арнап белгілеу керек. Білікті өнім шығаратын немесе аздаған технологиялық процеспен бірнеше өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп саласындағы іріленген нормаларды (кен тоннасы, көмір, шойын, болат, прокат, хлор, цемент т.б.) бірліктің түрі ретінде шикізат не жартылай шикізат бірліктерін азайтуға болады.
Өнімнің тікелей көрсеткішіне – ақшалай бірлік те жатады. Мысалы, 1000 т өнімін шығару (салыстырмалы бағада). Бұлар көптеген ассортиментті түрлі технологиялық процес қолданушы өндірісте өнімнің натуарал бірлігін пайдалану қиындыққа тірелгеннен қолданылады.
Өнімнің жанама көрсеткіші – еңбек шығынын есептеу нормасы немесе жабдықты пайдалануды есептеу нормасы. Өнімнің құн көрсеткіштері тәрізді әр тектес түрлі өнім шығарушы өндіріс үшін энергетикалық нормалау да қолданылады.
Жанама көрсеткіштердің кемшілігі – энергия үлес шығыны мен тікелей байланысының болмауы. Жанама көрсеткіштер натурал бірлікті қолдану мүмкін болмағанда пайдаланылады. Осы өнідіріс участогы үшін алынған өнім есептеу бірлігі осы участокта қолданылатын энергия мен отын түрлерінің бәрі үшін де жарамды болуы керек.
Энергетикалық нормалауды зауыттың энергобюросы арнайы техникалық бюро және энергетикалық лаборатория көмегімен жасайды. Бұл жұмысқа энергетик жұмысшылар, зауыттың механик, технологтары қатыстырылады.
Энергетикалық нормалау жоспар бойынша жүргізіледі, онда нормалау нысаны, орындаушылар, орындау мерзімі көрсетіледі.
Белгіленген үлес шығын нормасы негізінде әр цех, жалпы зауыт отын мен энергия шығынын жоспарлайды. Әр тоқсан аяғында әр участок, цех, жалпы зауыт бойынша белгіленген нормаларды орындағанына талдау жасайды. Негізгі технологиялық операциялар мен процестердің энергетикалық нормалау екі түрлі норманы көздейді: операциялық және сомалық (цехтық, зауыттық).
Энергия үлес шығының операциялық нормасы агрегаттың технологиялық режиміне байланысты белгіленеді. Ол екі бөліктен тұрады: стационарлық режимнің энергия шығыны нормасы, оған пайдалы энергия және стационарлық режим бос шығыны жатады және іске қосу шығының нормасы мен стационарлық емес режимінің бос шығыны. Операциялық үлес шығыны нормасының екі түрін асырайды: сараланған және іріленген.
Циклдік әрекеттегі жабдықтар: металл, ағаш өңдеу станоктары, прокат станогы, балға, престер, әлсін әлі істелетін камера пештер, қайнау қазандары, көтергіш крандар т.б.