Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат
Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.
1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі
- кадрларды жұмысқа қабылдау
бойынша айналым коэффициенті
– кезең ішінде жұмысқа
мұндағы |
Сқаб |
- |
кезең ішіндегі жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны. |
- кадрлардың айналым
Кайн = (Сбос + Сқаб ) / Сорт
- кадрлардың тұрақсыздық
21 Тақырып Еңбекті төлеу
1 Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қағидалары
2 Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары
1 Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қағидалары
Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.
Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:
- еңбекақы төлеуді
- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;
- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциациялау;
- еңбектің соңғы нәтижелері
жоғары болу үшін қызметкерлерд
- еңбек өнімділігі өсу
Жалақының номиналды түрі бар, яғни нақты жалақы мен оның ақшалай мөлшері, сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің нақты көлемі деп түсіндіріледі
мұндағы |
Енақты |
- |
нақты еңбекақы; |
Еном |
- |
номиналды еңбекақы; | |
Р |
- |
тұтыну заттары мен қызмет түрлерінің баға деңгейі. |
Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.
Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.
2 Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандарға бөлінеді.
Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуды ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:
- шығарылымның натуралды
- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;
- технологиялық үрдісті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;
- тоқтап қалуларды болдырмайтын
жұмыс орындарына қызмет
- өндіріске сапалы және
Кәсіпорын алдында тұрған техника-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.
Жеке кесімді жүйеде жалақы өндірілген (орындалған) өнім (жұмыс) көлеміне қатысты анықталады. Оны есептеуде өндірілген өнім көлемі мен оның бірлігіне бекітілген кесімді баға, ал ол жұмыстың сәйкес разрядындағы тарифтік ставка мен уақыт нормасына немесе шығарылым нормасына байланысты анықталады
мұндағы |
ЕАк |
- |
жұмысшының еңбекақысы, теңге; |
Бк |
- |
өнім бірлігіне шаққандағы кесімді баға, теңге; | |
Vөнд |
- |
өндірілген өнім көлемі. |
Өнім бірлігіне шаққандағы кесімді баға келесідей анықталады
Бк= Тс
Ну
немесе Бк=Тс / Ншығ ,
мұндағы |
Тс |
- |
жұмыс разрядына сәйкес келетін сағаттық тарифтік ставка; |
Ну |
- |
уақыт нормасы, сағат; | |
Ншығ |
- |
бір сағат ішіндегі шығарылым нормасы, дана/тонна. |
Жаппай және ірі сериялы өндірісте кеңінен шығарылым нормасы, ал жеке және шағын сериялыда – уақыт нормасы қолданылады.
Жеке еңбекақы төлеу жүйесін деталды еңбек бөлінісінде, яғни нақты операцияны орындағанда қолданған тиімді. Ол қарапайым, тиімді және барлығына да түсінікті.
Кесімді-прогрессивті жүйе норма шегіне дайындалған өнімді тікелей кесімді баға бойынша төлеуді, ал нормадан артық өнімге – жоғарлатылған баға бойынша төлеуді қарастырады. Жоғарлату дәрежесі арнайы шкаламен реттеледі, онда бастапқы базаның артығымен орындалуына байланысты негізгі кесімді бағаның арыту пайызы көрсетіледі. Бастапқы база деп соңғы 3 ай ішінде нақты орындалған норма деңгейін атайды, ол бекітілгеннен төмен болмауы керек.
Бұл жүйе сирек қолданылады. Сонымен бірге өнім өндірісін арттыру жағдайында негізгі өндірістің «жеке» учаскелерінде ұзақ емес уақыт қолданылады.
22 Тақырып Өндіріс шығындарын, пайдасын және рентабелділігін жоспарлау
1 Кәсіпорын пайдасы мен табысы
2 Өндірістің рентабелділік
1 Кәсіпорын пайдасы мен табысы
Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі, жалпы түрде өнім бағасы мен өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.
Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:
1) пайда – кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;
2) пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;
3) пайда – қызметкерлер үшін
еңбек жағдайын жақсарту көзі.
Кәсіпорынның өз иелігінде
4) пайда – өндірілген өнім
мен негізгі қорларды жаңарту
көздері. Кәсіпорынның иелігінде
қалған пайда мөлшерінің
Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:
Жалпы пайда тауарларды (жұмыс, қызмет түрлерін) сатудан түскен түсім мен өткізілген өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.
Баланстық пайда әр қызмет түрлері бойынша жеке-жеке жоспарланады:
Тауарлы өнімді өткізуден түскен пайда - әрекеттегі бағамен есептелінген өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құнына енетін тауарлы өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады.
Басқа өнімдерді және тауарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда (немесе шығын) - әр қызмет түрі, яғни кәсіпорынның балансындағы ауыл шаруашылықтары, көлік шаруашылығы және басқа да шаруашылықтар бойынша жеке-жеке жоғарыдай анықталады.
Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда (немесе шығын) – сол мүлікті өткізуден түскен түсім және инфляция индексіне сәйкес есептелінген қалдық құн арасындағы айырма арқылы анықталады.
Өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түсетін пайда (немесе шығын) түрлі тәсілдермен анықталынады, соның ішінде өткен жылдар тәжірибесінің негізінде есептелінеді.
Осы өткізулерден түскен пайда (немесе шығындардың) қосындысын баланстық пайда құрайды. Осы пайданың есебінен бірінші реттегі төлемдер, яғни салықтардың түрлері, несие пайыздары, ренталық төлемдер, басқа да төлемдер төленеді. Қалған пайда салық салынатын пайда деп аталады. Оның есебінен пайдаға салынатын салық төленеді, қалған пайда мөлшері таза пайданы құрайды. Ол кәсіпорынның өз меншігінде қалады, өздігімен жеке дербес пайдаланылады және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін бағытталады.
Таза пайданы қолдану бағыттары: