Тақырып Курс пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:57, реферат

Описание работы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі.

Содержание работы

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері
1 Курстың мақсаты, құрылымы
2 Пәннің мазмұны, әдісі

Файлы: 1 файл

5 Сборн_лекц_ОргПр-3.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

 

Өндірістік менеджментдың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып бөлінеді.

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар мен материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшері қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын көрсетеді. Өнімді шығарған көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты ірі сериялы, орта сериялы және шағын сериялы өндіріс болып бөлінеді.

Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің аз номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен сипатталады.

 

3 Өндірістік менеджмент тәсілдері

Өндірістік менеджмент тәсілдері - өндірістік процестер элементтері байланыстылығының негізінде орындалатын қызмет түрлері мен өнім өндірісндегі операциялар мен әдістердің жиынтығы.

Өндірістік менеджмент тәсілдерінің түрлері: ағымдық, партиялық, жеке дара.

Өндірістік менеджментдың ағымдық тәсілі – технологиялық процестердің жүру тәртібі бойынша орналастырылған, мамандандырылған жұмыс орындарында орындалатын негізгі және қосымша операциялардың уақыт бойынша келісілген, қайталану ырғақтылығына негізделетін тәсіл.

Өндірістік менеджментдың партиялық тәсілі – саны өндіріс партияларымен анықталынатын бұйымдардың шектеулі номенклатурасымен периодты түрде өндірілетін тәсіл.

Өндірістік менеджментдың жеке дара тәсілі – нақты уақыт интервалында қайталанатын немесе қайталанбайтын бұйымдар номенклатурасы жеке дара дана бойынша өндірілетін тәсіл.

Өндірістік менеджментдағы тәсілдерді таңдауға әсер ететін факторлар:

- өндірілетін өнім номенклатурасы;

- өндірілетін өнім масштабы;

- өнім өндірісінің кезеңділігі (периодтылығы);

- өнімнің еңбек сыйымдылығы;

- өнімді технологиялық  жағынан өңдеу сипаты.

 

5 Тақырып Ғылыми-техникалық  дайындықты ұйымдастыру және  өндірісті жетілдіру

1 Өндірісті жетілдіру  және ғылыми-техникалық джайындауды  ұйымдастыру

2 Өндірісті жетілдіру  және техникалық процесті қамтамасыздандырудағы  ғылымның ролі

 

1 Өндірісті жетілдіру және ғылыми-техникалық  джайындауды ұйымдастыру

Өндірісті жетілдіру және техникалық процесті қамтамасыздандырудағы ғылымның ролі

Ғылыми зерттеу және конструкторлық тәжірибе бір сөзбен «Ғылым» болып есептеледі.  Бұл барлық процестерді қамтитын кең көлемдегі түсінік, сонымен қатар жаңалық ашу немесе әртүрлі идеяларды ойластыру және ойлап шығару.

Қазіргі таңда ғылым техникалық және технологиялықдаму және қоғамдық өндіріс бәсекелестікпен есептеледі.

Ғылым дамуы үшін өз кезегінде өндірістік құрылым және құралдарды қажет етеді.

«Ғылым – техника - өндіріс - қажеттілік системасын ұйымдастыру – техникалық түрде элементтер системасын аралық уақытша үзіліссіз және оның бүтіндігін сақтайды».

«Қоғамды және керек заттарды бағдарлау білім жүйесімен бірге» ғылымға бағынады.

Ғылымды қолданудың  сферасын кеңейту, оның нәтижелерін өндірістік және қажеттілік өнімдерін ұйымдастыру және басқару сферасын қосу.

 Ғылымның жедел дамуы, ғылыми – техникалық хабарлар және үзіліссіз жұмыс санын көбейту, олардың көлемін өсіру

Ғылымның озуы (өндіріс және техникаға байланысты) дамуы. Техника мен өндірістің озық дамуы технология және Өндірістік менеджментда роль атқарады.

Ғылымның комплексті дамуы. Бір жағынан ғылымды дамыту, білімнің тереңдігіне байланысты, басқа жағына ғылымның комплексті дамуына ғылыми – техникалық прогрестің жеделдеуіне байланысты.

Ғылым жүйелігі. Зерттеуді жүргізу және ғылыми мәселелерді ашу ғылымның қарапайым жүйе мен қойылымына байланысты. Жүйелікті сақтау кеңінде алдын – ала жұмысты ғылыми техникалық ашу, анықтау, құрылғылар және құрамдарды параметрмен өлшеу.

 

2 Өндірісті жетілдіру және техникалық  процесті қамтамасыздандырудағы  ғылымның ролі

Жоғарыда көрсетілгендей ғылымның дамуы техника мен өндіріске тығыз байланысты. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі өндірісте кең қолданылады, ал қазіргі ғылыми зерттеулер өндіріс шығаратын дәл, күрделі және қымбат техниканы қолданылады. 

Алынған нәтижелердің мазмұны мен міндеттемесіне сәйкес ғылыми-зерттеулер негізгі ізденісті және қолданбалы болып бөлінеді.

Негізгі зерттеулер теориялық және сынақтық болып бөлінеді. Негізгі зерттеулердің негізі болып жаңа техникаларды жасауда, өндіріс технологиясында, Өндірістік менеджментда қолданылады. Жаңа құбылыстарды, заңдылықтарды және принциптерді ашу болып саналады.

Негізгі зерттеулердің нәтижесі ізденісті және қолданбалы зерттеулердің негізі болып табылады.

Информациялық түрлері – теория, гипотез және т.б.

Ізденістік ғылыми-зерттеулер нақты мәселелерді шешуге бағытталған, мысалы, жаңа материалдар, техникалар, технологиялар құру мүмкіндіктері, еңбек өнімділігі мен өнімнің құндылығын арттыру мүмкіндіктері қарастырылады.

Ізденістік зерттеулердің нәтижелері материалды-техникалық, ақпараттық болып бөлінеді. Ізденістік жұмыстардың оң нәтижесін шешуде нақты сипаттамаға негізделеді және есеп, техникалық құжаттар, макеттер, эксперименталды үлгі ретінде көрсетіледі.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер жаңа нақты мүмкіндіктер жасауға, немесе барларын жетілдіруге бағытталады, және олардың өндірушілік әдістерін жасауға, өндірісті механизациялау және автоматтау құралдарын жасауға, өнімнің сапасын тексеруге, системалары мен методтарын жасауға. Есептер, техникалық құжаттар, макеттер,тәжірибелік үлгілер түріндегі қолданулық зерттеулердің нәтижелері ғылыми идеяларды тәжірибе енгізу мақсаттарындағы жұмыстарының негізі болып саналады.

Ізденістік зерттеулер материалдық өндіріске жатады, олардың нәтижесінде техникалық және жұмыстық жоспарлар жасалады, тәжірибелік үлгілер жасалып байқаудан өткізіледі және тәжірибелік конструкторлық деп аталады.

Негізгі және өндірістк  жұмыстар ғылыми Академиясының Ғылыми мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми зерттеулер лабораториясында жүргізіледі. Ізденістік, әсіресе қолданыстың мәндегі жұмыстар салалық ғылыми зерттеу институттарында, конструкторлық бюрода және өндірістк бөлімдерінде жүргізіледі, маңыздары жылдан жылға ұлғаюда.

Қолданыстың ҒЗЖ комплексті түрде болады, оларды ғылыми зерттеу лабораториялы конструкторлық және өндірістік бөлімдерде, көбіне мамандандырылған жоспарлау қызметтерде жүргізіледі.

ҒЗЖ циклі бірнеше сатылардан, кеде ол сатылардың мүлікті этаптарынан тұрады.

Саты   деп логикалық негізделген ҒЗЖ бөлімшесін айтады, олар өз әсерін маңызды болуы керек және жоспарлатып, қаражаттандырылуы тиіс.

Бірінші сатыда техникалық тапсырманы жасақтау ғылыми – техникалық әдебиет, котенті информация, байланысты материалдар жинақталады, зерттеулер алынған мәліметтер талқыланады, оларды негіздері анализдік жағынан құралады, гипотеза жасалады. Анализдік нәтижелерінен жұмыстың бағыты анықталады. Саты бойынша ғылыми – техникалық есептік документация жасақталады, керек орындаушылар анықталады, техникалық тапсырыс дайындалып бекітіледі.

Екінші этапта, егер экспериментальдық жұмыстардың қажеттілігі анықталса, макеттермен экспериментальдық үлгілер жоспарланды, жасалады.

Үшінші этапта жасақталған бағдарламалар мен әдістер бойынша жасалған үлгілерінің таңбалық және далалық экспериментальдық бақылау жүргізіледі, бақылаудың нәтижелері сұрыпталады, экспериментальды үогілерден алынған мәлімдемелердің есептік және теориялық  қорытындыларға қаншалықты сәйкес екендігі анықталады. Егер ауытқу байқалса, үлгі қайта жасақталады, қосымша байқаулар жүргізіледі, схемаларға, есептерге техникалық құжаттарға өзгерістер енгізіледі.

Үшінші сатыда – ҒЗЖ нәтижелерін өрнектеу – есептік құжат жасалады, оған ҒЗЖ нәтиежелірн қолданудағы жаңалықты және қажеттілікті, экономикалық тиімділікті анықтайтын материалдар кіреді. Егер оң нәтиже алынғанда ғылыми – техникалық құжаттар, тәжірибелік конструкторлық  жұмыстарға техникалық тапсырыстардың жобасы жасалады. Осылай жасақталған ғылыми – техникалық құжаттар тапсырыс берушіге беріледі. Егер жекелеген техникалық шешімдер жаңаша болатын болса патенттік мекеме арқылы оның қабылдауға әзірлігі туралы хабарлама жасайды.

Тақырыпты қабылдау этапында ҒЗЖ нәтижелерінің талқылауы және бекітуі жүргізіледі және жұмысты қабылдаған жөнінде тапсырыс беруші актіге қол қояды.

Егер ол нәтижелерден кейін және актіге қол қойылғаннан кейін барлық техникалық құжаттарды, экспериментальдық үлгілерді, қабылдаудың протоколдарымен қабылдауды актілерімен, экономикалық тиімділікті анықтайтын жасақтауларды, торлық, үлгіні жасауға арналған конструкторлық техникалық құжаттарды жасақтаушы тапсырыс берушіге тапсырады.

Жасақтаумен жаңа бұйымның жоспарлауы мен игеруіне қатысады және тапсырыс берушімен бірге өнімнің сенімді көрсеткіштерге жетуіне жауап береді.

Белгілі бір мақсатталған бағдарлама мен жүргізілген ҒЗЖ ғылыми – техникалық мәселені шешіп қана қоймай, тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының тез және сапалы жүргізуіне жағдай жасайды, жаңа техниканы жасау, және игеру мерзімдерін, жасақтауларын көп жақсартады.    

 

6 Тақырып Өнеркәсіптік өнім сапасы

1 Өнеркәсіптік өнім сапасы мен оның көрсеткіштері

2 Өнім сапасын басқару жүйесі

3 Өнімді стандарттау және өнім сертификаты

 

1 Өнеркәсіптік өнім сапасы мен  оның көрсеткіштері

Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы – объект біздің қажеттіліктерімізді қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.

Халықаралық стандарттарға сәйкес өнім сапасы – объектінің (қызметтің немесе үрдістің, өнімнің, қызмет түрінің және т.б.) белгілі бір қажеттеліктерді қанағаттандыратын қабілеттері бар қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы.

Өнім қасиеттері өнімді жасау, пайдалану немесе өндірісте пайдалану кезінде пайда болатын өнімнің объективті ерекшеліктері. Өнім қасиеттері сапа көрсеткіштерімен сипатталады, яғни сапаның құраушысы болып табылатын, өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Сапа көрсеткіштерін бағалауда атқаратын рөлдеріне байланысты екі топқа топтастырылады:

- жіктеу көрсеткіштері;

- бағалау көрсеткіштері.

Жіктеу көрсеткіштері өнімнің топтастыру жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.

Бағалау көрсеткіштері өндіру және пайдалану объектісі ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар: функционалды; ресурсжинақтаушы; табиғатты қорғау.

Функционалды көрсеткіштер белгіленген қажеттіліктерді қанағаттандырудағы өнімнің функционалды жарамдылығын анықтайтын қасиеттерді сипаттайды. Олар функционалды жарамдылық, беріктілік, эргономикалық, эстетикалық көрсеткіштерді біріктіреді.

Функционалды жарамдылық көрсеткіштері өнімнің техникалық мәнін, өнімнің атқаратын қызметтерін нақты белгіленген жағдайларда (өнімді өз пайдалылығы бойынша пайдалану) орындаудағы қабілеттер қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, оған жататын жеке дара көрсеткіштер – жүк көтергіштік, су өткізбеу қабілеті және кешендік – калориялық, өнімділік және т.б.

Беріктілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттары, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау мен тасымалдау нәтижесінде сапаның уақыт бойынша сақталуындағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.

Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық үрдістерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен толықтай жабдықталғандығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.

Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Оған келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, орынды нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.

Ресурсжинақтаушы көрсеткіштер өнімді өндіру мен оны пайдалануға шығындалатын ресурстар деңгейін анықтайтын қасиеттермен сипатталады. Бұл топқа технологиялық және ресурспайдалану көрсеткіштері жатады.

Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сипаттайды.

Информация о работе Тақырып Курс пәні мен міндеттері