Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ

 

 

Педагогика және психология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Психология және адамның дамуы»

пәні бойынша 5В010200 – «Бастауышты оқыту педагогикасы және

әдістемесі» мамандығына арналған

дәрістер жинағы

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

Құрастырғандар:

 п.ғ.д., профессор

Баширова Ж. Р.,

ассистент

Мурзалиева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жезқазған, 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1-дәріс. Психология  пәні туралы түсінік.........................................................4

2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19

3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21

4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26

5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28

6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31

7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42

8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47

9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56

10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60

11-дәріс. Жеке адам және оның  бағыт-бағдары............................................75

12-дәріс. Зейін....................................................................................................79

13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89

14-дәріс. Ерік......................................................................................................97

15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110

16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112

17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114

18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116

19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123

20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131

21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135

22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136

23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139

24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141

25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145

26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146

27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151

28-дәріс. Кәсіби бағдарлану  ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154

29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161

30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

1-дәріс

Тақырыбы: «Психология  пәні туралы түсінік»

 

Дәрістің мақсаты: Психология пәніне жалпы шолу жасау, психология ұғымын түсіндіру, психологияның антикалық дәуірдегі дамуына сипаттама беру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:  жан, сезімдік қасиеттер, танымдық, сезімдер проблемасы.

Жоспар:

1. Психологияға кіріспе

2.Антикалық психологиядағы жан туралы материалистік негізгі ілімдер

3.Жан туралы ілімдер жүйесі. Платонның идеялогиялық психологиясы

 

1. Психологияға кіріспе 

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың  психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.

Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін  психика және сана ұғымдарына  көңіл бөлу қажет.

Психика (грек тілінде psychikos – жанды «душевный») – субъекттің объективті ақиқаттың заңдылықтары мен қасиеттерін бейнелеудің белсенді формасы, және субъектінің сыртқы және ішкі әрекетінің әртүрлерінде пайда болып, дамып, қызмет етуші өзінің жекедара өмірлік әрекетінің бейнеленуі.

Субъектінің қоршаған ортада ориентациясы және соның негізінде оның (субъектінің) әрекетінің регуляциясы психиканың негізгі функциясы болып табылады.

Сананың анықтамасы бұдан да қиын, сондықтан да оны толық көлемде келтірмей-ақ қояйық. Ол туралы қысқаша айтатын болсақ, сана – психиканың жоғарға формасы. Сана тек адамдардың  қоғамда пайда болады және әртүрлі «Психилогиялық қарулармен » (психическими орудиями) тығыз байланысты  (тіл - сөйлеу және де таңбалық жүйелермен перцептивті эталондар т.б.).

Жан туралы көзқарастар негізінен бұрынғы заманда да болған, оның табиғаты туралы көзқарастар сол кездің өзінде-ақ пайда бола бастаған. Ең алғашқы қылығы  көзқарастар негізінен жанды түсіндіруге және оның қызметтеріне бағытталды. Ол көзқарастар негізінен ежелгі философиядан шыққан.

Ежелгі философия бір уақытта дерлік шықты деп айтуға болады. Мысалы,  Ежелгі Индияда,Грецияда,Римде. Жалпы психология проблемасын философиядан бөліп ала алмады, себебі философия бар әлемді, соның ішінде адамды және оның жаны туралы да зерттеуі керек болды. Осы жерде сонымен қатар әрдайым Батыс пен Шығыс салыстырылып қаралып отырады, және олардың арасындағы айырмашылықтар немесе ұқсастықтары қарастырылады.

Енді жалпы антикалық психологияның шығуына және дамуына кеңірек тоқталып өтетін болсақ. Антикалық психология негізінен құл иеленушілік заманында дамыды. Ол кездегі құл иеленушілік – экономикалық ортаның өзгеруіне байланысты адамдардың өзгеруі сол адамдардың спецификасын түсіндіреді. Сонымен қатар адамдардың жаны туралы да білімдерге жол ашады.

2. Антикалық психологиядағы  жан туралы материалистік негізгі  ілімдер: Ежелгі Грек философиясының  алғашқы формасы ретінде  б.з.д. бесінші ғасырда пайда болып сонда дамыды. Антикалық материализмнің ең шырқаған кезі атомдық материализм болды, оның негізін Демокрит қалаған болатын. Кейін Демокриттің ізін жалғастырушы  Эпикур (б.з.д.  IV-III). Оның тарихта белгілі  «Сад» атты мектебі болды. Ал Эпикурдың ізбасары деп Римдік Лукрецийді айтуға болады. Атомдық материализмнің жүйелік б.з.д. III-ғасырда Эризипп иен Зенон дамытқан болатын. Бұл философтардың негізгі көзқарастары атомдық теорияға негізделіп, мынадай қорытынды шығарған: Барлық тіршілік етушінің екі бастамасы болады, олар болмыс ( бөлінбейтін атомдар ), және болмыс емес бос кеңістік, атомдар ұсақ субьстанциялар, олар бөлінбейді және мәңгі. Барлық заттар оларды құрайтын атомдардан тұрады. Ал сезімдік қасиеттер – түр дегенді Демокрит атомдарға байланысты емес деген. Бұл қасиеттер адамның қабылдауында пайда болды да атомдардың қосылуының өкілі болып келеді деген. Демокриттің жолын қуған Эпикурдің айтуынша сезімдік қасиеттер обьективті түрде де болады. Эпикур негізінен атомдық ілімге өзіндік ырықты атомның ауытқулары жайлы идеяны енгізді, осыған орай олардың шындығындағы түзу қозғалыстары қисық болып көрінеді. Осыған сүйене отырып, әлемнің пайда болуы атомдар қақтығысынан туған деген. Антикалық атомдық материализмге жаңа көзқарастарды стоиктар енгізді. Олар әлемнің эволюциялықстадика жайлы ілімді дамытып шығарды. Алғашқы стадияда тек қана өте ұсақ және жіңішке бөлшектер болады, олар – от атомы. Стоиктер әлемнің пайда болуын былай түсіндірген: яғни алғашында  от өзгертілген массаға айналады. Содан кейін алғашында өлі табиғат пайда болады, содан біртіндеп өсімдіктер, жануарлар, соңында адам пайда болады. Кейін біраз уақыт өткеннен кейін бәрі керісінше болады, яғни бәрі алғашқы ретке келеді, яғни отты шарға айналады. Одан кейін тағы жаңа әлем пайда болады да, онда сол заңдылықтар орындалып соңында бәрі алғашқы кезге келіп отырады. әлем өмірі әлемдік цилиндрден тұрады, ол мәнді қайталана береді.

Осылайша әлемге екі бастама бұйрық бере алады, олар: пайда болу мен құру негіз болатын заңдылық және бүліктегі адам өмірінде көрікті тағдыр немесе рөл. Физикалық көзқарастар негізінде жан туралы, жігер, танымдық, сезім туралы ілімдер пайда болған, сонымен қатар адам жүріс-тұрысы жайлы практикалық сұрақтар шешілген.

Антикалық материализмдегі жан туралы ілімдер: Демокрит (б.з.д. 460-370ж.ж) аралығында өмір сүрген. Демокрит жан туралы «жан» атомдардан тұратын материалдық зат. Ол жеңіл әрі үнемі қозғалыста болады деп санаған. Демокриттің ойынша жанның атомдары ауа атомдары арқылы қозғалысқа келеді де, соның нәтижесінде жан қоршаған ортадағы құбылыстарға түйсінеді. Жан от атомдарынан тұрады деген. От атомдары ұсақ бөлшектер ауыр денеге өтіп, өзінің әрқашанда қозғалыста болуына байланысты ауыр денелерді де көзқарасқа келтіреді. От атомдары сол дененің жаны болып табылады.

Жан – бар нәрсеге тән, тіпті өсімдік, жануар, тасқа, сол сияқты өлген денеге де, бірақ онда жанның аз бөлігі ғана болады. Демокриттің ойынша ауру негізінен атомдар өлшемінің өзгеруінің ұшырауынан болатын құбылыс деген. Сезім органдарында ұсақ атомдар сыртқы әлемге жақын келеді, сондықтан да олар сыртқы қабылдауға үйір келеді. Әсіресе жеңіл не ауыр атомдардың жақсы қатынастары мида, олар жоғары жан қызметінің орны, яғни танымдылық қабілетін көрсетеді. өте жақсы сезім тудыратын орган жүрек, жаугершілік және қалау сезімдерін тудырушы - өкпе деген. Осылайша Демокрит жанға табиғи түсініктеме берген. Мұнда жан алғашқы принцип емес, дене құрылымының өнімі ретінде. Ол денеден тыс өмір сүре алмайды. Антикалық материализм жан тек қана денемен бірлес емес, сонымен қатар өзі дене болып келеді дейді

Эпикур, Лукреций және стоиктер Демокриттің жан туралы ілімдерін әрі қарай жалғастырды. Эпикур бойынша тек қана түйсіне алатын затта ғана жан болады, ал стоиктер жанның сегіз бөлшегін бөліп көрсеткен: басқарушы алғашқы ретті, яғни адамдағы сана немесе жануардағы инстинкт; осыдан қалған жанның жеті басқа бөлшектері дамиды. Жеті бөлшектің ішіндегі бесеуі өзімді құрайды: көру, түйсіну, есту, дәм сезу және т.б.

Көру – ол басқарушы бөлшектен көзге денені шашырайтын пневма.

Есту – басқарушы бөлшектен басталып құлаққа дейінгі шашылған пневма.

Иіс сезу - басқарушы бөлшектен басталып мұрынға дейінгі шашыраған пневма.

Дәм сезу -  басқарушы бөлшектен басталып тілге дейінгі шашыраған пневма.

Қалғандары бөлшектердің иендердің біреуі өндіруші деп аталады: басқарушы бөлшектен басталып органдарға дейін шашыраған пневма. Лукреций дух пен думаның айырмашылығын бөліп көрсетеді: дух не ақыл-ой он жанның жаны.

Танымдық жайлы ілімдер: Антикалық атомдық материализмде танымдықтың екі түрін айырып көрсеткен, олар – түйсіну не қабылдау және ойлау. Екеуі заттар жайлы түсінік береді: түйсіну жоқ нәрседен жасалынуы мүмкін емес. Бұл шын болмыс, бізді ешқашан алдамайды. Эпикур бойынша ең сенімділік ол ішкі және сыртқы сезімдердің болғаны. Ал  Демокрит сезімдік танымдықты танымдықтың қараңғы тумасы деп атаған.

Қабылдау табиғи физикалық үрдіс ретінде қарастырылған.заттардан бейнелер, идеялар, тамшылар ағады, олар заттың формасын немесе түрін құрайды. Олар кеңістікте ұшады да сезім органдары, мысалы: көзге түседі, сол кезде көзден жан атомдары бағытталады да, олар бейнелерді ұстап алады. Үлкен бейнелер көзге сиятындай болып көрінеді, сол кезде бейне көрінісі пайда болады. Осылайша бейне еш субьектінің қатысысыз пайда болады, тек субьект оны ұстап қалады.

Бейнелер барлық органдармен қабылдануы мүмкін бірақ, бұл кезде сезім органдарындай бейнелер өткір болмайды.

Лукреций қабылдау процесінің бірнеше проблемаларына тоқталып өтеді. Оларға: түйсікті тудыратын күш жайлы, алыстағы нәрсені қабылдау т.б. «сезімдерді ештеңемен жоққа шығара алмайсын , себебі солар ғана шын танымдықты көрсетеді».

Түйсіктің жалғасы ойлау болып келеді. Демокрит ойды танымдылықтың жарқын, жат, нағыз, заңдық танымдық деп атаған. Ол түйсік ұстай алмайтын нәзік атомдарды ұстай алады деген. Ал Эпикур бойынша ойлау түйсікке қарағанда көбірек жекеленген қамтиды – оның басымдылығы осында, себебі түйсік жекеленген көріністер береді.

Стоитер ойды сыртқы және ішкі деп бөлген: Сыртқы ақыл – ой – жағдайдағы заттар байланысын қадағалау қабілеті және соған сай дұрыс мінез-құлық көрсете білу. Бұл қабылдау негізінде құралады. Ішкі ойлау немесе ішкі сөз - өз сөздік ойлау, ішкі ойларыңның сыртқы талқылауға айналуы.

 Сезімдер проблемасы: Демокрит  пайдалы және пайдасыздар көрсеткіші  ретінде рахаттану не рахаттанбау  деп бөлген. Өмір мақсаты Демокрит  бойынша жанның жақсы әрі болмысының  болуы деген. Осындай жағдайға жетуге болады, егер оның рахаты ағымды заттарға тәуеті болмаса ғана.

Эпикур бойынша сезімдер бәрінде жетіспеушіліктер бар, сондықтан рахатты жағдайда болу үшін жан-денеңнің тревогасынан қашу керек. Сонымен қатар Эпикур өмірдің мақсаты рахаттану деп айтқан болатын. Ең жанның бір қалыптысын бөлетін сезімдер өмір жайлы қарқынына, құдай алдындағы қарқынына,яғни осыларға адам тағдыры тәуелді деп ойлады.

Лукреций бойынша сезім түбімен ақыл-ойға тәуелді. Олай болмаса олар бізді шатастырады. Стоиктер тырысу мен біріктіріпаорорект түсінігін енгізіп, орасан зор үлес қосқан.

Информация о работе Даму психологиясы