Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Ойлау онтогенезге байланысты әртүрлі түрлерге, формаларға ие болуы, құрылымы жағынан біркелкі болмауы  экспериментальдық зерттеудің мүмкіндігін қиындатады. Б-ң негізгі ойлау түрлері – ол түйсікке дейінгі (допонятийные): нақтылы-әрекеттік және нақтылы-бейнелік, мұнда рациональдық әрекет және бейне түріндегі негізгі бірліктерге бөлуге болады. Ересек адамда оған тікелей шындықтан кетуге мүмкіндік беретін және оны сөздік белгілермен алмастыруға мүмкіндік беретін түйсіктік ойлау қалыптасады. Белгілерге көшу субъектілерге шындықты танудағы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларды максимальды жалпылау мен абстракциялауға мүмкіндік береді. Субъектінің үйлесімді дамуы үшін ойлаудың барлық түрлеріне айтарлықтай жақсы бағдарлана білуі қажет.

Ойлаудың негізгі формалары мен операциялары – анализ, синтез, салыстыру, ой қорытындысы, классификация, артығын алып тастау, аналогия, пікір, жалпылау.

Ойлау үрдісінде субъектінің даралық-психологиялық, жеке адамдық, әлеуметтік психикалық қасиеттері үлкен рөл атқарады. Мысалы, ойлаудың көрсеткіштерін субъектінің нақтылы жасына сай бағалауға болады. Ойлау өзінің ең жоғарғы нәтижелерін 30-40 жаста көрсетеді, сонан кейін көрсеткіштердің жалпы төмендеуі байқалады, клиникалық нұсқасында қарттық ақыл-ойдың әлсіреуі (слабоумие) деп аталады. Негізінен, өз әлеуметтік белсенділігін дұрыс сақтау мен қолдаудың нәтижесінде ойлау үрдісін тұрақты деңгейде ұзақ ұстауға болады.

Ойлау үрдісі мен нәтижелеріне субъектінің жеке адамдық және бәрінен де бұрын когнитивтік ерекшеліктері: алаңдағыштығы, экстра және интроверттілік, өріске тәуелділік-өріске тәуелсіздік, аналитикалық-жинағыштық, рефлексивтілік-импульсивтілік әсер етеді. Ойлаудың әлеуметтік психикалық тәуелділігі жеке субъектінің ортадағы алатын орнымен, конформдылығымен, өз көзқарастары мен ойларында тұруға бейімділігімен, иланғыш-тығымен, қоғамдық бағалауларға тәуелділігімен анықталады.

Жеке субъектінің ерекшеліктері топтық ойлау жағдайларында айқынырақ көрінеді, мұнда лидерлердің және бағынушылардың, тәуелділердің әртүрлі типтері, сындық ескертулерге әртүлі қатынастар, эмоционалдық әсерленулердің әртүрлі түрлері көрінеді. Экспериментальдық психологтар өңдеп шығарған «топтық штурм» ойлаудың топтық түрінің интенсификациясы әдісі, әлеуметтік-психологиялық сипаттарын алып тастауға негізделген: кезкелген сынға, негативке тиым салынады, ойлаудағы өнімді фаза мадақталынады, мұнда әрбір қатысушы аз уақыт аралығында, әрі қарай талдануы қарастырылатын кезкелген, тіпті абсурд идеяны да ұсынады.

Ойлаудың даралық ерекшеліктерінің психодиагностикасы субъектілердің мотивация аумақтарының ерекшеліктерін (мотивтердің күші мен сипаты, әлеуметтік адекваттылықтың сыртқы немесе ішкі, танымдық немесе танымдық емес түрлерінің үстем болуы) анықтауға, уақыттың динамикалық қасиеттердің (өте жылдам ойлауды бөлу немесе тежелген ойлаумен салыстырыңыз) стратегияларының ерекшеліктерін анықтайтын алыс және жақын мақсаттарға мақсат көздей бағытталынуды, қасиеттерді жалпылау деңгейінің төмендеуі немесе бұрмалануын, ойлаудың  сыншылдығын өте төменгі, яғни бар нәрсені ешбір сынсыз талдаусыз қабылдаудан жоғарғы, яғни, бар нәрсені сынға келтіру мен күмәндандыру тұғызу диапазонында зерттеуге бағытталынған. Экспериментальдық психологиялық зерттеулерден бұл психодиагностикалық  көрсеткіштердің жасқа, жынысқа, білім деңгейіне, эмоционалдық қалыпқа, тәжірбиеге, ойлау субъектісінің бағыттары мен әлеуметтік күтімдеріне тәуелділігі анықталады.

Ойлау психологиясы аумағындағы зерттеулерге тән құбылыс болып шығарылған (қойылған) болжамдардың күрделігі мен абстрактілігі мәселесі, оларды әртүлі ойқорытындылары негізінде (бұл жерде ойлау психологиясы ойлау логикасымен тығыз байланысқан) тексеру, өз іс-әрекетінің нәтижелерін жоспарлау мен бағалау, толық, жуықтап, жартылай, дұрыс немесе бұрыс түсіну болып табылады. Кейбір жұмыстарда синонимдер ретінде «ментальді модель», «ментальдық карта», «ментальдік сканированиялау» (Джонсон-Лэрд, 1980), «жағдайлардың партикуляризацияланған репрезентацияларын құрастыру», «таныс жағдайға аналогия жасау арқылы ойлау» (Ришар Ж. Ф., 1998), «кесте  түрінде  қарастыруға  болатын  кеңістіктің  ішіндегі  ізденістің орын алмастыруы» (Ньюэлл и Саймон, 1972),бастапқы жағдайлардың, ақырғы жағдайлардың және рұқсат етілген әрекеттердің интерпретацияларының фазалары бөлініп көрсетілген «тапсырманы шешу процесі» (Козелецкий, 1985) түсініктері қолданылады. Осы бағыттағы жүргізілген зерттеулер мен бар нәтижелер ойлауды объективтік ғылыми әдістермен бағалауға мүмкіндік береді, соған қарамастан шешілмеген мәселелердің жұмбағы көп, оларға жауапты тек ХХІ ғасырда ғана алуға болады.

Ойлаудың дамуы және қалыптастыру

Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған йод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.

Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

  1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық) жөнінде өз беттерінше қортынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық методы жиі пайдаланылып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.
  2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді (бұл жөнінде толығырақ мағлұмат оқулықтың келесі тарауында беріледі).
  3. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты қалыптасуына мұғалім айырықша қамқорлық жасамаса болмайды.
  4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
  5. Оқушылардың өз бетерінше жасаған ой-операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру – бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
  6. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгетжасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікрді жақсы дәлелдейді.

 

 

8-дәріс

Тақырыбы: «Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері»

 

Дәрістің мақсаты: Қиял туралы жалпы ұғым, түрлері.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: қиял ерекшеліктері және оның қасиеттері.

Жоспар:

  1. Қиял туралы жалпы ұғым.
  2. Қиял түрлері.

 

1. Қиял туралы жалпы  ұғым.

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың  образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б)  бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиын процесінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады.» М.Жұмабаев.

Бес жасар Асан үстелдің үстіне шығып алып, көзін қолымен көлегейлеп, үңіліп, алысқа қараған болады. Ол өзін даупиды асау теңізде жүрген үлкен кеменің ысылған капитанымын деп есептейді. Бұл секілді көріністерді Асан талай рет теледидардан көрген, мамасы да осы жөнінде әңгіме айтқан. Міне, енді оның өзі көрген – білген дерінің негізінде, өзінше қайтадан өңдеп, бір елес тұдырып тұр.

Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселе, біз төртінші сынып оқушыларына Қазан төнкерісіне дейінгі қазақ ауылының өмірі туралы әңгіме айтқанымызда , кейбір оқушылар солкездегі қазақ ауылына  тән өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән- салтанаты, кедейлердің ауыл тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс, салт ерекшеліктерін онша ажырата алмайтын-дықтарын көрсетті. Балалардың  осы секілді елестерінің солғындығы – оларда Қазан төнкерісіне дейінгі қазақ ауылындағы өмірді бейнелейтін нақты материалдардың жетімсіздігінен  туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекшек жағына ерекше мән берілгенде (оқушыларға осы жөнінде әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару) оқушылардың Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ аулы өмірі жөніндегі түсініктері нақтылана бастады.

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалык процесс: «…барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады» (Әл-Фараби). Адамға қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уакытша байланыстар  түрли комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердін бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу үрдісінде  екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегідей топтастыруға болады:

1) Әр адамның қиял ерекшеліктері  оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған  мақсатына байланысты  болып келеді. Бұл арада суды  аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің, машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2) Қиялдың мазмұны мен формасы  адамның жас және дара ерекшеліктерінде  де, тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектін қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

3) Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерешелігіне, табиғат, жер-су қоршауына  байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың кұшағында,-деп жазады М.Жұмабаев,-меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде,күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өсіп, cары сайран далада  тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тисті».

4) Қиял-адамның барлық психикалық  құблыстарымен ұштасып жататын  процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты  жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын  іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың екпінмен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет киялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудін өзіндік ерекшелігі болады. Қиял-маселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым,пікір, тұжырым түрінде шешеді;

5) Адам қияли еңбек үрдісінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып  дамып отырады. Мұндағы негізгі  шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты  болжай алу, істейтін еңбектің  нәтижесін күні бұрын көре  білу, яғни оны өндеп, өзгертіп, елестете  алу-адам   қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөнінде әр-түрлі таным  түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажетінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және тәжірибелік қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам саласының жануар психи-касынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял аркылы былайша суреттейді:  «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басына аламыз, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікиі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы-әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненін өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен  жүйрік киял қажет.

Қиял үрдісінде адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. В.И. Ленин фантазияниң маңызы туралы айта келіп, оның тек ақындар үшін ғана емес, тіпті дәл ғылымдар саласында да соның ішіндегі математикадағы дифференциал және интегралды табуда да, фантазияның елеулі маңызы болғанын айтады.

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейте-тіндегі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А.П.Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынандай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,-өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Еш уакытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерді тимейді екен… өзі ақылды болыпты… Оның бір ғана кемшілігі шылым шегеді екен… Патшаның баласы шылымнан көкірек ауруы болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолқанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайда қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған…» Эмоциялы әсерге толы осы әркеттін оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қаранғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұнайған дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын…-деді »…

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы К.Э.Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұнғыш жол салған Ю.Гагарин мен қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

2. Қиял түрлері.

Қиял актив , пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтик түрінің шегі- түс көру. Түс көрудің физиологиялығын  жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Информация о работе Даму психологиясы