Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ мәнерлі, ашық болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мәселен, Д.Свифтің «Гулливердің саяхатындағы» ергежейлілер, В.Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің көсемі В.Вильсонның бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мұнда сондай-ақ тұтас заттың жеке бөліктерінің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейнелері осылайша құрастырылған.

Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашы-лықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою киыстыруы осыған мысал бола алады.

Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үшін жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», - дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді. Мәселен, «Абай» романындағы Құнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық қасиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды шығармашылық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, агглютинацияда жеке факторларды зерттеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да шығармашылық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т.б. онша көп қолданылмайды. Шығармашылық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.

  1. Қиялдағы дара айырмашылықтар мен қиялдың дамуы және оны қалыптастыру

Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай , дәл, дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Шындыққа сай дұрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген ұйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды ұсынған. Бұған керісінше, жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, ұмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н.В.Гоголь «Есқылықты помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен баска бір нәрсе туралы сөйлескенді тәуір көретін.

– Ал, Пульхерия Ивановна, егер осы үйіміз өртеніп кетсе, кайда барар едік?

– Астапыралда, құдай сақтасын! – дейтін Пульхерия Ивановна шоқынып жатып.

– Иә, мысалы, үйіміз өртеніп кеткен екен дейік, сонда біз қайда көшер едік?

– Не деп отырғаныңызды бір құдайдың өзі білсін Афанасий Иванович! Қалайша үй өртеніп кетеді, тәңірім ондайдан өзі сақтайды.

– Жоқ, зәуде өртеніп қалса деймін.

– Онда ас үйге шыға тұрамыз да. Сіз уақытша кілтші тұрған бөлмеге кіре тұрар едіңіз.

– Егер ас үй өртеніп кетсе ше?

– Кенеттен әрі үлкен үйіміз де, әрі ас үйіміз де бірден өртеніп кетеді деген не сұмдық, ондай жамандықтан құдайдың өзі сақтасын! Е, онда жаңа үй салынып біткенше кілетке шыға тұрамыз-дағы.

– Кілет те өртеніп кетсе қайтеміз?

– Не деп отырғаныңызды бір құдайдың өзі білсін! Мен сізді тыңдағым да келмейді. Былай деу күнаһарлық, мұндай сөздер үшін құдай жазасыз коймайды.

Ал Афанасий Иванович Пульхерия Ивановнаны әзілдеп қорқытқанына мәз болып, өзінің орындығында жымиып күліп отыратын».

Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімен де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жұмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса қуанады, қайғырса бірге қайғырады. П.И.Чайковский «Қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын оқуы да бір түрлі. Ол мұндағы әдеби теңеулерге, суреттемелерге мән бермейді, әдеби суреттемелерді тастап кетіп, кітаптың тек әр жерінен «қызық» іздеп, тұтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені, қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.

Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмұнды, парменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ыкыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенімен, ондағы образдар шындықпен өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, осыны шындықта бір нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).

Қиял басқа да психикалық үрдістер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап шығармашылық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның шығармашылық алабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, кұрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе  қандай да болса оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял үрдісі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың айтуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға карап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін  қорландыра түскен дұрыс. Осы салада мұғалім істейтін іс – ұшан теңіз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда окушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика, т.б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді.

Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында турған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл баллада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балаларына экскурсия жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

 

 

10-дәріс

Тақырыбы: «Тұлға психологиясы».

 

Дәрістің мақсаты: Жеке адам, топ және ұжым. Топтар психологиясы.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: жеке адам, топ және ұжымның ерекшеліктері.

Жоспар:

  1. Жеке адам туралы жалпы түсінік
  2. Жеке адам, топ және ұжым
  3. Түрткілер мен қажеттер
  4. Қызығулар
  5. Дүниетаным,  сенім және мұрат

 

1.Жеке адам туралы  жалпы түсінік 

Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сезімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады.

Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. К.Маркстың айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» .

Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық, идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір  ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі бір дәрежеде өсу, жетілу үрдісінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.    

2. Жеке адам, топ және  ұжым

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұымдасқан, ұымдаспаған, контакталы (адамдары ылғи жүздесіп жүретін топ), оқшауланған. формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, сынып оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бөлімше,  отбасы контакталы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдастырған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, дос жарандар ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құрылады; екіден қрық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т.б.) үлкен  топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоцация, кооперация, корпорация болып бөлінеді  мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл - әрбір адамның қастерлеп, қадір тұтытатын, оның тіршілігіне  әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С. Макаренконың айтуы бойынша ұжым – мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі-бір дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден жұлынып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А.Толстой). Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни қандай қоғам мүшесі, қандай таптың өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін , іс-тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумеуттік қимылдарын тану керек». Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі бір пікір айтуға мұмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастлытары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

3. Түрткілер мен  қажеттер

Адамды әрәкетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түркі  болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын обьектінің себебін белмей тұрып,адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының  мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орй оның түрткілері де, мақсатқа жету қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің  бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптастқан. Сартқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбңк құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамдардың алдына әр-түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің  нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді, қажеттер орындалу тәсіліне қарай мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге,  қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе табиғи қажеттер)өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүруге қажетті жағдайлар болмаса, адам да, да жануар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қореқтенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауыық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, сілекейін аузынан щұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп аң біткеннің бәрі өз қажеттін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажеттер аңдарға іштен туады, олар шартсыз рефлексттік сипатта болады.

Информация о работе Даму психологиясы