Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау үрдісі тек адам баласының психикасына ғана тән үрдіс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т.б.) айтатындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, бұрын атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы-адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қаррым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін-объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын-оның қажеттері.
Ойлау-өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы үрдіс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой үрдісінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін. Өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой үрдісінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар. Әйтсе де ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау-сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми-техникалық үрдіс «ойлайтын» машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, бағдарланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес тексті бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ, оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруға тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл-сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған бағдарлама беретін – адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайды, онда «ақыл» жоқ.. Есептегіш машинаның құндылығы-адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дамитүсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру-адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептегіш машиналар қанша «ақылды» болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі-бақи сақтап қалады.
Ойлау аса күрделі психикалық үрдіс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойлы зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика-бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау-ми қабығының күрделі формадағы анадиздік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпыллап отырады.
Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез үрдістерінен басталады. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез-бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі-бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ, синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу,жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде талдау тәжірибелік амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.
Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен заттарды оның, түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының күрделі түрі-абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылыу-абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай құнан, дөнен, айғыр, бие депбөлетін болмақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі нтіп түсіндіруге мүмкіндікбереді. Жеке мысал, көрнекті құрал-нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз, бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білукерек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені «...ең қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың т.б.) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы-дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі-классификация. Мәселен, жануарлар-типке, типтен-класқа. Кластан-отрядқа, отрядтан-отбасыға, отбасыдан-текке, тектен-түрге т.б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т.б.), тұщы (қияқ, боз т.б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т.б.. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқы отына-боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрісіне бөлу де ойдың осы тәсіліне жатады. Мәселен, жылқыны жасына орай: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті т.б. десек, оны жынысына қарай құнан, тай, дөнен, бесті байтал дейтін болсақ, сиыр малын бұзау, баспақ, жынысына қарай тайөгіз (еркегі), қашар (ұрғашысы) т.б. деп бөлуге болады.
Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ үрдісінің нәтижесі қорытылады. «Адамның ұғымдары қозғалиайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады. Бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады».
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, «Қызылорда қаласы», «Ғ.Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» т.б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «жиналыс» (студенттер жиналысы), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т.б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, «Ана тілі» сабағында мұғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада «жабайы аңдар», «үй жануарлары» дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру-науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын түсіндіргенде, «күн жарқырайды» немесе «жылытады», «өсімдік өседі», «шөпті мал жейді», «сиыр-үй жануары», «ол сүт береді», «құс ұшады, сайрайды» т.б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары китті суда жүзетіндегі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Мұғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады дер ойлайды.
Төртінші сыныптағылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мәселен, олар су, ауа, металл т.б. денелердің қысым ұлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды «өлі табиғат» ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отыратындығына байланысты «тірі табиғат» ұғымына жатқызады.
Бір зерттеуде төменгі сынып оқушылары «құс», «балық» ұғымдарының мәнді және мәнсіз белгілерін қалайша ажырата алатындығы тексерілген.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін ажырата алуы сынып жоғарылаған сайын арта түсетінін, олардың зат туралы белгілі ұғымы бірте-бірте қалыптасып отыратындығын байқатады. Егер бірінші сынып оқушысы «құс» ұғымының мәнді белгісін бар болғаны 26 пайызға көрсете алса, төртінші сынып оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге болады) жеткізген, сөйтіп, төртінші сынып оқушысында «құс» туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады. «Құс», «балық» ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге ұмтылады. Кестедегі сандар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл бөлу біртіндеп азая түсетіндігін көрсетеді. Мәселен, төртінші кластағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші сыныптағылар заттардың жалпы ажырата алады. Осы сыныпта,ыдар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгісі-жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым- қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыттық, функциональдық т.б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, алыс-жақын, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұғады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі – ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың көрінісі. Мәслен, «Алматы – Қазақстан Республикасының астанасы» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде «Алматы»- логикалық бастауыш. «Қазақстан Республикасының астанасы» - логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т.б.) пікірде көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдер негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді.