Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Төменгі сынып оқушыларын дұрыс пікір айтуға тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері кесімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, «Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?» деп мұғалім кезекшіден сұрайтын болса, «ауырып қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған шығар», не «ұйықтап қалған болуы мүмкін», «сабағын оқымады ма екен, кім білсін» деп түрлі жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәледеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мұндай қабілет тек үшінші, төртінші класс оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бұған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана қоймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру – олардың пікірлерін дамытады. Әрине төменгі класс оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың «жылқы-жануар», «гүл-өсімдік» деген пікірлері негізінде дұрыс болғанмен, осы ұғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, «Барлық дельфиндер – жануар», «Барлық металдар элекр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа пікірдің тууы мүмкін емесю
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Бірінші дедукциялық, екіншісі индукциялық, ал үшіншісі аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қоытындысы. Мәселен, біз тірі организдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал барлық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада «барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!» деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бір-бірімен қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай байланыста болады.
Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозғалулары арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гепотезаның бастамасында елеулі роль атқарды.
Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші кластағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал үшінші, төртінші класс оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады. Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой қорытындыларын жасауға жағдай туғысса, жалпы заңдар, ережелер мен принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақты фактілерді: байланыстарды, қатынастарды сол жалпы негіздей ұғуға тырысады. Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болғандықтан, помидорды да ұрық тұқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай алатындығын жақсы дәлелдейді.
2. Түсіну – ойлаудың негізгі белгісі
Адамның ойлау әректінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы заттардың себеп-салдары байланысьарын, бір-біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын ажыратамыз. Түсінудің басы – шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп, білуден басталады. Өйткені қандай нәрсені болмасын «ұғыну үшін, ұғынуды, зерттеуді эмпериялық жолмен бастау» қажет.
Түсіну күрделі ой жұмысын керек етеді. Мәслен, «Бұл не нәрсе?» деп сұрақ қоюдың өзі де түсінудің қарапайым формасы, ал «Бұл қалай және қашан пайда болған?», «Бұл не үшін жасалынады?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы шындықтағы құбылыстардың негізгі белгілерін, олардың байланыстарын ашып, түсіну қабілетімізді білдіреміз.
Заттар мен құбылыстардың тек ішкі мәніне түсінудің арқасында ғана түрлі амал әрекеттің себебін, олардың бір-бірімен байланысын, ішкі мазмұнын, яғни ғылымның тұжырымдарын аңғарамыз. Бұл айтылғандармен бірге түсіну сан алуан құбылыстардың бөліктері мен ұсақ-түйектеріне айыруда, басқа біреудің сөзінің мәнін ұғуда да (мәселен, интонация, пауза, метафора, әзіл, қалжың т.б.) ерекше көрінеді. Бірақ барлық жағдайда да дұрыс түсіну үшін адамға білім қоры, дағды, іскерлік қажет.
Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады (Түсіну қысқаша, жалпы, кең, детальді т.б. болып келуі мүмкін.). Түсінудің юұлай түрліше болып келуі адамның алдына қойған мақсатына, жеке психологиялық ерекшеліктеріне, ана тілінің ішкі заңдылықтарын білуіне, сол адамның сөзі мен ісіне байланысты болады. Бір нәрсеге дұрыс түсінгендіктің көрінісі – сол материалды өз сөзімен түрлендіре айтып, іс жүзінде орындап көрсету болып табылады.
Түсіну екіге бөлінеді: оның бірінші түрі – тікелей түсіну. Тікелей түсіну жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін қабылдауға ұқсас үрдіс. Мәселен, бізге жақсы таныс сөздер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар, адамдардың қылықтары т.б.
Түсінудің екінші түрі – жанама түсіну. Жанама түсіну бірнеше аралық басқыштардан тұратын, ой операцияларын керек ететін, көмескі нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін үрдіс. Жанама түсінуде сұрақ қоюдан басталатындығын, сұрақ пен жауап табудың арасында аралық түйіндер бар екендігін, осы аралық түйіндерді табу жаңа мәселені шешудің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. Тіпті қарапайым есептің өзінде де осы жолды көруге болады. Мәселен, «Ахмете үш алмұрт, Хасенде екі алмұрт бар. Екі балада барлығы қанша алмұрт бар?» деген мәселе есепті шешуде де белгілі шығару амалынсыз (яғни бұл екі санды бір-біріне қоспайынша) оның жауабы шықпайды. Бұл жерде қосу аралық амалдың қызметін атқарып отыр.
Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Мәселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай себеп жоқ. Өйткені, бұл бұрынан бізге белгілі нәрсені білдіретін хабарлы сөйлем ғана. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға әзірше белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Проблемалық ситуация (жағдай) адам ойлауының түрткі қазығы. Бізге әзірше белгісіз, ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстардың бәрі-бәрі проблемалық жағдайға саяды. Мәселен, құйғытып келе жатқан жеңіл машина кенеттен тұрып қалады дейіл. Мұндайда шофер машинасының әр тетігін басып көріп, осы жайттың неден болғанына ой жүгіртеді де, көп ұзамай өзіне бұрыннан белгілі нәрсенің енді жарамсыз екендігіне көзі жетіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіре бастайды.
Адам сұрақ қою арқылы алдындағы кедергіні сезеді, оны біртіндеп жояды, сөйтіп, өзінің тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда ұстай білу» сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамалдар жасай білу т.б. ойлау процесіне мәселелердә шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларында тануға негізделген түсінулер байқалады. Бұл тікелей түсінулер – заттарды тікелей қабылдаудан туған түсінулер. Егер зат баланың өткен тәжірибе сінде болмаса, оны бірден түсіну қиынға соғады. Түсіру үшін оны алдымен жан-жағынан жақсылап қабылдау қажет. Жанама түсіну – жаңа затты, құбылысты белгілі ұғымңы жанастыра барып түсіну деген сөз. Баланың сыртқы дүниенің сан қилы сырларын түсіне алуы жанама түсінулер арқылы ғана жүзеге асады. Бір нәрсенің мәніне түсіну үшін жай тану жеткіліксіз, оған қоса, оның себебін, яңни неліктен осылай болып тұрғанын білу керек. Мектеп жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін, грамматикалық, математикалық ережелерді дұрыс түсіне алмайтын фактілері жиі кездеседі. Мұғалімдер көбінесе баланың әр жаңа материалды не себептен түсінбей қалатынын кезінде талдау жасап отырмайды. Бала ойлауы үнемі кедергісіз жүріп отыратын процесс емес, ол кейде құбылыстарды толық бейнелей алмайды, тіпті қателіктер де жібереді, бірде білмегенін екіншіде біледі. Міне, осы жайларды мұғлаім асқан байсалдылықпен ескеріп отыруы тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден түсіне алмай қалған оқушыларды ұғымы төмен деп кінәлаудың өзі де педагогикалық тұрғыдан дұрыс болмайды.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде рақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады. Мәселен, бір зерттеуде үшінші сыныптағы-лардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: «білімді» деген ұғымды тек «оқитын адам»; «дүние» ұғымын «байлық»,«ақша»; «жақсылық» ұғымын «жақсы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері» деп олардың заттық, бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымдаржың мәнін салыстыру, теңестіру арқылы түсіндіріп бере алмайды.
7-дәріс
Тақырыбы: «Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар»
Жоспар
1. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
2. Ойлауды зерттеу және оның тәжірибелік маңызы.
3.Ойлаудың дамуы және қалыптастыру
Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы т.б. сапаларымен ажыратылады.
Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені еслі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп танылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет – ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ айналдырады да жүреді. Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұрдай адам ой-әрекетін қз қажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мәселен, «Ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.
Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез аша алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Өте қиын қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуде ойдың ұшқырлығының асқар таудай ақылдылықпен ұштасып келетін түрін марксизм-ленинизм классиктерін көруге болады. Бұған қарама-қарсы қасиет ойдың асығыстық түрі. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді.
Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл – нағыз шфғармашылық ойдың иесі. Кейбіреулер бңған қарама-қарсы өз бетңмен ештеңеайта алмай, көбінесе басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Абай осындай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:
«Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ Күлкішіл кердең наданның. |
Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды Әдеті надан адамның». |
Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындағылар, нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. осы секілді ақыл-ойдың дара ерекшкеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.
«Ақылды адам – дегеніміз
қателеспейтін адам емес, Ондай
адамдар жоқ, болуы да мүмкін
емес. Ақылды адам дегеніміз
4. Ойлауды зерттеу және оның тәжірибелік маңызы.
Ойлау экспериментальдық зерттеу пәні ретінде кешірек қарастырылды. Ұзақ уақытқа дейін ойлау тек интроспективтік әдіс өзін-өзі бақылау арқылы ғана зерттелінеді деп есептеліп келді.
Экспетиментальдық психология
қазіргі кезде объективті
Ойлауды зерттеудің әдістері көбінесе ойлау процесінің бірінші және айтарлықтай күрделі фазасын зерттеуге бағытталған, мысалы, өткен тәжірбиенің, бағыттың, ригидтілік-лабильділіктің, активтіліктің әсерін анықтау әдістері.
Ойлау үрдісінің екінші фазасы орындаушылық әрекетпен байланысқан. Мұнда субъект нақтылы шешімге келу үшін табылған құралдарды пайдаланады және шығарылған болжамдардың құндылығын тексереді. Кейде егер бұл фаза алдын-ала ойластырылмаса, ол әдетте, мақсаты қандайда болмасын жолмен дұрыс шешімді байқап көрудің (байқап көру қателесу) ретсіз және жылдам әрекеттер қатары болып табылады. Ойлаудың бұл түрін импульсивті деп те атайды, әдетте оған азарттық (қумарлық) немесе консервативтік стратегиялар сай келеді, мұнда ешқандай да бастапқы болжам шығарылмайды да, қарастырылмайды да.
Егер 2-фазада бір немесе бірқатар болжамдарды шығару немесе оларды ойластыру жүретін алдын-ала шешу фазасы болатын болса, онда мұндай ойлау рефлексивтік деп аталады және оған мұнда қарастыруда қолданылатын айнымалылар санымен, олардың масштабтылығымен өзара ажыратылатын микро және макростратегиялар қолданылады.