Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Бейнелену теориясының мәнін басқаша түсінетіндер де кездеседі. Неміс ғалымы Г.Гельмгольц: (1821 - 1894) «Мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар - заттың бейнесі емес, оның символы», - дейді. Бүл теория біздің сезім мүшелеріміз-дің көрссткеніне сенбеушілік туғызады, объективтік дүниені жоқка шығарады. Заттың бейнесі бір басқа да, шартты таңба - символ бір басқа. Бейне «кескінделетін» сыртқы заттың объективтік болуын кажет етеді, ал «таңба» мен «символ» оны турадан-тура жоққа шығарады.
Адам санасының табиғатын осылайша түсінетіндерді ғылымда тұрпайы материалистер дейді. Мәселен, XIX ғасырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылары (Молешотт, Бюхнер, Фохт): «бауыр өтті езінен қалай бөліп шығарса, ми да ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана-сезімін, ойлау процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді. Бүл өте тұрпайы түсінік. Шынында, сана сол материяның өзі болса, бүдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуі бірдей болып шығады. Ғылыми түсінік бойынша психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол мате-риалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, нерв жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бүл топтастыру бойынша психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық үрдістер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып, білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, езгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланысында оның сезім, ерік үрдістері шешуші қызмет атқарады.
4-дәріс. «Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері»
Психикалық кейіп (немесе қалып) – адамның түрлі көңіл-күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б.) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең турлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орып алады. Психикалық процестер дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидагы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір ешіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, ешіп кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет-пішінін, ондағы нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жай елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұрағанда студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес процестері әңгіме болып отыр. Ғалымның тыңнан бір жаңалық ашуы, инженердің машина ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т. б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар байла-ныстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану - ойлау процесінің арқасында болып отырады. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғары түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты куанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, кайғы, ұнату, ұнатпау, уяйым, масаттану, достык, жолдастық, адалдық, шыншылдық т. б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар.Кандай болмасын бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да алда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген мақасатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер қажыр-қайрат процестері көрінеді.Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т. б.) белгілі объектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады.Психикалық процестердің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттерімен (қабілет, мінез, темперамент, қызығу), кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышандар) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады.
5-дәріс
Тақырыбы: «Психологиядағы қабылдаудың түсінігі»
Дәрістің мақсаты: Психология ғылымының жасалу жолдары, психология ғылымының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі, зерттеу, құбылыс,өндіріс,рефлекстер теориясы ғылымына анықтама.
Жоспар:
1. Қабылдаудың жалпы мінездемесі.
2. Қабылдаудың физиологиялық
3. Қабылдаудың негізгі түрлері мен қасиеттері
1. Қабылдаудың жалпы
мінездемесі және оның
Қабылдау (перцепия) – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен бірге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі. Қабылдау барысында жеке түйсіктердің біртұтас заттар мен жағдайлардың бейнелеріне бірігуі мен реттелуі жүзеге асырылады. Бейне – сезім мүшелері арқылы енетін ақпаратты өңдеу нәтижесінде пайда болатын әлемнің жалпылама суреттемесі.
Қабылдаудың түйсіктен айырмашылығы. Түйсікке қарағанда тітіркендіргіштердің жеке құрамдары бейнеленетін, түйсіктен басқа қабылдау затты тұтастай нық жиынтығы мен құрамын бейнелейді. Сонымен қатар қабылдаушылық жеке түйсіктердің қосындысына сәйкес келмейді, керісінше сапалы жаңа сатылы сезімдік танымды өзіне тән ерекшеліктермен танытады.
Стимуляцияның қарапайым түрлерінің нәтижесінде пайда болатын «түйсік» термині бастапқы тәжірибеге келеді. Түйсікті зерттеу негізінен сезім мүшелерінің орналасуымен (құлақ, көз, т.б.) және бұл мүшелерге әсер ететін стимулдарға байланысты.
Сонымен қатар сенсорлы ақпаратты интерпретирлейтін қабылдауда жоғарғы конгнитивті механизмдер қатысады. Біз кітап оқығанда, концерт тыңдағанда, массаж сеансын алғанда әтірді иіскегенде, балық уылдырығын жегенде тікелей қатысты сенсорлы ынтаға қарағанда әлдеқайда көп алаңдамаймыз. Бұл сенсорлы жағдайдың әрқайсы біздің әлем туралы көзқарастарымыздың контексінде өңделеді. Біздің алғашқы тәжірибеміз қарапайым түйсіктерге мән береді.
2. Қабылдау бұл адамның сезім мүшелеріне әсер еткен заттар мен құбылыстардың адам миында түйсіктегідей тек жеке қасиеттерінің ғана емес тұтастай бейнеленуі.
Қабылдау бұл қандай да бір заттан алған әсерлердің көлемі емес, керісінше затты өзіне тән қасиеттерімен бірге сезімдік танудың сапалы жаңа сатысы.
Ерікті қабылдау негізінде белгілі бір мақсаттың ырықты түрде қойылуымен ерекшеленеді. Бұндай қабылдауды адамның белгілі бір ерік күші тартады.
Еріксіз қабылдау бұндай қабылдауда қоршап отырған шындық заттарын алға ешбір мақсат қоймай –ақ ,құбылыстарды ерік талпыныссыз- ақ қабылдау.
Ырықты қабылдау(бақылау)- қоршаған әлем заттары мен құбылыстарын мақсатқа бағытталы және жоспарлы қабылдау.Бақылаудың кабылдаудан айырмашылығы бақылауда маңызды рольді екіншілік сигналдық жүйе атқарады.
Ырықсыз қабылдау- қоршаған шындықты жай еріксіз түрде қабылдау.
2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.
Қабылдау комплексті тітіркендіргіштердің бір мезгілде әсер етуі нәтижесінде пайда болып бірнеше анализаторлардың бас ми қабығының және сөйлеу орталықтарының байланысты (ассоциативті)бөліктеріне келіп түскен тітіркендіргіштердің реттелген қызметінің салдары ретінде қызмет атқарады.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелеріне ұсталып, анализаторлардың ми орталықтарына қатысты нейрон детекторларына жіберіледі.Бұл ми бөліктерінің біруақтылы немесе кезекті тітіркенуі ауыр интегративті жүйке құбылыстарына өтетін уақытша жүйке байланыстарын түзеді.
Түйсік танымымен салыстырғанда мидың аналитикалы синтетикалық қызметінің жоғарғы формасы болып табылады.Талдаусыз мағыналық қабылдау мүмкін емес. Талдау қабылдау обьектісінің бөлінуін қамтамасыз етеді, оның негізінде обьектілердің қасиеттерінің тұрақты бейне синтезі жүзеге асады.
Нейрон детекторлары- қажетті тітіркендіргіштерге таңдаулы түрде әсер ете алатын жоғарымүмкіндікті жүйке клеткалары.
Қатынас рефлексі белгілік мағына тітіркендіргіш сапаларын және олардың арасындағы байланыс ерекшеліктерін қабылдаудың физиологиялық механизмі.
Нәтижесінде көптеген тітіркендіргіштердің бірмезгілде әсер етуінің анализі себепті мида нақты бейне қалыптасады.
Қабылдаудың таңдамалылығы адамдардың тек өздерінде көп қызығушылық тудыратын заттарды ғана қабылдау қабілеті. Ол тұлғаның қызығушылықтарына, шектеулеріне және қажеттіліктеріне тәуелді.
Қабылдаудың заттық тектілігі қоршаған ортаның құбылыстарының белгілі бір класына жататын нақты заттарының әсеріне адамдардың тітіркену мүмкіндігін айқындайды. Оның үстіне ми қабылдауда затты, түсті, контурды дәл айқындайды.
Апперцепция адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне тәуелді болуы. Өйткені қабылдауда бір зат әр адаммен олардың алға қойған мақсатына, шектеулеріне және психикалық жағдайына қарай әр түрлі қабылдануы мүмкін. Апперцепция тұлғаның қабылдауына белсенді мінездеме береді. Заттарды қабылдай отыра адам оларға өз қатынастарын білдіреді.
Қабылдаудың мағыналылығы қабылданып жатқан заттың адам үшін белгілі өмірлік мағынаға ие екендігін көрсетеді. Олар зиянды, пайдалы, қалаулы және қалаулы емес болуы мүмкін. Адамдардың танымы заттың болмысы мен қолдану мақсатына орай олардың мақсатбағыныңқылы қолдануы мүмкін болып жатыр.
Қабылдаудың тұрақтылығы заттың физикалық қасиеттерін білу шартымен, сонымен қатар заттың адамға танысты басқа заттар қатарында қабылдану шартымен қабылдау тұрақтылығының сақталуы.Қашықтықтың, ракурстыың және жарықтың өзгеруімен қабылданып отырған ауқымдылықтың, форманың, және түстің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Константтылық тұлғаның индивидуалды дамуы барысында жинақтаған тәжірибесімен сипатталады және үлкен тәжірибелік маңызға ие. Егер де қабылдау тұрақты болмағанда онда әрбір адымда, әрбір қиылыста,қозғалыста, жарық өзгерісінде адамдар жаңа заттарға тап болушы еді, олар бұрын білетін заттарды танымас еді.
Қабылдаудың тұтастығы бұл қасиет бойынша заттар мен құбылыстардың сыртқы түріне қарай бөлшектеніп тұрғанына қарамастан олардың қасиеттері мен сапаларының адам миында байланысты түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың қызметінде және оның қасиеттерінің көрінуінде заттардың өздерінінің физикалық сипаттары мен психофизиологиялық заңдылықтарының адамның қабылдау үрдісінде орындалуы.
Осы себепті кеңістік, форма, ауқымдылық, тереңдік, алшақтық, сызықтық және ауа перспективасы адамның сезім мүшелерімен дұрыс бейнеленуі қажет.
Сана – адамның ішкі жан дүниесін сипаттайды. Оған тек қана аналитикалық интроспекйия әдісі арқылы кіруге болады.Бұл да интроспекцияның бір әдісі болып табылады. Титченер интроспективтілікке табиғи жаратылыстағы стимулды араластырғысы келмеді. Интроспективті есепте адам оның «стимул қателігін» жібермеуі керек. Аналитикалық интроспекция әдісі жеке- дара сана саласымен шектеледі. Әркімге өз ішкі жан дүниесін тікелей таныс. Титченер индивидуалды-дифференциалды психологияның идеясына қарсы болады. Ол «Құрылымдық психология постулаттары» (1898), «Интроспекция кестесі» (1912) атты еңбектерінде интроспекциялық әдіс идеясын ұсынып, дифференциалды психологияның тиімсіздігін сынға алды.
Сананың бастапқы элементтеріне Титченер- түйсік, сезім, бейнені жатқызды. Түйсіке интенсивтілік, ұзақтылық, ұқыптылық тән. Қабылдаудың сипаттау элементтерінің жиынтығы. Бейне- бұрынғы түйсіктің қалған белестері. Есте сақтау мен елестету қасиеттерінің жиынтығы. Сезім- махаббат және кек, қуаныш пен қайғы; бұларға интенсивтілік пен ұзақтылық тән. Бұлар ішкі жан қозғалысының элементтері. Психологияның мақсаттарының бірі ос ы элементтерді тәжірибе арқылы көрсету, физиологиф арқылы бейнелеу, т.с.с. күрделі процесстердің біздің санамен ұштастыру. Зейін мен ойлау қабілеттері сенсорлы табиғатқа жатады; бұларға жоғарғы үшеуінің қатысы жоқ. Титченер вюрцбург психологтарымен қсқынсыз ойлау мәселесімен дауласып, контекстік мән теориясы ұсынған. Титченер жүйесі психиканың интроспективті тұрғыдан жинақталған көріністі түзеді. Психикалық бұл жерде ойластырылған саламен шектелген және тұйық сана ретінде зерттеледі. Өэін- өэі бақылау- өз практикасын тануға бағытталған және психология құбылыстарының мәні көрсеткіші. Титченер жүйесі американдық психологияда ерекше орын алады. Американдық психолгтарда адам қабілеттері мен жеке дара ерекшеліктері қызықтырды. Боринг жазғандай «Титченерді ой, ес қызықтырса, американдықтарды ойлар қызықтырады» дейді. Бұл психология, шын мәнінде, көпке дейін жасырын түрде болды.
6-дәріс
Тақырыбы: «Ойлау және сөйлеу»
Дәрістің мақсаты: Ойлау туралы жалпы ұғым, ой тәсілдері. Ойлау формалары. Түсіну – ойлаудың негізгі белгісі.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: ойлау ерекшеліктері және адамның дара қасиеттері.
Жоспар:
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның нақтылы іс-әрекетімен щарттас блумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.