Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Танымдық қабілеттер бір-бірінен жеке өмір сүрмейді және қандай да бір жоғарғы қабілеттермен шектелмеген: өз басын олар түйсіктен алады: «...түйсіксіз нәрсе, ештеңеге үйренбейді және ештеңе ұқпайды... Жаңа туғанның жаңа таза тақтайша сияқты, онда әлі ештеңе жазылмаған». Аристотельдің таным туралы бүкіл ілімі адамның табиғатты тану мүмкіндігіне сенумен байлансты. Аристотельдің ұқсату және т.б. туралы идеясы қазір де маңызды болып табылатын адам ақыл-ойының кейбір табыстарының бірі болып табылады.
Аристотель қанағат және қанағатсыздық сезімдерін жан мен тән функцияларындағы гүлденуі мен тоқталуының көрсеткіштері ретінде сипаттайды: қанағат оларды еш кедергісіз өтуін білдіреді, қанағатсыздық-олардың бұзылуы. Сезімдер іс-әрекетпен тығыз байланыста қарастырылады. Олар іс-әрекетпен бірге жүреді және іс-әрекеттің көзі болып табылады. Тәндік әрекеттердің шектелген бағасына қарамастан, Аристотель тек жоғары ретті рахаттармен шектелмеуге шақырады және толық алғанда адам өміріндегі сезімнің ролін жоғары бағалаған. «Қанағат (рахат) іс-әрекетке жетілгендік пен толыққандылық береді, яғни өмірдің өзіне де қатысты».
Аристотель аффектілерге толығырақ тоқталады. Ол аффектілер деп еліктеулерді, ашуды, қорқыныш, ерлік, ыза, қуаныш, махаббат, жек көру, мұң, іш күю, аяушышықты-жалпы алғанда, қанағат пен қайғыру бірге жүрегінде атайды. Аффект – адамда қандай да бір жермен шақырылған, қайғырмалы күй, ол ешқандай алдын-ала ойлаусыз туады, оның жерімен ол өзінің алдыңғы шешімдерінен өзгертеді. Аффект тәндік өзгерстермен бірге жүреді. Психологиялық сипаттама бұл аффект қандай күйде туатынын, кімге, не үшін бағытталатынын анықтайды.
Аристотель жеке аффектілердің өткір сипаттамаларын құрған. Мысалы, қорқыныш былай сипатталады: «Қорқыныш (fobos) – бізді құртуы мүмкін немесе бізге жамандық жасауы мүмкін, болғалы тұрған жамандықтан туатын қандай да бір жағымсыз сезім немесе қысылу: бірақ адамдар барлық жамандықтардан қорықпайды, мысалы, әділетсіз не жалқау болудан емес, қайғы әкелуі мүмкін, қатты ашуландырып не құртуы мүмкін, сондай-ақ бұл апаттар алыстан емес, құтыла алмайтын өте жақын орналасқан жағдайларда қорқады.
Аффектінің құрамдас психологиялық аспектілерін сипаттауда Аристотельдің рационолизімі шығады: оның шешуші компоненті болып елестету табылады.
Аристотель бойынша, аффектілер не игілік жасаушылар емес, пайғамбарлар да емес. Адам жөнінде оның істері бойынша тұжырымдайды, ол аффектерді мінез-құлық мәнерін бағалайды: «бізді біздің аффектілеріміз үшін ешкім мақтап, мадақтамайды; қорқып тұрған адамды мақтап, ашуланғанды бетіне баспайды ғой, ал игіліктер жасаушылар үшін мақтайды немесе бетке басады». Аристотель құлықтылық тұрғысынан аффектілерді басуды мүмкін емес, қалыпты да емес деп есептеген. Оларсыз батырлық қылықтар, өнерге рахаттану мүмкін емес. Төменгі тән рахаттарында орташа, қоңыржайлылықты сақтау керек. Қалған барлық жағдайларда аффектінің өз себебіне сай келушіге болу керек.
Аффект туралы ілімнің құрамдас бөлігі болып, катарзис түсінігі, яғни аффектілерді тазарту болып табылады.
Бұл түсінік Аристотельмен медецинадан алынған. Оны енгізген Гиппократ: ауру зиянды шырындардың жинақталуы деп түсіндірілді, ал емдеу оларды қалыпты, яғни сау адамға келетін санға жеткізу-катарзис-тазарту деп түсінілді.
Ал аффектілерге қатысты қолданғанда, ол өнердің жерінен эмоционалды баялған эстетикалық бастан кешуді білдірді. «Ортақтасу және қорқыныштың көмегі арқылы трагедия аффектілерінің күнделікті өмірдегілерге қарағанда, босайды-барлық ауыр, қосымды, бұлдырлағаннан тазартады, адамға белгілі бір жағдайда оқиғалар мен әрекеттердің логикасы ашылады, қандай да бір өмірдің даналығына ашылады. Аристотель өнердің қоғамдық ролі, оның адамға құлықтық әсері мәселесін қарастырады. Қазіргі авторлар тетордың көрерменге мұндай әсерін әлеуметтік терапия д.а.
Аристотельде ерік туралы ілім әрекет мінездемесімен байлансты өрбітіледі. «Барлық адамдар бір нәрсені ерікті түрде, екіншісінен еріксіз түрде орындайды, ал олардың еріксіз істейтіндерінен біреуін олар кездейсоқ жасайды, екіншісін қажет болған соң жасайды, ал осы қажеттіліктен істейтіндерінен бір нәрсені олар күштеумен, енді біреуін табиғат талаптарына сәйкес орындайда. Осылайша, олардың барлық еріксіз жасайтындары кездейсоқ, не табиғат талаптарына сай, не болмаса күштеу арқылы орындалады. Ал адамдардың ерікті жасайтындар және себебі олардың өздерінен болмайтындарының бірі әдет бойынша, енді біреуі ұмтылыстың жерінен жасалады және мұнда бірі-ақылдының ұмтылысы, екіншісі-ақылсыз ұмтылыстың әсерімен орындалады».
Адамның барлық әрекеттері ерікті және еріксіз болып бөлінеді, ол әрекеттің негізіне байлансты: субъектіден тыс немесе субъектінің өзінде ме. Ерікті түрдегі әрекеттер-ақылды ұмтылыс бойынша жасалынатындар. Ол ықылас не ниет деп аталады, мотивтерді мұқият алмасу-демиберациясының нәтижесі болып табылады. Ерікті әрекеттер болашаққа бағытталады. Ол жерде ақылды есеп бар. Сондықтан Аристотель былай дейді: «Екі қабілет – ұмтылыс пен ақыл әрекет етеді». Ақыл мақсат жөнінде ойластырады-оған адам қол жеткізе ала ма, жоқ па, және әрекет жүзеге асқан жағдайдағы салдарынан қарастырады. Сондықтан, ақыл жоқ жерде ерік жоқ (жануарлар, кішкентай балалар, ақылынан айрылғандар). Мұқият түрде есептелген еріктік әрекет еркін және жауапкершілікті болып табылады. Сондықтан біздің қол астымызда керемет әрекеттермен қатар ұятты әрекеттер де бар.
Балмысы бойынша, Аристотель ерікті қоғамдық табиғатқа ме үрдіс деп сипаттайды: шешімді қабылдау адамның өз қоғамдық міндеттерін түсінумен байлансты.
Аристотель жанның күшті қозғалыстары ретіндегі құмарлықтарға мінез тұрақтылығын қарсы қояды. Мінез адамның болмысын көрсетеді. Аристотель жасына, әлеуметтік орнына, мамандығына сәйкес адам жанының қасиеттері – құлықтарына сипаттама берген. Мінез табиғи қасиет емес, оның белгілері тәжірибеліліктің нәтижесінде сияқты қалыптасады. Сондай-ақ, жастық, кәрілік, ересек жастағы адамдарға тән белгілер сипатталған. Бұл ілімді Аристотельдің шәкірті Теофраст (б.э.д 370-288) дамытқан. Өзінің «мінездемелер» трактатында ол 30 мінездемені бөлген, және адамның қылықтарын бақылай отырып, соның негізінде оларға сипаттама берген. Бұл сипаттамалар көрегенділігімен және бақылаулардың өткірлігімен ерекшеленеді. Ол бастаған дәстүр қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманда жалғасын тапты (Монтель, Лабрюйер, Ларошфруко).
Аристотельдің үлкен эмпирикалық материалды таңдауға негізделген жан туралы ілімі адамның жануарлардан сапалы ерекшелігін көрсетеді. Аристотель адамды «қоғамдық тірі жан» деген. Аристотельдің ілімі кейбір өзгерістерімен ХVII ғасырға дейін үстемдік етті.
Антикалық психологиядағы материализм антикалық дәрігерлердің анатомия мен медецинадағы табыстарымен бекітілді.
Дәрігер, философ Алкисон Кротонский (б.э.д VI ғ) ең бірінші болып ойлардың бас миында шоғырлануы туралы идеясын ұсынды.
Гиппократ (б.э.д 460-370 ж.ж)- «медецинаның әкесі», философияда Демокритке сүйенген және медецинада өкілі ретінде белгілі. Алкисон сияқты, Гиппократ та ойлаудың және түйсінудің мүшесі-ми деп есептеген. «дәл осы мүше арқылы біз ойлаймыз, көреміз, естиміз, ұятты және әділді, жаман мен жақсыны, бар жағымды мен жағымсызды, қанағат пен ауырлықты көреміз және танимыз. Біздің тәніміздің бөлігі арқылы біз есімізден айрыламыз және осында біз қорқыныштар мен түс көрулерді бастан кешіреміз. Осының бәрі бізде мидан болады.
Гиппократтың темпераменттер туралы ілімі кең таралды. Гиппократ бойынша, адам ағзасының негізін 4 шырын құрайды: кілегейлі-мида жасалады, қан-жүректе жасалады, сары өт-бауырда, қара өт-көк бауырда. Әртүрлі адамдардағы шырындардың әртүрлілігі олардың құлықтарындағы айырмашылықтарды түсіндіреді, ал олардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Қанның басым болуы сангвиник темпераментінің негізі (лаm.m sanquis-қан), кілегейлі шырынның басым болуы-флегматикалық (гр.m.phlegma-кілегейлі), сары өт халерик гр.m. chole-өт), қара өт-меленхолик (гр.m. chole-қара өт) Гиппократ адам типтерінің классификациясын саматикалық негізде жасайды. И.П.Павлов-тың айтуынша, «Гиппократ адам мінез-құлқының өте көп нұсқаларының ішінен капитальды белгілерінен тапты» және өзінің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері жөніндегі ілімінде Гиппократқа сілтеме жасайды.
Антикалық медицина, әсіресе Александрияда қарқынды дамыды. Энгельстің бағасы бойынша, «табиғатты нақты зерттеудің бастаулары алғаш тек александриялық кезеңіндегі гректерде дами бастады». Александрияда біршама уақыт бойы «тамырсыз» адамдардың мәйіттерін ашуға рұқсат етілген болатын. Бұл екі александриялық ғалым дәрігерлер-Герофия мен Эразистраттың есімдерімен байлансты маңызды жаңалықтарға себеп болды. Гиппократтың каиснтаторы , ІІ Пталомейдің дәрігері Герофил жүйкелер, сіңір және буындар арасындағы айырмашылықтарды алғаш орнатты. Ол ми қабықшаларын, ми желудоктарын сипаттаған, және де кез құрылымына сипаттама беріп, оның қабықшасын және хрусталіне сипаттама берген. Книд мектебінің шәкірті Эразистрат бас миының әртүрлі бөліктерін мұқият түрде сипаттаған.
Осындай эллинизм дәуірінің барлық анотомо-физиологиялық мағлұматтарды біріктіріп, толықтырған-ХVII ғ дейін барлық дәрігерлердің негізгі кітабы болған, медицина анатомия және физиологиядан шығармалардың авторы, рим дәрігері Гален (б.э.д ІІ) ғ болды. Гален бас және арқа миының құрылымы мен функцияларын анықтаумен байлансты жаңалықтар ашты. Әртүрлі бұлшықеттерді қамтамасыз ететін жүйкелерді кесумен байлансты тәжірибелер сериясын жүргізіп, мынадай қорытындыға келді: «дәрігерлер нақты орнатқагдай жүйкесіз бірде-бір дене мүшесі, бірде-бір еріксіз қозғалыс және ешқандай сезім болмайды». Сонымен қатар Гален эксперименталды түрде арқа миының қызметтерін орнатты. Арқа миын көлденең кескенде, кесіктен төмен жатқан дененің барлық мүшелерінің ерікті қозғалысы мен сезімталдығы айыру-арқылардікінен болған. Осылайша, Гален арқа миының қызметтері тұрғысынан алдың және артқы керешоктарын ажыратқан.
Гален бірқатар шығармаларын бас миынаарнады. Ол Аристотельдің түсінуінде сынға алған: ми жүректің тоңазытқышы емес, ол-интеллект пен сезімдердің орны деген. Гален Гиппократтың темпераменттер туралы ілімін дамытты. Ол барлық заттардың 4 бастауын бөлген: жылы, суық, құрғақ, ылғалды және де жануарлар мен адам ағзасының құрылыс материалы ретінде 4 шырынды бөлген. Бастаулар мен шырындардың комбинацияларына психикалық қасиеттер, тіпті адамның жынысы тәуелді. Барлығы, ол 13 темпераментті болған, оның ішінді тек біреуі ғана-қамытты, ал 12-сі – нормадан ауытқушылық. Рим дәрігері Аэций (б.э.V ғ) дәстүрлі түрде Гиппократтық деп аталған төрт темпераментті сипаттаған.
Антикалық дәуірдің психологиялық жүйелерінде жан өмірлік бастауға теңестірілді: жан феномендерінің аумағына ағзаның барлық жүйелерінің, солардың қатарына ас қорыту, дем алу дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін бүкіл прецесстер қосылды. Ішкі жан әлі зерттеудің жеке ретінде бөлінбеді. Бұл туралы Н.Н.Ланге жазған: «жан зерттеулерінде қоршалған желмен тығызырақ байлансты психикалық күйлер, яғни таным құбылыстары ертеде рефлексия пәні болды. Грек ойшылдары таным түрлері жөнінде оның объектілеріне сәйкес көп талқыланған, бірақ олар сана түсінігін жоққа шығарған.
Шешімдер. Антикалық психологияның ең шырқаған жоғарғы шегі Аристотельдік жан ілімі болып келеді. Гегельдің айтуы бойынша осы күнге дейін біз психологиядан жақсы ілімнің барлығы, ол Аристотельден алғанымыз. Аристотель ең алғашқы жан туралы трактат жазып, жанның проблемаларын қарастырған ғалым. Ол Платонның шәкірті бола тұрып, оның идеялар заттан бөлек деген терминін жоққа шығарды. Антикалық өмірде жинақталған жан және оның құбылыстары жөнінде мағлұматтар «эмпирикалық жұмыстың аттандыру пункті және алғышарты» болады.
Психология тарихында пайда
болған психология пәнінің
Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Психология пәніне кіріспе ретінде кез-келген жалпы психология мәселелеріне арналған оқулықтарында арнайы тақырыптар берілген. Сондай-ақ, психологияның антикалық дәуірдегі дамуына тарихи көзқараспен талдамдар жасай алу ең бірінші алғышарт болып табылады. Себебі бұл тақырыпта антикалық дәуірдегі ғұламалар өздерінің жеке пікірлерін ортаға салып, жан туралы ілімге өздерінің ойларын жеткізген. Тақырыпқа толықтырулар келесі дәріс сабақтарында беріледі.
2-дәріс
Тақырыбы: «Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары»
Дәрістің мақсаты: Психология ғылымының жасалу жолдары, психология ғылымының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі, зерттеу, құбылыс,өндіріс,рефлекстер теориясы ғылымына анықтама.
Жоспар:
1. Қайта өрлеу дәуірі мен орта
ғасырлардағы психология
2. Қазіргі заман психологиясында зерттелуші құбылыстар жүйесі және психологиялық зерттеу әдістері
1. Қайта өрлеу дәуірі
мен орта ғасырлардағы
Орта ғасырлар тарихы үлкен кезеңді қамтиды. V ғасырдан бастап XVI ғасырға дейін және XVII ғ. бірінші жартысы. Орта ғасырлар мен Жаңа заман арасында шекара орнатқан Кеңес заманының тарихы бойынша бүкіл еуропалық маңызы болған , с. қ. Батыс еуропада капиталистік кезеңнің бастауын салған алғашқы буржуазиялық көтеріліс – 1640 – 1660жж алғашқы көтеріліс болды.