Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Орта ғасырларда жалпы тарих шеңберінде Шығыс ұзақ уақыт бойы маңызды рольге ие болып отырды. Шығыста феодализм Батысқа қарағанда ертерек қалыптасып отырды. Бұл кезде Қытай, Үнді, Араб, Иран, орта азиялық мемлекеттер Батыстағы мәдениетке қарағанда ертерек дамыған. Алайда кейін Шығыста бұл тарихи үрдісті тоқтата бастаған, капиталисттік элементтердің дамуын бадулатқан шарттар пайда болып, дами бастаған.

Орта ғасырлардағы тарих әртүрлі сипатқа ие болды. Сөйтіп, гуманистер орта ғасырлар кезеңін қараңғылық, надандық уақыты, сол себепті, олардың ойынша, адамдарға ежелгі кезеңге мойын сұғуға тура келеді. Фредрих Энгельс мұндай бір жақты сипаттан сақтандырғысы келді. «... орта ғасырларға мыңжылдыққа созылған  жалпы варварлық тудырған тарихтағы жай үзіліс ретінде қарап отырды. Орта ғасырларда жасалған үлкен сәттіліктер мен жеткен жетістіктерге  ешкім назар аударған жоқ. Еуропаның мәдениет саласының дамуы үлкен техникалық жетістіктер (XIV - XVғғ) . шынында да, ортағасырлар бүкіл адамзат мақтан тұтатын ұлы адамдарды әкелді. Алғашқы әлі нақты емес коммунистік идеяларды жариялағандар (Томас Мюнцер), Ұлттық бұхараның көш бастаулары (Уот Тайлер,    Англиядағы шаруалар көтерілісі.), утопиялық социализмнің негізін салушылар (Томас Мор және Томмазо Кампанелла), ұлы ойшылдар мен  философтар, Германиядағы реформация басшысы, тіл, білім берудің реформаторы М.Лютоп, бірігей ақындар мен жазушылар (Омар Хайям, Низами, Боккачо, Шекспир), көрнекті суретшілер(Рафаэль, Микеланджело, Андрей Рублев). әртүрлі мағлұматтарды пайдалана отырып, соның ішінде орта ғасырлардағы көркем өнер мен әдебиет туындылары, А.Я.Гурьевич осы кезеңде тұлға туралы түсінік пайда болғаны туралы қорытынды жасады.

Басында антикалық әлеммен байланыс мықты болған. Білім беру жүйесі антикалық авторлар – философтарды зерттеу негізінде құрылды, с.қ. Гиппократ, Аристотель, Голеннің ғылыми жаратылыстану мәліметтерінде де пайдаланылды. Кейін білім құлдырай бастады, ақыл үстінен шіркеу қарай бастады. Табиғаттану өз өмірін тоқтатып, табиғи мәселелердің барлығы анафемаға берілді. Профессор – мистентер мен кабалисттер п.б. алхимия, астрология гүлдене бастады. Осы себепті 5 ғасырдан 8 ғасырға дейінгі кезеңді «қараңғы» жылдар деп атады. Орта ғасырларда әлемдік діндер қалыптасты: буддизм – шығыс, орталық және орта азияда, ислам – орта және алдыңғы азия мен солтүстік африкада. әрине, буддизм мен християндық ежелгі әлемде басталып, өз жалғасын тапқан, бірақ тек орта ғасырларда ғана олар әлемдік деңгейдегі діндерге айналды. Діннің маңызды институты болып шіркеу саналды. Ортағасырлық кезең тарихқа шіркеу беделіне мүлтіксіз бағынушылық, ойлардың нашарлауының, ұстаусыз мистизммен қатар, сазарған акцентизмнің, айдаулар, азап пен инквизициялардың оттары кезеңі болып енді.11-13 ғғ. қалалар мен буржуазияның дамуы жүрді. Осы кезде схаласттар мен дін басыларына арбау болған университеттер ашылды. Бұл 14ғ.аяғына дейін созылды. осы кезде қайта өрлеу рухы әртүрлі схаластикалық абстракциялар тоқтатылды, ал шіркеуге жол беруге  тура келуге және этикалық  діни идиалдарды қоғамның күшейіп бара жатқан ғылыми жаратылыстанудың бағыттылықтарымен біріктіруге мәжбүр болды.

2. Қазіргі заман психологиясында  зерттелуші құбылыстар жүйесі  және психоло-гиялық зерттеу әдістері

Психологияға ғылым ретінде жалпы көзқарастар кейбір басты психологиялық түсініктерге алғашқы анықтамалар.

«Психология» ұғымы жоғарыда айтылғандай, «Жан туралы ғылым» дегенді білдіреді. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің байқауынша,  психология тарихы – білімнің ерекше саласы. Осы салада «психология терминінің авторы кім?» деген мәселе төңірегінде ғылым тарихшыларының арасында тартыс туындайды. Бұл термин ғылымға енгізілген шақта (шетелде 16-17 ғасырларда), Психология ғылым ретінде өзінің пәнің анықтау  мәселесіне тап болады. 17 ғасырда психологияның пәне болып сана анықталады. Бұл жерде сана субъектінің ішкі дүниесіндегі құбылыстардың бірлестігі деп түсіндірілген. Осы аталған құбылыстарды эмпирикалық (тәжірибе жолымен)  тұрғыдан танып-білу ұсынылады. Эмпирикалық жолда интроспекция (латын тілінде introspecto – смотрю внутрь – ішке үңілу, қарау) әдісін қолданады, яғни бұнда, адамынң өзінің санасын танып білудің ерекше әдісі (өз феномендері мен заңдылықтарын қабылдау).

Сонымен, 20 ғасырдың басында, АҚШ-та пайда болған  психологиялық бағыт бихевиоризм (ағылшын тілінде behaviour – поведение, жүріс-тұрыс)  - сана субъектінің ішкі дүниесінің феномені ретінде психология пәні емес, ал жүріс-тұрыс «сырттай бақыланады», сондықтан болар, ол объективті танылған. Ал психоанализде негізгі зерттеу пәні - санасыздықтың әртүрлі көріністері болды, ол 20 ғасыр 50-60 жылдар шетелде пайда болған гуманистік психология тұлғаны зертеу пәні ретінде  атап өтеді. Психология ғылымының зерттеу пәні, методологиясы мен тарсырмаларын анықтау мақсатымен басқа да принципиалды жаңа бағыттарда пайда болды.

 

3-дәріс

Тақырыбы «Таным үрдістері»

 

Дәрістің мақсаты: Психология ғылымының жасалу жолдары, психология ғылымының негізгі бағыттарын түсіндіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:  Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі, зерттеу, құбылыс, өндіріс, рефлекстер теориясы ғылымына анықтама.

Жоспар:

1. Жан қуаттарының топтастырылуы.

 

1.  Жан қуаттарының топтастырылуы

Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйеік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды - сөз болып отырған пси-хология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге түңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөз «жантуралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны  «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деген тұсінген дұрыс.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбр зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы   себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар  дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені   олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы келеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д.384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде Психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай карай ғалымдар жан қүбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың кемегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастадьі. Ғылымның осы саласына экспериментті түңғыш енгізген неміс ғүламасы В. Вундт (1832—1920) болды.

Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір талас-тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ой-шылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде; жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, мате-риалистік түжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.

Психикалық әрекетті осылайша скі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстық ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225—1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жерде қаза бар» т. б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара-қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Ал Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақ-тамберді, Бүқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақын-жыраулары мен ойшылдарының толгауларында да көшнснді ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр кырынан сөз болып, осылар жаплы сындарлы пікірлер айтылған. Өресі биік, матерпалистік психологиялық ой-пікірлсріі Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптен кездестіруге болады. Мәселен, С. Торайгыров (1893—1920) жан мен тн ылпі да бір-лікте, байлапыста болады   («Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар»), адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, сана-сезім), бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің иегізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ... жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жаыда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкерім Құдайбердиев те (1858—1931) айткан болатын («Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр»). Психикалық кұбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материа-листік тұрғыдан түсіндіруге орыстың үлы ғалымдары И. М. Сеченовтің (1829—1905) рефлекстер жөніндегі пі-кірлері мен И. П. Павловтың (1849—1936) жоғары нерв қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның ірге тасы әл-Фараби еңбектерінде ал-ғаш сөз болған («Сыртқы әсерлердің әсерімен... заттар-дың образдары пайда болады». Әл-Фараби, Философиялық трактаттар. Алматы, «Ғылым», 1973, 301-бет). Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды. Сана сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге кабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелену үрдісі әр адамның өмір тәжірибесіне, жол мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат-мүддесіне, наным-сеніміне орай өзіндік өзгешеліктерге толы болады.Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал егер затты алып кетсек, оңың суретінің де айна бетінен жоғалып кеткені мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше, мида ешқандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де «бейнелену» деген бір сөзбен аталғанымен бүл екеуінің арасындағы айырмашылык жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле «жансыз» сәуле болып табылады. Ал адам миында болатын беннелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі — соцғы бейне өте күрделі, ол нерв процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі оның сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бсйнеленудің осы түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде, адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оньщ бейнелеуі ұғым, пікір, ой қортындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену - заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өз ара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шамашарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.

Бейнелену формаларының шығуына қүрамында белоктық заттары бар тіршіліктің пайда болуы шешуші рөл атқарды. Тітіркенушілік, яғни тірі организмнің сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, нерв жүйесі күрделі сипат алған сайын организмнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бүған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы (маңдай бөлігі) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.

Информация о работе Даму психологиясы