Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Аффектілер – заттар жайлы баттасқан жанның ақыл-ойға қарсы не табиғи қарсы көзқарастар. Кейбір аффектілерге ақыл-ойға сыймайтын деген анықтама берген, мысалы: қалау – ақыл-ойға симайтын қозу, рахаттану -  ақыл-ойға симайтын қозу, т.б.

Стоиктер осындай уақытқа және обьектіге байланысты аффектіні бөлген, және оларды класс бойынша жіктеген: рахаттану – қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй; рахаттанбау – қайғы, көңілсіздік; оның әртүрлілігі – көңілсіздік, бірге қайғыру, бәсекелесу, қайғы, көңіл қалу т.б.; қалау – қажеттілік, жеккөрушілік, махаббат, ашу т.б.; қорқыныш – қорқу, сенімсіздік, ұят, жасқаншақтық, бейберекеттік.

Стоиктер аффектілердің өсуінің үш стадиясын бөліп көрсетті:

1.Сыртқы ортаның әсерінен физикалық өзгертуге организмдер ұшырайды: дененің өзгеріссіз аффектілері жоқ.

2. Ырықсыз түрде болған жайлы  және қалай бағытталу керек  жайлы ойлар туа бастайды.

3. Ақыл-ой кірісуі керек. Екі  жағдай болуы мүмкін: а) ақыл-ой  болып жатқан жайлы жақсы жақтан құндылықсыз көрсетіп аффектіні болдырмайды. ә) егер ақыл-ой дәрмен болса, онда аффект туады. Мінез-құлықтың қалыптасуына жанның көптеген жаттығуларды шегеруіне байланысты, мысалы бір істерді жасау арқылы, немесе басқа батырлардың іс-әрекетін бақылау арқылы, ойлау негізінде қалыптастыру. әркім өзіндік күшті мінез-құлықтарды тәрбиелеуге міндетті.

3. Платонның идеялогиялық  психологиясы: Сократ бірінші болып жан мен тәннің екі бөлек екенін айтқан. Жанның материалдық және заттық емес екендігін, ол денеден бөлек екендігі туралы, яғни жан тәнмен салыстырғанда көрінбейтін нәрсе деді.

Антикалық материализмнен идеализмге қарай ой-пікірлер, көзқарастар дами берді. Идеализм өзінің жоғарғы даму шегіне  Сократтың шәкірті Платонның ілімі қарастырылды.

Платон ( 421-347 б.з.д.  ж.ж.) арасында өмір сүрді. Ол обьективті идеализмнің негізін салушы. Оның  «Федон», «Пир»,  «Государство» шығармаларының  диалогында психикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Психологиядағы негізгі философиялық мәселені идея туралы білім, яғни идеялар.

Идеялар – олар нағыз шындық, өзгермейтін, мәңгілік. Олар түпсіз және өзгеруге келмейді, өзіндік заттарға тәуелсіз еркін өмір сүреді. Идеяға қарағанда материя ол – жоқтық, өлшемсіз, формасыз. Ол тек белгілі бір идеялармен сабақтасқанда ғана затқа айналады. Соңында сезімдік әсем ол – адам жасаған материалдық заттар, табиғи заттар т.б.  идеялар мен заттар тектес емес, идеялар бейнелердің негізі, ал заттар олардың подовиясы.

Платонның айтуы бойынша жан қандайда бір денемен байланысқа түспек бұрын бар болады. Ол өзінің алғашқы ретті жағдайында әсемдік жанның бөлігін құрайды, кеңістікке айнала отырып мәңгілік идеяларды бөліп, ол жерде шындық пен бар болу бірігіп, тіріні өлтіруге кіріседі. Сондықтан да жан табиғаты идеялар табиғатымен бірлес. Платонның ойынша жан тәннен өте жоғары сондықтан аяқсыз оған барлығын жүргізе алады, ал тән оның қозғалыстарына бас июі керек. Тән өздігінен өте пассивті сондықтан ол бар шындықты тек рухани бастамадан ала алады. Сонымен қатар жан мен тәннің байланысы жайлы айтады: олар бір біріне сәйкес келу керек дейді.

Платон бойынша адам жанының үш бастамасы бар. Алғашқысы жануар және өсімдікке тән. Бұл дұрыс емес бастама. Осы қасиетке ие барлық тіршілік иесі өзінің де тәндік қасиеттілігін рахаттандыруға тырысады: мақсатқа жеткенде рахатты сезінеді, ал жетпесе қайғырысқа ұшырайды. Негізінде осы жанның бөлігінен адамдар ғашық болады, қарны ашады, шөлдейді т.б. әрбір адам жанның көп бөлшегін алады.

Басқа ақылды бөлігі жаугершілік бастамаға қарсы келеді.

Ал үшінші бастама- ызалы жан. Осы бөлікпен адам ашуланады, дірілдейді, ол өзінің жақсы ұмтылыстарынан бас тартады тек қана өздігіне жету үшін немесе өлу үшін.

Ақыл-ой бастамасына бұйрық берер кезде осы жан бөліктерінің барлығы бірлескен болуы керек. Осы гармонияның бұзылуы қайғыруға әкеп соғады да, олардың қайта орнына келуі – рахаттануды тудырады.

Платонның дене өлгеннен кейінгі жанның тағдыры туралы түсінігі мәндік этикалық формада және мемлекеттік-педогогикалық  мақсатта болып келеді. өмір сүре отырып адамдар  адам өлгеннен кейін жан тәнге жауапты екеніне сенуі керек. Жанның өлшейтін деген идеясында тағы да бір мағына бар, ол рухани тіршілік адаммен бірге өлмейді, ол мәңгі.

Ақыл – ой немесе ақыл идеялардың қандай да бір сезімнен айрылуы. Осы жерде Платон ғылымға, диалектика түсінігін енгізген. Диалектика термині түсініктер арқылы тануды айтады.  Осы процесті Платон талқылау деп атаған және оны іштегі бір белгісіз адаммен диалог деген. Ол жан ойлау арқылы талқылайды, өзінен өзі сұрайды және соған дұрыс не келіспей жауап береді деген.

Қабылданатын обьект жайлы идея болмайды, олар тек идеялардың копиясы, себебі идеялар мен түйсік бөлшегінің нағыз көзі бола алмайды. Платон бойынша біз сыртқы әсерлер сияқты оларды оймен ұстап аламыз. Оларға керегін, яғни көз бізге ең шын болып келетін идеяны ұстап алуға керек болуы мүмкін, себебі біздің жанның аспанда көргенін ұмытып қалуға себепкер болады.

Платон бойынша еске түсіру термині мынадай мағынада қолданылады, яғни оны ес процесі ретінде қарайды. Оның суреттеуінде ассоцияция механизміне жүгінеді. Егер бір заттың түрі саған басқа бір заттың түрін еске түсіретін болса ол еске тусіру деген. Платон әдемі заттарды өте жоғары бағалайды – краскаларды, форманы, дыбыстарды. Ал махаббат әдемілікті туғызатын құрал ретінде қолданылады.

Платонның танымдық идеясы рационалдық және идеялистік болып келеді. Оның жан туралы іліміндегі қосымша зерттегені  сезімдер жайлы ілімі болып келеді. Платон ең жоғарғы игілік рахатта дегенге қарсы келеді.

Рахат не қайғыру осы екеуінің бірінің жоқ болуы осы үшеуін жанның жағдайын өзгертеді және соларға үш өмір сәйкес деп есептелінген. Платон сезімдерді былай бөледі: қаһар, қорқыныш, қалау, қайғыру. Махаббат, қызғаныш, бәсекелес. Осылардың бәрінде өмірдегі сияқты рахат қорқынышпен қосылған деген. Рахат жоғары және төменгі болып бөлінеді: (алғашқылары физикалық қажеттіліктермен байланысты, ал екіншілері эстетикалық немесе ақыл-ой білімділікке байланысты), рахат үш жанның бастамасына тән: күшті (үлкен), кішкентай, рухани рахат.

Платон бойынша мемлекетте адамдар өздерінің табиғатына сай орын иеленуі керек: егер кімде-кім өз табиғаты бойынша етікші болса, ол тек етік тігумен айналысады, басқа ештеңемен айналыспайды.

Аристотель бойынша, жан тірі органикалық дененің формасы. Бұл тұжырым келесі истаформалармен түсіндіріледі.

«Бұл, егер, табиғи дене ретінде қандай да бір құрал болса, мысалы, балта, ондр оның мәні ретінде оның балта болуы және сол оның жаны болатын сияқты. Және осы жанды бөліп алса, балта балта болмас еді... Айтылғанды дене бөліктеріне қатысты да қарастыру керек. Егер көз тірі болса, оның жаны ретінде көру болар еді. Себебі, көру-көздің формасы ретіндегі мәні, көруді жоғалтқаннан соң көз көз емес, тек аты болмаса, тастан жасалған не суретте салынған көз сияқты. Дене бөлікктері туралы айтылғанды бүкіл тірі-бұл жаннан айрылған емес, оған ие». Жан денені тірі етеді. Жансыз ол мәйіт болар еді. Жанда тірі дененің өсу, жиналу, сондай-ақ сезу, ойлау сияқты барлық көрінулерінің негізгі салынған. Жанда тірі дененің белсенділігінің, соған сәйкес жұмыс атқаратын өмірлік күштерінің мақсаты жатыр. Жан сыртқы себептің жерінен денеге ағзада, оның дамушының мақсаты ретінде салынған іс-әрекеттің белгілі бір түрін атқаруға мәжбүрлейді: өсімдік өсімдік болуға, жануар жануар болуға ұмтылады. Тән және оның барлық мүшелері мен бөліктері жанның қызметіндегі  құралдар болып табылады. «Барлық табиғи денелер жан үшін өмір сүреді».

Аристотельдің жан туралы ілімі, мақсат ретінде теалогизмге  және идеализмге толы. Оның гносеалогиялық тамырлары ретінде адамның іс-әрекеті мен санасының спецификалық ерекшеліктерін психикалық ұйымдасудың төмендегі деңгейлеріне және жалпы, табиғатқа ауыстыру болып табылады. «Ақыл-ой бірдеңе үшін әрекет ететіні сияқты, табиғат та, оның не үшін әрекет ететіні-оның мақсаты».

Осылайша, жан дене формасы ретінде, тән немесе дененің мәні, оның барлық әрекеттерінің себебі мен мақсаты екендігін білдіреді. Аристотель жанның осындай барлық сипаттамаларын арнайы «энтеисхия» түсінігіне біріктірді. Ол арқылы дененің толық шынайылығын, оны тірі ететін, оның  өмірлік функцияларының мүмкіншілігін, яғни жан өзін белсенді түрде көрсетпейтін жағдайда өмір сүретіндігін белгілейді. Жан тәнмен тығыз байлансты: ол-тәннің белсенділігінің күйі. Жан емес, тән әрекет етеді, бірақ тән жанды емес. Аристотель бойынша жан емес, адам жан арқылы сезімге ортақтасады, үйренеді не ойлайды. Жанның барлық көрінулерімен тән көрінулері  бірге жүреді. Сондықтан жанды зерттеу 2 зерттеушінің ісі-диалектик және жаратылыстанушының. Мысалы, «диалектик ашуды қандай да бір кемісіту үшін кек алуға деген ұмтылыс ретінде анықтаса, табиғат туралы талқылаушы ашуды қанның қайнауы не жүрек маңында ыстықтыңқайнау деп анықтар еді». Егер жан тәнсіз болса, оны тасушы ретінде жануарлардың қанында жасалынатын, ерекше органикалық зат-пневма болады. Жануардың мүшесі-жүрек. Ми қосымша қызмет атқарады, онда қан қалыпты нормаға дейін салқындайды. Аристотель Платонның жанды бөлшектерге бөлуін сынады. Аристотель тым болмаса екі бастаудың өзбеттігі мен шынайлығын мойындаған-біріншісі, тәннің энтелехиясы ретіндегі жан, ол тән бұзғандағы жойылады, екіншісі-құдайдың күшінің көрінісі ретіндегі жан, ол тәнге келеді және өлген кезде одан шығады: «бөлшектердің әрқайсысы түсінуге және кеңістікте қозғалу қабілетіне ме, ал егер түйсіну бар болса, бұл жерде ұмтылыс та бар. Қай жерде түйсіну бар, ол жерде қайғы мен қуаныш бар, ал олар бар жерде тілек бар. Ал ақыл және қабілетке қатысты әлі нақтылық жоқ, бірақ олар-жанның басқа түрі және тек бұл қабілеттер жеке өмір сүре алады деп көрінуі мүмкін. Ал жанның басқа да бөліктері туралы, айтылғаннан анықталғандай оларды бір-бірінен бөлуге болмайды». Аристотельде жанның бөліктеріне қатысты әртүрлі сілтемелер кездеседі. Оның жіктеуінің негізінде өмірдің 3 баспалдағын бөлу жатыр: өсімдік, жануар, адамдық, мұнда жоғарғы баспалдақтағы қабілеттерге алдындағылардың қабілеттері кіреді және оларсыз тіршілік ете алмайды. «Фигуралар да, тірі жандар да өзінің алдындағысын өзіне қосады, мысалы, төртбұрышта-үшбұрыш, түйсіну қабілетінде-өсімді қабілет». Өсімдік және жануар жаны материалистік тұрғыдан түсіндірілді. Аристотель бойынша, ақылды жан идеалды, оны тәннен бөлуге болады, оның мәні-құдай күші. Аристотель адамның жануарлардан, өсімдіктерден сапалы айырмашылығын сезе отырып, олардың көзін идеалистік тұрғыдан түсіндіреді.

Танымның бастауы түйсіну қабілетін құрайды. Танымдық қабілеттер « өз бастауын сезімдік қабылдаудан алады». Түйсіну сыртқы жерден туады және сондықтан қайғырушы күй болып табылады. Түйсіну қабылдайтын объектіге  бес сыртқы сезімдер арқылы жетеді және жанмен де, тәнмен де жүзеге асырылады. Сезімдер мүшесі түйсіну қабілетіне ие болғандықтан жерді бейнелейді. Түйсіну актісінде бұл мүмкіндік шындыққа айналады. Түйсіну процессі қабылдаушы объектіге ұқсату процесі болып табылады. Аристотель бойынша, ұқсату, тұтас танымды алған сияқты, өзіне танушы субъектінің белсенділігін қосады.  Ақыл-ой танымында мынаны әрекет етуші болып тек ақыл табады.

Түсті түйсіну мысалында Аристотель түйсіну үрдісі сипаттайды. Түс мөлдір аралық ортаны қозғалысқа келтіреді, ал осы үздіксіз қозғалыстың жерінен түйсінуші мүше де қозғалыс күйіне келеді Есту, көру, иіс сезу үшін аралық орта ретінде ауа және су, ал сипат сезу үшін тіл және тән болады. Сипат сезудің мүшесі-болып жанның өзі табылады. Механизмдері бойынша бір түйсіктер биологиялық мәні жөнінен ажыратылады: түйсік жанасу кезінде өмір үшін абсолютті түрде қажет. Сондықтан сипат сезу ең негізгі түйсік болып табылады, қашықтықта түйсіну жағдай үшін қажет.

Әртүрлі сезім мүшелеріне сәйкес келетін бес түйсіктен басқа, Аристотель жалпы сезімді бөлген және оған бірнеше қызметтерді жатқызған: жалпы сапаларды қабылдау (қозғалыс, фигура, тыныштық, сан, өлшем, бірлік), біздің түйсінуге, қабылдауға, салыстыруға және түйсіктерді заттың бейнесіне біріктіруге ие екенімізді сезіну. Жалпы сезімге сәйкес мүше жоқ, ол жанның өзі болып табылады.

Түйсіну тікелей шынайылыққа ие.  Түйсіктердің сақталуы және қайта құрылуын ес береді. Естің үш түрі ажыратылады: төменгі-алынған түйсіктерді заттардың көшірмелері түрінде сақтау, оған барлық жануарлар ие, ес өз мағынасында-бейнеге мінездеме қосылатындығымен, яғни оған деген өткенде бір болған нәрсеге сияқты қатыста қараумен ерекшеленеді, бұл ес барлығында бола бермейді, ол тек уақытты қабылдау қабілетіне ие жануарларда бар; және үшіншісі пікір қатысатын еске сақтау процессі ретіндегі жоғарғы ес. Бұл тек адамда ғана бар. Бұның себебі, есте сақтау қандай да бір силлогизм бар: егер кімде-кім бірдеңені көргенін немесе естігенін, бұрын басынан өткенді есіне түсірсе, ол тұжырым жасайды-бұл танымның  қандай да  бір түрі болып табылады. Бұл қабілет еркін түрдегі қажет ету қабілетіне ие болатындарда ғана бар, басқаша айтқанда еркін таңдау-бұл қандай да бір қорытынды шығару. Еске сақтау бұл ескіні белсенді түрде іздеу және ол қазіргінің  ізделінетін ескімен қандай да бір қатынастарды орнату арқылы жүзеге асады. Шынында мәселе ассоциация механизімі жөнінде, бірақ Аристотель бұл терминді бермеген.

Еске сақтағандардан тәжірибе қалыптасады, тәжірибеліктен ғылым және өнер бастау алады. Бірақ тәжірибеліктің өзі жалғыз нәрсенің шегінен шықпайды. Келесі танымдық қабілет-қиял немесе  фантазия-елестің құрылуына негізделеді. Елес-сезім мүшесінің сыртынан сәйкес ықпалсыз энергиясы. Қиял түйсінуден бастау алады, бірақ ол түйсіну емес: елесте алғашқылардың мазмұны жалпыланады. Аристотель қиялға ерекше мән берген: жануарларда ол ойлауды алмастырады; адамдар сондай-ақ  көптеген жағдайларда осы бейнелердің негізінде әрекет етеді. Бұл олардың ақыл-ойының кейде құмарлықпен немесе аурумен, немесе ұйқымен тұмандалуының салдарынан болады. Елеске қатысты, Аристотель түс көру туралы ілімін дамытады, және оларды материалистік  тұрғыдан түсіндіреді. Қиялдың жалпыланған бейнесі ойлаудың негізін құрайды. « Қиялсыз ешқандай  пікір мүмкін емес».

Ойлау пікірлердің құралуымен сипатталды. Елестерден өтіп жалпыға жетеді. Түйсіну арқылы «қайдағы бір және қазіргі» қабылданады. Елес жалпы туралы білім береді, «ал жалпыны сезімдермен қабылдау мүмкін емес, басқаша айтқанда ол қандай да бір өмір сүрмейтін, әйтпесе ол жалпы болмас еді. Ал жалпы деп біз әрқашан және әр жерде бар нәрсені айтамыз».

Ойлау мүшесі ретінде тек адамға ғана тән және ешқандай тән мүшесіне байланспаған жанның бөлігі-нус болып табылады. Аристотель төменгі және жоғарғы ойлауды ажыратқан. Төменгі ойлау-бұл пікір немесе жорамал, онда бірнәрсе туралы қандай да бір тұжырымдама жоқ, ештеңені зерттемейді; онда ішкі қажеттілік жоқ, «неге?» деген сұраққа жауап бермейді. Дегенмен, белгілі бір жағдайларда ол қажет. Төменгіге қарағанда жоғарғы ойлауда әрқашан қажеттілік болады, яғни шындықтың соңғы негізін ашу. Оның объектісі болып заттардың негізгі, ғылымның  жоғарғы принциптері болып табылады. Жоғарғы ойлаудың үш түрі бар: ойлаушы, логикалық, дискурсивті ойлау, яғни бар алғышарттардан тұжырым жасау  мүмкіндігі, интуивті-негіздер мен даналықты табу мүмкіндігі – ең жоғарғы ойлаудың  ең жоғарғы типі.

Ойлаудың неге бағытталатынына қарай ақылдың 2 түрі ажыратылады: теоретикалық және практикалық. Теоретикалық ақыл болмысты сал күйінде таниды. Бұл-ғылым. Оның заты-қажеттілік. Мұнда не үшін, қандай мақсатпен деген практикалық сұрақтар қойылмайды. Оның міндет-заттар жөнінде шындықты қалыптастыру. Практикалық ақыл іс-әрекетке бағытталған. Оның көмегімен  әрекеттің нормалары мен принциптері танылады, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың тәсілдері танылады. Практиклық ақыл шешімдерді қабылдауды шарттайды, оның негізінде қылықтар жүзеге асырылады. Ойлаудың екі типі – теоретикалық және практикалық деп шектелуінде теоретикалық білімнің практикалық белсенділікке қарсы қою көрінеді.

Информация о работе Даму психологиясы