Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін « күзетші пункт»деп атайды. Осы күзетші пунктерде  біздің бұрын қабылдаған, көрген, істеген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені осы кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс  әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады.

Ұйқы кезіндегі ғажайып фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынты-ғынан құралған. Бұлардың негізгі – адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. Ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктиің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті, организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жұмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамнан түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, булығады да.

Түс көрудің мазмұны адамның көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. « Егер иттиң түсіне сүйек кірсе, саудагердін түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естиімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер  кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм,есту т.б. ) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері  кіре береді. «Барлық адамдардың түсі,-деп жазды И.П.Павлов, – бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Түс көруді  ұйкыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.

Пассив немесе ырықсыз қиял адамның кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи: қабырғалардағы даққа, үйілген күлге, бұлтка қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі – ырықсыз қиялдың мысалдары.

Қиялдың екінші түрі  а к т и в  қ и я л  деп аталынады. Бұл қиялдың шарықтап дамуының жоғарғы сатысы, адамның шығармашылық әрекетімен тығыз байланысып жатқан  түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталады. Актив қиял қайта жасау, шығармашылық қиял, арман болып үшке бөлінеді.

Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын  қ а й т а  ж а с а у  қ и я л ы  деп атайды.

Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болу қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы-көркем әдебиет кітаптарынан оқу. Бірақ, тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек «қызық» жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, елестегендей болып отыру қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Абай» романың қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрли оқиғалар оның көз алдында елестеп, галлереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл-қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында  тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін естігендей де болады. Өзін романның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.

А.С.Пушкин Полтава соғысын тамаша суреттеп бере алған. Осы жолдарды оқыған адам қиялымен соғысты көріп, ондағы адамдардың қимыл- қозғалысын естіп отырғандай болады:

 

«Шарқ ұрып шойын шарлар, қырып-жойып,

Тепсіне түскен жерін түседі ойып,

Кетеді шоршып-қарғып, домаланып,

Шорылдап шомып қанға зәрені алып

Түйрескен,тілгілескен швед пен орыс

Ақыры қаһарланған қатал соғыс.

Соғылған барабандар,айқай-сүйрен,

Ыршыған, алас ұрған, дүркіреген,

Бір жақтан зеңбіректер қаһар шашқан

РҒаламат ажал-дозақ араласқан».

 

Көркем суреттеулер адамда қиялдың бірнеше түрлерінің (көру, есту, иіс т. б.) қатарынан жұмыс істеуін қажет етеді. Жоғарыдағы үзіндіге байланысты қайта жасау қиялын тәрбиелеудің екінші шарты, оның тамаша мектебі – географиялық карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балағаталай алыс жерлерді көргізіп отырады.

Эксперименттик зерттеулердің бірінде географиялық картамен  жұмыс істеу оқушының ой белсенділігіне, түрлі объектілердің арасындағы (байланыс-іліктестікті) ұксастық айырмашылықтарды іздей түсуге, түрли кеңістіктен бағыт-бағдар іздестіруге себепші болатындыіы, сөйтіп қайта жасау қиялы адам психикасын активтендіре түсетіндігі анықталған.

Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау  арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды атайды. Жазушының, суретшінің, ғылымның, композитордың т. б. қияли шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял - қайта жасау кқялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Кұнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артисттердің т.б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К.С. Станиславский: «Артисттің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой- толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,-дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер – Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілмен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтын өзіндегідей көзкараспен қарайды. Бұл – шығармашылық қиялды өте бай адамның қолынан келетін қасиет.

Ақын-жазушалар қиялы арқылы өзінін келешек «кейіпкерлерін» көреді, олардың мінез-құлықтарын «елестетеді», сөздерін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл-күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатканын көрсе, өзін сол адамға ұксататындығы соншалык, - өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен. Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын ала орасан зор жұмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л.Толстойдың айтудынша, «Соғыс және Бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамнын творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығу мүмкин емес. Абай мұны өте дұрыс көре білген.

 

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?».

 

Бұл өлеңге Абай «қиынан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың шығармашылық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.

Ғалым үшін де шығармашылық қиял өте қажет. Шығармашылық қиял ғалымның шығармашылық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда,  эксперимент жұмысын жасағанда тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске нағыз берілушілік-нағыз ғалымға тән қасиеттер. К.Маркс айтқандай ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».

Шығармашылық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С.Макаренко айткандай: «жеке адамның келешегі жобалауда» мұғалім шығармашылық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

Актив киялдын ерекше бир тури – а р м а н. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял үрдісі. Арман шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы.

Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екенді қатты ескерілуі қажет.

Орыстың белгілі демократ, публицисі Д.И.Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін өте маңызды өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғак қиял болар еді. Мәселен, А.И.Купринниң «Жекпе жек» повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, құрғақ қиял: «Ромашов өзінің бұл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін, бастықтардың ақырып-жекірген түрін көргенде  жаны түршігеді. Тек қайдағы бір жоқ қиял басынан айналдыратын  кезде ғана оның жаны біраз  тыншиды. «Түк те емес! Өмір әлі алдымда!» деді ішінен Ромашов, сөйтті де өз ойына масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай жүріп кетті. Ерегестіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойыңа алғанына қолың  жетеді, тек өзіңе өзің берік болсаң болғаны. Жаттаймын күні-түні демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды үздік тапсырамын. Сонда жұрттың бәрі-ак: «таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай болатынын күні бұрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?»- деп.

Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол,оқымысты офицерімін деп санады. Оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған. Профессорлар оның келешегі зор деп үміттенеді, академияда қалуды ұсынады,жоқ ол қалғысы келмейді,ол стройға бармақшы. Ротаға командашы болу мерзімін бітіруі керек,әрине,өз полкына баратынына да сөз жоқ. Міне, ол полкқа келді-тамаша,кішіпейіл ,ақжарқын, сүйкімді, әдепті, өткен жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суреттен көрген офицерлерге ұқсайды…

Бас штабтың жанып тұрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп өрлей береді. Подпоручиктің қиялында маневрлер көрінеді, ереуілдерді басуға қатысады, соғыстағы ерлік істері елестейді…”Үйіне қалай келіп қалғанын өзі де сезбей қалды, қызу қиялдан есін жинап алып, өзіне таныс қақпаға, сиректеу өскен жеміс бақшасына ,оның ар жағында, бақшаның түкпірінде тұрған кішкене ақ үйге таң қала қарады:

-Адамның басына неше  түрлі ой келе береді екен-ау! - деді ол, өзіне-өзі ұялғандай  сыбырлап. Мойнын созып, кеудесін  керіп, иығын көтеріп, келе жатқан  бетте, басын мойнына тыға қойды”.

Осы үзіндіде енжар, селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелген. Мұндай адам жарқын болашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткендей мүлгіп отырады да қояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасірет дегендерді білмейді, қиялдағысын тілегі орындалғанға ұқсатып жүре береді. Ромашов секілді адамдарды «құрғақ қиялдаушылар» деп атайды.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігіттің дәрмены жоқ» деп өте тауып айтқан.

 

9-дәріс

Тақырыбы: «Қиялдың жасалу жолдары»

          Жоспар

1.Қиялдың жасалу жолдары

2.Қиялдағы дара айырмашылықтар  мен қиялдың дамуы және оны қалыптастыру

 

Қиялдың жасалу жолдары

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана – суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.

Информация о работе Даму психологиясы