Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Біздің концепциямызға сай, тұлғаны жүйе-стильдік әдіс бойынша зерттеу өзін-өзі бағалаудың екі жақты карталар ретінде жүзеге асады. Оның бірінші өлшемі - тұлғалық қасиеттер (құндылықтар, ұстанымдар, бейімділіктер және т.б.), ал екіншісі - өмір сүру әрекетінің түрлері (тұлға қалыптасатын жағдайлар). Біздің жеткілікті дәрежедегі кең психодиагностилық тәжірибеміз көрсеткендей, сол не басқа тұлғалық ерекшеліктері көрінетін индивидтің өзінің өмірлік мәселелері мен жұмысының түрлерін белгілі бір түрде реттеу (жіктеу, ранжирлеу және т.б.) бұл индивидтің тұлғасы жөнінде пікірлерді білдіруге жоғары ақпараттық және оның өмірлік жолын және кәсіби дамуын болжауға жоғары дәрежелі валидті болып табылады [22]. Сонымен, тек диагностикаға ғана емес, сонымен бірге тұлғаның дамуына қатысты маңызды мәселе бар.Өмір сүру стилі аясында тұлға және өмір сүру әрекеті деген екі түрлі құбылыстарды біріктірудің теориялық негізі бар ма екен? Олардың бірегейлігін, тіпті «туыстығын» көрсету үшін тұлғаның жаңа түсініктемесінен шығуы керек.

  1. Адамның тұлғасы – бұл оның өмір сүру әрекеті тәжірибесінің едәуір жалпыланған және дамушы жүйе. Сондықтан да тұлғалық ерекшеліктерінің  адамның жекелік тәжірибесін жоғарылататын білімдермен, ептіліктермен, дағдылармен бірлігін көруге болмайды. Тәжірибелердің аталған әртүрлі формаларының арасындағы принципиалды айырмашылық – жалпылау процестерінің мазмұны мен бағыттылығында.
  2. Тұлғаның құрылымға келтірілуі – адамгершіліктің, мотивациясының, танымдық стилінің, эмоцияналдылығы, әрекеттерді еріктік басқару және т.б. сол не басқа параметрлері бойынша жалпылаудың қалыптасқандығына байланысты. Жалпылаудың қандай да бір «аумағына» болсын кез-келген субъектілікке негізделген түрлі объекттер кіруі мүмкін: адам өміріндегі жеке жағдайлар, сыртқы объектілер немесе олардың көріністері (мысалы, түстердің түрлері, олардың қанықтығы немесе ашықтығы және т.б.), субъективті жағдайлар мен көңіл-күйлер және т.б. Жалпылаудың ерекшелігіне байланысты, қандай да бір индивид бір жағдайда мысалға, адал (еңбекқор, қарым-қатынасқа оңай түсетін және т.б.) болса, басқа бір жағдайда басқа, тіпті қарама-қайшы қасиеттерін көрсетуі мүмкін.
  3. Тұлға – дамушы және динамикалық (өзгергіш) жүйе. Оның дамуы тек сыртқы өлшемдермен, үлгілермен ғана анықталмайды. Мұнда мәселе қандай да болмасын тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы жалпылаудың кең көлемін қамтуда емес, нақтырақ айтсақ, бірдей қасиеттердің түрлі жағдайларда индивид үшін жағымды әсер беретін жағдайлардың едәуір ажыратылуында.
  4. Тұлға жеке тәжірибені жинақтау мен жалпылаудың ерекше жүйесі ретінде өзінің дамуының сыртқы детерминациясымен шектелмеген, ол  тұлғаның кейбір құрылымдарында анық көрінетін (темперамент, қабілеттер және т.б.) адамның барлық табиғи ресурстарын диалектикалық түрде қосып алады. Әрине, өмір сүру әрекеттерінің стильдік ерекшеліктерінде де бұл ресурстар өзінің көрінісін табу керек.Көптеген практикалық мақсаттар үшін тұлғалардың типтерін ажырату өте маңызды. Тұлға тұтастай өмір сүру әрекетінде толық және бара-бар түрде көрініс табатындығын ескере отырып, өмір сүру әрекетінің стилінің типологиясын құруға мақсатты түрде ұмтылады. Абстракты тұлғалық қасиеттерді диагностикалауға қарағанда стильдердің диагностикасы түзетушілік мүмкіндіктерге ие болады. Өйткені, ол белгілі индивидтің (студенттің, талапкердің, маманның) тұлға потенциалының көрінуінің жағымды және жағымсыз жағдайлар жайлы ақпарат бере алады.

Әрине, біз тұлға түсінігінің басқа түрлі психодиагностикалық құралдарды құрастыру мен қолдануға байланысты басқа да теориялық тұрғыларды жоққа шығармаймыз. Жаңа әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде нарықтық жағдайларда психодиагностикалық құралдарды ғылыми тұрғыдан талдаушы-теоретиктер мен практик-психологтар, педагогтар арасында ашық бәсекелестік пен серіктестік қатынастарға мүмкіндік туғызады.

 

 

12-дәріс

Тақырыбы:  Зейін

 

Дәрістің мақсаты: Зейін психологиясы және оның  мәні  мен  өмірлік маңызы.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: зейін, оның түрлері.

Жоспар:

    1. Зейін туралы жалпы ұғым және оның түрлері
    2. 3ейінің негізгі қасиеттері. Зейінің тұрақтылығы және жинақтылығы.

 

1.Зейін туралы жалпы  ұғым және оның түрлері

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер  шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді(бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады, т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін,  түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып басқа объектілердің ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала сының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінді психикалық үрдістердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені, адам өз өмірінің әрбір моменттерінде бір нәрсені қабылдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял үрдістері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өз ара индукция заңына байланысты  түсінуге болады.

И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындаңы алаптарда тежелу болады(теріс индукция заңы).

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1924)доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алпты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу прцестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден(мысалы, сағат магнитінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы» дейтін теориясы одан сайын толықтыра түседі.

И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап – ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жаржылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын  жақсы көрсетеді.

Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру – мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.

Зейін түрлері

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын  алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кәтапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейінде жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Онда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады.

Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы  пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімнің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).

ә)  адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, кқңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады;

1) Қандай болмасын бір әрекеттің  талабына сай зейінді бағындыра  алу үшін іс-әрекетке тікелей  кірісу қажет.

2) Үйреншікті жұмыс жағдайын  жасап алып, алаңдататын нәрселерден  бойды аулақтатқан жөн.

З) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

4) Түрлі қолайсыз жағдайларда  да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

5) Зейінді болуды өзіңе үнемі  ескертіп отыру керек.

Бір сөзбен айтқанда ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.Зейіннің екі түрі де бір – бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызықемес басқа материялдарға да зейін қояды. Алғашқы уаққытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай – ақ орындалатын зейін. Мәселен, балаға оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне  айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс – ірекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптпасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады.Егер адм жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

2. Зейінің негізгі қасиеттері. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.

Зейін жөнінде әңгіме блоғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске алады.

Информация о работе Даму психологиясы