Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Адамның зейіні бір объктіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,оны зейінің тұрақтылығы дейді.Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.

Зейінді бір жерде тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін теренінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын нықтайды.

Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңең алудың басты бір белгісі болып табылады.

Зейіннің осы қасиеттерінің оқу үрдісінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай,басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінің тиісті объектіге жинақтай алатын болады.

Ересек аламдар жұмыс үстінде зейінің 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұсқан келтірмейді. Қайта бұл секілді танығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зеіннің бірде әлсіздене, бірде күшеіп тұруын зейінің толқуы дейді. Толқу – зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам а анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейіннің тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған дқатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ  адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.

Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әректке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендінгіштерге қарсы күресу – қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдырауы, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойынкүлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық  шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілетті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні , керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірсіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, оларың жұмыста түрлі сітсіздіктерге ұшырауы  мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапарлары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсіндіруге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің  дұрыс аударылуына себепші болады.

Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқу шылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т.б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білу маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық класс коллективі мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық класты, не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан класта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «...біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен қызмет істейміз, өйткені, біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады».

Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін байланысты жасалған тәжіребелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адамбәр мезгілде (секугдтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр-түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын, 12-14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді  де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Зейін мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеіне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, спа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса. Нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін кқлемінің өсетінідігін мұғалім еске алуы қажет.

Зейін көлемі арттыру үшін мұғалім баларды комплекс заттарды байқай алуға, олрды бір объект ретінде қабылдауға машықтанғаны дұрыс.Көрнекті құралдардағы сқздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну ұшін әріптерді түрлі бояулармен безендіру қажет.Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінің көлемін қсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүесіне біргуі болып табылады.Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді  көлемә кең зейін  дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар. Көлемдісі жарамсыз қасиет емес. Әңгіме әстен дұрыс нәтиже шығаруда. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды.Мәселен, қне бойы сағат механизімімен шүқшия жұмыс істеп отырған мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғылымның зейіні де осы іспеттес.

Алаң болушылық  деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардығ зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық  сондай-ақ  адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу үрдістері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет беруге қиынға соғады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жие ұшырайды.Өйткені, олар әлі күрделі әс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейінің жоғарғы түрлері өз дәрежесінде болмайды.

Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген  кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейіні уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі-зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келгендігінен.

Зейінің дамуы және оны тәрбиелеу

Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орыдатып үйретуіне орай дамып отырады(тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т.б.).

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейінніңтүрлі қасиеттері(көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы, т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.

Мектеп-оқушылардың зейінін оқу-тәрбие үрдісінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгіорын болса, мұғалім-балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяақталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне  де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндетті – есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік-зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір дұрыс  объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейінң негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалім сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:

Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай деген: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағынан басым етіп жібермей, екі жағын теңстіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».

Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі-ерік. Сондықтан зейін тірбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.

Төменгі сынып оқушыларының нерв жүйесінің әлде де болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне  қатысы бар шаралар.

Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғапімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор, егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына , біресе класстағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.

Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кірісе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқущылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты  дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы.Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»-деп өте дұрыс айтқан.

 

13-дәріс

Тақырыбы: «Эмоциялар мен сезімдер»

 

Дәрістің мақсаты: Эмоциялар мен сезімдер туралы түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: эмоция, сезім.

Жоспар:

  1. Жеке адамның эмоциялар мен сезімдер туралы түсінік
  2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
  3. Эмоциялар мен сезімдердің ерекшеліктері және сипаттары

         

1. Жеке адамның эмоциялар  мен сезімдер туралы түсінік

Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалык прцестер (түйсік,қабылдау, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы үрдістердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам шындық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл-күйін білдіріп отырады.

Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. «Не сезіп тұрсын» деген сөйлем мағынасы психикалық таным үрдісі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ түйсік пен сезімді өзара  шатастыруға болмайды. Әрқайсысын жеке дара танымдық ерекшеліктері бар үрдістерге балау – қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке үрдістермен байланысты.

Информация о работе Даму психологиясы