Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Үшіншіден, дағдының ойдағыдай
қалыптасуына кедергі
Ал субъективтік себептерді
адамның жеке басынан
Дағдылану үсінде қандай болмасын бір ұтымды әдісті тауып алу, мұны кейіннен нығайиып бекіту – осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде болатын негізгі факторлар. Мұндайда адам: «О, мен істің тетігін енді таптым, айласына түсіндім», - дейді. Осыдан былай қарай адамда жаттығудың барысы арта бастайды, іс шапшаң орындалып және сапалы бола түседі.
Кейін дағдының нығаю, автоматталына бастау кезінде оның орындалуы көзге түсерліктей болмайды. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңінде адам неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті өрнектейтін қисық сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір дағдылардың әдістерін меңгеру тез уақыт ішінде жүзеге аспайды. Осыған орай оның қисық сызығы да бірден көтеріле қоймайды. Ал істің айласын, тетігін біліп алғаннан кейін бірден көзге түсіп, көтерілетін болады.
Осындай көріністерді желеу етіп кейбір психологтар дағды белгілі шекке дейін дамиды, одан аса алмайды дегенді айтады. «Физиологиялық шек» теориясын жақтаушылар осындай пікірлері «адамның дағдыларын жазмыш билейді» дейтін жалған түсісніктің бір нұсқасы. Шындығында адамға барлық психикалық құбылыстарын, сондай-ақ дағды әдеттерін қалағанынша дамыта алуына болады. Оның дамуы еш нәрсемен шектелмейді. Өйткені бұлардың қалыптасуы үлкен еңбекке, сан алуан жаттығулар мен қайталауларға негізделіп отырылады.
Дағдылардың өзара қатынасы түрліше жағдайда көрінеді. Кейде бұрынғы дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, енді біреулері керісінше, кейінгілерінің қалыптасуына кедергі келтіреді.
Ескі дағдының жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесуін дағдылардың тасымалы дейді. Мәселен, шет тілдің біреуін білу, екіншісін үйренуге көп жеңілдік береді. Мұның себебі бұрынғы қалыптасқан дағдының арасында ұқсастықтардың көп болуы. Олар: алфавиттегі және дыбыстардың айтылуындағы және грамматикалық ережелердегі ұқсастықтар. Осы заңдылыққа сәйкес, арифметикада қосу амалын білу көбейту амалын үйренуге, алу амалын білу бөлу амалын тез меңгеруге жағдай жасайды. Көркем жазу сабағында бала әдемі, таза, анық етіп жазуға дағдыланады. Осылайша қалыптасқан дағдыны оқушы басқа пәндерден жазатын дәптерлерге де ауыстырады. Токарь станогінде жұмыс істеуді меңгерген жұмысшы машинаның қалған түрлерінде жұмыс істеуге тез дағдылана алады.
Тасымалдау заңы әр текті дағдыларға үйлеспейді. Мәселен, заттың түстерін айыру дағдылардың сызықтардың ұзындығын немесе әрселердің салмағын айыру үшін қолдануға болмайды. Сондай-ақ жаяу жарысқа қажетті дағдылар жекпе-жек күресудің дағдысына қолайлы әсер етпейді.
Бұрынғы дағдылардың жаңа дағдылардың жасалуына бөгет келтіруін интерференция деп атайды. Дағдылардың интерференциясы екі түрлі болады. Жаңа дағдыларды қалыптастыруда бұрынғы дағдылар кедергі жасайды. Интерференцияның бұл түрін ассоциятивтік тежелу деп атайды.
Бұрынғы дағды жаңа дағды қалыптасып болғаннан кейін де өзінің кесірін тигізе беруі мүмкін. Интерференцияның осы түрі репродуктивтік тежелу деп атайды. Оқу тәрбие үрдісінің нәтижелі болуы үшін мұғалім осы заңдылықтарын біліп отыруы қажет.
Бұрын қалыптасқан дағдылар ұзақ уақыт қайталанбағандықтан не жатықпағандықтан бұзылады. Мұндай жағдайларда көбінесе құрамы өте күрделі дағдыоар алдымен бұзылатыны мәлім. Мәселен,тәжірибелі ұшқыштардың өзі көп уақыт бойы өшпаса, дербес қшудан сескеніп, батылы бармайтын көрінеді. Ұшу дағдылары өте күрделі дағдылардың бірі екендігі белгілі.
Нашар менгерілген дағдылар да тез қалыптаспайды. Мәселен, шет тілді шала білетін адам, кейін оған қайтадан кіріссе, оқу техналогиясынан үлкен қиындықтар көреді. Бірақ, қайталап жаттығудың нәтижесінде қалыптаспаған дағлыны адам қайтадан қалпына келтіре алады.Осы момені Л.Н.Толстой «Анна Каренинада» шалғымен шөп шабу дағдысын жоғалта бастаған Левиннің басынан жақсы байқай алған: «көптеген адамдар шалғы шапапағандықтан, өзіне қараған жұрт көзінен де қысылып, алғашқы сәтте қатты сілтегенмен нашар шапты. Левин... қалайда тәуір шабайын деген оймен... «қолымды құлаштай бермей, бүкіл кеудемді сала сілтейін», -деп ойлады... Тағы да екі сала шауып шықты... Қазір жұмысында, өзіне бір орасан рақат сезілген өзгеріс те басталатын деді. Жұмыс үстінде тіпті не істеп жүргенін де ұмытып кеткен сәттері болып, ондайда өзіне оп-оңай соғып, сол сәттерде шапқан саласы да Тит саласындай тегіс, жақсы шығып отырды. Бірақ не істеп жүргенін еске алып , тәуірірек істейтін деп, тырыса бастаса-ақ болды, еңбектің де бар салмағын дереу сезіп , шапқан саласы да нашар шығып отырды... Левин неңырлым шаба тускен сайын, өзін-өзі ұмытқан сәттері де соғырлым жиі сезіп, соның тұсында қолы да шалғы сілтемей, қайта өзін- өзі сезінген өмір толы денесін шалғынның өзі қозғап, ой жұмсалмай, тылсым бойынша істеліп жатқанын, жұмысы да өзінен-өзі дөп түсіп, дәл істеліп жатыр. Ол бір ең рақат минуттар болатын. Сол өзін ұмыта сілтеген қимылды қойып, ойлай керек болса-ақ, қиындай да берді, қиындағанда не шоқаттарды, не оталмаған атқұлақтарды шапқан шақтар да қиындады... Бұл жүріс өзгерістері Левинге де, соның соңындағы жас жігітке де қиын тиді. Ол екеуі де бір түйіле қимылдап, жұмысқа қыза кірісіп алған соң-ақ, қимылдарын өзгертіп, алдынғы жақта не болып жатқанын қоса бақылау дегенге шамалары келген жоқ»
Психологиялық эксперименттердің нәтижелері кейбір күрделі дағдылардың белгілі даму дәрежесіне жеткізілмеуі олардың бұзылуына себепші болып отыратындығын байқатады. Мәселен, балалар бақшасының жоғары тобындағыларды жазды күні кеспе әліппенің кейбір элементтерімен таныстырып, екйін күзде олардың сол үйренгендерін байқап көргенде балалардың бұрын білгендерін ұмытып қалғандары байқалған. Балалар бақшасында хат тану негізгі міндет болып есептелінбейді де, оның үйретудің методикасы мектептегіден әлдеқайда төмен болады. Балалардың бұрын білгендерін кейін ұмытып қалуына да осы жағдай әсер еткені сөзсіз.
Дағдылардың бұзылуының жеке көріністерінің бірі де автоматизация. Мұны дағдылардың босансуы деуге де болады. Мәселен,емле ережелерін жақсы білетін адам диктант жазған кезде, сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп отырады. Мұңдай кезде оның дағдысы бұзыла бастайды, тез жаза алмайды, кібіртіктей береді.Мұндай жағдай баланың осы дағдыны тек бір жолмен үйренгендігін көрсетеді. Егер бала мұның толып жатқан тәсілдерін білсе, үйренгенін ретімен қолдана біледі.
Адамның түрлі аффект жағдайларында жасалған дағдыларды да содай-ақ жеңіл менгерілгендерді де бұзылуға тез ұшырап отырады. Дағдылардың осылай бұзылып, тіпті жоғалып отыруы олардың автоматталу дәрежелесінің әр түрлігінен болады. Мәселен, жүру, жүгіру, аяқ-қол қимылдарының автоматталынуы оңай болса, спорттық дағдылардың автоматталу жолы өте күрделі болып келеді. Соңғылары арнаулы жаттығулар мен қайталауларды көп керек етеді. Сол секілді ақыл-ой дағдыларының автоматталынуы да өте күрделі жаттығуларды керек етендіктен, бұлардың қалыптасуына да көптеген қиыншылақтар, осыған орай бұзылулар жиі кездеседі.
Дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды, сондай-ақ әдеттерді автоматизмдер деп атайды. Адамда туысынан пайда болатын автоматизмдермен (жүрек пен ішектің қозғалыстары, дем алу үрдісі т.б.) қатар өмір сүру барысында қалыптасатын автаматизмдер (жүру, сөйлесу, киіну, ішу т.б.) болады.
Дені сау адамның авиоматизмінен патологиялық (нерв жүйесінің қызметіне зақым келген жағдайда) автоматизмді ажырату керек. Соңғысы сананың бақылауынан түгелдей шығып кеткен қозғалыстар. Бұған мәселен, ұйқы кезіндегі адамның жүруі, бұлшық еттердің дірілдеуі, дененің жеке мүшелерінің селкілдеуі, тілін шайнау, ернін тістеу т.б. осындай патологиялық автоматизмдер жатады.
Дағдының дамуы және оны қалыптастыру
Жаңа туған балада біраздан кейін шартты рефлекстер қалыптаса бастайындығы өткен тарауларда айтылады. Мәселен, белгілі уақытта тамақтануға үйретілген бала (әрбір үш сағат сайын емізу) екі-үш жетіден соң осы мезгілі болғанда ғана реакция беретін болады. Бұл жағдай балада қалыптаса бастаған қарапайым дағдының көрінісі. Отыру, еңбектеу, аяқты қаз-қаз басу, жүру, сөйлесу т.б. бұл айтылғандар да баланың алғашқы дағдылары. Кейін осылардың көпшілігі автоиатталынып оның әдетіне ауысатын болады.
Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілмен ұйықтау, ойнау т.б.) машықтанады. Бала дағдыларының дамуын үлкендер қадағалап отырмаса, кейде олар ұнамсыз әдеттерге айналып кетуі де мүмкін. Мәселен, кейбір балалардың ылғи да саусағын соратыны, тербеткенде ғана ұйықтайтыны осындай өз бетімен жіберілген дағдылар. Баланың дағдыларын дамытуда оған әуелі жақсы үлгілер көрсетіп, сонан кейін ғана оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтиже береді.
Баланың мектепке түсуі оның дағдыларының белгілі жүйемен дамып отыруына мүмкүндік туғызады. Мұғалім балаға жазу, оқу, есптеу сияқты күрделі дағдыларды үйрете бастайды. Осы айтылғандарға дағдыландырудың бастапқы жолы жаттығу жұмыстарынан басталады. Жаттығу жұмыстарында ережелер түсіндіріледі. Бұдан кейін бала ережені іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Мұғалім сан алуан әдістер мен арнаулы жүйелердің ең тиімді дегендерін таңдап,оны бала дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мұғалімнің бар шеберлігімен ірге тасы дұрыс қаланса, соғұрлым жақсы, тыңғылықты бекитін болады. Баланың ережені жақсы түсіне алуы, практикада қателеспей пайдалануы, онда дағдының орныға бастағанының белгісі. Енді осы айтылғанды мысал арқылы түсіндіріп көрейік. Мұғалім балаға «а» әрпінің жеке элементтерін қалай жазуға керек екендігін егжей-тегжейіне дейін айтады. Кейін мұны балалардан сұрайды.Олар мұны қалай жазатындығын айтып ережені қайталайды. Бала осы әріптің әлементтерін жазуға кіріседі. Бұл аса жауапты кезең. Бұл кезең – Білімді тәжірибеде көрсете алу кезеңі деп аталады. Әріптің жеке элементтерін жаза алу баланың өз бетімен саналы әрекет жасау алуының көрінісі. Бірнеше рет қайталап жаттығудың нәтижесінде бала әріптің жеке элементтерін біріктіреді де одан бір тұтас әріп шығарады. Сөйтіп, бала осы әріптің жазу дағдысы меңгереді. Қалған әріптерді меңгеруге де осы жолмен жүріп отырады. Мектеп дағдыларының қалыптасу жолы өте күрделі. Мәселен, оқу дағдысы дыбыстан буынға, буыннан сөзге, сөзден сөйлемге, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемге т.б. ауысып отыруы секілді ұзақ жолды керек етеді.
Бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың оқу,жазу, есептеу дағдыларымен бірге жалпы дағдыларын (мұғалімнің айтқанын тыңдай білу, сабақта тыныш отыру, тәртіп сақтау т.б.) еңбек дағдыларында да (қағаздан, шүберектен, пластилиннен т.б. материялдардан қарапайым бұйымдар жасау) әрбір кластың және мұндағы баланың дара ерекшеліктеріне қарай қалыптастырып отырады. Оқушыларды дағдыландырғанда мұғалімнің үйрету методикасының артуы, балардың қатесін үнемі сезе біліп, жндеп отыруы, олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың білім нәтижесін дұрыс бағалауы, қатан талап қоя білуі, бастаған істі аяқтап үйрету т.б. ерекше маңыз алады.
А.С.Макаренко Бұл жөнінде былай дейді: «Біздің міндетіміз-мінез-құлық мәселеріне деген дұрыс және ақыллға сыйымды қатынасты тәрбиелеу ғана емес,сонымен қатар дұрыс әдеттерлі, яғни әдейі ойланып отыруды керек етпейтін,қайта онсыз еш нәрсе істей алмайтындай әдеттерді тәрбиелей білуіміз керек». Әдеттерді тәрбиелеуде ата-аналар мен тәрбиешілер арасында бірінғай талап болмайынша істің оңға басуы қиын болады.
11-дәріс
Тақырыбы: «Жеке адам және оның бағыт-бағдары»
Дәрістің мақсаты: Жеке адам және оның бағыт-бағдарын қалыптастыру
Тақырыптың негізгі ұғымдары: жеке адам және іс-әрекет.
Жоспар:
Белгісіз нәрсе мақсат бола ала ма? Егер мәселе жеке адамның өміріндегі тұрмыстық мақсаты жайында болса, мұнымен келісуге болады. Егер қоғам үшін маңызды процесс, жоғары білім мақсаты туралы айтсақ ол маңызды мәселе. Жоғары білімнің басты мақсаты ретінде тұлғаның сәтті дамуы психологиялық зерттеудің пәні ретінде тұлғаның мәніне ғылыми енуінің деңгейіне өте қатты байланысты. Сонымен мұнда тек теориялық емес, сонымен бірге ғылыми-қолданбалы, практикалық аспектінің мәні де зор. Соңғысына ең алдымен тұлғаны диагностикалау жатады. Тұлғаны диагностикалаудың нақты әдістерінсіз нәтижелі бақылау және өзін-өзі бақылауды, сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуын анықтау қиынға түседі. Кез-келген тұлғаның теориясы диагностикалық тәжірибесіз және т.б. жасалмайды [2; 9; 19; 36]. Біздің елімізде жарамсыз ғылыми бағыттарды қудағалаумен, әсіресе 1936 жылы педалогия мен диагностикалық тестілеуге тыйым салумен байланысты қиын жылдар тұлға психологиясының дамуына да кері әсерін тигізді. Осы саладағы атаулы келеңсіздіктер көрсеткіші тұлғаны зерттеудің отандық әдістемелердің жеткілікті деңгейде өңделмегендігінен, практиктердің шектен тыс валидтілігі жеткілікті деңгейде емес шетел әдістемелеріне сүйенуінен көруге болады.
Тек тұлғаның жалпы психологиялық теориясы тұрғыдан жіктеуді айтпағанда құруға ғана емес, сонымен бірге оның практикалық мақсаттарда қолдануға кедергі болатын кейбір қиындықтарды атап өтейік: