Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

4. Қызығулар

Қызығу – шындықтығы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты және ерекшелігінің көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды електіріп өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның үнемі футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын,  біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.

Қызығулар да бейімдіктер сияқты балалардың кішкентай кезінде байқалады. Мәселен, кейбір балалардың кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың естерті машина болып, уақытының көбісін соның жанында өткңзеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы балалар мектепте физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді.  Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол өң алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н.В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, «Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қғаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білім терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың жөндеп көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы – оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз адамның рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес»  деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез-келген нәрселерге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз,тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болсын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.

Қызығулар өзнің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу, өнеріне т.б. орй бөлініп жатады.

Адам объектіге мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы неәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның іс оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады.

Адамдардың қызығу саласыедағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамның саяси-қоғамдық мәселерге қызығатын болса, екінші біреулері эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар  аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.

Қызығу  баларда алғашқа кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды.Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығыларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбіне  баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ, қызығулардың беімдіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді беімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрәкетпен айналысуы қажет. Мұғалім балардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.

5. Дүниетаным,  сенім  және мұрат

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идиолизмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік  дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат – дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шыныдықты көре-тұра бұрмалау, пессимизмге салыну – керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.Дүниетанымның негізгі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кімелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойылған мақсатының айқын болуы, дүнетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.  Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденең кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гоголь тамаша крсеткен: «Әрі-сәрі адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адам екенін түсіне алмайсың, қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес». Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштсқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-сенім. Сенім–пікір талас, көзқарас қақтығысынды, имперализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп, пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терң, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім-пікір талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп, пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терң, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім – кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім – дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болсасолай, жеңіл «меңгеретіндер» туралы болып отыр), әрине ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне құйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білм ғана адамның дүниетанымына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы,айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар-ұятымен жүріп тұрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қатесін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ осы ағаттығын  адамгершілікке жатпйтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін монына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі – м ұ р а т (идеал). Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеу, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу – бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттерінің бірі – талғам.бьұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позисиясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстеп тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-құла, көзге қораш киінуін талғамы дұрыс талғамдұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.

Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады.Бірақ мотивтердің кез-келгені осындай пәрменді бола бермейді. Мән мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгіртболып көрінетін мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар (установка), фрустрация, елігу, стериотиптерді жатқызуға болады. Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен, грузин психологі, академик Д. Н. Узнадзе (1886-1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден жақсы байқалады. Салмағында айрмасы бар екі шарды қолымен 10-15 ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды. Тәжірибенің негізгі мәнісі де осында. Салмағы бірдей екі шарды осылайша теріс қабылдауы (иллюзия) – оның алдыңғы қабылдауындағы субъективтік жағдайына байланысты туған. Мұндайда адамдардың зейіні қабылдайтын заттың өзіне емес, сол зат туғызатын сезімге, көңіл-күйіне алып кетеді. Осы тәжірибеде де бір-біріне тең шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай жайттан туған.

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші сынып оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушылардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің, тек мұғалім жөнінде жай бағдардың көрінісі.

Адам қажетін өтеу үстінде неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын соңды өзіне кезікпеген кедергіні алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа болған жан күйзелісін, психологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Мұндайдан кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көрініс жас өспірімдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма берсе, оны әлі келмейтін нәрсеге орынсыз қинамаса, онда фрустрациялық күйдің орнығуына жағдай тумайды.

Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған құрамдары. Бірақ, мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді.

Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығуды, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдассыз болып бөлінбейді. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар  ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге  жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б. жатады. Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарындашты аузыға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т.б. жатады. Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп өте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің өзі пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша ,адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. Егер адам өзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайланып, көңілі рақат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген нақыл осы сөзден шықса керек. Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбей қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтылып отыр.

Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі - балалық шақ әсіресе, мектепте дейінгі дәуір. Балардың кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себепші болады. Мәселен, кейбір семьяларда бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды әдеттерден баланы арылту жағын қарастыру қажет. Әдеттерді белгілі бір мағынасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады, олар: адамгершілік, немесе моральдық (әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу, уәдеде тұру т.б.), мәдени мінез-құлықтық (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау т.б.), гигиеналық (тамақ алдында қол жуу, тап-тұйнақтай болып жүру т.б.), еңбек, ақыл-ой әдеттері. Осы айтылған топтардың ішінен ұнамсыз, нашар әдеттердің де бірнеше түрлерін кездестіруге болады.

Атақты ағылшын драматургі В.Шекспир (1564-1616): «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: «жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет-борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімімен азап шегеді»,-дейді.

Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне  ми қабығында бекіп қалыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стреотиптер жатады. Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализаторында жасалған уақытша нерв байланыстарының жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы қажет болып отырады. Мәселен, екінші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т.б.) екен тәжірибеде жинақталған қимыл-қозғалыстардың тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар дағдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді. Әдеттер де физиологиялық тұрғыдан ми қабығындағы динамикалық стереотиптің бір көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық  қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бірге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болып отырады.

Дағдыны қалыптастырудағы жаттығудың маңызы.

Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Мәселен, мылтық атып дағдылану үшін түрлі ату әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу әдістерін меңгеру керек болады.

Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді. Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ.. Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да ие болу қиын. Адамның дағдыға машықтана алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.

Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесін үнемі біліп отыруға байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен уақыттың азаюынан, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің болмауынан, орынсыз шұғылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді. Мәселен, белгілі амалды қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі туралы, орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері туралы есеп берсе, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ дамитын болады.

  Екіншіден, дағдыланушы адам  жаттығуға біртіндеп кіріссе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренуге өзінің қатынасын жақсартса, үйрететін дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез қалыптасып, сонынан берік орнығатын болады.

Информация о работе Даму психологиясы