Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
Сезім – адамның өзіне,өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де коғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын коғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоциларды айыра білу кажет.
Эмоция-дегеніміз, адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинкттерінен байқалады.
Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан вегетативтік нерв жүесінде жүріп жатқан физиологиялық үрдістерден болатынын көрсетті. Эмоциялық үрдістер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық тебіреніс кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді.
И.П.Павлов ми қыртыстарының эмоция мен сезімдердің барысы мен көрінісін реттеп, денеде болып жататын барлық құбылыстарды қадағалап отыратынын дәлелдеп берді.
Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысына екінші сигнал жүйесі әсер етеді.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – карама-карсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым, т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды.
Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік, т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы турғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы кинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіргендіргіштерімен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан калады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктершнің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен біліміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның тәжірибелік әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыру керек. Эмоциялар мен сезімдердің адамның дүниетанудағы алатын орнын Н.А.Рубакиннің (1862-1946) «Кітаптар әлемінде» (М., 1913) атты кітабына берген резенциясында «адамның шындықты іздеуі «адам эмоциясынсыз» еш уақытта болмағанын, жоғын және болуы мүмкін емес» деп өте жақсы көрсеткен.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар белсенді әрекетке азды көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену,үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік – оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы . Ч.Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі.
3. Эмоциялар мен сезімдердің ерекшеліктері және сипаттары
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлбеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамға байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тарылып,түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп-қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі-тынышсыздану, ауыры-үрейі ұшу т.б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.
Күрделі эмоциялар
Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбең кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып журген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадымен күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай барсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады.Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу —мұғалім үшін аса қажетті сипат. Төменгі класс оқушыларының мұғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материялдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу. Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу үрдістерінің өте күшті болуымен байланысты.
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл – адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек Ашу дұшпан, ақыл-дос, ақылына –ақыл қос» мақалдардың тағылымдық маңызы ерекше. Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе. Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп атайды. Латын тілінен аударғанда –көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, көңілі құлазып,бойын ашу-ыза кернейді,қайғырып күйзеледі. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік,кейіс пен қаһар Жоғары сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер тудырады
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін,өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі - эмпатия. Жанашырлық сезімнің мән-жайын психологияда ашып көрсеткен – американдық психолог Эльконин.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік тугызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол»,— деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсетеді.
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымында күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке жеңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау – адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау – адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз сонымен бірге айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша – кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады». К.Маркс ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы екен. Абай екі түрі бар дейді: оның бірі —надандықтан туатын, екіншісі —жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалы мен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ұжданы көтермей, қатты қиналады да, бұлаоды орындай алса, оған жаны рахаттанып масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның ұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, көріксіз нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді». Эстетикалық сезімдер сондай-ақ сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззәт алуға да байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету». Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын С.Торайғыров былайша сипаттайды: «халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып... тарқайды».