Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті  күйдің қандай тас көңілді  болса да жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, адамды ләззәтқа бөлейтінін айтып отыр.

Эстетикалық сезімдердің мазмұнын да қоғамдық-әлеуметтік  жағдайлар билейді. Н.Г.Чернышевский мұны төмендегідей  әсерлі сөздермен жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бұраң белін, қиылған қасы мен бұраң белін,  қиылған қасы мен оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді. Н.Г.Чернышевскийдің айтып отырған сұлулық жөніндегі пікірлері қарама-қарсы екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі сұлулықты, көркемдікті барлық адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуірге, нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.

Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интеллектік сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану үрдістерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. сезімдер жатады.

Сезімнің осы түрлері оқу үрдісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззәт беретін жаңалықтар  ойлап табуда пайда болады.

 «Адамның көңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, білім-ғылымның  өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». Жүрдім-бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені, ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді. Интеллектік  сезімдер адамның сана-сезімінен орын алса, кісінің шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем  байлайды.

 

 

14-дәріс

Тақырыбы: «Ерік»

 

Дәрістің мақсаты: Ерік туралы жалпы ұғымды қалыптастыру

Тақырыптың негізгі ұғымдары: ерік.

Жоспар:

1. Ерік туралы жалпы ұғым

2. Еріктік амалды талдау.

3. Ерік сапалары.

 

  1. Ерік туралы жалпы ұғым

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талап-тандыратын бір түрткі болатындығы.мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Қез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив — оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына  түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін  түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы  дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгергісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: қөздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-козғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауғе байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білгеннен жақсы байқалады. Мәселен, үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін туру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жену керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (баска адамдардын кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек енбек ету арқылы ғана адам амалдарын кимылдарын көрсетіп, түрлі  қажетте-рін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасынын, яғни сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарынын, әсер етуінен көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда ар қилы, эр түрлі жағдайда бір қилы әрекет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан «не тілесем, соны істеймін» деген сөзді жиі естиміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының өкілдері осындай жеке пікірперге тас кенедей жабысып:«Адам не істеймін десе де ерікті, өз қылығына өзі қожа»дейді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір. Себеп дегенді білмейді, ешбір  материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш, - дей адамның барлық әрекеті, мұның ішінде еркіде, нактылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байлшінысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысынын бірі болып есептелінетін психикалық  үрдіс деп түсінуіміз қажет.

Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік  табиғатын И.М. Сеченовтен кейін зерттеген И.П. Павлов болды. И.П. Павлов және оның шәкірттері басқс анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл қозғалыстың «басталу белгісі». Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын   реттестіреді. Қозғалыс анализаторының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клеткалары бар. Бұлар нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторын құрайтын нерв талшықтарын пирамидалық жол деп атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл- қозғалысының берекесі кетеді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.

И.П. Павлов «...еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағынатын шарты ассоциативтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принципінің заңыны орайлас түсіндірді.

Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз – еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастауда, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау- бірінші және екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.

Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты көрініп отырады. Мәселен, адам жазу үшін стлодың үстіндегі  қарындашты қол созып  алады. Әрине, бұл да саналы және белгілі мақсатқа бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті, ойланып істелген қылық болса да ) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін-өзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді.

2. Еріктік амалды талдау

Ерік қимылы адамның даму үрдісінде біртіндеп жетіліп,  қалыптасатын күрделі үрдіс екендігін жақсы көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мекткепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсетін талабы бар дейік. Оқушының бұл  мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез-келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.

Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін,  жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем» т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған.  Дегенмен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. «Тілектің алдын-артын  тексеріп үйренген адам  балалықта ебдейсіз, еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы» (М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған.

Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде «Қалай істеу керек?» , «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген  сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материал жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін,  жұмыстың көлемін т.б. топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жаса- күрделі үрдіс. Ол адамның белгілі білімін. өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.

Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады.Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін таңдау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре- сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда мотивтер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтер ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайғй тура келетін біреуі жеңеді,тек содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға келе алады.

Мотивтер күресін Н.В. Гоголь «Үйлену» комедясында жақсы көрсеткен. Некесі қиылайын деп тұрған надворный советник  Подколесин аяқ астында үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. «Үйленбей жүрген жұрттың шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың, көрер көзге, адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалда бір елге патша бола қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қалмай, жұрттың бәрі түп-түгел деп әмір берер едім...». Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотиві. Екінші мотив – жанұя бақыты. «Шынында ойлап тұрсам, мінеки, әне-міне дегенше, әйелді боп шыға келгелі отырмын. Сөйтіп, енді тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззаттың дәмін тартқалы тұрмын». Кенеттен  оның басында қарам-қарсы мотив туа қалады: ...Әйтсе де бажайлап, қабырғама кеңесе  кетсем-ақ болды, тұла бойым түршігіп сала береді. Ары айт, бері айт, өмір бойы, мәңгі бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп, қайтып енді тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң келмесе- шаруаңның біржола біткені ғой...». Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың әуеніне қарай ағатын адам. Оның ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер кіріп те шықпайды. Некесі қиылайын деп тұрғанда  осылайша әуре-сарсаңға түсуі  оның қандй адам екенін жақсы байқатады. «...Шынымен-ақ, тайып кетуге болмай ма екен? Әлбетте болмайды, есік алды, кез келген жерде сапырылысып жүрген жұрт, қайда барасың дейді ғой біреу. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол  ашулы терезені көреді де осыдан қарғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ, болмайды, жерден алыс екен быт-шытым шығар, екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден, қалпақсыз қалай қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпағын досы Кочкарев тығып қойған. Ол ақырында: терезе онша биік мес екен, қалпақсыз қарғуға да болар деп көшеге қарай қарғып кетеді. Белгілі көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар көбінесе жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар  мотивтерді (борыш сезімі, нәрсенің қоғамға қажеттілігін түсіну) басшылыққа алып отырады.

Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу- бәрі жиналып еріктік қимылдың «даярлық кезеңі» деп аталады.

Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі-қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзіңнің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудың себеі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, күші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақты тоқтамға келе алып,  оны қалай да орындыудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп ноы орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар, әлсіз етіп жібюеруі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттары ағна алға қоюымыз қажет.

3. Ерік сапалары

Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:

Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адам дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.

Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетініңболуы.Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық  мүмкіндіктерін  сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу,тәуекелге бел байлай алушылық тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.

Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің аздыкөпті кемшіліктерін көре білуі оның ақыл-ой парасатымен байланысып жатады. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы оьлысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айырылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өммірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақаймен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан жақындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқа, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүре бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігін, табандылығының арқасында өмір қызығын татып отырған қарапайымеңбек адамының ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық,, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен сүйе  сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе блген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойна даритын қасиет.

Информация о работе Даму психологиясы