Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуду мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:
1) Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2) Оқушы дербес әрекет жасауға,
өз бетімен қиыншылықтармен
3) Баланы коллективтегі ортақ
мүдде үшін күресе білуге баул,
көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін
өтеуге жұмылдыру, оған берілген
тапсырмалардың орындалу
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол ағат істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. «...нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тк тілек етіп, соған қол жеткізу емес,- дейді А.С. Макаренко,- сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен өзін бас иарта білуге мәжбүр етуі керек. Жігер дегеніміз- құр тілекпен қанағаттану емес, бұл мезгілдегі тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да...Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің болуы мүмкін емес».
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білугн машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік, адамның қатты жігерленіп, іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа жол бермеу – адамның өз бойын тежей ұстай алуының, ұстамдылығының белгісі. Өзін-өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді қайткен күнде де орындауға адамның өзі жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай тамаша қасиеттің бір көрінісін А. Фдеев өзінің «Жас гвардия романында фашистердің қолына түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінезқұлқы арқылы өте жақсы көрсеткен. «Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолын қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбонг Сережканың жарасына істікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шқырлатты. Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді .Сережка- үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де бірқатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар, Сережканың шешесі келіп кірді. Олар он бір баланың анасы болған кәрі әйелдің киімін қоймай шешіп, жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережка міз бақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіпті Фенбонгтің де есі шығып кеткендей темір сүйменді ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып жіберді. Сережка боп-боз болып кетті, маңдайы тершіп қоя берді. Ол: -болғаны осы, .- деген жалғыз ғана сөз айтты».
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түсед, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М.Горький айтқандай, « тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу- адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады. Адамда осындай қаиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап ртыруға бой ұсындыру, коллектив міддесіне нұқсан келтіретін түрлі теріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді (босқа лепіру, даурығу, ұшқалақтық т.б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет.
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллектівтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тэртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісірде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады. Оқушыларда еріктің осындай тамаша қасиетін тәрбиелеуде біз әр уақытта да өзімізге ұлы. Оның ерекше тәртіп сақтағыштығы мен жинақылығы жөнінде А.А андреев былай дейді: Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда атық демі біткенше бел байлаған, моральдіқ рухы жоғарыадамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар ерлік – батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамауға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихындада кір жуып, кіндік кескен жерін көздің қарашығындай сақтап, басқынщы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Күлтегін, Едіге Қарасай-Қази, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т.б. осылар секілді өр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі егеменді, тәуелсіз елдің жас ұрпақтарыіздесе таптырмайтын өнеге. Ерліктің осындай сапасын қалайша тәрбиелеу керектігі жөнінде ұшқыш ғарышкер А. Николаев былай дейді: «...Бұл орайда пәлендей бір рецепт берудің өзі қиын-ау. Меніңше, тек адам бала кезінен бастап-ақ батылдыққа, қайсарлыққа, көздегеніне жетпей тынбайтындай өжеттікке, ұстамдылыққа үйір болып өскен жөн. Ерлік дәстүріне тәрбиелену - өмірдің өзі біздің алдымызға тартып отырған қиындықтарды жеңу деген сөз».
Осы айтылған ерік сапалармен әр адам өз басын тәрбиелей алады. Бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Мәселен баланың өзіне серт беруге, міндеттеме алуға, өзі ісін мақұлдап не айыптап отыруға, қажетсіз істен бас тартып, одан тежеуге үйрету өзін- өзі тәрбиелеуіне үлкен көмек тигізеді. Әрине бұған мұғалімнің дұрыс басшылығы керек. Орыстың ұлы педагогы К. Д Ушинскийдің жас кезінде өзін тәрбиелеу мақсатында жасаған жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:
Балалардыңбойына кез келген ерік сапаларын қалыптастыра беруге болмайтын түсінікті. Ерік сапаларының мазмұны қандай, олар неге бағытталған, қоғамдық пайдалы әрекет жасауға бағытталған ба, әлде жеке қара басының мүддесін көздеуге бағытталған ба- міне, негізгі мәселе осында.
Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылықтарды жеңуде барлық күш-жігерін, тек оз мүддесіне, қара басына пайдаланатын болса, онда мұндайды корінетін ерік сапаларының ешбір қоғамдық мәні болмайтындығы белгілі. Бұзақы адамның сотқарлығы, қоғам мүлкін тонаушы ұрының жылпос айлакерлігі, қиқар адамның орынсыз қасарыспалығы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені осы соңғы айтылғандар өзінің мазмұны жағынан ешбір адамгершілік қасиетке сиыспайтын сапалар. Сондықтан да адамдарға тән жоғарғы ерік сапалары туралы мәселе қойғанда әр уақытта да олардың моральдік салмағының қандай екендігін еске алып отыру қажет.
Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан нәрселер емес, барлығы да адам бойынан табылатын, оның жеке басының бағытына, дүниетанымы мен сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне тағы да сондай психологиялық ерекшелігіне байланысты түрліше жағдай қабысып келіп отыратын қасиеттер. Бір адамның басында ерік сапаларының бірнешеуі қиысып келіп отырады. Мәселен, өртеніп жатқан үйдің ішінде қалған баланы алып шыққан адамның басынан батылдықты да, тоқтамға келгіштікті де, шапшаңдықты да, өзін меңгере алушылықты да байқау осы айтылған пікірге жақсы дәлел.
Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түіндегі ырықты қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнісіндегі ерікті қимыл бұл кезеңде болмайды. Балалардың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, яғни өз қозғалысын, денесін басқараалудан көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын басқара білуіне тілі шығуының маңызы зор. Тілдің шығуы ерікті қимылды ретеп, тежеп отыру үшін аса қажет. Үш жасар балада ырықты қозғалыстар біршама жетілген. Бірақ қозғалыстарды қалай болса солай меңгере алудыңмәні шамалы. Мұнда бала өзінің көңілі ауған нәрсесіне ғана емес, орындауға қажетті нәрселерге де бойын тұрақтата алуы тиіс. Баланы осы қасиетке тәрбиелеуде талап қою, оған шамасы келетін тапсырмалар беріп, орындатқызып отыру ерекше маңызды.
Баланың еркін тәрбиелеуді неғұрлым жас кезінен бастау қажет. «Баланы жастан» деп халық бекер айтпаған. Бала тілі шығып, жүре бастағаннан кейін, үй ішіндегілердің қылығына еліктейді, ол әрбір нәрсені өзі істеуге тырыса бастайды. Оның өзі киініп, тамақтанғысы, ыдыс- аяқты жинап, үй сыпырғысы келеді. Бұл – бала табиғатына тән, заңды қасиеттер. Ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру, баланы бірлесіп ойнауға, ойын тәртібіне төселдіру арқылы да оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады. Ерік тәрбиесінде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбек адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудің де маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте еліктегіш келетіндігі белгілі. Олар өмір тәжірибесінің аздығынан кез келген халықтарға( тіпті жаман болса да) еліктей беретіндігі өткен тарауларда айтылады. Сондықтан әр бір тәрбиеші ата-ана ерік тәрбиесінде де өз мінез- құлқына бекем болып, балаға жаман мінезді көрсетпеуге тырысуы тиіс.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кеэдеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш. Ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа мазасызданып, теріс қылықтар жасайды. Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасы дағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Отбасыдағы жағдай – ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселе. Кейбір отбасында үй ішіндегілердің балаға қамқорлығы ерекше болады. Бұл көбінесе баланы сағынып көрген отбасы ларда жиі кездеседі. Олар балаға көптеген ойыншықтар сатып әпереді. Неше түрлі тәтті тағамдармен де қамтамасыз етеді. Бірақ ол бала ойыншықтармен де дұрыс ойнамайды, тағамын да жөндеп ішпейді. Бір тамақтан екінші тамақты таңдайды, көп ойыншвқтың қайсысымен ойнарын білмей, іші пысып, мазасызданады. Жаңадан бір ермек туып бермесе, немен шұғылданарын білмей зерігеді. Өйткені басқаға иек сүйеп үйренген, өз бетінше талаптануға әдеттенбеген. Бала өз бетімен ойнай алу үшін оның ойыншықтары жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Мәселен, екі жасар балаға мылтық әперсе, оны оны таяқ ретінде пайдалануы мүмкін. Себебі, әлі мылтықпен дұрыстап ойнауды білмейді, мылтықтың не екенін түсінбейді. Шамасы келмейтін нәрсеге ұмтылушылық баланың талап- тілегінің қанағаттануына кедергі келтіреді. Сонымен, бала тілегін қайтармау, құр мәпелей беру, іс- әрекетін ұымдастырып отырмаушылық, қыңырлықтың пайда болуының басты себептері болып табылады. Кейбір отбасында баланың әрбір қылығы қатаң бақылауға алынады да бала дербес әрекет ету қабілетінен айырылады, сөйтіп тек өзіне көрсетілгенді ғана істеуге мәжбүр болады. Мұндайда бала кейде үлкендерге наразылық білдіреді, өз правосы үшін күреседі. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспау да қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Баланың мінезқұлқын жөнге салып отыру, бақылау жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет. Бала әр кез өз тілегін, мұны үлкендер ұйымдастырып отырғандығын сезінетін болсын.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында (әсіресе, бөбектерде) кездесетін жаман әдеттің бірі- орынсыз бақырап жылау. Жылау көбінесе баланың белгілі бір қажетінің өтелмеуіненмтуады. Ол мұны басқа жолмен білдіре алмайды. Балады шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттер әлі қалыптаспаған. Егер баланың жылауы шыдамсыздығынан туса, оны өзін-өзі ұстай білуге үйреткен дұрыс. Үдегі ересектеу балалардың мінез-құлқын үлгі ету, сондай-ақ кітаптағы өнегелі балалардың мінез- құлқына еліктетіп отырған да жақсы нәтиже береді. Егер баланың тілегі ата-анасы сол сәтте орындай қоятын болса, онда бала жылауды үйдегілерге әсер етудің бір «құралы» деп ойлайды да, бақырып жылауды әдетке айналдырады, сөйтіп, әке- шешесін жылап қорқытатын болады. Жылауық бала жай ызақорлықтан бақырмайды. Ол мұны белгілі бір мақсатпен, өзінің көңілге алған тілегін қанағаттандыру үшін істейді. Жылауды әдетке айналдырған бала өзінше «тактика» ретінде қолданғысы да келеді. Мәселен, әжесінің көзінше қыңырлық жасаса, бөтен адам бар жерде мұнысын сездірмейді. Ата –аналар осы жарамсыз қылықты уақытында сезе біліп, баланың талап-тілегін орындауда табанды, әділ болуды, өз мінездерінің осал жақтарын балаға сездірмеу жағын ойластыруы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қасарыспалық та жиі ұшырайды. Төрт жасар бала бар күшімен столды сабалайды. Үйдегілердің бірі оған: «Тарсылдатпа, қарағым!» деп ескерту жасаса, ол одан сайын столды ұра түседі. Енді оған : «Тоқтат!» деп қатты жекіруге немесе жүріп барып қолынан таяқты жұлып алуға әрекет жасалады. Бала бұған қарсылық білдіреді, тіпті ашуланып жұдырығын ала жүгіретіндер де болады. Мұндай қылықты көбінесе нерв жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Мәселен, столдың тықылы оны аздап желіктіреді, ал үйдегілердің айтқан ескертуі одан бетер желіктіре түседі. Таяқ үшін болған тартыс баланы әбден ызаландырады. Бұл табиғатынан қасарыспа бала емес. Ол тек нервісі қозғыш (нерв жүйесінің осындай типтік тума қасиеттері болады. Қ. Ж.) бала. Ата-ана баланың нерв жүйесінің осындай ерекшеліктерімен де санасуы тиіс.
Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз ойлағанын «табанды» түрде іске асыратын балалар да болады. Мұндай бала ешқандай дәлелмен санаспайды. «Олай етуге болмайды» деген сөзге де құлақ аспайды, ылғи да өз тілегінің ықпалында болады. Өзтілегін орындау жолында кедергі көрмеген баланың қасарыспа болып өсетіні сөзсіз.
Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды ылғи табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндайбала өзін ешкімнің алдында міндетті, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі семья тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, яғни өзінің алдына қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала, түрлі кедергілерді (жұмыс істеуге ықылассыздық, олақтық т.б.) жеңе беруге үйренеді. Балаға жүктелетін міндет оның орынсыз талаптарын тия алуға себепші болады. Үлкендер балаға жүктелген міндеттің орындалуын міндетті түрде қадағылап, қойылған талаптардың баланың жас мөлшеріне сәйкес келуін ескеріп отыруды естен шығармаулары тиіс.