Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Ерік- жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін коллективке бағындыра алу, яғни коллективпен қарым-қатынас жасауға үйрету, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру т.б. сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.

Ерікті шыңдау имандылық тәрбиесінің басты мәселелерінің бірі. Әрбір адам өз еркінде жақсы сапалар қалыптастыру арқылы ізгілікті қоғам орнату ісіне үлес қосатыны сөзсіз.

 

 

15-дәріс

Тақырыбы: «Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері»

 

Дәріс мақсаты: Даму психологиясының тарихи, теориялық және практикалық міндеттері. Даму психологиясының әдіснамалық – теориялық негізі.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: жас, даму, жас бала, жеткіншек, жасөспірім.

Жоспар:

1. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

2. Даму психологиясының мәселелері.

3. Даму психологиясы пәнінің мақсат міндеттері.

4. Даму психологиясының шығу тарихы туралы мәлімет. Даму психологиясының әдiстерi.

 

Даму психологиясы пәні адам жасына байланысты психикалық өзгеруін, жеке адамның даму барысындағы психикалық қасиеттері мен онтогенездегі психикалық процестерін зерттеумен айналысады (организмнің ұрықтанудан бастап өмірінің соңына дейінгі даму жолы). Даму психологиясының тармақтары: балалар психологиясы, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы және геронтопсихология. Даму психологиясы - психикалық процестерді, адам жасына байланысты мүмкіндіктерін және жеке адамның дамуының негізгі факторларын т.б. қарастырады. Даму психологиясы жас ерекшелік психологиясымен, педагогикалық психологиямен тығыз байланысты.  Даму психологиясы мен педагогикалық психологияның бірлігі олардың зерттеу объектісінің бірлігінде - жас бала, жеткіншек, жасөспірім.

 Даму психологиясы жаратылыстану ғылымдарымен, жалпы психологиямен, педагогикамен, жеке пәндерді оқыту әдістемесімен, медицинамен, педагогикалық психологиялық диагностика ғылымдарымен байланысты.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәннің аясында болып келді. Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір саласына айналды. Бұған түрткі болған себептер мыналар: Ч.Дарвин (1809-1882) негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңы, осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г.Гельмгольц), жүйке жүйесінің жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И.М.Сеченов). Мұнымен қатар, даму психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына: біріншіден әсер еткен, балаға туғандардың күнделіктер жазып, соған талдау беруі; екіншіден, балалар психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдануы әсер етті. Осыларға тоқталып кетсек:

Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлығын зерттеумен айналысып қоймай, өзіне қажет деген мағлұматтар бөбектерде де кездесе ме, жануарлар балапаны мен баланың арасындағы ұқсастық бар ма деген мәселе көтерген.  Осыған орай Дарвин өз баласына күнделік жазды. ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу өріс ала бастады.  Ғалымдар өз балаларын зерттеу нәтижесінде күнделікті мінез-құлықтарын, реакцияларын тіркеп отырды.  Күнделік  арқылы табылған фактілердің өзі бала психологиясы туралы мәліметтердің жинақталып, соның нәтижесінде баланың даму психологиясы қалыптасты.

Мұнымен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психикасын  зерттеуде эксперимент кеңінен қолданылып, осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті.

Ресейдегi даму психологиясы. Кеңестiк даму психологиясының негiзгi теориялық жағдайы

Бала психологиясын зерттеуге үлес қосқан Ресейлік ғалымдар Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және соңынан бала психикасын зерттеумен айналысқандар  Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин т.б.

Ж.Пиаже 1921-1922 жж. француз тіліне аударылған еңбегінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі –біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады- дегенді айтады. Осыған орай баланың ынтасын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,-деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер,- деді Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алдыға қарай оздырып жүргізу керек, сонда ғана баланың ой-өрісін дамытуға болады,- дейді. Бұл пікірді сол кездегі Кеңес  психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын алға сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінді.

Шетел психологтарынан Дж.Брунер Выготскийдің  осы пікірін жақтады.

Кеңес психологиясында психиканың табиғаты мен психикалық процестердің механизмін зерттеуде маркстік әдістемені қолдану, маркстік диалектиканың принциптерін игеруді талап етті, мұның өзі психологтардың ойлау логикасын қайта құру қажеттілігімен байланысты болды. Психиканы түсіндірудің материалистік негізі, ең алдымен сол кезде болып кеткен, психиканы бихевиористік интерпретациялаумен қатысты болған рефлекторлық-организм енді процестерге байланысты болды. К.Н.Корнилов (1879-1957), П.П.Блонский (1884-1941), В.М.Бехтерев (1857-1927) және басқа да осы бағытты ұстанған ғалымдар И.И.Сеченовтың рефлекс туралы ілімінен бас тартты. К.Н.Корнилов пен П.П.Блонскийдің сананы зерттеудегі идеалистік интроспекциялық көзқарасты сынауы олардың реактологиясының оң қадам жасаған кезеңі болды және бұл психиканың шарттылығын әлеуметтік факторлармен бекітті, осы арқылы бұл авторлар маркстік психологияның негізгі мәнін қарастырды. Психикалық процестердің құрылымы мен механизмінің қалыптасуын талдауға маркстік қағиданы дұрыс қолдану кеңес психологиясында тек 20-жылдардың ортасында жарық көрген Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жұмыстарынан басталады.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Даму психологиясының жаратылыстану ғылымдарымен, жалпы психологиямен, педагогикамен, жеке пәндерді оқыту методикасымен, медицинасымен, педагогикалық психологиялық диагностика ғылымдарымен байланысы мен теориялық және практикалық мiндеттерiне көп мән беру.

 

16-дәріс

Тақырыбы: «Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары»

 

Дәріс мақсаты: Даму психологиясының негізгі және қолданбалы әдістерін сипаттау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: әдіс, әдіснама, бақылау және эксперимент, проективті, социометриялық әдістер.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Даму психологиясының әдістері (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік, көлденең кесу әдісі) және олардың мінездемесі.

2. Даму психологиясының бөлімдері.

 

Даму психологиясының әдiстерi.

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кесінді әдісі арқылы дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді, мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады.

Лонгитюдті әдіс “ұзақ уақытты зерттеу” деп аталады. Бір баланың дамуы ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент.

Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау- күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар. Бір нақты қойылған мақсат және бақылаудың схемасы (бақылаушы ол нені көріп нені тіркеу керек екенін біледі және байқаған құбылысын тез суреттейді), объективтілік (фактілердің өзі әрекетте суреттеледі, фраза немесе баланың эмоционалды реакциясы), бақылаудың жүйелілігі (эпизодтық бақылауда балаға тән сипаттамаларды ғана емес, кездейсоқтық мезеттерді де көрсетуге болады); баланың табиғи мінез-құлқын бақылау (бала оны ересек адам бақылап отырғанын білмеуі керек);

Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатация-лаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты.

Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Соңғысына проективті әдістер жатады. Олар проекция принципіне негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін басқа адамдарға көшіру.

Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, ал ең бастысы-ол тестер стандартталған болуы керек. 

Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

  Даму психологиясының негізгі зерттеу  әдістерінің бірі- бақылау, оның түрлері. Эксперимент және оның түрлері, сынақ (тест) әдістер. әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу әдісі. Сауалнама, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, даралық сала, онтогенез, жетекші іс-әрекет, әрекеттену, интеллект (ақыл-ой), ғылыми пәннің зерттеу объектісі. Проблемді ситуация, әдіс, теориялық, ойлау психологиялық білім, психодиагностика.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  1. Даму психологиясының ғылым ретiндегi негiзгi мәселелерi.
  2. Даму психологиясының әдiстемелiк негiзi.
  3. Психологиялық зерттеулердiң әдiстемелiк негiзi және олардың жас ерекшелiгi  психологиясындағы өңделуi.
  4. Даму психологисы әдiстерiнiң негiзгi класификациясы.

 

 

17-дәріс

Тақырыбы: «Даму психологиясының зерттеу әдәстерінің ерекшеліктері»

 

Дәріс мақсаты: Жасерекшелігіне қарай психикалық дамудың ерекшеліктерін сипаттау және түсіндіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психика, психикалық даму, биогенетика, социогенетика, дамыту, тәрбиелеу;

Жоспар:

1. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі.

2. Генетикалық және конвергенция теориясы.

3. Л.С.Выготскийдің ЖПФ дамыту теориясы.

 

50-жылдардың басында П.Я.Гальперин  ақыл-ой әрекетінің біртіндеп  қалыптастыру теориясының негізгі  принциптерін және кейіннен ондаған  жылдар бойы осы теориялық  тәжірбиелік негізін жасап, дамытқан  басқарылатын психикалық үрдістердің қалыптасу әдісін жасады.

П.Я.Гальпериннің  теориясында талдаудың негізгі объектісі психикалық іс-әрекеттің бір тұтас жүйелі ұйымдасуының нұсқасы ақыл-ой әрекеті болып табылады. Ақыл-ой әрекеттердің қалыптасуы барысында ықшам да шұғыл операцияларға өзгереді және олар адамның тікелей танымдық болсын, практикалық болсын, кез-келген іс-әрекетін бағдарлауға қызмет етеді. Бұл әрекеттердің басқа формасы олардың ашылған материалданған формасы болып табылады, яғни сыртқы көрсеткіштер мен бағдарларға сүйеніп орындалған әрекеттің көмегімен субъект  өзінің әрекетін әлеуметтік үлгілер мен заттық жағдайдың объективті логикасына қарай икемдейді. Іс-әрекет өзінің қалыптасу барысында бірнеше тұрғыда өзгереді және бақылаудан жасырын процестерге айналады, бұл үрдістер танымның тікелей психикалық аппараты мен бізді қоршаған дүниенің бейнелері, қабылдау, есте сақтау, ойлаудың елестету және т.б. дағдылардың бітім-құралы болып табылады. Гальпериннің теориясында интериоризация әрекетті өзгертудің оны орындау деңгейі бойынша тек өзгертудің бір ғана параметрі ретінде қаралады. Әрекеттің үш негізгі деңгейі бөліп көрсетіледі: материалдық немесе материалданған,  сөз арқылы жүзеге асатын әрекет, ақыл-ой әрекеті.

Д.Б.Эльконин бойынша психикалық даму кезеңдері

Д.Б.Эльконин Выготскийдің көзқарасын дамытты. Ол баланы қоршаған әлемді- дүние заттарын және адамдық қатынастарды белсенді танушы тұтас тұлға ретінде қарастырады.

Баланың дамуына неғұрлым күшті әсер ететін жетекші іс-әрекеттердің Д.Б.Эльконин екі тобын бөліп көрсетеді.

Бірінші топқа, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасына бағытталған іс-әрекеттер жатады. Бұл нәрестенің эмоционалды қатынасы мектепке дейінгі баланың рөлдік ойыны және жасөспірімдердің интимді-тұлғалық қатынасы.

Екінші топқа, заттармен әрекет ету тәсілі меңгеріледі: ерте балалық шақ баланың затты манипулятивті іс-әрекеті, бастауыш мектеп оқушысының оқу іс-әрекеті және жасөспірімнің оқу кәсіби іс-әрекеті. Кішкентай бала  қасық немесе кесемен әрекет етуді, жоғарғы сынып оқушысы математика және грамматиканы меңгереді. Бірінші топтағы іс-әрекетте мотивациялық-қажеттілік сфера, екінші топта баланың операциялық техникалық мүмкіндігі қалыптасады, яғни интеллектуалды танымдық сфера.

Л.С.Выготский психиканы іс-әрекет ретінде қарастыра келіп, психика адамның сыртқы іс-әрекеті сияқты әлеуметтік құралдар жүйесі мен орындау тәсілдеріне қатысты деген қорытындыға келді. Выготскийдің пікірі бойынша, әр түрлі белгілер психикалық іс-әрекеттің құралы болып табылады, солардың бірі-сөз. Бұл белгілерді алдымен баланың әрекетін басқару үшін басқа адамдар қолданады, содан кейін бала ол белгілерді меңгеріп, өз мінез-құлқын реттеуге қолданады. Белгілі құралдардың олардың психикалық процесс ретінде жанамалай отырып олардың құрылымы өзгеріске әкеліп соғумен аяқталады.

Құрал- белгілерді қолдану адамға мінез-құлқын игеруге төменгі табиғи жанамаланбаған және еріксізден жоғары  әлеуметтік аралықтанған және еріктіге  айналатын өзінің психикалық үрдістерін басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша жанамаланған  құралдар алғашқыда сыртқы, материалды, басқа адамдардың мінез-құлқын ұйымдастыру үшін біріккен ұжымдық іс-әрекет жағдайында қоладанылатын құралдар ретінде пайда болады. Бірте-бірте олар ішкі психикалық өзінің мінез-құлқын өзінің психикасын басқару үшін индивиудалды қолдануға айналады. Мәдени-тарихи даму теориясында психикалық сыртқы тәжірибелік іс-әрекетпен жақындасуы бірнеше бағыттармен жүреді.

1) адамның практикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың психикалық ерекшелігін анықтаушы ретінде көрінеді;

2) адамның психикалық құрылымы оның еңбектік іс-әрекетінің құрылымы мен ұқсастығы жағынан;

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Психикалық  даму периодизациясы.
  • Ж. Пиаже мектебiндегi психикалық дамудың түсiндiрiлуi.
  • Жас және жасерекшелiк кезеңдерi. Балалық, ересектiк және кәрiлiк шақтағы психикалық даму периодизациясының мәселелерi.
  • Жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi концепциялары.
  • Жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi теориялық мәселелерi. ХIХ ғ.ортасында жас ерекшелiгi психологиясының пайда болуы.
  • Психиканың дамуындағы оқытудың жетекшi рөлi.
  • Кеңес психологиясының алғашқы кезеңiнде психика және оның дамуының диалектикалық-материалистiк тұрғыда түсiндiрiлуi (К.Н.Корнилов, П.П. Блонский, Д.Н.Узнадзе). Ақыл-ой дамуындағы оқытудың рөлi (Б.Г.Ананьев, А.А. Люблинская, Д.Б.Эльконин және т.б.).
  • Әр-түрлi жас ерекшелiктiк деңгейлердегi психикалық даму ерекшелiктерi.

Информация о работе Даму психологиясы