Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

18-дәріс

Тақырыбы: «Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері.

Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау»

 

Дәріс мақсаты: Жас периодизациясының шетелдік және отандық теорияларда қарастырылуын түсіндіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: кезең, периодизация, дағдарыстық және стабильді кезеңдер.

Жоспар:

  1. Әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері (Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, Д.И.Фельштейн). Периодизация мәселесі.
  2. «Жас дамуының әлеуметтік жағдайы».
  3. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл, С.Холл, К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже, т.б.).

 

Психологиядағы жас ерекшелiктiк периодизациясының мәселелерi

Өмірлік жолды кезеңдерге бөлу жас ерекшеліктері дамуының заңдылықтарын, жас ерекшелік кезеңдердің ерекшелігін  түсінуге мүмкіндік береді. Кезеңдердің мазмұны әр автордың ойынша дамудың маңызды жағымен анықталады. Л.С.Выготский периодизацияның үш тобын бөліп көрсетеді: сыртқы критерий, дамудың бір және бірнеше белгісі бойынша.

Бірінші топ үшін периодизацияны сыртқыға негіздеп құру. Мысал ретінде биогенетикалық принцип бойынша құрылған периодизацияны айтуға болады. Осы позицияға қатысты онтогенез филогензеді қайталайды. Периодизацияның тағы бір түрі Р.Заззоның кезеңдері (периодизациясы). Онда балалықтың кезеңдері баланы оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің сатыларына сәйкес келеді.  Ерте балалық шақтан кейін мектепке дейінгі жас басталады, бұл жерде негізгі мазмұн отбасында немесе мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие мәселесі.  Ары қарай бастауыш мектеп жасы (6-12 жас), бала интеллектуалды дағдыны игере бастайды; орта мектепте оқу сатысы (12-16 жас) , бала жалпы білімдерді меңгереді. Кейін жоғары немесе универсиеттік саты. 

Кезеңдердің екінші тобы сыртқы емес ішкі критерийлерді қолданады. Бұл критерий дамудың белгілі бір жағы, мысалы П.П.Блонский бойынша сүйектердің дамуы және З.Фрейд бойынша  балалық сексуалдылықтың дамуы болуы мүмкін.

Павел Петрович Блонский объективті, көрінетін, өсіп жатқан ағза конституицсының айқын белгісін таңдады- тістің пайда болуы және алмасуы. Балалық шақ үш кезеңге бөлінеді: тіссіз балалық (8 айдан-2-2ғ5 жас), сүт тістері (6,5 жасқа дейін), және тұрақты тістер кезеңі (ақыл тіс пайда болғанға дейін).

Зигмунд Фрейд адам мінез-құлқының қозғалысының басты қайнар көзі сексуалды энергиямен қаныққан санадан тыс деңгей деп есептейді. Сексуалды даму , тұлғаның дамуының барлық жағын анықтайды және жас ерекшелік кезеңнің критерийі болуы мүмкін.

Жас ерекшелік дамудың кезеңдерге бөлінуіндегі үшінші тобы дамудың бірнеше айқын ерекшеліктеріне негізделген.

Л.С.Выготский бойынша дамудың сатылары.

Л.С.Выготский бойынша даму- бұл жаңаның пайда болуы. Дамудың сатылары жас ерекшелік жаңа құрылымдармен сипатталады.

Дамудың қайнар көзі әлеуметтік орта болып табылады. Л.С.Выготский «дамудың әлеуметтік жағдайы » деген түсінікті енгізді.

Л.С.Выготский бір жастан екінші жасқа өту динамикасын қарастырды. Әр кезеңде бала психикасында өзгерістер болып тұрады. Дамудың тұрақты және дағдарысты сатыларын бөліп көрсетеді. Тұрақты кезең үшін  даму процесінің бір қалыпты өтуі тән.

Л.С.Выготский дағдарыстарға үлкен мән берді. Дағдарыстар,стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай ғана. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму катастрофиялық сипатқа ие болуы мүмкін.

Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.

 Жас ерекшелік даму кезеңдерін  З.Фрейд бір ғана бағыт-психосексуалды  дамудың ізімен қарастырады.

З.Фрейд бойынша адам - өмір және өлім инстинктісіне ие  биологиялық тіршілік иесі. Өмірлік қылықтарының энергиясы  либидо энергиясы.

Кемелденген тұлға күрделі құрылымға ие: ол үш инстанциядан тұрады-Ол (Ид), Мен (Эго) және Жоғары Мен (Супер Эго). Ол- “құмарлықтардың жиынтығы”, ирррационалды, биологиялық бастау. Ол-дан шыққан түрткі, толық қанағаттануды талап етеді. Ол адам өмірінің алғашқы принципі- қанағаттану принципіне бағынады.

Екінші Мен инстанциясы. Ол-дың тілегін қанағаттандыра отырып шешім қабылдайды. Мен шектелуге бағытталады, шынайылық принципіне бағынады.

Тұлғаның үшінші инстанциясы жоғарғы Мен моральды норма, сынаушы құрылым.

Жас ерекшелік даму З.Фрейдтің сатысы бойынша, қозу, ләззаттануды тудыратын эрогенді зоналар - дене аймақтарының дамуымен байланысты.

Оральды саты (1 жасқа дейін)эрогенді зона-сілекейлі ауыз бен ерін. Бала сүт сорғаннан ләззат алады.

Анальды саты (1-3 жас) эрогенді зона ішектің сілекейлі қабыққа айналуы.

Тазалық, тәртіптілік, қырсықтық, агрессивтілік дамиды.

Фалликалық саты (3-5 жас) балалық сексуалдылықтың жоғарғы сатысымен сипатталады.

Балада анаға деген сексуалды жақындық (эдипов кешені), қыздарда әкеге деген сексуалды жақындық (электра кешені).

Латентті саты (5-12 жас) баланың сексуалды дамуы уақытша үзіледі. Олардан шыққан құмарлық бақыланады. Баланың сексуалды күйзелістері ығыстырылады, баланың қызығушылықтары достарымен қарым-қатынасқа бағытталады.

Гениталды саты (12 жастан бастап) жыныстық дамуға қатысты. Эрогенді зоналар бірігеді, қалыпты сексуалды қатынасқа ұмтылады.

Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары, баланың жеке басының қалыптасуы.

Даму дегеніміз өзгерілудің  бір түрі. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.

Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады- биологизаторлық және социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын- оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін – дарындылығын анықтайды.

Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады-оның басы және құйрығы  болады; екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның беті пайда болады.

ХІХ ғ Э.Геккел. онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген,- заң қалыптастырды

Даму психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.

Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХҮІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.

Биологиялық факторға тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары   тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие- флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал. Екінші фактор- орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.

Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады.  Социологизаторлар  даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л.С.Выготский енгізген.

Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л.С.Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С.Л.Рубинштейн Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.

Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі  фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі- берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі- жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.

Л.С.Выготский тұқымқаулаушы және әлеуметті мезеттердің даму үрдісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар- адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады.

Сонымен, тұқымқаулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі-бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.

Даму үрдісі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп өрсетті.

  1. Циклділік
  2. Дамудың бірқалыпты еместігі
  3. Бала дамуындағы метаморфоздар
  4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне топтастырады.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі . Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);

б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);

1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.

3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.

8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.

11-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде балада психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. 16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады.

20-30 жас жастық кезең деп аталады.

30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі  деп аталады.

Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды.

Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атақарады. Іс-әрекеттің әр түрлері дамуға әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын, тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекетермен қамтылған.

А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.

Кез-келген іс-әрекет жетекші бола алмайды. Әрбір іс-әрекет психикалық дамуға өз үлесін қосады (мысалы, сүрет салу қабылдауды және бейнелік ойлауды дамытады). Адам өмірінің жағдайында әрбір жас кезеңінде ол белгілі бір іс-әрекетті меңгеру арқылы қарқынды дамуға мүмкіндік алады: нәрестелік кезеңде – анасымен  тікелей-эмоционалды қатынас, сәбилік кезеңде- заттармен манипуляция жасау, мектепке дейінгі жаста- құрдастырмен ойнау, бастауыш мектеп жасында-оқу іс-әрекетінде, жеткіншектік кезеңде- құрдастарымен интимді-тұлғалық қатынас, жасөспірім кезде - болашақ кәсіпке бағдарлану, , жастық кезеңде- таңдаған кәсібін меңгеру және отбасын құру. Егер қандай-да бір іс-әрекет бала үшін тартымды болса, бұл оның тұлғасының қалыптасуында  көрініс береді.

  Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі.

Дағдарыстардың,стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін.

Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Шетелдiк жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi концепциялары.
  • Шетелдiк психологиядағы психикалық даму мәселесi және оның қозғаушы кұшi., психикалық дамудың спонтанттылық концепцисы (К.Бюлер,  Баланың психикалық даму мәселелерi туралы психоанализ  Э.Эриксонның дамудың эпигенетикалық концепциясы.
  • А. Баллонның мектебiндегi дамудың әлеуметтiк-тарихи жағдай концепциясы. Балалық шақты этнопсихологиялық тұрғыда зерттеу \М.Мид\.
  • Ресейдегi  революцияға дейiнгi даму психологиясы. В.Н.Татищевтiң, П.Ф.Лесгафттың, П.Ф.Каптеревтiң көзқарастары. Оқыту мен тәрбиелеу мәселелерiн талдаудағы К.Ушинскидiң ролi. Л.С. Выготскийдiң психиканың мәдени-тарихи даму теориясы.
  • Жетекшi iс-әрекет ұғымы. Әрекеттiң жетекшi түрлерiн балалық жас ерекшелiк кезеңдерiмен дәуiрлеуi. Жас кезеңнiң шетелдiк теорияларына сыни көзқарас (А.Гезелл, С. Холл, К.Бюлер, Ш.Бюлер, А. Валлон, Ж.Пиаже).

Информация о работе Даму психологиясы