Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

 

 

19-дәріс

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекет түрі мен формасы. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты»

 

Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңдердегі психикалық  даму ерекшеліктерін анықтау және түсіндіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: мектепке дейінгі кезең, нәресте, сәби, ойын, әлеуметтік-тарихи сипат.

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгілердегі психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары.
  2. Бала дамуындағы  ойынның  рөлі.
  3. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты.
  4. Шетел психологиясындағы ойын теорияларын сынды талдау (К.Гросс, Г.Спенсер, К.Бюлер, С.Холл, В.Штерн) Психоаналитикалық теориядағы ойын теориялары.

 

Бала жарық өмірге келіп анасынан физикалық тұрғыда ажырайды.  Нәрестелік кезеңде ол мүлдем басқа жағдайға енеді: суық, жарық, ауа. Мұндай жағдайларға бейімделуде- шартсыз рефлекстер көмектеседі. Балада шартсыз рефлекстер қатары болады.

Бұл ас рефлекстерінің жүйесі. Ерніне тиген нәрсені сору пайда болады. Шартсыз рефлекстерден қорғаныс және бағдарланған рефлекстерді бөліп көрсетуге болады.

 

Тітіркендіргіштер

Рефлекстер

Жарықтың түсуі

Баланың бас жағына қолын бұлғау

Баланың басын оңға бұру

 

Шынтақтарын жан-жаққа тарту

Баланың алақанына саусағын қысу

Көз жұмылады

Көзі жұмылады

Иегі көтеріледі, оң қолын көтереді, сол қолы майысады.

Қолдары тез майысады

Бала қолдары тез жұмылып ашылады.


 

Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт- ол анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру анализаторының қалыптасуы (2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі). Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы баяулайды. Бұл кезде даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік байланыстар жасалады 

Өмірінің бірінші айының соңында алғашқы шартты рефлекстер көрінеді. Көбінесе бала, тамақтану  ыңғайына   реакция көрсете бастайды: анасы қолға алғанда емшек іздеуі, көтергенде тынышталуы пайда болады. Тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін ажырату, жаңа туған балада ұйықтау және ояну сергектік кезеңдері ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат алады

Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен  байланысты. Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға есту және көру түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 аптада пайда болады. Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 аптада осындай реакция  адамның дауысына пайда болады.

Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда байланысты. Ол өзінің қажеттілігін дербес қанағаттандыра алмайды.

Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, оның бетін көріп көзін анасының жүзіне тоқатып қарайды, қолын созады, аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады және күле бастайды. Бұл эмоционалды реакция жандану кешені деп аталады.  Жандану кешені адамдық ерекшеліктерге ие- күлу, қарым-қатынасқа түсу қажеттілігін көрсету.

Сәбилік шақта (1-3 жас) Бала қарқында дами бастайды. Психикалық даму үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы недәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. Бірінші себеп – баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп түрлі  заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңстіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте  бағдарлану қабілеті дамиды. Екінші себеп-  әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы. Үшінші себеп – баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе  дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді.Баланың  бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады

Қабылдау. Нәрестелік кезеңде көру түйсігінің шоғырлануы жетіледі. Екінші айдан кейін шоғырлану ұзаққа созылады, үш айда оның ұзақтығы 7-8 секундқа созылады. Қозғалған заттарды көзбен ілесе қарай алады: көрген затына қарай белсенді әрекет етеді, қозғалады және қуанышты дыбыстар шығарады.

Сәбилік кезеңде заттың  формасын қабылдайды. Балаға ақ фондағы қара жолақтары бар суреттерді көрсетсе, оның көзі  ақ пен қараның шектесетін жеріне тоқталады.

2-3 айында  бала бұрын көргендерінен басқа  объектіге қызығушылық танытады. Жаңа затқа бала ұзақ уақыт  назар аударады. Түске 3-4 айында реакция  бере бастайды. Түске деген белсенді қызығушылық 6 айда пайда болады.

 

Қозғалыс көріну уақыты

Моториканың дамуы

1 ай

2 ай

3 ай

4 ай

5 ай

6 ай

7 ай

8 ай

9 ай

10 ай

11ай

12 ай

Иегін көтереді

Кеудесін көтереді

Затқа ұмтылады

Қолдаумен отырады

Заттарды қолымен ұстайды

Қолдаусыз отырады

Қолдаусыз отырады

Басқа адамдардың көмегінсіз отырады

Қолдаумен тұрады

Еңбектейді, екі қолынан ұстап жүреді

Қолдаусыз тұрады

Бір қолынан ұстап жүреді


 

Кеңістікті қабылдау дамиды, көбінесе тереңдікті  қабылдау қалыптасады.

Қозғалыс және әрекет. Ұстау – бірінші  мақсатқа бағытталған әрекет. Бала ұстаған затын лақтырады, ұрады және оларды жинайды, тістейді, бір қолынан бір екіншісіне ауыстырады. Т.б.

Қайталанатын әрекеттер тізбегі пайда болады, оны Жан Пиаже айнымалы реакция деп атады. 7 айдан кейін «арақатыстық»  әрекеттер кездеседі: бала үлкен  заттың ішіне кіші затты салады, қораптың аузын жабады, ашады. 10 айдан кейін алғашқы функционалды әрекеттер пайда болады, олар заттарды үлкендерге еліктей отырып дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бала машинаны жүргізеді, барабанды соғады.

Ес. Ең бірінші тану пайда болады. 4 айда бала таныс адамнан бейтаныс адамды ажырата алады. Танымдық процестермен қатар эмоционалды даму пайда  болады. Дамудың бұл бағыты үлкендермен қарым-қатынаспен байланысты. 3-4 айда балада түрлі эмоционалды  күй байқалады: тосын жағдайларға жауап ретінде таң қалу, физикалық қолайсыздық кезінде мазасыздану, қажеттілік қанағаттануда босаңсу.

7-11 айда  аралығында «ажырасу қорқынышы»  пайда болады қайғы немесе анасы көрінбеген жағдайда қорқу.

Анасымен немесе басқа жақын адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып 1 жастың соңында  бірігіп әрекетке ұмтылады. Ол анасының көмегімен оны қызықтыратын қандай да бір затты алуға, шкафқа  жетуге ұмтылады.

Сәбилік кезеңде сөздік даму басталады. Бірінші жарты жылдықта дыбыстар шығара бастайды, уілдеу деп аталады.. 1 жастың соңына қарай бала 10-20 сөзді түсінеді, өзі бір немесе бірнеше сөзді айта бастайды.

Нәрестелік сәбилік кезеңінің арасын 1 жас дағдарысы деп атайды. Дағдарыс дербестілікпен және  аффективті реакциялардың көрінуімен байланысты. Аффективті тұтану үлкендер баланың тілегін, оның сөзін, оның  жест және мимикасын түсінбеген кезде пайда болады. Өтпелі кезеңдегі басты меңгерім – бала сөзінің ерекшелігі, оны Л.С.Выготский автономды сөз деп атаған. Ол ерсектер сөзінен дыбыстық формасы, мағынасы бойынша ерекшеленеді.

Сәбидің ойлау әрекетінің қалыптасуына келсек, бала заттарды танып, ажыратқанымен оның қабылдауы  әлі нашар дамыған. Алғашқы кезде бір қасиетіне немесе бейнесіне қарап қабылдайды.

Адамның ойлауы ұғым арқылы және елестету арқылы болады. Балаларда ұғым қалыптасуы аз болғандықтан елестетіп ойлауы басым. Баланың ойлауының дамуы екі жағдайға байланысты өтеді. Бірінші, ойлау негізінде, яғни өзінің сезімдік тәжірбиесіне байланысты. Екінші, іс-әрекетке үйрететін, заттардың атын атап беретін, үлкендер әрекетіне байланысты. Сәби   жасында нақты бейнелік ойлау кездеседі.

Ерте балалық шақтағы психиканың  дамуы (1-3 жас). Сөйлеу. Баланың автономды сөзі тез қалыптасады және жоғалады. Балалар ана тілін меңгере отырып, фонетикалық және семантикалық жақтарын да игере бастайды. Сөздерді дұрыс айта бастайды, бала бұрмаланған сөздерді қолданбайды. 3 жаста тілдің негізгі дыбыстарын меңгереді. Ерте балалық шақта енжар (пассивный) сөздік қоры өседі. Екі жасқа қарай барлық сөздерді түсінеді. 2-3 жаста әңгімені түсіну пайда болады.

Белсенді сөйлеу дамиды: белсенді сөздік қор өседі, алғашқы фраза, алғашқы сұрақ пайда болады. Үш жаста белсенді сөздік қоры 1500 сөз. 1,5 жаста 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субъект және оның әрекеті (“Мамам келе жатыр”), әрекет және әрекет объектісі (“нан бер”).

Қабылдау. Ерте балалық шақта сөйлеумен қатар басқа да психикалық функциялар дамиды. Осы функциялардың ортасын қабылдау үстемдік етеді. Осы кезеңде белсенді қабылдауға ес қосылады. Көбінесе бұл тану, көрген нәрсесін және естігенін ырықсыз қайталайды. Осы жаста қабылдаудың маңызды сипаттамасы- оның аффективті бояуы. Бақыланған заттар баланы тартады, онда анық эмоционалды реакцияны шақырады. Қабылдаудың аффективті сипаты сенсомоторлы бірлікке алып келеді. Бала затты көреді, ол оны қызықтырады және осының арқасында- оны ұстауға ұмтылып, импульсивтті мінез-құлық пайда болады. Бұл бірлікті Л.С.Выготский былай сипаттайды: “Ерте балалық шақта тікелей әрекетке өтетін, қабылдаудың көрнекі аффективті бояуы үстемдік етеді”.

Әрекет және ойлау. Осы кезеңде ойлау  көрнекі -әрекеттік деп аталады. Бұл Жан Пиаже бойынша “интеллектінің сенсомоторлылығы”. Үлкендермен біріккен іс-әрекетте бала түрлі заттармен әрекет ету тәсілін игереді. Ересектер оған қасық, кесені қалай ұстау керек екендігін үйретеді.

Ойлау практикалық іс-әрекет процесінде көрінеді. Осы кезеңде жетекші іс-әрекет – заттық-манипулятивті. Бала ойнап отырып манипуляция жасайды. Ерте балалық шақтың соңында  сюжетпен ойнау көрінеді. Бұл режисерлік ойын деп аталады,бала заттарды ойын мағынасы қолданады.

Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің “Менінің” бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау . Бала  бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен Э.Келер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттеейді. Олардың біріншісі- негативизм.  Бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

3 жас дағдарысының екінші сипаттамасы  – қыңырлық (упрямство). Бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмтылуы.

Өтпелі кезеңде қырсықтық (строптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған.

Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

Кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады. Мұны наразылық-бүлікші деп атайды.

 Отбасында бір ғана бала  болса деспотизм (шексіз билеушілік) көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

3 жас дағдарысының ең қызық  сиапттамасы бағасыздану (обесценивание. ). 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында  хабар береді.

Шетелдiк даму психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.

Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А.Бине (1857-1911), В.Штерн (1871-1938), К.Кофка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980) болатын.

Информация о работе Даму психологиясы