Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций
Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.
1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163
Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы. Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.
Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.
Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.
Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.
Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.
Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті) дамиды.
Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.
Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді.
Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді.
Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады.
Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.
Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
Даму сатылары |
Әлеуметтік қатынастар аймағы |
Тұлғаның полярлық сапасы |
Прогрессивті дамудың нәтижесі |
1. Нәрестелік (0-1) |
Анасы немесе оның орнын басатын адам |
Әлемге сену-сенбеу |
Энергия және өмірлік қуаныш |
2. Ерте балалық шақ (1-3) |
Ата-анасы |
Дербестілік- ұят, күмән |
Тәуелсіздік |
3. Балалық шақ (3-6) |
Ата-анасы, ағасы және әпкелері |
Ынталылық- енжарлық, кінә |
Мақсатқа ұмтылу |
4. Мектептік жас (6-12) |
Мектеп, көршілер |
Компетенттілік-кемшілік |
Білім және ептілікті игеру |
5. Жасөспірім және жастық шақ (12-20) |
Құрдастар тобы |
Тұлғаның сәйкестілігі- мойындамау |
Өзіндік анықталу, жан қиярлық және сенімділік |
6. Ерте кемелдену (20-25) |
Достары, сүйіктілері |
Жақындық- бөлектену |
Бірлестік, махаббат |
7. Орта жас (25-65) |
Еңбек, туған үйі |
Өнімділік- тұрып қалу |
Шығармашылық және қамқор |
8. Кеш кемелдену (65 кейін) |
Адамгершілік, жақындары |
Тұлғаның тұтастылығы- үмітсіздік |
Даналық |
Жан Пиаже теориясының негізгі түсініктері және принциптері. Бала да ересектер секілді түрлі танымдық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін, әрекеттердің белгілі бір схемаларына ие. Бұл әрекет схемалары-қарапайым. Бала алдындағы тұрған проблемалардың қиындық деңгейіне қарамастан, олар екі негізгі механизмдерді қолданады- ассимиляция және аккомодация.
Ассимиляция – жаңа проблемалық ситуацияда бар әрекет схемаларын өзгертпей-ақ әрекет ету, аккомодация, әрекет схемаларын өзгертеді. Бейімделу процесінде жаңа проблемалық ситуацияда ассимиляция және аккомодация бірігіп адаптацияны құрайды. Адаптация тепе-теңдіктің құрылуымен аяқталады. Әлеуметтену- әлеуметтік ортаға бейімделу процесі.
Интеллект дамуының сатылары. Сатылар-бұл бір-бірін алмастырушы сатылар немесе деңгейлер. Интеллектің даму процесі, негізі интеллектуалды құрылымның қалыптасуы болатын үлкен үш кезеңнен өтеді. Алдымен, сенсомоторлы құрылым қалыптасады. Сосын нақты операциялар құрылымы пайда болады. Кешірек формальды-логикалық операциялар қалыптасады.Ж.Пиаже бойынша формальды-логика- интеллект дамуының жоғарғы деңгейі. Баланың интеллектуалды дамуы төменгі сатыдан жоғары сатыға өтуді көрсетеді.
Сенсомоторлы кезең бала өмірінің екі жылын қамтиды. Жаңа туылған балада тек рефлекстер болады. Бұл саты рефлекстер жаттығуы. Рефлекстердің жаттығу нәтижесінде алғаш дағдылар қалыптасады. Екінші сатыда бала басын дауысқа бұрады, қозғалған затты көзімен бақылап отырады ойыншықты ұстауға ұмтылады. Дағдының негізінде алғашқы айналымдық реакциялар қайталанатын әрекеттер жатыр.
Екінші айналымдық реакциялар үшінші сатыда пайда болады. Бала өзінің белсенділігіне, өзінің әрекеттерінің нәтижесіндегі өзгерістерге назар аударады.
Төртінші саты- практикалық интеллектінің бастауы. Әрекет схемалары, барлығы бірігіп мақсатқа жету үшін қолданылады.
Бесінші сатыда үшінші айналымдық реакциялар пайда болады. Бала өзінің әрекеттерін әдейілеп өзгертеді.
Алтыншы сатыда әрекет схемаларының интериоризациясы басталады. Екі жас шамасында әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жерде сенсомоторлы кезең аяқталады, бала жаңа репрезентативті интеллект және нақты операциялар кезеңіне өтеді. Операционалды көзқарасқа (елестерге) дейінгі кезеңде бала дәлелге, талдауға қабілетсіз.
Интеллектуалды дамудың соңғы жоғарғы кезеңі- формальды операциялар кезеңі. Ол пікірлерді болжамдар ретінде қарайды; оның ойлауы гипотетикалық- дедуктивті бола бастайды.
Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:
20-дәріс
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы. Сезімдердің қалыптасуы. Баланың мектепке психологиялық дайындық мәселесі»
Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңнің дамуындағы психологиялық ерекшеліктері туралы түсініктеме беру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: мектепке дейінгі бала психологиясы, эгоцентрикалық сөздік қоры, ырықсыз ес, ырықты ес.
Жоспар:
Мектепке дейінгі баланың психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдеріне бөлу. Сөйлеу. Мектепке дейінгі кезде сөзді меңгеру және игеру үрдісі аяқталады. 7 жасқа қарай тіл баланың қарым-қатынасының және ойлауының құралы болып табылады. Сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Кіші мектеп оқушылары өздерінің сөйлеу ерекшеліктерін түсіне бастайды, сөздерді дұрыс естіп, дұрыс айтады. Сөздік қоры қарқынды дами түседі. Кейбіреулерінде көп, кейбіреулерде аз болады. Сөздің грамматикалық құрылымы дамиды. Сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалар бар сөздік қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құрай бастайды. Олар бұл кезде тіпті жоқ сөйлемдерді де құрастырып шығарады. Сонымен қатар қолданатын сөзін бала тым өткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды.
Егер сәбидің сөйлеуі көбінесе ситуацияға тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем контекстіге сай құрала бастайды. Контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар әңгіме не жөнінде болып отырғанын білмесе де сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтады. Кейде бала өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу деп атаған. Үнсіз сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу деп өзгелерге арналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрін айтады. Бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. әйтпесе оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж.Пиаже эгоцентиркалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталады да кейін өзінен өзі жоқ болып кетеді деген тұжырымды айтады. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентиркалық сөйлеу жоғалып кетпейді, ол кейін баланың үнсіз сөйлеуіне айналады деген. Л.С.Выготскийдің пікірінше үнсіз сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеудің негізінде дамиды.
Ес. Мектепке дейінгі кезең – ес процесінің дамуы үшін ең қолайлы кезең. Бұл кезеңде ырықсыз ес басым. Себебі, бала бір нәрсені есінде сақтау үшін ешқандай мақсат қоймайды. Ол үшін қызықты оқиға, әрекеттер жеңіл есте қалады, сондай-ақ сөздік материал есте жақсы сақталады. Ертегі, әңгіме, кино кейіпкерлері есте жақсы сақталады. Мектепке дейінгі жастың орта шенінде (4-5 жасқа қарай ) ырықты ес қалыптаса бастайды. Саналы, мақсатты түрде есте қалдыру тек эпизодты түрде көрінеді. (Ойынның түріне қарай атқарылатын әрекеттерді есіне түсіреді).
Қабылдау. Мектепке дейінгі кезде баланың қабылдауы көп жоспарлы болады. Ақырындап апперцепция дами бастайды- қабылдауға өзінің тәжірбиесінің әсері. Жас бойынша апперцепцияның рөлі ұлғая түседі. Қабылдаудың мағыналылығы пайда болады. Оның ішінде ырықты әрекеттер бөлініп шығады – бақылау, байқау, іздеу. Осы кезде қабылдаудың дамуына сөйлеу әсер етеді. Бала қасиеттердің, белгілердің атауын, түрлі объектілердің және олардың арасындағы қатынастар күйін белсенді қолдана бастайды. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін атайды. Арнайы ұымдастырылған қабылдау құбылысты дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бала картинаның мазмұнын да дұрыс түсіне алады.
Ойлау. Ойлаудың дамуындағы негізгі бағыт- көрнекі-әрекеттіктен көрнекі-бейнелікке өту .Мектепке дейінгі бала бейнелі түрде ойлайды, бәрақ әлі қисын ой жүгірту дамымаған. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай жалпылауға, байланыс орнатуға деген тенденция байқалады.
Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы. А.Н.Леонтьевтің айтуынша мектепке дейінгі кезең «тұлғаның алғашқы қырларының қалыптасу кезеңі », дәл осы кезде негізгі тұлғалық механизмдер мен құрылымдар қалыптасады. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоционалды және мотивациялық сфералар дамиды, өзіндік сана-сезім қалыптасады.
Эмоция. Мектепке дейінгі жастағы балаға сабырлы эмоционалдылық тән, күшті аффективтілік және мәнсіз конфликтілер болмайды. Эмоционалды үрдістер теңдестірілген. Мектеп жасына дейінгі бала қалай әрекет ете бастайды, оның оның болашақ нәтижесін бейнелейтін эмоционалды бейне қалыптасады. Егер ол үлкендер қолдау көрсетпейтін немесе көңілінен шықпайтын нәтижені көрсе, балада мазасыздану пайда болады. Осы кезеңде эмоционалды үрдістердің құрылымы өзгереді. Аффектінің мазмұны өзгереді – эмоциялардың шеңбері ұлғаяды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда көптеп кездесеін эмоциялар- басқаға жаны ашу, бірге күйзелу – онсыз балалармен біріккен іс-әрекет және қарым-қатынастың күрделі формасы болуы мүмкін емес. Баланың ойлеу елестері эмоционалды сипатқа ие, оның барлық іс-әрекеттері эмоционалды қанық.
Мотив. Осы кезде қалыптасатын ең маңызды тұлғалық механизм мотивтердің бағыныштылығы ол мектепке дейінгі жастың басында пайда болады және ары қарай дамиды. Баланың тұлғасының қалыптасуын мотивациялық сферасының өзгерісімен байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың мотиві түрлі күшке және мәнге ие. Осы жаста бала көп заттың ішінен таңдау жағдайында дұрыс шешім қабылдай алады. Ол өзінің талабын басу мүмкіндігіне ие болады. Бұл күшті мотивтің арқасында жүзеге асады, мысалы тартымды ойыншыққа назар аудармау. Осы кезеңде жаңа мотивтер пайда болады. Бала қарым-қатынастың жаңа жүйесіне, іс-әрекеттің жаңа түріне енеді. Бұл мотивтер өзіндік бағалаудың қалыптасуымен байланысты, өзін сүю-жетістіке жету мотиві, жарысу, бақталасу; моральды норманы меңгерумен байланысты мотивтер.
Осы кезеңде баланың индивидуалды мотивациялық сферасы қалыптасады. Баладағы түрлі мотивтер тұрақтылыққа ие болады. Тұрақты мотивтердің ортасында басым мотивтер болады.
Мектеп жасына дейінгі бала этикалық қоғамда қалыптасқан норманы игере бастайды, ол қылықтарды мораль нормасы бойынша бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы нормаларға бағындыруды үйрене бастайды. Алғашқыда бала басқа балалар немесе әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді.
Өзіндік сана-сезім. Өзіндік сана-сезім мектепке дейінгі жастың соңына қарай қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.
Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты- өзінің күйзелістерін ұғыну.
Осы кезеңге жыныстық теңдестірілу тән: бала өзінің ұл немес қыз екенін түсінеді. Олар өздеріне қатысты мінез-құлық стилін меңгереді. Ұлдардың көбісі күшті, батыл, болуға ұмтылады, көптеген қыздар – ұқыпты, икемді болып келеді. Мектепке дейінгі жастың соңында қыздар мен ұлдар барлық ойында бірге ойнамайды, оларда ерекше ойындар пайда болады- тек ұлдар үшін, тек қыздар үшін.
Өзін уақыт бойынша түсіну басталады. 6-7 жастағы балада өзінің өткен шағы есінде болады, осы шақты және болашақты түсіне бастайды.
Ойын жетекші іс-әрекет ретінде. Рөлдік немесе шығармашылық ойын мектепке дейінгі жаста пайда болады. Бұл балалар өздеріне ересектердің іс-әрекетін және олардың қарым-қатынасын жалпыланған формада, ойын жағдайында қайталайды. Осы кезеңде сюжетпен ойнау пайда болады. Кейінірек бейнелік-рөлдік ойын пайда болады. Режиссерлік және бейнелі-рөлдік ойындар сюжетті-рөлдік ойынның қайнар көзі болып табылады, кейінірек олардың ішінен ережелік ойын бөлініп шығады. Сюжетті-рөлдік ойында балалар адамдардың рөлін және олардың қарым-қатынасын қайталайды. Ережемен ойнауда рөл екінші жоспарға ауысады және басты мәселе ойынның ережесін нақты орындау.
Әрбір ойында өзінің ойын шарты бар – оған қатысатын балалар, қуыршақтар, басқа ойыншықтар және заттар.
Сюжет-ойында көрініс беретін ақиқат сферасы.
Ойын әрекеттерінің, рөлдер мен ойын ережелерінің дамуы бүкіл мектепке дейінгі жасты қамтиды.
Сонымен ойын өзгереді және мектепке дейінгі жастың соңында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында екі негізгі фаза немесе сатыны бөліп көрсетеді. Бірінші сатыға (3-5 жас) адамдардың шынайы әрекеттерінің логикасы қайталануы тән, ойынның мазмұны заттық әрекет. Екінші сатыда (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынас модельденеді және ойынның мазмұны ересек адамның іс-әрекетінің қоғамдық мәні, әлеуметтік қатынастар.