Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Ойын- мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет, ол баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ойында балалар бір-бірімен қарым-қаынасқа түсуге үйренеді.

Ойын тек құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге ғана қабілеттендіріп қоймайды, сондай-ақ баланың ырықты мінез-құлқын қалыптастырады. Өзінің мінез-құлқын басқару механизмі- ережеге бағыну ойында қалыптасады, сосын ол іс-әрекеттің басқа түрінде де көрініс береді.

Ойында сондай-ақ баланың мотивациялық-қажеттілік сферасы дамиды.  Іс-әрекеттің  мақсатқа байланысты жаңа мотивтері пайда болады.

Ойынның  сюжетін және күрделі рөлдерін ойлап табуда,  дамыған рөлдік ойында шығармашылық қиял қалыптасады. Ойын ырықты естің қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

 

 

21-дәріс

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі»

 

Жоспар

    1. Баланың оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық ерекшеліктер.

 

Мектепке оқуға психологиялық дайындау. 6 жасар балалардың тұлғасының ерекшеліктері оқу процесінде едәуір қиындықтар тудырады.  Мектепке психологиялық дайындық- мотивациялық, интеллектуалды сфералардың және ырықтылық сферасының дамуының жоғарғы деңгейін шамалаушы күрделі құрылым. Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін көрсетеді- тұлғалық (мотивациялық) және интеллектуалдылық  дайындық.

Мектепте оқуға тұлғалық дайындық, баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылуы- бұл бастауыш мектеп оқушысының көптеген психологиялық ерекшелігінің қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде мектеп міндеттеріне деген жауапкершілікті қатынас орнайды, бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады.

Оқуға деген қатынасынан басқа, бала үшін мұғалімге деген, құрбыларына, өзіне деген қатынасы маңызды орынға ие. Психикалық дамуы жоғары балаларға құрбылармен кооперативті-жарыстық қатынас тән.  Мектепке тұлғалық дайындыққа өзіне деген белгілі бір қатынастың болуы да кіреді. Өнімді оқу-іс-әрекеті баланың өзінің қабілетіне, жұмысының нәтижесіне, мінез-құлқына деген адекватты қатынасын білдіреді. Оқушының өзіндік бағалауы жоғары болмауы керек.

Мектепте оқуға интеллектуалды дайындық. Ойлау процестері-жалпылау, объектілерді салыстыру, жіктеу, айқын белгілерін бөліп шығарумен, қорытынды жасау тәсілдерімен байланысты.  Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуындағы негізгі ұғымдар: балдырғандарды жас кезеңдерге бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі, баланың тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы дүниетанымның дамуы, баланың шындықты жанама және жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Мектепке дейiнгi кезеңдегi психиканың дамуы.
  • Мектепке дейiнгi кезеңдегi психиканың дамудың жалпы сипаттамасы. Мектепке дейiнгiлердiң үлкендермен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас формасы және әрекеттiң әр-түрлi түрлерiнiң даму ерекшелiклерi.
  • Ойын мектепке дейiнгi жастағылардың жетекшi әрекетi ретiнде.
  • Баланың психикалық дамуы үшiн сенсорлық процестердiң мақсатқа бағытталған қалыптасуының мағынасы (А.В. Запорожец, В.П. Зинченко, Л.А. Венгер).
  • Сөздік пен сөйлеудің граматикалық  құрылымының дамуы: сөйлеу қызметінің дамуы. Эмоциялы-ерікті сфераның дамуы.
  • Мінез және қабілеттің қалыптасуы.
  • Мектептегі жүйелі оқытуға балаларды дайындау мәселесі. Дайындық түрлері, олардың сипаттамасы. 
  • Мектепке, мұғалімге, оқу міндеттеріне қатынас жүйесін қалыптастыру. Жеті жастағы дағдарыс туралы ұғым.
  • Шетел психологиясындағы ойын теорияларына сыни тұрғыда шолу (К.Гросс, Г.Спенсер, К.Бюлер, С Холл, В. Штерн, Ф Бойтендайк).

 

 

22-дәріс

Тақырыбы: «Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты»

 

Дәріс мақсаты: Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиялық сипатын талдау, жетекші әрекетін сипаттау;

Тақырыптың негізгі ұғымдары: бастауыш мектеп, оқыту түрі, жетекші әрекет, дағдарыс, құндылықтар;

Жоспар:

  1. Оқу әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс-әрекет ретінде. Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптастыру заңдылықтары.
  2. Сөзді ұғыну мәселесі, оның элементтері, формалары, оқытудың әртүрлі вариантындағы функциялар (Д.Б.Эльконин, А.К.Маркова, С.Н.Карпова)
  3. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин, В.Давыдов),   Ақыл –ой  әрекеті мен ұғымдарды  сатылар қалыптастыру (П.Я.Гальперин).

 

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасын балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін балалықтың көп қасиеттерін сақтайды – жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-әрекет.

Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма  ол өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде  дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы мүмкін. 3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың  әлеуметтік «Менінің» туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді.  Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. Дағдарыс кезеңінде күйзелістердің жоспарында өзгерістер болады, 7 жас дағдарысы кезеңінде Л.С.Выготскийдің атауы бойынша күйзелістердің жалпылануы болады. Үнемі қайталанатын сәтсіздіктердің тізбегі тұрақты аффективті кешендердің – кемшілік сезімі,  өзінің мәнділік сезімінің қорлануы, кемсітуі сияқты сезімдердің қалыптасуына алып келеді. Эмоционалды-мотивациялық сфераның күрделенуі баланың ішкі өмірінің қалыптасуына алып келеді.  Баланың ішкі және сыртқы өмірінің ажыратылуы оның мінез-құлқы құрылымының өзгеруімен байланысты. Қылықтың мағыналық бағытталған негізі қалыптасады. Бұл  болашақ қылықтарды адекватты бағалауға мүмкіндік беретін, интеллектуалды сәт. Өзінің әрекеттерінде мағыналық бағытталу  ішкі әлемінің маңызды жағы болып табылады, осы уақытта импульсивтілік және баланың мінез-құлығының өзінділігі жоғалады. Енді бала әрекет етпей тұрып алдымен ойланады, өзінің күйзелістерін жасырады, оған ауыр болса да өзгелерге білдірмеуге тырысады.

Таза дағдарыстық көріністер - қисаңдау,боямалылық, мінез-құлықтың жасанды болуы.

Бастауыш мектеп жасында балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін қарастырамыз.

Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізгі буыны  болып есептеледі. Төртінші компонент – бақылау. Алғашқыда  балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау.

Психикалық функциялардың дамуы:

Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін саралап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестермен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға айналады.

Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірбиелі ұстаз оқу үрдісінде әртүрлі әдістер қолданады. (санаудың әртүрлі әдістері). 1-2 сыныпта баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай әрекет жасауда, тұрақты болады.

Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады.2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес үрдістерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды:ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін  игеруге мүмкіндік береді. 

Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде қалыптасады. Мазмұндама жаза алу. Қайта жасау қиялы негізінде, оқыған әңгімедегі сюжетті өзгерту, кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны уақыт аралығында елестете білу- міне осының бәрі баланың творчестволық қиялын дамытудың алғышартары. 

Ойлауының дамуы - бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды. Бұл кезде әр түрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың қасиеттеріндегі мәнді маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады.

Оқу үрдісінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды. Оқу үрдісінде ғылыми түсінікті меңгеруі теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Бастауыш мектеп жасындағы дамудың жалпы  шарттары. Оқу әрекеті  бастауыш мектеп жасындағылардың жетекші әрекеті ретінде.
  • Оқу мазмұны мектеп жасындағы ақыл-ой дамуының негізгі көзі ретінде. Бастауыш мектептегі ғылыми ойлуды қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин).

 

 

23-дәріс

Тақырыбы: «Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы (Г.Г.Кравцова). Мінездің дамуы»

 

Дәріс мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының және мінезінің дамуын сипаттап баяндау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: эмоция-ерік сферасы,  жоғарғы сезім, рефлексия.

Жоспар:

1. Бастауыш мектеп жасындағы баланың мінезінің дамуы.

2. Эмоция-ерік сферасының дамуы. Жоғарғы сезімдердің формалары мен даму факторлары. Рефлексияның алғашқы формалары.

3. Құрбыларымен қарым-қатынас.

 

Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы.

Мотивациялық ядро А.Н.Леонтьев бойынша тұлғаның ядросы болып табылады. Балада көптеген мотивтер болады, соның бірі- өзінің жаңа статусын бекітетін оқудың әлеуметтік мотиві. Оқудың әлеуметтік мотивіне жақсы оқушы статусымен қатар, міндет, жауапкершілігі, білім алу қажеттілігі жатады.  Оларды оқушы түсінеді және оларға оқу жұмысында мағына береді.  Танымдық қызығушылық аймағынан да ерекшелік байқалады. Танымдық мотивацияның маңызды аспектісі- оқу-танымдық мотиві, өз-өзін жетілдіру мотиві жатады.  Үлгерімі жоғары оқушыларда  жетістікке жету мотивациясы айқын көрінеді.   Мәртебелі  (престижная) мотивация көбінесе өзіндік бағалауы жоғары және лидерлікке бейім балаларға тән. Жетістіке жету мотивациясында екінші тенденция - сәтсіздіктен қашу мотивациясы көрініс береді.  Үлгермеуші оқушыларда компенсаторлы мотивация пайда болады.

Өзіндік бағалау. Мектептегі бағалау өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етеді. Тұлғаның толыққанды дамуы компетенттілік (біліктілік) сезімінің қалыптасуына алып келеді. Э.Риксон бойынша бұл осы кезеңінің орталығы болып табылады. Балада адекватты өзіндік бағалаудың дамуы үшін сыныпта психологиялық жайлылық және қолдаудың болуы қажет. Баланың өзіндік бағалауының құрылуы оның ерекшелгіне және мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас ерекшелігіне тәуелді. Сондай-ақ отбасылық тәрбиенің де рөлі үлкен мәнге ие.

Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы. 7-8 жастағылар мектептегі моральдық нормалар мен ережелерді дұрыс түсініп, орындай алады.

Біріккен оқу үрдісінде балаларда өзара қарым-қатынас дамиды. Олардың дос болуы- бірге отыруы, бір жақта тұруы - яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. Олар әлі де болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу үрдісінде белгілі ережелерді ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция күйлері тұрақтырақ, өздері ұстамды және саналы әрекет атқарады. 8-10 жастағы балалардың эмоциясы тұрақты (қуаныш, реніш). Кейбір балаларда аффект жағдайлары болуы мүмкін. Негізгі себеп - талап қою деңгейі мен оларды қанағаттандырушылық арасындағы айырмашылық.

“Жеке бас” деген ұғымға  Мен деген түсінік те кіреді. Бастауыш мектеп оқушысының  жеке басы деген түсінікке оның сыпайылылығы, керісінше осыған қарам-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке басына тән  қасиеттерін тек “Мен” деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай,  ашуланғыш, немесе сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай осы жөнінен де алып қарауға болады.

Мөлшер не норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын, не болмайтынын жақсы біледі. Мектепке келгеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді иегере білуі тиіс. 

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Бастауыш сынып оқушысының әлеуметтік өмірі.
  • Сынып ұжымының ішкі және сыртқы қатынасының психологиясы.

 

 

 

 

24-дәріс

Тақырыбы: «Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңнің сипаттамасы. Жасөспірім жасының дағдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу.»

 

Дәріс мақсаты: Жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтың арақатынасын және ерекшелігін, олардың психологиялық дамудағы негізгі ерекшеліктерді айқындау;

Информация о работе Даму психологиясы