Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 18:20, курс лекций

Описание работы

Психология (грек тілінде «psyche - жан», «logos – ғылым,ілім») психиканың құрылымы, пайда болу заңдарын, дамуы мен оның әртүрлі формадағы қызметін (функциясын), сонымен қатар сананың психикалық жоғарғы формасы ретіндегі бейнесін қарастыратын ғылым.
Бұл анықтаманы толығырақ түсіну үшін психика және сана ұғымдарына көңіл бөлу қажет.

Содержание работы

1-дәріс. Психология пәні туралы түсінік.........................................................4
2-дәріс. Психология ғылымының мақсаты мен міндеттері, жетекші және қолданбалы салалары........................................................................................19
3-дәріс. Таным үрдістері...................................................................................21
4-дәріс. Түйсікті зерттеудегі әдістемелер мен олардың түрлері..................26
5-дәріс. Психологиядағы қабылдаудың түсінігі.............................................28
6-дәріс. Ойлау және сөйлеу..............................................................................31
7-дәріс. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.....................................42
8-дәріс. Қиял. Қиял туралы жалпы ұғым және оның түрлері.......................47
9-дәріс. Қиялдың жасалу жолдары..................................................................56
10-дәріс.Тұлға психологиясы...........................................................................60
11-дәріс. Жеке адам және оның бағыт-бағдары............................................75
12-дәріс. Зейін....................................................................................................79
13-дәріс. Эмоциялар мен сезімдер...................................................................89
14-дәріс. Ерік......................................................................................................97
15-дәріс. Даму психологиясы пәні, мақсаттары міндеттері........................110
16-дәріс. Даму психологиясының әдістері. Даму психологиясының негізгі ұғымдары..........................................................................................................112
17-дәріс. Даму психологиясының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.......114
18-дәріс. Даму психологиясының қазіргі заманғы мәселелері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау..................................................116
19-дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы..............................123
20-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.131
21-дәріс. Мектепке дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.............................................................................................................135
22-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.............................136
23-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы...................................................................139
24-дәріс. Жеткіншектік кезең және жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................141
25-дәріс. Жасөспірімнің мотивациялық сфераларының құрылымдық қалыптасуы.......................................................................................................145
26-дәріс. Жасөспірімнің талпыну деңгейі.....................................................146
27-дәріс. Ерте психологиялық жас................................................................151
28-дәріс. Кәсіби бағдарлану ерте психологиялық жастың жетекші жаңа құрылымдары ретінде.....................................................................................154
29-дәріс. Ерте психологиялық жастың психологиялық қырлары мен өмір ерекшеліктері...................................................................................................161
30-дәріс. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы.....163

Файлы: 1 файл

Психология және даму психологиясы.doc

— 959.50 Кб (Скачать файл)

Тақырыптың негізгі ұғымдары: жеткіншек, жасөспірім, есею, эмоционалды тұрақсыздық , жыныстық жетілу.

Жоспар:

1. Жеткіншектік кезең психологиясы

2. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.

3. Жасөспірімдердің физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы индивидуалды және жыныстық айырмашылықтар.

4. «Есею сезімі»- жеткіншектердің психологиялық құрылымы ретінде, оның түрлері.

 

Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері (11-15 жас) бала ағзасының қайта құрылуымен байланысты. Яғни дене мүшелері дамып гормондар бөліп шығара бастайды. Бойы және салмағы ұлғаяды. Бойы мен салмақтың өсуі дене пропорциясының өзгеруімен қатар жүреді. Ең алдымен басы ұлғаяды, кейін аяқ жағы мен қолдары ұзарады. Осы кезеңде балалар өздерін қолайсыз сезінеді.

Қосалқы жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Ұлдардың дауыстары өзгереді. Қарқынды дамумен қатар жүрек, өкпе, бас миының қан айналымы өзгерістерге ұшырайды.  Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу процесімен қатар жүретін сексуалды қозуды күшейтеді. Ұлдардың көбісі бұл қозудың қайнар көзін түсінеді.  Осы кезеңде жыныстық теңдестірлу жоғарғы деңгейге жетеді.  Ағзаның қайта құрылуының арқасында өзінің сыртқы пішініне қызығушылық пайда болады. Жаңа физикалық “Мен” қалыптасады.

Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.  

Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау дамиды. Бастауыш жасында қалыптасқан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады. Жеткіншек интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады. Проблеманы шешуде  түрлі бағыттарды іздеуге  ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері жеткіншектерге абстарктілі идеяларды  талдауға мүмкіндік береді. Қабылдаудың және естің интеллектуалдылығы дамиды.

Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” пайда болады. Ересектік сезімі- өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық нормасымен тығыз байланысты. “Мен тұжырымдамасы” – өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады. Жеткіншектік  жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің сыртқы көрінісі, тартымдылығы, өзінің ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” – шынайы “Менін” қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып “Мен концепциясының” когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен” қатар идеалды “Мен” болады.

Жеткіншектік кезең 11-12, 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Бұл жас кезеңі өтпелі, қиын кезең деп аталады. Бұл кезде даму ерекшелігі- (дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік) балалық шақтан үлкендік кезеңге өту.  Балада өзін-өзі қайта бағалау, барлық жағынан қауырт өсу болғандықтан қарым-қатынасы, танымдық оқу әрекеттері де өзгереді.

Негізгі даму факторы - жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі. Бала дамуында 2 түрлі жағдай 2 жағынан қарама-қарсы әсер жасайды. 1) ересектікке көшуді тежеуші- бала тек оқумен айналысады, өз бетімен маңызды міндет атқармайды, ата-аналары баланы көп нәрседен аластатып, қиыншылық түсірмеуге тырысады; 2) есейтетін фактор:  әр жақтан алынатын хабарлардың ағыны, ата-аналардың көбінесе жұмыста болып, балаларға көп көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты кейбәр жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің өсуі, акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын алады.

Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасады, осы кезеңде әр адамға  тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар көзқарастары қалыптасады.

Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде үлкендерге қойылатын талаптармен алмаса бастайды. Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға ересектермен бірдей орын алуға тырысады. Осыған байланысты үлкендермен түрлі қайшылықтарға келу пайда болады (тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы қатынастан ересек арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше жағдай әсер етеді:

1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан  әлі де болса оқушы;

2) ата-анасынан материалдық тәуелділігі;

3) ересек бала бақылап, бағытап  отырады;

4) балаға тән қасиеттердің әлі  де болса сақталуы;

Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі критерийіне айналады. Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер жасалынады.                     

Жеткіншектік реакциялар: Қызығушылық – жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа  қызық мәнді нәрсені қабылдауға ашық даяр болады.

Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің болуы. Д.Б.Эльконин бойынша жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті (сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен тек интеллектуалды-эстетикалық әуестену байланысты болуы мүмкін.  Олар, сүйікті - тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық өзінің күшін нақтылау, шыдамдылық, қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі- ақпаратты коммуникативті әуестену. Жинақтаушы әуестену- коллекция жинаудан көрінеді. 

Жасөспірімдік кезең (16-17 жас) – жеке адамның толысуының аяқталатын кезеңі, жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, (олар енді бала болмағанымен, әлі ертерек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.

Жасөспiрiмдiк кезең тұлғаның өмiр жолына, өзiнiң қандай жағдайға жеткенiне, неге шамасы келетiнiне, дүниеде не үшiн өмiр сүрiп, жер басып жүргенiне, ненi бiлiп, не қойғысы келетiнiне, жұртқа нендей пайда тигiзетiндiгiне, яғни өз болашағына  айрықша үңiлiп  қарайтын кезең деп  түсiндiрiледi. Бiр сөзбен айтқанда, осы кезең олардың өзiмен - өзi кеңесiп, “ жан дүниесiне үңiлуге құштар” шағы.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуальдық және моралдық еріктік жетілуімен, барлық психикалық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Кейінгі кезде ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке ала отырып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әркезде үйлесе бермейді. Акселерациялы, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез өседі.

Өтпелі кезеңде қабылдау әлсірей түседі. Олардың болашақ өмірімен байланысты сұрақтарына  бағытталуда ересектерге деген қызығушылық пайда болады. Тоғызыншы сынып оқушыларын  болашақ өмір кәсіби тұрғыдан қызықтырады. Ата-аналарымен өмірлік жоспарлары, ең бастысы кәсіби жоспарлар талқыланады. Жасөспірім жақын ересек адамына идеал ретінде қарайды.  Бітіруші сыныптарда балалардың ынтасы кәсіби өзіндік анықталуға шоғырланады.

Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организм физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, сапалық өзгерістердің көрсеткіші.

Балалар өздерінің мінез – құлқындағы кемшілігін, қателігін түсінуге тиіс. Дене  жазасымен байланысты болған реніш сезімі, ауру, кемсітушілік өзінің әрекетін бағалауға, қатесін мойындауға жағдай туғызу түгіл, керісінше, баланы ызаландырып, қасарысуға және бұрынғысыша істеуге мәжбүр етеді. Кейде баланы жазалау алдында түзелген сияқты болатыны бар. Ата – анаға таяқ тәрбиесі пайдалы болып нәтиже бергендей болады. Істің шынына келгенде бала іштей жек көреді.

Дене жазасының баланың жүрегінде ауыр із қалдыратынын, оның мінезіне жаман әсер ететінін ұмытуға болмайды. Бір балалар қатал келеді, дөрекі, жылпос және өтірікші болып өседі, енді бір балалар қорқақ, жігерсіз, сенімсіз және тұйық болып келеді. Дене жазасы бұндай балалардың шаттық сезімін жойып, жатырқаушылыққа апарып соқтырады. Балғын жастық шақ – тасқындаған күш – қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін, өзіндік ерекшелігімен көрінетін қайталанбас тәтті дәурен.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Жеткіншектің физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік даму сипати мен жиілігіндегі даралық және жыныстық ерекшеліктері.
  • Жас өспiрiмдiк кезең психологиясы.

 

 

25-дәріс

Тақырыбы: «Жасөспірім жасындағы жетекші іс-әрекет.  Жасөспірімнің оқу іс-әрекеті. Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінезқұлық мотивінің қалыптасуы»

 

Дәріс мақсаты: Жасөспірімдік кезеңдегі жетекші әрекеттермен, олардың өзгеру процестерін сипаттау; Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез-құлық мотивінің қалыптасуын түсіндіру;

Тақырыптың негізгі ұғымдары: құрдастарымен қарым-қатынас, интимді-тұлғалық қарым-қатынас. 

Жоспар:

1. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас.

2. Құрбы-құрдастар ұжымы және ондағы өзара әрекет қоғамның ересек мүшелерінің қатынастарын модельдеуі ретінде.

 

Құрдастарымен қарым-қатынасы. Құрдастарымен қарым-қатынас та әуестену сияқты өте эмоционалды болады. Осы кезеңдегі жетекші іс-әрекет интимді-тұлғалық қарым-қатынас. 

Достық қарым-қатынаста жеткіншектер өте таңдағыш келеді. Бірақ олардың ортасы тек достарымен ғана шектелмейді, едәуір кеңейеді. Осы уақытта көптеген таныстары пайда болады, формальды емес топтар пайда болады. Жеткіншектер бір-бірімен тек ұнату арқылы ғана емес, қызығушылықтары арқылы топқа бірігуі мүмкін.топтың даму деңгейін анықтау үшін, Л.И.Уманский көрсеткен даму критерийлеріне тоқталып кетейік. Бұл мақсаттың, мотивтің, топ мүшелерінің құндылық бағдарларының бір болуы, ұйымдастырушы бірлік, белгілі бір іс-әрекет сферасында топтық дайындық, психологиялық бірлік. Диффузды топ, дамудың төменгі деңгейіне ие, тек формальды түрде ғана өмір сүреді, мысал ретінде жаңа мектептегі сыныпты айтуға болады. Дамыған үлкен топ - ассоциация, ол жалпы мақсаты және құрылымы бар. Кооперация тобына- мақсат пен іс-әрекеттің бірлігі тән.

Неғұрлым дамыған топ- корпорация және ұжым. Олардың айырмашылығы бағыттылығында. Корпорация үшін басқа топқа қарсы тұра алатын топтық эгоизм және индивидуалдылық тән. Ұжым неғұрлым кеңпейілді, бұл жерде топтық эгоизм болмайды. Ұжымда өзара көмектесу және өзара түсіну қалыптасқан. Ұжым мүшелерінің эмоционалды бірлігі жағымды психологиялық атмосфераны құруға мүмкіндік береді.

Ересектермен қарым-қатынасы. Жеткіншектердің ата-анасымен қарым-қатынасы олар үшін мәнді  сфера болып табылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындық ата-анасының баласының мінез-құлқын, оның оқуын, достар таңдауда араласуынан пайда болады.  Отбасындағы тәрбие де жеткіншектің дамуына үлкен әсер етеді. Отбасылық тәрбиенің кең таралған түрлеріне тоқталып кетейік.

Демократиялық ата-ана жеткіншектің мінез-құлқындағы дербестілікті және тәртіптілікті бағалайды.

Авторитарлы ата-ана жеткіншектен сөзсіз бағынуды талап етеді, өздерінің бұйрықтарымен, шектеулерінің себебін түсіндірмейді.

Гипоопека-бақылаудың болмауы, ата-аналық қатынастың парықсыз(безразличный) болуы- отбасылық қатынастың жағымсыз нұсқасы.

Гиперопека- жеткіншекке эмоциялы байланысқа негізделген, шамадан тыс қамқор болу- бұл баланы енжар болуға, өз бетінше орындай алмаушылыққа алып келеді. Қиындықтың бір түрі ата-ананың жоғарғы күтімдерінен болады.

Қоршаған  ортамен қарым-қатынас- жеткіншек өмірінің маңызды жағы болып табылады. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қажеттілік қанағаттанбаса онда балада ауыр күйзелістер пайда болады.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

  • Негізгі ұғымдар: жеткіншек жас, психикалық дамуындағы биологиялық факторлар, жыныстық жетілу, жеке адам, өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу.
  • Ұжым, референтті топ, қатынас, достық мүдде сияқты түсініктерді талдау;

 

 

26-дәріс

Тақырыбы: «Жасөспірімнің талпыну деңгейі»

<span class="dash041e_0431_044


Информация о работе Даму психологиясы