Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

 

                                 Жоспар

 

 

Кіріспе.................................................................................................................3

 

І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25

 

1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің  зерттелуі..............................................25

1.2. Этнодиалектизмдерге  тән негізгі ұстанымдар мен  ерекшеліктер........26-31

 

Негізгі бөлім.

 

2. Қазақ тілі диалектілік  лексикологиясының этнолингвистикалық  негізі.

2.1. Көркем шығармадағы  материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56

2.2. Прозалық шығармадағы  рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80

2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты

ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83

IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі – оның тіл әлемі, тіл байлығы.

Қазіргі заманғы  тіл ғылымы тілдің қатынас құралы қызметімен қатар танымдық, кумулятивтік қызметіне айрықша назар аударып келеді, өйткені адамзаттың ақыл-ойының жетілуі нәтижесінде жинақталған әлем туралы білім қоры әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан-дүниесі, психологиясынан хабардар етеді, адам баласы дүниетаным қабілетінің қорытындысын сыртқа шығарып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Осындай нағыз этностық, тіл иесі халықтың тұрмыс тіршілігінің куәсі,  ұлттық тілдің құрамдас бөлігі, этнос болмысын танытуда негізі терең арнаның бірі – жергілікті ерекшеліктері, әдеби тілдің «сыртында» жатқан халық тілінің этномәдени бояулы деректері мол сақталған саласы.

Қай тілдің болмасын сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік  заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамыры тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға  жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерімен, мәдениетімен, ұлттық мінез-құлқымен байланысты. Ұлтқа тән қадір-қасиетті танытатын тіл болса, тіл деректерінің тоғысар жері – көркем шығарма. Көркем шығарма – ұлттық болмысқа қатысты мәселелерді жинақтайтын күрделі құбылыс, біртұтас дүние. Көркем шығарма мәтінінде кездесетін әр алуан тілдік құбылыс ұлттық тілдің барлық тармақтарынан алынады. Жергілікті ерекшеліктер лексикологияда қолданылу өрісі тар, шектеулі қабатқа жатқызылады, олай болса, жергілікті ерекшеліктердің нақты көрінер, басқа танылар тұсы – көркем шығарма мәтіні.

Жазушы сөзбен сурет салу барысында образ іздейді, ол үшін оқырманға әсер етіп, кейіпкерді «өз тілінде» сөйлетуге тырысады. Міне, осы жағдайда диалектілер керекке  жарайды. Бұл мәселеге қатысты М. Әуезов «Қазақстанның бар өлкесіндегі халықтық тіл байлықтарын мол пайдалану мәселелерін үнемі шартты талап етіп, сынап отыру керек» [1,83 б.], – деген екен, сондықтан әдеби тіл дамуының әр кезеңінде  жергілікті ерекшеліктер, диалектизмдер олардың көркем әдебиетте қолданылуы мәселесі көтеріліп отыруы заңды.

Бұл зерттеулер көп жағдайда әдеби тілдің қалыптасуы әдеби тіл және оның нормасы, тіл  мәдениетіне қатысты мәселелерді  қозғайды. Ал соңғы жылдардағы зерттеулер қазіргі тіл ғылымындағы антропоцентристік  бағытта дамып келеді. Осы орайда Ж.Мұхамбетов, А.Есенбай, Р.Асылбеков сынды ғалымдарды  атап кеткен жөн.

Олай болса, қазақ этносының бітім-болмысын  жан-жақты тани түсуге мүмкіндік  беретін тіл иесімен бірге  заманнан-заманға озып, сақталып келе жатқан жергілікті ерекшеліктерінің этндиалектологияда кездесетін қолданыс күйін көркем әдебиет стилі, әдеби норма мәселелерімен қатар, лингвомәденитанымдық қызметі тұрғысында зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселе қатарына жататыны анық.

Зерттеу нысаны. Көркем әдебиеттегі шығармалардағы жергілікті тіл ерекшеліктері, этнодиалектизмдер.

Зерттеу жұмысының дереккөздері.  Жұмыстың зерттеу нысанына орай дереккөз ретінде жазушылар шығармалары мен жергілікті тіл негізге алынды, осы шығармалардан жиналған мыңдай диалектизм зерттеуге арқау болды. Сонымен қатар, С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Ә.Нұрмағанбетов,                               С.Омарбеков, Ш.Сарыбаев еңбектері мен «Қазақ тілінің дилектологиялық сөздігі» (1969; 1996; 1999), «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» (2005),                          М.Қашқари «Түрік тілінің сөздігі» (1997); С.Е.Малов «Памятники древнетюркской письменности» (1951) секілді сөздіктер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдістері: Көркем мәтіндегі жергілікті ерекшеліктерді анықтауда салыстыру, тілдік материалдарды лингвомәдени бірлік ретінде сипаттау, компоненттік, семантикалық талдау әдістері қолданылады.

Зерттеудің  әдіснамалық негізін диалектология, лингвомәденитану, әдеби тіл нормасымен қатар, көркем мәтін лингвистикасы; стилистикасы, прагматикасы және тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші                     А. Байтұрсынұлы,  М. Әуезов, В. Виноградов, Н. Гальперин, С. Аманжолов,   М. Балақаев, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Ғ. Қалиев,    Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Б.Шалабай, С.Қоянбекова, М. Атабаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлері құрайды.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері: Этнодиалектизмдерді кешенді талдау жасау арқылы жергілікті тіл бірліктерінің мәдени, танымдық табиғатын, қолданымдық сипатын анықтау. Осы мақсат негізінде мынандай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

-  жазушылар шығармаларында кездесетін этнодиалектизмдердің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, тақырыптық топтарға жіктеу, лексика-семантикалық жақтан сипаттау;

- фонетикалық,  грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің стиль түрлеріне қатысын айқындап, стилистикалық мағына мен реңк тұрғысынан зерделеу;

  • материалдық және рухани мәдениетке қатысты диалектизмдерді  лингвомәдени бірлік деңгейінде талдау;

- лингвомәдени  деректі этнодиалектизмдерді этимологиялық жағынан талдау;

- Этнодиалектизмдердің қолданысын әдеби тіл нормасы, көркем әдебиет тілі заңдылықтарына қатысты мәселелер өзегінде көрсету;

  • Этнодиалектизмдердің қолданылу уәжділігін анықтай отырып, олардың аймақтық сөйленістер тобына қатысын, сипатын белгілеу.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы:

- зерттеу нәтижесінде этнодиалектизмдер фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктер тұрғысынан сұрыпталды. Лексикалық ерекшеліктердің мағыналық топтары ажыратылып,  аталымның семантикалық деңгейінде тарихи, әлеуметтік, экстралингвистикалық факторлардың әсері анықталды;

  • көркем шығармада этнодиалектизмдерді қолданудың мақсатына сай прагматикалық, стилистикалық белгілері көрсетіліп, стилистикалық мағына, реңк тұрғысынан сөз болды;
  • көркем шығармада фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді қолданудың  стилистикалық мақсаты сараланып, бұл жазушы сипаттап отырған өңірге қатыстылығының тарихи әлеуметтік себептері айқындалды;
  • жинақталған тіл деректері этномәдени, лингвомәдени бірлік ретінде алынып, олардың мазмұнында тарихи-танымдық, мәдени ақпараттың атқаратын қызметі көрсетілді, сол арқылы басқа өңірлермен сабақтастығы, жалпы қазақтың рухани және материалдық мәдениетімен өзектестігі сараланды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесі, онда айқындалған тұжырымдар тіл ғылымының диалектология, стилистика, мәтін лингвистикасы салаларының, әдеби тіл нормасы, нормаландыру ұстанымдары, көркем шығарма тілі, этнодиалектизмдерді қолдану мәселелерінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді. Ғылыми жұмыстың тұжырымдары қазіргі қазақ тілі біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің қағидаларына үлес қосады.

Зерттеу жұмыстарының практикалық мәні. Зерттеу материалдары нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде диалектология, лексикология, мәтін лингвистикасы, этнолингвистика, лингвомәдениеттану салалары бойынша оқытылатын дәрістер мен семинар, арнай курстарда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы.  Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

1.1. Қазақ тіліндегі  диалектизмнің зерттелуі

 

    Диалектология туралы жалпы түсінік бере кетсек, тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос — сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді зерттейді. Диалект, сөйленіс деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамьгз. Олар жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген  термин тілде жалпыхалықтык сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, езіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Сөйленіс (говор) - жергілікті диалектілердің белгілі бір шағын аймақтарын қамтитын бөлігі. Мөселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы сөйленістердің қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай сөйленістер ғана диалект үғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше сөйленіс енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде сөйленіс ез ішінде бірнеше ұсак сөйленістерге бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген сөйленістердің жиынтығы бұрынғы орыс әдебиетінде, түркологтардың еңбектерінде наречие деп аталған.[2.86]

Шынында, диалект, сөйленіс, наречие деген терминдер  бірінен-бірі сонша алыс кеткен ұғымдар  емес. Бәріне де жергілікті тіл ерекшеліктері  негіз болады.Белгілі бір халыққа, ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан, сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден өзгеше ерекшеліктері болса

ғана диалект  бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға  белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, жергілікті жерде әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына зарпы; тегі, заты деудің орнына сойы; талаушы — шабаган, беймаза — бейана, кебек - буыз, үнемі - бойлай, әрең - шаққа, табалдырық - тебелдірік, есік ілгегі — тепкі, шұлгау — байтаба болып айтылады. Тіпті өдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше нұсқасы кездеседі: сіріңке - кеуірт, күкірт, шырпы, шагар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын —лөген, жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе — самал, пиялай, кәсе, тас аяқ, шыны аяк, ақпыр, ақпар, кардон, жанан; күрке - балагаш, балаган, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; ізбес - әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т.б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілде де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әртүрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй жөне мола деген мағынада әр жерде әртүрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде ага, кейде апа, әпке мағынасында қолданылады. Тәртіп ~ қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.

Диалектілік, сөйленістік  ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында  да кездеседі, мысалы: е мен і (ерегес — ерегіс), а мен ә (қатты ~ кәтті, қайтып ~ кәйтіп), ә мен у (дөнен — дүнен), б мен п (болат — полат, бейнет — пейнет) дыбыстары алмасып айтылады. Сол сияқты ерекшеліктер грамматикалық құрылыста да кездеседі. Мысалы: көмектес септік жалғауы -мен, -мынан, -ман түрінде, жіктеу есімдігі I жағының көпше түрі ілік жалғауы қосылғанда бізің түрінде айты-лады. Осындай ерекшеліктер сөз тіркестерінде де кездеседі, мыса-лы, жалпыға белгілі кепілде журу деген тіркес аяқ устінде журу, күдер узу — баз кешу, көрсе қызар — көрсе басар, құлып салу, құлыптау – құлып ұуру, уайым жеу — пұшайман жеу, жарыс сөз — талқы сөз, тосыннан-тосын — торсадан-торса, басы қату — тата болу т.б. түрінде айтылады. Жергілікті халық тілінде кейде бір сөздің қаты-суымен жасалған сөздер мен сөз тіркестері кездеседі, Мысалы, тас сөзімен тіркесу арқылы: тас құман (шәйнек), тас аяқ (кесе, шыны аяқ), тас құдық (таяз құдық), тас қорық (қорықтық), тасқабақ (қабығы қатты асқабақ), тас кепіл (берік уәде), тасжарған (дәрілік шөп), тас табақ (тәрелке) т.б. .[3.8]

Ең алдымен  диалект пен диалектизм деген екі терминді бір-бірінен ажыратып алу керек.

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері