Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.
2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85
Үшіншіден жеке сөйленістердің зерттелуі қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері туралы жаңа теориялық қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Осындай мәселелердің бірі тіліміздегі сөйленістердің бір-біріне қатысы, тарихи байланысы жайында. Сөйленістер бір-біріне байланыссыз, қатыссыз емес, сол сияқты олардың өзара жақындығы, туыстығы да бірдей емес. Мөселен, Шу бойынан жиналған ерекшеліктер мен Жетісу немесе Орда ауданынан (Орал облысы) жиналған ерекшеліктерді салыстырсақ, Шу мен Жетісу түрғындары тіліндегі ерекшеліктердің ортақ жағы басым екені байқалады. Мұның езі жергілікті халық тіліндегі ең негізгі ерекшеліктер бірнеше сөйленіске ортақ болып келу сипатынан туған.
Ғылыми айтыс, пікір таласының нәтижесінде қазақ диалектологиясындағы кейбір мәселенің жан-жақты шешілуіне, ал бірқатар мәселенің ғылыми дәрежеге көтерілуіне, олар жайындағы пікірлердін айқындалып саралана түсуіне мүмкіндік туды. Жоғарыда айтылған мөселелердің зерттелуінде және қазак диалектологиясының жеке сала болып қалыптасуында кейбір ғалымдарымыздың көп еңбек сіңіргенін атап өткен жөн. Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы сез болғанда, олардың еңбегіне соқпай өту мүмкін емес. Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловты, филология ғылымдарының кандидаты Жұмат Досқараевты атауға болады.
Қазақ диалектологиясының алғаш зерттелу және қалыптасу тарихы профессор С. Аманжоловтың есімімен байланысты екені жалпыға белгілі.
Профессор С. Аманжолов
бұл тақырыпта докторлық
С. Аманжолов қазақ диалектологиясындағы теориялық мәні бар өзекті мәселелердің (мысалы қазақ тілінің өз ішінен диалект, сөйленістерге бөлінетіндігі, қазақтың ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі, диалектілердің бұрынғы ру-тайпа тілдеріне катысы, қазіргі диалектілік ерекшеліктердің сипаты және аймақтық жағынан жіктелуі, т.б.) қай-қайсысын болсын алғаш рет ғылыми дәрежеге көтеріп қана қоймай, оларды кең көлемде зерттеуге, даулы мәселелерді шешуге батыл қадам жасады. С. Аманжоловтың ғылыми сында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты алды. Оның 1959 жылы шыққан "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді1. Бұл еңбек тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша қоғамдық ғылымдарымыздағы көрнекті табыстардың бірі ретінде танылды. Еңбекте қазақ тілі тарихы мен диалектология мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты берілген. Қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы, қалыптасуы, қазіргі қалпы, өзгерістері қазақ тілінің жалпы даму процесі тұрғысынаң зерттелген. Қазақ тілінің тарихы оның құрамына енген диалектілердің де тарихы ретінде баяндалған.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғалымның бірі - филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты - диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді — жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Бірнеше жылдар бойы экспедиция ісіне тікелей қатыса жүріп, Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп берді. Диалектілік ерекшеліктерді жинауға тікелей қатысумен бірге Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында Тіл білімі институтының диалектология бөлімін басқарды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау әдістері жайында мақалалар жариялап, сұраулық жасауға қатысты.[7-154]
Ж. Досқараевтың қазақ диалектологиясына сіңірген еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Оның 1955 жылы шыкқан "Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" (лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, түркология ғылымының диалектология саласында жасалған тұңғыш диалектологиялық сездіктердің бірі болып табылады.
Ж. Досқараев қазақ тілі сөйленістерін зерттеуде салыстырмалы-тарихи принципті қолданудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Бұдан басқа Ж. Досқараев қазақ тілі диалектологиясы мәселелеріне арнап бірнеше мақала жазды. Қазақ диалектологиясы мәселелерімен профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев та шұғылданды. Қазақстан Ғылым академиясының тарих және диалектология бөлімін басқарды. Оның "Диалекты в современном казахском языке" және басқа ғылыми мақалаларында қазақ тілі тарихына байланысты қазақ диалектологиясының теориялық мәні бар мәселелері сөз болды. Қазіргі сөйленістерді тіл тарихындағы елеулі кезеңдермен байланыста қарап, қазақ диалек-тологиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.
Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды. Маркс пен Энгельстің тайпалар одағы халыққа ең таяу басқыш болып табылады деген белгілі қағидасына сүйене отырып, қазак жеріндегі үш жүз - үш тайпалық одақ ретінде қазақ біртұтас халық болып құрылғанынан көп бұрын, 7-9 ғасырлардың арасында қалыптасты деп қорытынды жасайды. Жүздердің қалыптасуы негізінде рулардың тайпаларға, тайпалардың тайпа одағына бірігуі жагыр. Қазақ жеріндегі тайпалардың қоныстанған жері, шаруашылық ыңғайы, шығу тегінің жағындығына қарай ерте замандардан-ақ өзара жіктеле бастағаны тарихтан белгілі. Осылайша тайпалардың одағы болып табылатын жүздер келіп шыққан. Мұның өзі тілге әсер етіп, әр жүздің өз ішінде тілдің де бірыңғайлылығы қалыптаса бастаған. Сөйтіп, үш жүздің қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болған. Бұл үш тайпалық одақтың тілі даму барысын кейін бір-біріне жақындап, біртұтас қазақ тілінің қалыптасуына негіз, ұйткы болды деген тоқтамға келеді. Автор жергілікті халық өміріне тән өзгерістер (шаруашылық, әдет-ғұрып, т.б.) мен көрші тілдердің әсерінен де тіл ерекшеліктері туғанын ескертеді. .[8-216]
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нөтижесінде С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар:
а) оңтүстік диалектісі — Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік
аудандарын қамтиды;
ә) батыс диалектісі - Батыс Қазакстан, Гурьев (Атырау), Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанай-дың кейбір батыс аудандарын қамтиды;
б) солтүстік-шығыс диалектісі — Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
Автор Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан әдебиеттер тілінде кездесетін кітаби тіл элеметтері мен диалектизмдердің арасына белгілі дәрежеде шек қойып ажыратпағандықтан, кейбір кітаби тіл элементтері диалектизмдердің қатарына қосылып кеткен. Мысалы; Азаматларым менің мартларым, Бөрі тоңлы қартларым (192-бет); айтасызлар ма? (354-бет); көзнің (144-бет); сияқты татар үлгісімен жазылған сөздер кездеседі.
1. Қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісі. С.Аманжолов қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын, қоңырат жене қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар ерте замандардан бастап-ақ Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай өзендері бойын, Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен. Олар оңтүстігінде — Ұлы жүз тайпаларымен, батысында — Кіші жүз тайпаларымен және татар, башқұрттармен, солтүстігінде - алтайлыктармен және Барабин, Тобол татарларымен, шығысында монғол, қытай және ұйғырлармен шектескен.
С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізіне жатқан диалект деп есептейді. Қазақ тілінің диалектілері мен қазіргі әдеби тілін фонетикалык, лексикалық және грамматикалық жағынан жан-жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік-шығыс диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екендігін атап көрсетеді. Әдеби тілдің негізіне жатқанына қарамастан, солтүстік-шығыс диалектісінде қазір де сақталып қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктер кездесетінін де ескертеді.
Бірақ өзінің еңбектерінде оларға кең тоқталып, талдау жасамаған. Оның себебі, біріншіден, автордың солтүстік-шығыс диалект ұлттық әдеби тілдің негізіне жатты деген көзқараста болуында, екіншіден, Қазақстанның солтүстік, орталық жөне шығыс аудандарындағы халық тілінің басқа жерге қарағанда нашар зерттелуіне байланысты. Шынында, бұл аймақ соңғы кездерде ғана зерттеліп келеді. Кейінгі кезде жиналған материалдар аталған аудандарда да жергілікті ерекшеліктердің белгілі мөлшерде кездесетінін, таралу сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын сөйленістерге бөлінетіндігін көрсетеді.
2. Қазақ тілінің оңтүстік диалектісі. С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап-ақ Жетісу, Сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында — Синь-цзянмен (Шыңжан), үйғырлармен, солтүстік-шығысында — найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік-батысында — алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде — өзбек, қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты 16-ғасырда қазақ хандығына қосылған кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте заманнан бастап-ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл — қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін тайпалардың әр түрлі табиғи-тарихи себептерге байланысты басқа тайпалармен қарым-қатысы нашар болғандығы да үлкен әсер етті. Мәселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш көлі, Бетпақ дала, солтүстік-батысындағы ұлан-байтақ далалар, Қызылқұм және Арал теңізі осындай табиғи бөгеттер болып табылады. Онымен бірге бұл диалектінің калыптасуына көрші өзбек, үйғыр, қырғыз халықтарының тілі де әсер етті. Ұлы жүздің 17-19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті. Бірнеше тайпалық тілдердің негізінде қалыптаскандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты бірыңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде оңтүстік диалектісінің басқа диалектіерден айырмасы көрсететін негізгілері бар және негізгі болып табылмайтын жеке ерекшеліктері бар, сол сияқты басқа диалектілерден ауысып кіргендері де бар.
3. Қазақ тілінің батыс диалектісі. С.Аманжоловтың бөлуі бойынша, қазақ тілінің батыс диалектісіне алшын тайпалар одағының тілі жатады. Бұл тайпалар ежелден Арал, Капий алқабын, Еділ, Жайық, Ор өзендері бойларын мекен еткен. Қазіргі әкімшілік бөлу бойынша, батыс диалектісі Орал, Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын және Қостанай, Торғай, Қызылорда облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алатыны, оны өздерінің шығармашылық елегінен өткізе отырып пайдаланатыны белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін ежелден қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын-жазушылар ғана оны бұрынғысьшан әрі дамыта, жаңарта, қолдану аясын кеңейте алады. Мұның өзі тілдің сымбаттылық қасиетін, икемділігін арттырумен бірге, даму процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сол себепті әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда сөз шеберлерінің орны ерекше бағаланады.
Әдеби тілдің даму бағыты әрқашанда бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл шығармаларымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлікпен дамытып отырған ақын-жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен айналысып жүрген адамдардың ішінде қазақ әдеби тілінін даму бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір шығармаларда қолданылу аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диа-лектизмдер жиі кездеседі.
Көркем әдебиеттің тілі, шығарманың идеясы, мазмұны, оның көркемдік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. "Әдебиетші өз материалын - тілді, сөзді — жақсы білуі керек, олай болмағанда ол өз тәжірибесін, өз сезімін, пікірін кескіндеп бере алмайды, характерлер суреттерін көз алдыңа елестете алмайды", — деп, М. Горький жазушылардан тілді жақсы білуді талап еткен. Ол — тілдік материалдарды "әдебиеттің бірінші элементі" деп бағалаған болатын. Жазушылар шығарма тілінің көркем, әсерлі, бай болуына ұқыптылықпен көңіл бөліп, тілдегі бар сөздерді сұрыптап қолдана білуге ат салысып, әдеби тілді байытуға себепші болады. Бірақ кейбір ақын, жазушылар оқушы жұртшылығының басым көпшілігіне түсініксіз, бір аудан не бір облыс көлемінде ғана айтылатын жергілікті сөздерді көбірек колдануға әуес.
Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері