Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.
2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85
Диалектологтардың зерттеулерінде синонимдер екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы, бес, алты, жеті, сегіз сыңарлы синонимдік қатарлардан құралатыны айтылады. Мәселен, екі сыңарлы синонимдік қатарға қолқап – биялай, таға – нағашы сөздерін келтіреді. Үш сыңарлы синонимдер қатарына серне – деңгене – жора диалектілерін жатқызады. Төрт сыңарлы синонимдер қатарына бәкі – бекі – мұштар – шаппа сөздерін келтіреді. Бес сыңарлы синонимдік қатарға ырғақ – шотеке – сүңгуір – шотаяқ – жұтпа (маядан шөп суырып алатын басы имек құрал). Алты сыңардан құралған синонимдер иінағаш – суағаш – мойынағаш - әпкіш – күйенте – құрамыс. Жеті сыңарлы синонимдер қатары сіріңке – кәуірт – кеуірт – оттық – спешке – шпешке – шырпы. Сегіз және одан көп сыңарлы қатарлар: күнбағар – күләйлән – пісет – айбағар – шемішке – шекілдеуік – шемекі – күнбағыс.
Диалектілік синонимдер қатары осылайша сегіз қатардан шектеліп қалуы мүмкін емес, оның қатары бұдан да кеңейіп, молаюы әбден мүмкін. Себебі, тіл өзгермелі құбылыс, қоғам дамыған сайын, тілдің қолданымдық аясы да кеңейіп, сөздік құрам жаңа сөздермен, жаңа қолданыстағы тілдермен толысып отырады. Осы тұрғыдан келгенде диалектілік лексикологияны тереңінен зерттеу қажет. Құрылымдық тіл білімі тұрғысынан ғана емес, тілге адамның тікелей қатысы тұрғысынан, яғни антропоцентристік бағыт тұрғысынан қарастыру әдісі бүгінгі күнде диалектілердің ішкі сырын, атаулық мән-мағынасын кеңінен ашып көрсететін тиімді қолданыс болатыны дау тудырмайды.
Диалектілік лексикологияда диалектілік мағына, диалектілік омонимдер, диалектілік синонимдер, диалектілік полисемиялар, диалектілік кірме сөздер қарастырылады.
Төменде Сыр өңірінен шыққан сөз зергерлерінің шығармаларындағы нақты лексикалық ерекшеліктер, семантикалық ерекшеліктер, этнографиялық ерекшеліктер, фразеологиялық ерекшеліктер талданады.
«Көркем шығармалардағы
нақты лексикалық ерекшеліктер»
атты тараушада әдеби тілде
Академик Р.Сыздық қазақ көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормаларды танып-білуде, бүгінгі таңда мынадай сәттерге (объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:
1) диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты;
2) жалпыхалықтық тілге
тән бейнелі (образды)
3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздердің жұмсалуы;
4) синонимдерді таңдау, идеографиялық және стильдік синонимдердің қолданысы;
5) лексикалық жаңа
қолданыстардың орын алуы (қажетсіз
тұста жаңадан сөз жасау
6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану, сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
7) лексикалық варианттардың
қолданысы, яғни морфологиялық,
8) белгілі бір сөз
тудырушы элементтердің және
синтаксистік тәсілдердің
9) көркем әдеби тіл
арқылы лексиканың стильдік
Көркем мәтінде этнодиалектизмдердің қолданылу ерекшеліктерін айта келіп, ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиетте жергілікті тіл ерекшеліктерін мүлде пайдаланбау керек деген көзқарасқа келіспей, көркем шығармада әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді кеңінен қолданғаннан гөрі, бұрын соңды естіле бермейтін, әдеби тілде баламасы жоқ кейбір тіл ерекшеліктерін қолданған дұрыс деп санайды. Олай дейтін себебі, жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытатын жерлері де, шұбарландыратын жерлері де бар. Осы тұрғыдан алғанда ғалым көркем әдебиетте диалектизмдерді пайдалану мәселесін былай түсіндіреді: «Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, диалектизмдерді кейіпкердің тілінде пайдалану мәселесі бар. Екеуінің әр біреуіне тән өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары басқа. Жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы негізгі мақсаты - әдеби тілде баламасы жоқ диалектілермен әдеби тілімізді байыту» [21, 462б].
Көркем әдеби стилінде кейбір этнодиалектизмдер әдеби тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл – таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көп қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады.
Этнодиалектизмдердің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады. Ақын, жазушылардың қай-қайсысының да шығармасынан диалектілік ерекшеліктер кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері – таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмдерді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ [22,48].
Қ.Әбдіқадіровтің шығармаларында әдеби тілге ауысуға бейім тұрған диалектизмдер көптеп кездесетіні байқалды. Мысалы:
Оның табиғи нұры пардазбен (қолдан жасаған, қосымша ажар) он есе арта түсті. Қарындасы қолынан пардаз берген кәнизәгінін, сұлулығына мақтанғандай («Мың бір түн», 89 - бет)
«Басыңа қонған бақ құсың қайырлы болсын, балам! Түсімде ат мініп, ақ сұңқар ұстап жүруші едім, осыған көрінген екен» деп, біраз сүйінгендік сөз айтты. Оның үй-іші де әкімдер мақалласында (кварталында) болды («Мың бір түн», 132 - бет)
Сол үшін мені шарапқанадан шығармай отыр («Мың бір түн», 284 - бет)
Әкім сардарларын (әскери бастықтар) шақырып алып, сарайда жатқан адамдардың бәрін айдап келуге бұйрық берді.Айдап келген адамдарды таң атқанша зынданға қамап, таң атқан соң сардардың біреуіне бұйырыпты («Мың бір түн», 290- бет)
Мен Мысырдың бағалау базарында тұрсам, бұл кісі бағалау базарда осы алтынды қалтаға салып базардан шықты («Мың бір түн», 291- бет)
Сарапшы үйіне барып, қалтаны сандығының үстіне қойып, өзі дәрет алғалы далаға шығады. Қызметші қызы құмғанға су құйып, қожасының артынан кетеді («Мың бір түн», 295- бет)
һамбалға (жүк көтеруші) алған астарын көтертіп, қала жанындағы тауға қарай жүре берді. Қаланың шетіндегі баққа келгенде, һамбалдың көзін байлады («Мың бір түн», 309 - бет)
Қарағым-ау, бұл жігіттердің бәрі де қалың елден саралап жиған патшаның келешектегі әскербасылары ғой («Мың бір түн», 335- бет)
— «Көп ауырған емші болады, көп қаңғырған жолшы болады» деген («Мың бір түн», 376-бет)
— Ал астың сарбазы (әскері) түгел екен, енді сардары (командирі) қайда?..— деді («Мың бір түн», 284 - бет)
Онда кәбаб (шашлык) пісіріп сататын жер бар екен («Мың бір түн», 426- бет)
Мұнда да кәбаб жеді.
Сөйтіп, сол саудагер жастар, Ғалиді шапарқа үйретіп алды да, күнде шарапханаға апаратын болды («Мың бір түн», 426 - бет)
Сүт менің жеңсік асым еді, оның иісі мұрныма келген соң өзімді ұстап тұра алмай, сүтті де, шарапты да іштім («Мың бір түн», 484- бет)
Келтірілген мысалдардағы әскербасы, сарбаз, сардар, кауап, сарапшы сияқты сөздер қазіргі тілімізде жаңадан қолданысқа еніп, тұрақтанып келе жатқан сөздер екені белгілі. Алайда Қ.Әбдіқадыровтың аударуымен жарық көрген 1960-жылдары бұл атаулардың орысша нұсқалары қолданылған белгілі. Сол себепті жазушы өз тарапынан осы атауларды ұсынбағанмен, тіліміздегі сөздерді жаңғырта отырып, көбінесе жақша ішінде мағынасын нақтылап, түсіндіріп отырған. Сол арқылы осы сөздердің баламасының тілімізде берік орын алып, орнығуына, қалыптануына (кодификациялануына) жол ашқан деуге болады. Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды. Ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиеттердегі кейбір диалектизмдердің орынсыз қолданылуынан болатын кемшіліктерді атап көрсетеді: «Кейбір жазушылардың әдеби тілімізде қалыптасқан сөздердің орнына жалпыхалықтық сипат алмаған, тосаң естілетін сөздерді өз баяндауларында жиі қолдануын біз құптай алмаймыз» дей келе, «Ақ Жайық» романындағы жар (қабырға), шаттауық (жаңғақ), қалай-солай (қалай болса солай), мадықтау (мадақтау) сөздерінің мәтінге көркемдік сипат бере алмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар көпшілікке мүлде түсініксіз диалектизмдердің де көркем әдебиеттерде берілмеуін ескере отырып, осындай қолданыстардың Ғ.Сланов пен Ә.Нұрпейісов шығармаларында кездесетінін дәйектеп көрсетеді: жуырқан (көрпе), жары (жартысы), келе-жағында [23].
«Көркем шығармалардағы семантикалық ерекшеліктер» атты тараушада Сыр өңірі тұрғындарының тіліндегі жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер талданады.
Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік қорымыздың қатарын кеңейтеміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі. Осыған байланысты Г.Әзімжанова: «Жазушы көркем шығарманы жазу барысында халық тілінің бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, ұлттық тілдің жасырын жатқан байлықтары мен мүмкіндіктерін ашады. Олар өз шеберліктері арқылы тіл дамуының ішкі заңдылықтарына сәйкес келетін, жалпы қолданысқа еніп, ұлттық тіл қорының төрінен орын алатын тілдік асыл құндылықтар жасайды. … Қаламгер халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, әдеби тіл нормаларын ескеріп, тілдік құралдарды көркем дүние жасау үшін шебер пайдалану нәтижесінде көркем дүние туындайды. Жазушы тілінің суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері көркем мәтін арқылы ашылып, эмоциялық бояуы айқындалады. Прагматикада барлық назар адамға (субъектіге) бағытталады», – дейді [24, 228 б.].
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер тіліміздің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасып, кейін қолданымдық аясы кеңейіп, жалпыадамзаттық сипатқа ие болып, номинативті атау ретінде сөздік қорға енетін диалектизмдер туралы «Екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек» деген кесіп айтатын пікірден аулақ болуымыз керек. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің тілдік жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тән көріну өзгешеліктерін ескере отырып, көркем мәтіндегі қолданылу қағидаларын тереңінен қарастыра отырып, жалпы тіл біліміндегі орны мен сипатын, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін нақты дәйектеп көрсету қажет. Осыған байланысты көркем шығармаларда диалектілердің қолданысын сөз еткен ғалым Ғ.Қалиев: «Диалектологиялық фактыларды білудің көркем шығармаларды жете түсінуі үшін де, жазушылар үшін де мәні зор. Кейде жазушы өз шығармасында диалектизмдерді әдейі пайдаланады. Бұл – жазушының кейіпкерді неғұрлым жан-жақты, толық көрсетуіне мүмкіндік береді», - дейді [9].
Көркем шығармалардағы этнографиялық ерекшеліктерді қарасақ, белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары сөз болады. Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады. Белгілі бір изоглосстық деңгейімен шектеліп тұрған жалпыхалықтық сипат ала алмай отырған, бірақ сол заттың негізгі жалғаз атауы болып танылып отырған сөздерді диалектизм қатарына емес, әдеби тіл қатарына енгізу керек сияқты. Бұл жердегі бір ғана аймаққа тән деген қағиданы сол сөзге ғана қатысты тілдік ауытқу ерекшелігі (исключение) деп көрсеткен дұрыс болар еді. Көркем мәтіндердегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы осындай құбылыстарды айқындауға болады. Соның негізінде әдеби сөздік қорға жаңа атауларды енгізуге мүмкіндік туады. Көбінесе бұндай сөздер көне сөздер болып келеді. Сөздік қорымызға тіркелмеген, яғни түсіндірме сөздіктерде көрсетілмеген, қолданымдық аясы тарылған, бірақ көнекөз қариялар аузында сақталған көне этнографизмдер болуы мүмкін. Олардың жұмсалымдық деңгейінің шектеулі екенін және белгілі бір аймақта ғана көрініс тапқанын негіз еткендіктен, диалектизмдер қатарына жатқызылып жүр.
Жалпы тілдік қолданыстың
аймаққа тән өзіндік
Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері