Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

КСРО Ғылым  академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының Кеген, Нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; Қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедияциялар 1939 жылы Мақтаарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақ-станның әрбір аудандарына жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келеді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев "Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері" деген тақырыпта кан-дидаттық диссертация қорғады.

Соғыстан кейінгі  жылдары тіл ерекшеліктерін жинап-зерттеу жұмысының көлемі әлдеқайда артты. Диалектологиялық экспедициялар бұрын болмаған көптеген басқа аудандарда болып, бірнеше рет материалдар жинады. Қазіргі кезде республиканың оңтүстік, батыс аудандары тіл жағынан едәуір зерттелді деуте болады. Ал орталық, шығыс аудандары соңғы жылдарда ғана колға алына бастады. Қазір олардың бірсыпырасында диалектологиялық экспедиция бірнеше рет болып қайтты. Бұл жерде әлі де болса кейбір орталық, солтүстік аудандардың жете қамтылмай келе жатқанын айта кеткен жөн.

    Тіл ерекшеліктерін экспедициялық жолмен жинауда тек өз республикамыздың көлемі ғана емес, сонымен бірге жақын шетел мемлекеттеріндегі қазақтар мекендеген кейбір аудандар да қамтылып отырды. Бізде тек алыс шетелде тұратын қазақтардың тілі зерттелмей келе жатыр.Бірақ осыған қарамастан диалектологиялық экспедициялар ұйымдастыру арқылы жергілікті ерекшеліктер бойынша көлемді материал жиналды.Мұның өзі қазақ диалектологиясының мәселелері туралы кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. 1948 жылы С, Аманжолов "Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл жөне әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім қүрудың зор мәні болды. Бұл бөлім қазіргі кезде бүкіл республика көлеміндегі диалектологиялық зерттеу жұмысын басқарып отыр. 1956 жылы "Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сүраулық" жарық көрді. Алғашқы тәжірибе екендігіне қарамастан, сұраулықтың тіл ерекшеліктерін жинауда әжептәуір көмегі тиді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып, кайта басылып шықты.

        Сонымен бірге Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты диалектологиялық зерттеу жүмыстарына арнап, ғылыми жинақтар шығарып келеді. Бұл жинақтарда республикадағы және одан тыс жерлердагі қазақ тілі ерекшеліктері мен кәсіби сөздері туралы материалдармен бірге тіл тарихының да әр түрлі мәселелері қамтылды.

       2. Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді. Солардың бірі - қазақ тілінде диалектілер бар ма, жоқ па деген мәселе. Қазақ тілі ежелден диалектісіз тіл немесе ондағы диалектілер 15 ғасырда біртұтас халық тілі құрылған кезде жоғалып кетті деген пікірлер екі негізге сүйеніп айтылған еді. Бірінші, революциядан бұрынғы кейбір түркологтардың (В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, А. М. Позднеев) қазақ тілі диалектісіз деген пікірде болғандығы; екінші, мал шаруашылығымен байланысты қазақ халқының көшпелі өмір сүргендігі. Бірақ осы пікірдің қай-қайсысы да қазақ тілі диалектісіз тіл деуге дәлел бола алмайды. Біріншіден, революцияға дейінгі түркологтардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі диалектілерді, олардың ерекшеліктерін арнайы зерттемегендігін ескеруіміз керек. Сонымен бірге қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер туралы революцияға дейінгі түркологтардың бәрі бірыңғай пікірде болмағаны белгілі.

       Қазақ тілі мен ауыз өдебиетін зерттеушілер үшін революциядан бұрынғы түркологтар аз мүра қалдырған жоқ. Халықтық ауыз әдебиетінің көптеген нұсқаларын бастырып шығарды, қазақ тілінің грамматикалары мен сөздіктерін жасады. Бұған дейін тілі мен әдебиеті ғылым дәрежесіне көтеріле алмай келген халық үшін бұл баға жетпес еңбек еді. 19 ғасырдан, әсіресе оның екінші жартысынан бастап, орыс түркологиясы түркі тілдерін зерттеуде алғашқы қадам жасап, елеулі нәтижелерге жетті. Бірақ соның өзінде түркі тілдерінің әлі де белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің революцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие дәрежесінде қаралып келуі бұған айғақ бола алады. Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңынан кейбір ерекшеліктерімен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді.

        Жоғарыда айтқандарды ескерсек, қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген мәселеде революцияға дейінгі кейбір түркологтардың пікірлеріне сүйену орынсыз болып табылады.

         Екіншіден, қазақ халқы тек мал шаруашылығын кәсіп еткендіктен, бір орында тұрақтап отырмай, үнемі көшіп-қонып жүрді, мұның өзі тілдегі диалектілік ерекшеліктердің жойылып кетуіне соқты деген көзқарас та тарихи шындыққа жанаспайды. Революцияға дейінгі Қазақстанда жер жеке кісінің меншігінде болғаны, әрбір ру, тайпаның белгілі жерге иелік еткені, қасындағы қоңсы-қарашылармен бірге ру ішіндегі байлар, дәулетті адамдар өздері меншіктеп алған жайлау, жайылымдық жерлерде жыл бойьі көшіп қонып жүргені — тарихи шындық. Жер меншігінің осы айтылған түрі мен көші-қон тәртібі халық ішіне қатаң сақталып отырды. Бұл тәртіпті бұзу көрші отырған ру-тайпалар арасында, сондай-ақ олардың ішінде талай-талай қанды соқтығыс, дау-жанжал тууына себеп болғаны белгілі. Мұның өзі сол кез үшін заңды да, өйткені халықтың тіршілік, күн көрісі тек малға, мал жайылатын жерге байланысты болды. Бұл шындық революцияға дейінгі қазақ өмірі туралы жазылған шығармалардың қай-қайсысында да айқын көрініп отырды. Бұл әсіресе М. Әуезовтің "Абай жолы" романында толық суреттелген.        

       Қазан революциясына дейін ғасырлар бойы қазақ халқы жерді емін-еркін пайдаланып, ешбір кедергісіз, оңды-солды көше берді деп ұғынбау керек. Ол кездегі адамдардын араласуы көбінесе өз руының көлемінен аса алмады. Ал тайпалық одақтардын бір-бірімен байланысы жоқтың қасы еді. Академик С. Мұқанов пен профессор Е. Ысмайлов сол кездегі жағдай туралы былай деп жазды: "Көші-қон мен жайылым жөніндегі рушылдық қатаң заңдар ха-лықтың емін-еркін араласуына кедергі болды. Онымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанда жол қатынасының нашар болғандығын, қазақ жерінің аса үлкендігін, мұның өзі онда мекендеуші ру-тайпалардың қарым-қатынасын нашарлатқанын, сөйтіп уақыт озған сайын олардың тілінде айырмашылық пайда болып отырғанын ескеру керек".

      Қазақстан тарихына арналған кітапта қазақ халқының құрылу процесі аяқталып біткен 15—16 ғасырларда да, ол процесс аяқталғаннан кейінгі 17—18 ғасырларда да Қазақстанның феодалдық бытыраңқылық жағдайда қалғандығы, кең-байтақ жердің әр түрлі аудан-дары экономикалық жөне саяси жағынан өзара нашар байланыста болғандығы айтылады.

      Дәл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден сіңіп, жоғалып кетті деу, әрине, артық болады. Қайта жоғарыда айтылған жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сақталып қалуына мүмкіндік берді.

     3. Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953  дейін созылды. Қазақ тіл білімінің кейбір талас мәселелері жөнінде 1952 жылы Алматыда өткен айтыс бұл мәселе жайында елеулі жаңалық енгізе алмады да, пікір таласы сол бұрынғы күйінде калды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеп білмей тұрып, айтысты бұдан былай соза берудің қажеті жоқ екені айқын бола бастады. Бұл мәселе тек пікір таласымен шешілмейтінін, оны шешудің бірден-бір жолы жергілікті халық тілін кең көлемде зерттеу керек екендігі ескертіліп, 1953 жылы Қазақ тіл білімі атына КСРО Ғылым академиясының Тіл білімі институты тарапынан бірнеше рет сын айтылды. Осы институттың Түркі тілдері секторы қазақ тіл білімінің зерттелу жайы туралы 1953 жылы жасаған қорытындысында былай деп көрсетті: "Қателердің екінші түріне ең алдымен қазақ тіліндегі диалектілердің жоққа шығарылуын жатқызуға болады"'.

Сол жылы мамыр  айыңда Мәскеуде өткен КСРО тіл ғалымдарының ғылыми кеңесінде бұл мәселе тағы көтерілді. Кеңесте қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердің зерттелу дәрежесінің төмен екендігін сынаумен бірге, қазақтың ұлт тілі мен әдеби тілінің қалыптасуына белгілі бір диалектінің жетекшілік рөлі болғандығы атап көрсетілді.

Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар. Өйткені бұл жылдарда қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде диалектология ғылымының негізі салынды. Қазақ диалектологиясы арнаулы курс ретінде жоғары оқу орындарында окытыла бастады.

1950- жылдардың орта тұсынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап зерттеу жұмысында жаңа бетбұрыс басталды. Бұған дейін пікір таласының шарпуы тиіп, қүлаш жая алмай келген қазақ диалектологиясында енді зерттеу жұмысына тікелей кірісуге мүмкіндік туды. Жалпы қазақ диалектологиясындағы қол жеткен табыстардың басым көпшілігі 1950 жылдардың орта тұсынан кейінгі уақыттың ішінде іске асылуы кездейсоқ емес. Оған дейін казақ диалектологиясының зерттелу дәрежесі жеке мақалалар аясынан шыға алмай келсе, енді алғашқы көлемді монографиялық енбектер, сездіктер пайда бола бастады. Мысалы, Ж. Досқараев 1955 жылы "Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды,

С.Аманжоловтың 1959 жылы «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» деген атпен көлемді монографиясы жарык көрді.Бүл еңбектерде тіл ерекшеліктері нақты зерттелумен бірге диалектілік лексикографияның алғашқы үлгілері жасалды. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясына арнап жеке жинақтар шығарып отыру мәселесі де осы кезенде қолға алынды.

1953 жылдан бастап  қазақ диалектологиясын зерттейтін  маман кадрлар көбейе бастады.  Қазак, тіл біліміне келген  жас мамандардың бір тобы халықтық  сөйленістерді зерттеуге белсене кірісті. Соның нәтижесінде жеке сөйленістер туралы монографиялық еңбектер жазылды.

Бұлардан басқа  жекелеген аудандардағы тіл ерекшеліктері  жайында қаншама ғылыми мақала жазылды. Диалектілік ерекшеліктермен қоса жергілікті кәсіби сөздер де зерттелуде. Олардың кейбір түрлері жайында арнаулы еңбектер жазылды 2. Қазақтың ұлт тілі мен әдеби тілін жетілдіруде халық тіліндегі бұл сиякты байлықты жинап зерттеудің мәні зор екені сөзсіз. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің осылайша зертгелуі қазіргі кезде қазақ тілінің толық диалектологиялық сөздігін құрастыруға, диалектологиялық карта, атлас жасау жұмысын бастауға мүмкіндік беріп отыр. Міне, жоғарыда шолу түрінде келтірілген осы фактілердің өзі-ақ қазақ диалектологиясының қол жеткен табыстарын айқындай түседі.

     Қазак тілінде диалект бар ма, жоқ па деген мәселені кайта көтеріп, тілімізде диалектілік ерекшеліктер бар екеніне күмән келтірушілер кейін де болды. 1958, 1959 жылдары "Қазақ әдебиеті" газеті бетінде басылған кейбір мақалаларда 1 диалектілердің тарихи ғылыми мәнін жоққа шығаратын пікірлер айтылды. Бұлар, әрине тілдің, оның құрамды бөліктері болып табылатын диалектілердің өзіндік даму жолы мен зандылықтарын түсінбеуден туған еді. Ғылыми жұртшылық мұндай жаңсақ ойдан туған пікірді қолдамады. Академик I. Кеңесбаев газет бетіндегі айтыс материалдарын қорытындылай отырып: "Жиналған фактілерді үңіле қарап, сұрыптай келгенде, қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің бар екендігіне ешбір күмөн келтіруге болмайды. Ол ерекшеліктер, кейбіреулер айтып жүрген, тек лексикалық ерекшеліктер емес, сонымен қатар фонетикалық, кейде грамматикалық ерекшеліктер де кездеседі. Қазақ тілі мүлде диалектісіз (говорсыз) тіл деген топшылауға қол қоюға болмайды" , — деп жазған болатын.

    4. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, таралу шегі диалектілік көлемде ме, әлде сөйленістік көлемде ме және оларды қалай топтастыруға болатындығы жайлы әртүрлі пікір айтылып келді. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін бірқатар зертгеушілер (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) диалект сипатында деп қараса 3, басқа ғалымдар (Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев т.б.) сөйленіс сипатында деп көрсетеді.

Қазақ тілінің  диалектілік, сөйленістік құрамын  зерттеп, анықтау мақсатымен 1950 жылдардың  орта шенінен бастап бірқатар зерттеу  жүмыстары жүргізілді. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді сейленістік жүйеде зерттеу осы кезде басты орын алды. Мұның өзі ғылыми-практикалық мәні бар қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Шынында тарихи этникалық түрғыдан зерттеу нысанын анықтай отырып, шағын көлемді сөйленістерді зерттемейінше, мол көлемді жерге тараған қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жан-жақты қамту мүмкін емес еді. Тіл ерекшеліктерін сөйленістік жүйеде зерттеу бірқатар тиімді нәтижелер берді.

5. Қазақ тіліндегі  тіл ерекшеліктері диалект сипатында екенін осы еңбектің авторлары да қуаттайды. Он үш шағын аймақтың зерттелуі бұл айтылғанның айғағы бола алады. Сөйтіп, қазақ тілі тарихында тұңғыш рет бұл шағын аймақтардағы халық тілінің дыбыстық, грамматикалық, лексикалық құрылысындағы ерекшеліктер әдеби тілмен салыстырыла оты-рып, ғылыми тұрғыда нақты сипатталды.

        Екіншіден, зерттеу жұмыстарында диалектілер мен сөйленістердің тек әдеби тілмен айырмашылығын анықтаумен шектелмей, оларды тілдің дербес шағын жүйелері ретінде қарастыру өріс ала бастады. Жүйелік сипат ұлт тілінің сұрыпталған, нормаланған әдеби тіліне де, сондай-ақ оның "нормаланбаған" диалектілері мен сөйленістеріне де тән, өйткені олар жалпыхалықтық тілдің тармақтары ретінде өмір сүреді, одан тыс құбылыс емес. Тілдің өзіндік қүрылымы бар жүйелі қүбылыс екендігі тіл білімінде орныққан теориялық негіздердің бірі. "Тілдің жүйелілігі жайындағы идея осы күнгі тіл білімінің И. А. Бодуэн де Куртенэден бері келе жатқан және де Соссюр ілімінде орныққан аса зор табысы екені ешқандай күдік тудырмайды". Диалектология ғылымының қазіргі даму бағытында диалектілер мен сөйленістерді тек әдеби тілдің нормалық белгілері түрғысынан қарап зерттеу жеткіліксіз болып табылады. Түркі тілдерін зерттеу әдісте-месінде осындай бағыттың орын алып келгені 1976 жылы өткен Бүкілодақтық түркологиялық конференцияда атап көрсетілді. А. Н. Кононов, I. Кеңесбаев, Г. Благова былай деп жазды: "Кеңес өкіметі жылдарында түркі халықтары тілдерінің диалектілері мен сөйленістері жаппай зерттеліп, қыруар материал жиналды. Зерттеу аясы бүрын диалектілердің әдеби тілден айырмашылықтарын анықтаумен шектеліп келген болса, қазір әрбір жеке диалектіні тілдің дербес жүйесі ретінде қарастыру бел алып келеді".[6-73]

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері