Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.
2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85
5. Қазіргі қазақ тілі бүкіл қазақ халқына ортақ, біртұтас қарым-қатынас құралы болып табылады. Оның ортақтығы, біртұтастығы сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың негізі жалпыхалықтық, барлық қазақ тілінде сөйлеушілер үшін ортақ екендігіне бай-ланысты. Бірақ тілдің біртұтастығы деген қашанда оның барлық элементтері сол тілде сөйлейтін жердің бәрінде бірдей деген үғымды бермейді. Тілдегі заңдылықтардың бәрі бірдей емес, олардың ішінде тілдің бірлігі үшін маңыздылары, негізгілері бар да, сондай-ақ маңызды еместері де бар. Аса маңыздылары бүкіл тілдің құрылымын қамтиды, олардан тілдің біртұтастығы көрінеді. Ал онша маңызды еместері тілдің белгілі бір тармағын, аз ғана бөлігін қамтиды. Мәселен, аса қажетті заттық, қимылдық, сапалық т. б. ұғымдарды білдіретін сөздер, негізгі грамматикалық байланыстар мен сөздердің өзгеру тәсілдері, сол сияқты дыбыстық құрылыстың негізгі заңдары қазақ тілінің барлық жергілікті диалектілеріне де, жалпыға бірдей әдеби тілге де ортақ, негізі бір. Сол себепті оларды жалпыға бірдей ортақ элементтер дейміз. Ал, тек диалектілерде ғана кездесетін жергілікті ерекшеліктер тілдің неғұрлым маңызы кем элементтерінен құралады және олар барлық аймақтарға тарамай, белгілі бір аймақта ғана қолданылады. Сол себепті оларды бүкіл халыққа ортақ емес, жеке элементтер дейміз. Жалпыға бірдей ортақ элементтер басым және тілдің негізін қамтитындықтан, керісінше, ортақ емес, жеке элементтер одан аз және тілдің негізін қамти алмайтындықтан, әр аймақтың тұрғындары бір-бірімен еркін түсініседі. Мәселен, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарының түрғындары өзара сөйлесе қалса бір-бірімен оңай үғыныса алады. Мүның өзі қаншама дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктер барлығына, әсіресе лексикалық езгешеліктердің молдығына қарамастан, қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердің өзара жақын екендігін байқатады. Көптеген шетел тілдерінде (неміс, ағылшын, итальян, қытай т. б.), сондай-ақ бүрын-ғы КСРО жерінде қалыптасқан ТМД елдеріндегі тілдердің бірсыпырасында (грузин, өзбек, азербайжан т. б.) диалектілік айырмашылық әлдеқайда басым. Кытай, ‡нді халықтарының тілдерінде диалектілердің бір-бірінен алшақтығы сонша, тіпті әр жердегі тұрғындардың өзара түсінісуіне қиындық келтіреді.
6. Қазақ тілінің диалектілері мен сөйленістеріндегі ерекшеліктер құрамы, сипаты жағынан біркелкі емес. Олардың ішінде көне за-мандардан қалған тілдік белгілер де, жергіліктІ тіл дамуынан туған құбылыстар да, басқа тілдердің (көбінесе көрші түркі тілдерінің) әсерінен пайда болған ерекшеліктер де кездеседі. Бүл жағдай осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан қарағанда жергілікті ерекшелік болып көрінетін сөздер мен тұлғалардың, дыбыстық құбылыстардың қазіргі дәуірге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп, бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын аңғартады. Жалпы алғанда, қазақ сөйленістері төмендегідей қарым-қатынасқа түскені байқалады: а) сөйленістердің туыс тілдермен (өзбек, татар, қырғыз т. б.) қарым-қатынасы; ә) сөйленістердің туыс емес, жүйесі бөлек тілдермен (орыс, араб, парсы) қарым-қатынасы; б) сөйленістердің әдеби тілмен қарым-қатынасы; в) сөйленістердің өзара карым-қатынасы.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің колданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын аймақты қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы, изоглостық шектері, одан әлдеқайда кең. Мысалы, солтүстік-батыста маңдай, таңдай, тундік болып айтылатын сөздер оңтүстік-шығыста маңлай, таңлай, туңлік болып айтылады. Сол сияқты құдаги сөзінін құдагай болып айтылуы - бір аудан не бір облыста ғана емес, бірнеше облыс көлемінде (Ақтөбе, Орал, Атырау) кездесетін ірі құбылыс Енді бірқатар құбылыстардың таралу шегі жекелеген аудандармен не облыспен ғана шектеледі. Мысалы, Семей облысының Мақаншы, ‡ржар аудандарында жүгеріні борми, порми, қарбызды қауын, қауынды діңке дейді. Жәнібек, Орда казақтарының тілінде мәсіні ату, подносты ләгөн дейді. Бір құбылыс, бір заттын әр жерде түрліше аталуына байланысты қазақ сөйленістерінде олардың бірнеше синонимдері, дублеттері пайда болған. Бұлардың таралу шегіне қарай бүкіл Қазақстан жері екі, үш, тіпті 5-6-ға бөлініп кетеді. Әтеш - қораз, құдғвай - құдаги сияқты ерекшеліктер Қазақстан жерін екіге бөліп түрса, әтір — иіс су, иіс май; атауыз ~ кемпірауыз — тістеуік сияқты ерекшеліктер үшке бөліп түр. Ал мойынағаш - суағаш — күйенте - құрамыс - иінагаш немесе қамыр — іңкәл — жұқа нан — жайма нан — құлақ нан дегендер Қазақстан жерін 5-6-ға бөліп жібереді.
Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулері жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қол-данылады. Бірқатар ерекшеліктерді түрғын халық жаппай қолданса, енді бірқатары көп тарамай, тек қарт, егде адамдардың тілінде ескінің сарқыншағы ретінде ғана сақталып қалған. Мүндай құбылыстар жастардың тілінде кездеспеуі мүмкін. Қазақ тілінде жал-пыхалықтық сипат алмаған, әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі. Оларды лексикалық, фонетикалық жөне грамматикалык ерекше-ліктер деп, үлкен үш топқа бөліп қарауға болады. Осы үш топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерден гөрі лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер тарихы, шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді:
а) Қазақ тілі мен оның сөйленістеріне тән өзіндік тума элементтер. Бұл топтың ішінде ескі көне тайпа тілдерінің қалдығы да, кейінірек, әсіресе Қазан революциясынан кейін пайда болған диалектілік ерекшеліктер де бар. Мысалы, пал - бал сездеріндегі п/б алмасуы, барғын, келгін (бар, кел), барғым бар (барғым келеді), барғым жоқ (барғым келмейді) сияқты грамматикалық ерекшеліктер көне заманнан келе жатқан байырғы құбылыстар қатарына жатса, күйенте ~ әпкіш; кемпірауыз - атауыз сияқты сөздер берірек дәуірде пайда болған.
ә) Қазақ
сөйленістеріне баска
Диалектологияның зерттелуіне келетін болсақ,
Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, калыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шүғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалек-тологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық және лексикалық қүрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердің революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық, грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар. Мәселен, Н. И. Ильминскийдің "Материалы к изучению киргизского наречия" деген әйгілі еңбегінде батыс аймақтағы халық тілінде ә дыбысының араб, парсы сөздерінде болмаса, сирек қолданылатыны көрсетілген. Шынында, тіл алды (жіңішке) ашық дауыстылардың сөздің екінші, үшінші буындарында қолданылуы әсіресе оңтүстік сөйленістерге тән екенін экспедиция материалдары анықтап отыр. Бүдан әрі Н. И. Ильминский ж дыбысы сөздің басында кейде түсіріліп, кейде й дыбысымен алмасатынын айтып, барып отыр (барып жатыр), бара йатыр (бара жатыр), со йерде (со жерде) сияқты мысалдар келтіреді.
Батыс қазақтарының тіліндегі -улы, -улі жүрнағы өткен шақ есімшенің қызметімен барабар екендігін де айтқан болатын.
Н. И. Ильминскийдің
бұл еңбегінде батыс
Академик В. В. Радлов қазақ тілінің, негізінен, біртұтас екендігіне назар аударып, ондағы диалектілік ерекшеліктерге мән бермеген. Ол былай деп жазды: "Әртүрлі қырғыз (қазақ — авт.) тайпаларының тілінде елеулі айырмашылық жоқ. Қалай болғанда да сахара-ның менің болуыма тура келген аймақтарында, яғни Ұлы жүз бен Орта жүздегі Омск мен Семейдің арасында, Бұқтармада, Алатау округінде, Шу өзені бойында және Ташкент маңында мен оларды байқай алмадым... Дәл сондай-ақ сахараның Орынборға жақын батыс жағынан Ильминский мырза жинаған материалдар да шығыстағы қырғыздардың тілімен мүлде ұқсас. Сол себепті мен қырғыз әдебиетінің үлгілерін I, II томдардағыдай жер-жерге және диалектілік айырмашылықтарына қарап бастыруды қажет деп таппай, материалдарымды мазмұнына қарай бөлуді жөн көрдім".
Академик В. В. Радловтың пікіріне сүйеніп, проф. А. М. Позднеев те қазақ тілінде диалектілік ерекшелік жоқ деп есептеген: "Қырғыз сахарасының ұлан-байтақ кеңістігінде қырғыз-қайсақтардын, тілі диалектілерге бөлінбейді", - дейді М. Терентьев жазған грамматикада Қазақстанның көбінесе оңтүстік аймағындағы халық тілін сипаттайтын материалдар қамтыл-ған еңбегінің алғы сөзінде, өзінің грамматикасына Түркістан қазақтарының тілін негіз етіп алғандығын ескертеді.
А. Старчевскийдін 1878 жылы басылып шыкқан кітабында батыс сөйленістерге тән төмендегідей сездер кездеседі: аду//ату (месі), әше (ендеше), бостан (бостандық), мәстемір (қысқаш) т.б.
В. В. Катаринский
грамматикасының қолжазбасын
Профессор П. М. Мелиоранский алғашында казақ тілінің диалект, сөйленістерге бөлінуін жоққа шығарғанымен, кейін В. Катаринскийдің грамматикасына жазған сын мақаласында бұрынғы Орынбор губерниясында қазақ, башқұрт, татар тілдері араласуынан туған сөйленістер бар екенін айтады. "Орынбор губер-ниясы, — деп жазады П. М. Мелиоранский, — түрколог үшін аса қызықты зерттеу орны болып табылады, өйткені оның татар, башқұрт, қырғыз аралас отырған халқында осы үш наречиеден басқа, арагідік әртүрлі ауыспалы сөйленістермен де танысуға болады. Орынбор губерниясындағы кырғыздардың тілі, олардың Батыс Сібір жеріндегі тумаластарының тіліне қарағанда, біраз басқашарақ, міне сол себепті қаралып отырған грамматикаға не Н. И. Ильминскийде, оның атақты "Материалдарында", не менде ("Қазақ тілінің қыскаша грамматикасы") көрсетілмеген, екі-үш қызық форма еніп кеткен. Олар — қырғыздарға татардың жазба тілінен енуі ықтимал кележақ, бережақ сияқты жекелеген формалар (72-бетті қараңыз)".
П. М. Мелиоранский сөз етіп отырған етістіктің -жақ тұлғасы батыс аймақта осы күні де қолданылады
В. Катаринский кейбір фонетикалық ерекшеліктерді байқаған. Ол жүз деген сөз кейде дүз болып (жүз көріс - дүз көріс) болып айтылатынын сөз етеді1.
Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік сөйленістерге тән тұма (бұлақтың көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, тауар), қамчы (камшы), маңлай (маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т.б. сөздер кездеседі.
Сөйтіп, революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топка бөлуге болады:
а) В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;
ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиоранский, М. Терентьев т.б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.
Қазақ тіліндегі сейленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар революциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш.Уәлиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т.б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсқаларында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жинакталып қорытылған жоқ.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы — ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді. Оның "Еңбекші қазақ" газетінің 1926 ж. 9-наурызындағы санында "Тіл туралы" деген көлемді мақаласы жарияланған. Автор: "Газет, журнал бетінде кейбіреулер «Кітап сыны" деп сөз жазады. Өзі білмейтін, өз жерінде жоқ бір сез тауып алса, "Мынау әлдекімнің тілі?" деп жатырқайды. Бұл дұрыс емес, себебін айтайық. Қазақтың әр елінде, әр губерниясында өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мүны ілім тілінде "жергілікті тіл" (провинциализм) деп атайды" дей келіп, бір жерде киіз, әдейі, түндік, аула, терте//жетек, ершік, көпене//шөмеле//мая, құдаги, енді бір жерде осы сөздер кигіз, әтейі, түңлік, қора, әглөп, седелке, скірт, құдағай болып айтылатынын сөз етеді. Одан кейін мұндай жергілікті ерекшеліктердің тілімізді шұбарлайтын және тілімізді байытатын түрлерінен біраз мысалдар келтіреді. .[5.59]
Бөкейлікте татар, араб-парсы, орыс тілдерінің, ал, Жетісу, Сырдарияда өзбектің, Қостанайда орыс, ноғайдың әсері мол болғанын сөз етеді. Оған көптеген мысалдар келтіріп, олардың ішінде әдеби тілдің қажетіне жарайтындарын жатырқамай қабылдап алу жағына көп көңіл бөлген.
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген "Жергілікті тіл ерекшеліктері" деген атауды алғашқы колданған Ж. Аймауытов.
Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері