Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.
2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85
Жоғарыда айтылғандай, егер диалект деген термин тілдің ішіндегі әдеби тілден фонетика, грамматика, лексикалық ерекшеліктері негізінде оқшауланатын белгілі бір тілдік топтарын (батыс диалектісі, оңтүстік диалектісі т.б.) атау үшін қолданылса, диалектизм деген термин топ емес, жеке тілдік ерекшеліктерді, атап айтқанда жеке фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды атау үшін қолданылады.
Диалект деген үғым екі шартқа сай болуы керек: 1) тілдің ішінде өзінің даму шегі бар тілдік топ болу керек; 2) диалектілік топтың белгілі бір таралған шегі, аймағы болу керек. Ал, диалектизм деп аталу үшін де жоғарыдағыдай екі шарты болуы керек. Бірақ олар тілдік топ емес, жеке ерекшеліктер ғана. Сонда белгілі бір диалектілік топты диалект деп атаймыз да (батыс диалектісі, шығыс диалектісі т.б.), олардың ішіндегі жеке құбылыстардың (а мен ә-нің алмасуы, барғайы отыр, баражақ, кигіз үй т.б.) әрбіреуін диалектизм дейміз. Осы екі шартқа жауап бермейтін тілдік құбылыстар диалектілік ерекшеліктерге (диалектизмдерге) жатпайды.
2. Диалектологияның
қалыптасу тарихы
Кейбір елдерде диалектология осы күнге шейін белгілі дәрежеде этнографияға көмекші қызмет атқарады. Кеңес тіл білімінде диалектология ұлт тілінің халықтың жергілікті диалектілерін зерттейтін жеке саласы ретінде қалыптасты. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден-ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм (аймақтық, облыстық тіл ерекшеліктері) сиякты терминдердің кездесуі - диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шығар. Бірақ 19 ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі "қате сөйлену", дүрыс сөздің "бұрмалануы" сияқты болып көрініп келді. 19 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада, Ресейде халық мәдениетіне, этнографияға, фольклорға, сол сияқты халықтың сөйлеу тіліне ерекше назар аударыла бастады. Содан былай этнография мен фольклордан әлі толық жіктеле қоймаған диалектология жеке сала ретінде дами бастады. Жергілікті диалектілердің ғылыми негізде зерттеле бастауы 19 ғ. 2-жартысында Германияда пайда болған жас грамматизм бағытымен байланысты. Жас грамматиктер диалектілерді тілдің ішкі табиғи дамуының нәтижесі, белгілі бір жерде тараған тіл элементтерінің түрленіп отыратын заңды құбылыстары ретінде қарастырған. Осылайша диалектология Германия (И. А. Шмеллер), Франция (Г. Парис, Ж. Жильерон), Италия (Г. И. Асколи) сияқты елдерде кеңінен дамыған. Диалектологияның жеке сала ретінде қалыптасуында 19 ғасыр мен 20 ғасыр басында орыс ғалымдары И. И. Срезневский, А. А. Потебня, А. И. Соболевский, әсіресе А. А. Шахматов көп еңбек сіңірді.
3. Диалектология тіл ғылымының бір саласы болып қалыптасуымен байланысты оның маңызы артып, зерттеу шеңбері кеңейе түсті. Зерттеу ісі халық тіліндегі ерекшеліктерді жинаумен, анықтаумен тынбай, тіл тарихын жасауда да ойдағыдай рөл атқарды. Зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай диалектология — сипаттама (описательная) диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті — тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалық жөне лексикалық күрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті - тілдегі диалектілер мен сөйленістердің, диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу. Мұның езі халық я ұлт тілдерінің ру тілінен тайпа тіліне, тайпа тілінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне ауысып отырудағы даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша, тарихи диалектологияны жасау мүмкін емес. Кеңес тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға, зерттеп білуге зор мән берілді. Соның нәтижесінде қазіргі қазақ тіл білімінде сипаттама диалектологияның негізі салынды, ал тарихи диалектологияның жайы басқаша. Бұл тың мәселені зерттеу келешектің үлесіне тимек.
1. Диалектілік
ерекшеліктер түрлі тілдерде
бірінде аз, бірінде көп мөлшерде
сақталған. Қазіргі
Диалектілер алғашқы қауым кезінде ру, тайпа тілі ретінде, одан кейінгі қоғамдарда халық, үлт тілдерінің бір бөлігі ретінде адамдар қауымына қызмет еткен. Алғашқы қоғамда әрбір тайпаның өзінің тілі (диалектісі) болған. Ф. Энгельс тайпа мен диалект жөнінде: "Тайпаның езіне ғана тән ерекше диалектісі болды. Шындығында, тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді", - дейді. Тайпа өз ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты бөлшектеніп, одан енді бірнеше жаңа тайпа бөлініп шығады. Бөлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі қоныстанған жер көлемі жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалған.
Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы диалектілерге келсек, олар басқаша қоғамдық құрылыс жағдайында қалыптасқан. Енді адам-дар бірте-бірте бұрынғыдай ру-тайпасына қарай емес, тұрған жерлеріне, қоныстанған жеріне қарап жіктелетін болған. Сол себептен де диалектілер жергілікті сипат ала бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жергілікті диалектілердің пайда болуынан тайпалыкқ тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып кетпейді. Халықтардың қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі еместігін жөне тіл құрылысының негізінен тұрақты сипаты барын еске алсақ, қазіргі кезде де көне дөуірде пайда болған тайпалық тілдерге тән кейбір сөздер, тұлғалар сақталып қалған.
Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи жағдайларға, қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына бай-ланысты. Кейбір тарихи жағдайлар, қоғамдык-экономикалық формациялар жергілікті диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молаюына қолайлы бодды. Кей тарихи жағдайлар, керісінше, диалектілердің дамуына бөгет жасайды, олардың бірте-бірте жойылуына әкеп соғады. Диалектілердің дамуына неғұрлым қолайлы жағдай феодализм дәуірінде туады, себебі натуралды (табиғи негіздегі заттық) шаруашылықтың басым болуы, ел ішінде тығыз
экономикалық байланыстың болмауы халықты саяси, экономикалық жағынан бөлінушілікке әкеп соғады, осыдан барып бірыңғай тілдік байланыс бұзылады. Елдің экономикалық жағынан тұйықталған жеке аудандарында жергілікті диалектілер калыптаса бастайды. Феодалдық дәуірдегі бөлінушілік неғұрлым күшті болса, соғұрлым диалектілердің дамуына қолайлы жағдай туады. Тілдегі жалпыхалыктық емес жеке элементтер феодализм дәуірінде бұрынғысынан да молая түседі. Сол себепті де феодализм дәуірінде тІлде жергілікті диалектІлер өте көп болған.
Бірақ рулық бытыраңқылықтың жойылып, ірі феодалдық мемлекеттердің құрылуынан, капитализмнің дамып, ұлттардың, ұлт тілдерінің пайда болуынан диалектілер бірден жойылып кетеді деп ойлауға болмайды. ¦лт тілдерінің қалыптасу кезінде жаңа диалектілік ерекшеліктер бұрынғыдай дами алмайды, бірақ бұрыннан қалған диалектілік ерекшеліктер ұзақ уақыт сақталады. Дегенмен, капитализм дәуірінде өндірістің капиталистік тәсілінің дамуымен, ұлттың және ұлт тілдерінің қалыптасуымен байланысты жергілікті диалектілер бұрын болмаған өзгеріске ұшырайды.
Әсіресе ұлттық өдеби тілдің дамып қалыптасуы диалектілік ерекшеліктердің азаюына, диалектілердің қызмет ету аясынын тарылуына ерекше әсер етеді. Халық ағарту ісінің, мәдениетгің алға басуы, баспасөздің, теледидар-радио хабарларының кең тарауы т.б. жергілікті диалектілерге әдеби тіддің әсерін арттыратын факторлар болып табылады.
2. Қазақ тілі түркі тілдері семьясының қыпшақ тобына жататыны белғілі. Оның шығу тегі өте ерте замандардан басталады. Арғы кезі — түркі-монғол бірлестігі, батыс гунн, көне түркі дөуірлерімен, бергі кезі — оғыз, қыпшақ, ноғай бірлестіктерімен ұштасып жатыр. Қазақ жеріндегі көне замандағы рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар (жүздер)1, олардан халық құралған. Сөйтіп ру тілдерінен тайпа тілі, тайпа тілдерінен тайпалық одақтар тілі, тайпалық одақ тілдерінен халық тілі қалыптасқан. Бұл процесс біздің заманымыздан бұрынғы 3—2 ғасырларда басталып, тек 15—16 ғасырларда аяқталған сияқты. Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердің пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жалпы түркі тектес тілдердің даму, қалыптасу дәуірлерімен деңгейлес. Тіл жағынан алғанда қазақ жеріндегі тайпалардың негізі бір еді, бәрі де түркі негіздес диалектілерде сөйлеген. Қазақ тарихындағы алғашқы тайпалық одақтар (үйсін, қаңлы, алан т.б. — б. з. шейінгі 3 ғ.) гунн дәуірінен белгілі бола бастады.
5-10 ғасырлар арасында болашақ қазақ халқының негізін құраушы тайпалар айқындала бастаған. Ал бұған дейін тайпалық одақтар әлденеше өзгеріп, тұрақтай алмаған. 7—11 ғасырларда қазақ жеріндегі ірі тайпалық одақтардың (жүздердің) негізі салынды деген пікір бар1. Жүздердің қалыптасу негізі жеке рулар мен тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуіне байланысты. Бірақ олар тек ру-тайпа-лардың жалаң туыстық бірлігі емес, шаруашылық, территориялық және саяси жағынан бірлестігінің де нәтижесі болып табылады. "Жүз деп әдетте қазақ халқына қарасты және тарихи дәстүр арқылы белгіленген жалпы қазақ территориясының бір бөлігін мекендеген тайпалардың ірі бірлестіктерін (немесе одақтарын) атау қабылданған". Онымен бірге бұл кез тайпалық одактар тілінің қалыптасып, көне түркі тілінен бөлінуге бет алған кезі болды. 7 ғ. бастап ірі тайпалық одақтардың құрылуына байланысты олардын құрамына енген ру мен тайпа тілдері жаңа сапаға ие бола бастаған. Осыдан былай бұрынғы ру-тайпалық қана сипаты бар диалектілердің орнына енді әрі тайпалық, әрі жергілікті сипаты бар диалектілер қалыптасады. Осылайша халық тілінің негізгі қүрамды бөліктері болып табылатын жергілікті диалектілердің негізі салынды.
3. Қазақтың ұлт тілі казақ халқының ұлт болуымен байланысты. Тіл білімінде ұлттық тілдердің үш түрлі негізден туындайтыны көрсе-тілген: 1) тілдік белгілері бірыңғай, қүрылымында айырмашылық жоқ бір диалект негізінде; 2) бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі негізінде; 3) диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде. Қазақтың ұлттық тілінін тегінде осы айтылғандардың екінші түрі, яғни қазақ жеріндегі өзара туыс бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі жатқан сияқты. Шоғырланған диалектілердің бірнеше ғасыр бойы дамуы нәтижесінде қазақтың халық тілі қалыптасқан. Осы күнгі қазақ тілінің сөздік құрамы мен дыбыстық, грамматикалық құрылысының қалыптасуы, тұрақтанып жалпыхалықтық сипат алуы осы кездің жемісі. Қазақтың ұлт тілі өзінің ішкі құрылымы жағынан қазақтың халық тілінің мұрагері. Уақыт талабына сай өзгеріске түсе отырып, тілдің әр түрлі деңгейінде (лексика, фонетика, грамматика салаларында) кейбір элементтерін жоғалтып немесе кейбір жаңа элементтерге ие болып отырғанымен, ұлт тілі халық тілінің бүрынғы қалпындағы түрақтытлығын сақтап отырады. Қазақтың ұлт тілі деген кең үғымды білдіреді, ол өзінің құрамы жағынан бірдей емес: оған бүкіл ұлтқа қызмет ететін баспасөз тілі — әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, тек жеке аймақтарға, аудандарға тән жергілікті диалектілер мен сөйленістер, жекелеген әлеуметтік топтар қолданатын ерекше (жаргондық) сөздер жатады.
Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық сипатта дамуы үш негізгі тармақтан түратынын көрсетеді. Олар: 1) әр түрлі стильдік салада қолданылатын жазба жөне ауызша түрлері бар әдеби тіл; 2) жергілікті жөне әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен сөйленістер; 3) жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. ¦лт тілінің бүл айтылған үш тармағын тек кейінгі заманда пайда болған деп қарауға болмайды. Оның негізі халық тілі кезінде қалыптасқан. 15—16 ғасырлар мен 19 ғасырдың 1-жартысы аралығында дамыған қазақтың халық тілі де үш тармақтан: а) ауызша әдеби тілден; ә) жергілікті диалектілер мен сөйленістерден; б) ауызекі сөйлеу тілінен қүралған. Бірақ халыктық және ұлттық тілдер дәрежесі түрғысынан қарағанда бұл тармақтардың мәні, көлемі мен қызметі бірдей болмайтыны түсінікті жайт.
Халық тілінің тармақтары болып табылатын ауызша әдеби тілдің жеке стильдері, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер мен сөйленістер өздерінің шығу тегінде де, одан кейінгі даму барысында да бір-бірімен үнемі байланыста болған және бұл байланыс халық тілі дамыған дәуірде неғұрлым айқын байқалған. ¦лт тіліндегі жоғарыда айтылған тармақтар шығу тегі жағынан халық тілінің тармақтарымен бір негіздес, олардың өзара сабақтастығы ешқашан үзілмеген.
4. Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер ешуақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әр түрлі болып келеді. Белгілі бір кезеңде әдеби тіл қабылдап, оның қолданылу нормасына айналып, тұрақталып, жалпыхалықтык сипат алған ерекшеліктермен қатар, әдеби тіл қабылдамай, одан тыс калып отыратын диалектілік ерекшеліктер, қарапайым сездер, жаргондар, варваризмдер, кітаби тіл элементтері де бар.
Жергілікті диалектілер дегеніміз — белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары. Олардың әдеби тілге және өзара қатысы тұрғысынан алып қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.[4.271]
Біріншіден, белгілі бір тілдегі диалектілер мен сөйленістер сол тілге тән жалпы белгілерді сактай отырып, бір-бірінен фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жөне лексикалык, жағынан түрлі ерекшеліктерге ие болады. Ал әлеуметтік диалектілер, негізінен алғанда, әдеби тілдегі немесе жергілікті халық тіліндегі жалпыға бірдей дыбыстық, грамматикалық құрылысты және сөздік құрамды пайдаланады. Олардың ерекшелігі тек арнаулы сөздер мен терминдерді ерекше фразеологиялық тіркестерді және кейбір синтаксистік тәсілдерді жиі қолдануынан көрінеді.
Екіншіден, жергілікті диалектілер мен сөйленістердің аумағын таралған көлемі мен шегін белгілеуге әбден болады.
Үшіншіден, тіл тарихында жергілікті диалектілер мен сөйленістердің алатын орны зор. Шын мәнінде, жергілікті диалектілер мен сөйленістерді зерттемейінше халықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасу тарихын толық білу мүмкін емес. ¦лттық тіл де кейде әдеби тіл де жергілікті диалектінің я сөйленістердің негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Мәскеу сөйленістерінің ағылшынның әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияның ұлттык әдеби тілі Тоскан сөйленістерінің негізінде жасалғаны белгілі.
Бұл айтылғандардан
жергілікті диалектілер мен сөйленістердің
тіл тарихында алатын орны ерекше
екенін аңғаруға болады. Осы себепті
диалектология ғылымының зертте
Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері