Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

Бұл тұжырымды жазушылардың көркем шығармада  жергілікті ерекшеліктерді пайдалана білу шеберлігі, мақсаты тұрғысынан түсінген жөн, өйткені, «көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма - өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та – бәрі қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларының қалпы, даму жолдары көрсетіледі [29, 34 б.]. Демек, көркем шығармадағы диалектизмдер осы «жанды организмнің» бір тетігі, онсыз сол «жанды организм» туралы түсінік тұтас ақпарат толық бомайды. Жазушы Ә.Кекілбаев қолданысындағы диалектизмдер өмір деректеріне негізделеді ... өзінің төрт қанат шатпасы болғанда ғой, әлдеқашан айнадай боп шыға келер еді. Екі қара ала, екі терулі алаша, күн жеп тастаған көне төсекқап пен күйе-күйе аяққап. Ық жаққа апарып, төрт-бес сіліксең жетіп жатыр. Аузы қисайып кеткен атамзаманғы жүкаяқ, ұста қайнысы қалай болса солай лекерлей салған абажадай әбдіре тек көшкен-қонғанда ғана қозғалады. Қара орманының сиқы сол. Оның өзі де ұзатылған қыздың отын жинайтын шошаласында иесіз қалды [8, 59-60 бб.]. Кейіпкер – «салпы етек, шұбалаң жаулық қара кемпір», шатпа мен шошала – оның баспанасы, қара ала терулі алаша, абажадай әбдіре – күнделікті тұрмысында қолданатын заты. Бұл заттар кейіпкер үшін қасиетті, жанына жақын, себебі оларда отағасының, жақын – туыс жандардың қолының табы, кіндік қаны тамған атамекенінің ізі бар. Қала тіршілігіне көндіге алмаған кейуана осыларды аңсап сағынады. Бұл ескілікті көксеу емес. Кейіпкердің тұтынып жүрген заттары – оның тұрмыс-тіршілігінің куәсі. Олар қарапайым тозығы жеткен зат емес, тіл иесі этнос өкілдері тудырған заттық мәдениет деректері. Оның ішінде адам баласы үшін аса маңыздысы үй – баспана – шаңырақ ұғымдары болса, шатпа мен шошала осы топқа енеді. Үй – баспанаға қатысты мәдени семантика ортақ, мәселе үйдің көлемінде емес, ондағы этномәдени танымда. Басқасын былай қойғанда, кейіпкер осы төрт қанат шатпада өз шаңырағын көтерді, балалары осында дүниеге келді. Сондықтан ол – Қара кемпір үшін қасиетті мүлік. Басқа дүние-мүліктерін абысын-ажындарына таратып беріп жатып, қызына: - Қарағым, өзің өскен құрым күркені жазда үйіңнің қасына қалқитып тігіп қой. Кім біледі шаһарлы жерге үйренісе алмай қайтып кеп жатсақ, әйтеуір, өз үй, өлең төсегіміз күтіп тұрады ғой, – деді [8, 60 б.], өйткені төрт қанат шатпаның сүйегі мен қара қазанына тимеді. Шынын айтқанда, қол тигізе алмады, дәті шыдамады. Шатпаның сүйегі мен қара қазаннан айырылу өмірдегі тірегінен айырылумен, кіндігінен ажыраумен тең. Қазақта қазан бермеу ырымы да бар. Ал келесі заттық мәдениет көріністері қара ала мен терулі алашаны өзі тоқыған шығар немесе төркінінен келген болар, ал әбдірені қайнысы жасаған.

Ендеше Қара кемпір бейнесі аталған этнографизмдерсіз  толыққанды сомдалмаған болар еді, оны қазіргі жиһазды салтанатты сарайға сыйғызу мүмкін емес. Стилистикалық  мағына, силистикалық бояу осыны аңғартады, автордың этномәдени деректерді қолдану уәжін, оның сенімділігін көрсетеді. Көркем әдебиет стилінде диалектизм әдеби баламасы бола тұрса да қолданылатыны, оның орындылығы осындай жағдайларға байланысты айқындалған.

Диалектілік сөз  мағынасының құрылымы, парадигмалық, синтагмалық, стилистикалық микрокомпоненттерден тұрады. Осының ішінде функционалды-стилистикалық микрокомпонент: фукнционалды-стилистикалық, әлеуметтік-стилистикалық, темпоральді-стилистикалық, квантативті-стилистикалық және экспрессивті-стилистикалық микрокомпоненттерге бөлінеді [17, 19 б.]. Диалектілік сөздің стилистикалық мағынасын бұлай шағып талдау қазақ тіл білімінде әзірге қолға алынбай келеді.

Диалектілік сөздің мағынасындағы фунционалды-стилистикалық  микрокомпонентте диалектілік лексиканың функционалды-стилистикалық топтарға қатысын танытатын ақпарат болады. Мұндай топтар жөнінде О.И.Блинова, О.В.Загоровская, М.С.Атабаева еңбектерінде біршама мәлімет беріледі. О.И.Блинова диалектілік лексиканы: 1) нақты-номинативтілікті білдіретін бейтарап лексика; 2)  кең қолданыстағы ауызекі сөйлеу лексикасы;  3) тұрмыстық қарапайым лексика; 4) ауызша әдеби сөйлеу лексикасы [18, 86 б.], ал эмоционалды-экспрессивтілік бейтарап лексикадан басқасына ортақ деп есептейді. О.В.Загоровская бұған: арнайы, ресми – мәдени халықтық поэтикалық тәрізді топтарды қосады және тұрмыстық-қарапайым сөйлеу лексикасын жалпы эмоционалды – бағалауыштық деп бөледі [17, 19 б.]. Диалектілік лексика материалдарын бұлайша топтау олардың стилистикалық мағынасын, стилистикалық бояма мағынасын ажыратуға мүмкіндік береді.

 

Төрт түлік  малға, жан-жануарларға қатысты диалектизмдер

Батыс аймағының  табиғи ерекшелігіне байланысты Ә.Кекілбаев  шыармаларында түйе, түйеге қатысты  атаулар молырақ. Іштерінде Есетжан мінетіндей біреуі жоқ, өңшең тұғжым! Сол тұғжым бурылдың көлеңке бетінде төсі жылтырап Самат ағам тұрады. Тұғжым – мығым, тегеурінді дегенді білдіреді. ҚТТС-та тұғжым диал.  «бойы, тұрқы қысқалау, тұқырайған» деп анықтама берілген.

ҚТТС-та тұғжи түбірінен туған тұғжию, тұғжыңдау деген етістік формалары бар. Олардың мағынасы «тұқырая еңкею» дегеннің айналасында.  Осы түбірден -м аффиксі арқылы тұғжым формасы, зат есім тұлғасы жасалған. Сөз түбірі – тұғжи(у). Осыдан басқа тұлғалар жасалады: тұғжиту, тұғжыңдасу, тұғжыңдау.  

Жер бедеріне, оның ерекшелігіне қатысты диалектизмдер.

Маңыстау өңірі  құрғақ, құмды – шөлді, сондықтан  судың мәні айырықша. Бұл өңірде құдықшылдық – атадан балаға берілетін  өнер. Жазушы шығармаларында осы топты  бейнелейтін: алғаулы шағылтақ, нәрті, індігеш, орпа, жұтпа, күп тәрізді диалектизмдер жиі қолданылады. Күп – сайдың тұйық, ояң жерінде иірілген су мағыанасын білдіреді. Мысалы, Қойыртпақ ішіп, күпке түсіп, солардың көңілін көтереді. ҚТТС-та күп-күпкі қой тоғытатын мағынада орыс сөзі деп берілген. Ә.Нұрмағамбетов күп сөзінің түрікмен тілінде – ков (сай, жыра), өзбекте – кува (құмыра), чуваш тілінде – куп (жан-жағын кірпіштен қалаған шұңқыр), гагауызда – кюп (үлкен қыш құмыра), алтайда – күп (сүт ашытатын ыдыс) дыбыстық формаларында және мағыналарда кездесетінін айтады [21, 68-69 бб.]. Бұл сөздің күп түріндегі «ыдыс» мағынасы ежелгі, алғашқы деуге болады, өйткені ков – шара құятын құмыра. М.Қашқарида күп қыш құмыра, күпшін; парсыша: күп – су құюға арналған үлкен құмыра. Л.Будагов бұл сөзді парсы тілінен енген деп есептейді, онда «су, шарап құюға арналған үлкен құмыра». Ә.Нұрмағамбетов қазақ тіліндегі «күбі» сөзін осы ыдыс мағынасымен байланыстырады. Оның дәлелі – «күп болып ісу» тұрақты тіркесі көлем мағынасынан туған деп есептейді. Батыс диалектісінде бұл сөз әдеби тілдегі мағынасына қоса үш түрлі мағына білдіреді: 1) су сақтауға арналған қойма; 2) сайдың тұйық, ояң жеріне иірілген су; 3) үлкен шұңқыр. Бұл мағыналарды қызмет бірлігі тәсілі арқылы жасалған халықтық мағынамен ұштас шашыраңқы полисемия деп есептеушілік кездеседі [14, 187 б.]. Мағына ауысуына себеп болып тұрған ыдыс жинап-сақтау қызметі семантикалық шек, байланыс үзілмей қызмет атауы, оның ішіндегі зат атауына да ауысқан.

 Аспан әлемі,  ауа райына байланысты диалектизмдер

Тұманның  арты жібіскі жаңбырға айналды Жібіскі – сіркіреп, майдалап жауатын жаңбыр. Ауыс мағынадан қолданылған сөз. Сөйленістерде жіпселеу – жасырын, білгізбей, ептеп мағанасында. Сөз түбірі — жіпіс, -кі деген – сын есімнің өнімді жұрнағы. Осы түбір етістік тұлғасына айналғанда жіпіс-е -леу>жіпселеу, п//б сәйкестігі арқылы жібіс деген формасы шығады. Қазіргі қазақ тілінде жыбысқылау (сыздықтау, жіңішкеру) деген сөз бар. Оның сингармониялық жіңішке варианты жібіскілеу, түбірі — жібіскі. Өсек айтқан адам, әрине, жасырын, білгізбей, ептеп, сыбыр-лап, күңкілдеп, күбірлеп, біртіндеп, майдалап, абайлап айтады. Ұшқанақ – ұшқындап (қылаулап) жауған қар. Екі жыл қатарынан сол желтоқсанның басындағы тобық шылар ұшқанақтан басқа ештеңе түспеді. ҚТТС-та ұшқалақ, ұшқалақтау деген сөз бар. Сөз түбірі ұш (ұшуу>ұшыу>ұшу) болса керек. Л//н сәйкестігі арқылы ол ұшқанақ болып та айтылады. Оңтүстік Қазақстанда қар ұшқалақтап жауып тұр десе, Ә. Кекілбаев бұл сөзді ұшқанақ... (сөз түбірі — ұшқанақ) деп заттық мағынада  қолданып отыр. Ал қағу – құрғақ салқын самал жел. Миы зеңитіндей күн бүгін әдеттегісінен әлдеқайда қағу.

Үй-жай, баспанаға  байланысты этнодиалектизмдер. Жалпы сөйленістер лексикасында сөйленіс иелерінің таным – түсінігінен мол хабар беретін деректердің маңыздысы – үй-жай, баспана тақырыптық тобын құрайтын диалектизмдер. Үй-мекен, үй-шаңырақ ұғымының пайда болуы, жетілуі адамның табиғаттың саналы перзенті екендігін сезінуінің дәлелі. Сондықтан да батыс сөйленістерінде осы топқа енетін атаулар көлемі мол. Жазушы шығармасында оның там, жай, бықынажай, құжынажай, майхана, сәлемхана, шатпа, шошала, сағанақ теппе, сылама т.б. түрлері кездеседі. Бұл ардың ішінде жиі қолданылатын сөздің бірі – там. Жалпы қазақ сөйленістерінде там сөзі – көп мағыналы: қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған үй; мола, зират, бейіт; қабырға, дуал. Там сөзінің Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мағынасы туралы Ә.Нұрмағамбетов оның үй, мола, бейіт мағынасы оңтүстік говорлар тобына тән де, екінші мағынасы солтүстік-батыс говорлар тобына тән.  Алматы, Жамбыл, Шымкент тұрғындары тіліндегі там сөзі «үй» мағынасында қолданылып келеді де, Қызылордадан асып, Аралға жақындай бергенде, бұл мағынасынан айырылып, «мола», «бейіт» мағынасына ауысып кетеді», –  дейді [21,  114-115 бб.].

Тұсында әуел бастағы қарағай лашықтардың  орнына осындай тәпене сыламалар салына бастағанына Петр патша қандай қуанып еді! Үйлерінің көбі – сол баяғы бір қабат сылама. Сылама – қам кесектен салынған, іші-сыртын сылап тастаған үй. Сыла түбіріне зат есім тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған диалектілік туынды сөз. Жалпы, -ма/-ме жұрнағы сөйленістер жүйесінде де өнімділік танытады. Әдеби сөз + әдеби қосымша ® диалектілік туынды сөзжасам моделіне сәйкеседі [22, 48 б.]. Теппе – тепкішек, саты, басқыш. Осы тұс-ау деп аяғын тіреген жері теппе болып шығады. Күнде-күнде шығып-түсіп, теппелер әбден жаталып қалған [8, 333 б.] Түбірі – теп, -па/-пе жұрнағы өнімді қосымша, теппе көп мағыналы сөз.

Киім-кешек, мата атауларына қатысты этнодиалектизмдер. Қазақтың ұлттық киім атаулары ортақ болғанымен, әр өңірдің киім кию үлгісі бөлек. Бұл сол жердің табиғат ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрғылықты халқының дүниетанымын да білдіреді. Шарқат– шәйі орамал, әйелдер басына тартады, ер адамдар белбеу етіп байлайды. Мысалы: Бұның қарап тұрғанын сезіп қап, жалт бұрылып еді, жайнаңдаған қос жанар көкірегін шоқша қарып өтті, өкпелегені де, еркелегені де белгісіз, керме қасын оқыс серпіп, жәудірей қарады да, шарқатын түзеді. Басындағы қызыл шарқатының ұшын оң қолымен мытып ұстап апты [8, 55 б.]. Шарқат сөзінің төркіні парсы тілі деп есептейді, чарқәд – бас орамал, жаулық [23, 76 б.]. Түрікменстан қазақтарында қызыл шарқат сөзі тұрмысқа шықпаған қыздың белгісі ретінде қолданылады. Шарқат – үлкен қызыл шәлі екендігін Н.Ильминскийден де көруге болады. Ә.Нұрмағамбетов шарқат сөзі парсының шор – төрт, қат – жақ, бүйір  мағанасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп, қазақ тіліндегі мағынасын «төрт жақты, төрт бүйірлі» деп түсіндіреді [21, 133 б.]. Яғни заттың формасы, сыртқы тұрпаты атауға негіз болған. Ал қызыл шарқат тұрмысқа шықпаған қыздың белгісі. Қызыл түс түркі мәдениетіне тән. Қызыл шарқат оның иесі, «оң жақтағы» қызға тән өскен ортасына лайық  әдеп, абыройды сақтау семантикасын танытады. Ә.Кекілбаев шығармаларында кездесетін далбай, жапатай, мәнжі, қақыра, шытыра т.б. киім-кешек атаулары диссертацияда лингвомәдени бірлік тұрғысында талданды.

Ыдыс-аяқ, құрал-саймандарға  байланысты сөздер. Бұл топты күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін зат атаулары құрайды. Бұлардың да көлемі мол: дүмше, бақыраш, зерен, топатай, сапы, метей, күйентей т.б. Дүмше – шай шығаратын аққұман, шәйнек Шәйдың дәмі ұнайма, айтыңыз. Сізге шәйді басқа дүмшеден құйсын дүмше — шай шығаратын ақ құман; қолға су құятын ұзын мойынды құман. Парсыша – дом>дүм – құйрық, бір нәрсенің артқы жағы [23, 137 б.] сөзінен шығуы мүмкін. Сол сияқты бір нәрсенің түп жағы, түбі. Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бұл сөз көршін деп те аталады.  Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!... Ал диалектологиялық сөздіктерде бұл сөздің бес түрлі мағынасы беріледі. Cөздің архисемасы М.А.Хабичевтің бақыр сөзінің түсімен, металмен байланыстыратын тұжырымы арқылы анықталады, кур, гур түркі тілдеріндегі «қызыл» сөзінің түбірі де, бой – бояу – бұлардың бәрі жез ұғымынан тарайтын атауларға негіз болады. Бақыраш – жезден жасалған ыдыстың бір түрі [29, 38-39 бб.].   

Жиһаз, мүлік  атауларына қатысты этнодиалектизмдер. Тақыт – тақ. Мысалы, «Бас тақыт бос». Осы сөз жазушы тілінде жиі кездеседі. Парсыша тәхт деген екі түрлі мағына береді: 1) патшалардың отыратын орны, орындығы; 2) ауысп. мәртебесі жоғары, шоқтығы биік. Ә.Кекілбаев осы сөзді тақ сөзімен қатар қолданып отырады. Қазақ тілінде сөз соңындағы қатар келген екі дауыссыз дыбыстың біреуі айтылмай түсіп қалады: тақт>тақ не болмаса ол екі дауыссыз дыбыстың арасына бір дауысты қыстырма (дәнекер) дыбыс қосылып айтылады: тақыт. Тәхт сөзі тақ түрінде айтылуын қазақ тілінде парсыша дуст, раст сөздерінің соңындағы т дыбысы түсіріліп, дос, рас болып айтылу заңдылығымен салыстыруға болады. Тақ пен тақыт бір сөздің екі түрі (дыбыстық нұсқалары). Біреуі – ескі түрі (тақыт), біреуі – оның жаңа түрі (тақ). Олар әуелі қатар жүріп, жарыса қолданылады да, жүре-бара біреуі ауызекі тілде қалған. Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты!. Абдыра сөзі қазақ сөйленістерінде а-ә алмасуларына сәйкес абдыра - әбдіре түрінде ұшырасады, «сандық, кебеже» мағынасын білдіреді. Монғол тілінде авдар – кебеже, сандық, қырғызда абдыра – үлкен жәшік, сандық, тува – аптара, хакас тілінде – абдыра қобдиша, кішкене сандық, қалмақ – авдр, сандық, жәшік. Бұл сөз абдари түрінде парсы тілінде ұшырасатыны және парсы тіліне түркі тілдерінн ауысқан дейтін пікір бар, өйткені маньчжур тілінде «абдари моо» емен тұқымдас ағаш атауын білдіреді. Кебеже, сандық сияқты заттар ағаштан жасалған, оның ағаш мағынасын білдіретін моо сөзі  түсіріліп, «абдари» атауы зат ауына ауысқан.  Бұл сөз оңтүстік сөйленістерде абдырая тұлғасында, Қытай қазақтары тілінде Абдыра гидронимі, Абдыра ойконнимі ретінде қолданылады. Ә.Кекілбаев шығармаларында әбдіре формасында «сандық» мағынасында қолданылып тұр» (Әбдіре мен жүкаяқты екі келініне қолдатып жіберді).

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері