Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3
І .Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................................................4-25
1.1. Қазақ тіліндегі диалектизмнің зерттелуі..............................................25
1.2. Этнодиалектизмдерге тән негізгі ұстанымдар мен ерекшеліктер........26-31
Негізгі бөлім.

2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі.
2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер.........................................................................................32-56
2.2. Прозалық шығармадағы рухани мәдениетке қатысты диалектілер.....57-80
2.3. Әлемнің тілдік бейнелерінің этнодиалектілік сипаты
ІІІ. Қорытынды................................................................................................81-83
IV. пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................85

Файлы: 1 файл

дип. Меруерт..doc

— 623.00 Кб (Скачать файл)

     Бізде талас тудырып келген мәселелердің бірі – көркем әдебиет тілінде этнодиалектизмдерді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана бермей, жалпыхалықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек. Өйткені диалектілік ерекшеліктердің ішінде әдеби тілімізді байытатын сөздер де, әдеби тілді шұбарлайтын сөздер де кездеседі. Көркем әдебиет тілінде диалектизмді пайдалануды сөз еткенде екі нөрсені шатастырмау керек. Этнодиалектизмдерді авторды өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да,| кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар.

Кейде жазушы сипаттап отырған  кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл - жазушының кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді. Мысалы, жазушы М. Әуезов "Абай жолы" романында Жамбыл мен Мағаштың кездесуін суреттегенде, Алматы маңында айтылатын жергілікті сөздерді (ояқ, бұяқ мұқым, тегі, әкем, айталы т. б.) орынды келтіреді. С.Мүқанов "Сырдария" романында Сырбай қартқа және басқа кейіпкерлерге жүдә сиякты сөздерді айтқызу арқылы уақиғаның қай жақта, қандай ортада болғанын аңғартады. Сондай-ақ, Қ. Әбдіқадыровтың кейбір шығармаларында ("Төтті қауын") оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктер айқын берілген.

Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты - әдеби тілде баламасы жок, диалектизмдермен тілді байыту. Осы күнгі баспасөз бетінде жиі қолданылып жүрген дақыл, жүйек, атыз, жұлықтау сияқты сөздер бұрын бір аймақта қолданылып келсе, қазір жалпыхалықтық сипат алды.Кейбір жазушылардың кәсіби сөздерді шеберлікпен қолданғаны байқалады. Мысалы, С. Мұқанов "Сырдария" романында күріш егісімен байланысты, Ә. Сәрсенбаев "Толқында туғандарда" балық кәсібімен байланысты (шаланда,шалқа, батага, жақты) сөздерді орынды пайдаланып, оларды сілтемеде түсіндіріп отырған. [9-81]

          Егер бар сөзді талғамай, жатсынбай қолдана берсек, онда шейіннің орнына шекейін; ендешенің орнына еше; иенің орнына еге; сонаудың орнына тонау; аманбыз дегеннің орнына мұздай қара көк; барайық дегеннін орнына баралы; келесіз дегеннің орнына келесіңіз; жүгері пісті дегеннің орнына борми пысты сияқты толып жатқан жергілікті ерекшеліктерді әдеби тілге енгізу керек болады. Бұдан біздің әдеби тілімізге келер пайда жоқ, одан әдебиетіміз ештеңе ұтпайды. Өйткені мұндай сөздер контекстік үғымды нашарлатып, тілімізді шұбарлайды сөйлем мағынасын қиындатып, әдеби тіліміздің нормасына нүксан келтіреді.

Абай мен Ыбырай шығармаларында диалектизмдер өте аз. Сондықтан да ондай бірен-саран сөздер шығарманың тіліне ақау келтіре алмайды.

Кейбір жазушылар орыс жазушыларының шығармаларында жергілікті сөздердің қолданылуын бетке  ұстап, өз ағаттықтарын ақтағысы келеді.

И. С. Тургенев, М. Шолохов сияқты ұлы жазушылардың шығармаларында жергілікті сөздер кездеседі. Мысалы, Тургеневтің "Аңшы-ның жазбалары" деген шығармасында бірталай жергілікті сөздер бар. Бірақ онысына Тургеневтің өзі де қынжылып, өкініш білдірген болатын. Тургенев С. Т. Аксаковка жазған бір хатында былай деген: "Ал провинциялық сөздер жайына келсек, бақытсыздығыма қарай, сөйлесіп отырғанда оларды мен өзім де байкаусыз колданамын, марқүм сыншы В. Г. Белинский мені қашанда "орысша сөйлей білмейтін орловтық" деп атаушы еді. Сіздің осындай сөздерді маған көрсетуіңізді сүраймын".

М. Горький диалектизмдерді  орынсыз көп қолданудан әр уақытта  сақтандырып отырған. Жергілікті сөздермен  әуестенушілерге М. Горькийдің мына бір сөзін есте түтқан жөн: "Бізде  әрбір губернияда, одан қала берді, кептеген уездерде өздеріне ғана тән сөйленістер мен сөздер бар. Бірақ әдебиетші вятша немесе балахонша жазбай, орысша жазуы керек", "Бір губерния түрғындарына ғана түсінікті сөздермен жазу үлкен қате. Ф. Гладков өзінің "Цемент" романын осылай жазды. Бүл оның жақсы кітабына нұқсан келтірді".

Этнолингвистиканың  негізгі мақсаты – халықтың бүгінгі  қалпын, қазіргі тіліндегі ерекшеліктерді емес, өткен өміріндегі тәжірибелерінен  туған ұлттық болмысты, халықтық тіршіліктен  туған мәдени ұғымдарды зерттеу. Сондықтан да ұлттық сөздік қорды, яғни көне төл тілімізді жаңғыртуда, көне этнографизмдерді жинақтап, толықтыруда бұл саланың маңызы зор. Академик Ә.Қайдардың зерттеулері бойынша этнолингвистика саласы былай танылады: «Этнолингвистика, егер оның түп-тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарланған дүние емес. Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін түсінуге болмайтын объект екендігінде. Ол объект – этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүру мүмкін емес... Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүние танымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бұгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады. Өйткені, кез келген этностың тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр» [10-167].

Осы анықтаманы негізге алсақ, ұлттық төл тілін  оның тарихымен, өмір тәжірибесімен, салт-дәстүрімен, таным-түсінігінен туындаған ырым-жырымдарымен, наным-сенімімен, аңыздарымен сабақтастыра зерттей этнолингвистиканың міндеттеріне қатысты деп ұғынылады.

Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулер нәтижесінде біршама  көне сөздердің ұмытылған мағыналары жаңғыртылып, ұмыт болған төл тілдеріміз қайтадан сөздік қорымыздың қатарына  еніп жатыр. Этнолингвистиканың негізгі  мақсаты да – төл сөзіміздің қатарын молайту, оларды жаңғырту, қолданымдық аясын кеңейту. М.С.Атабаева: «Этнолингвистикалық зерттеу – тіл байлығының этнос болмысының мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар сөздерін талдап зерделеп түсіндіру деген сөз, осы күні көпшілік түсіне бермейтін сөздердің арғы қабатында олардың пайда болуы, этнос тұрмыс-тіршілігіне қатысты ақпарат жатыр Этнос болмысы – оның ғасырлар бойы қалыптастырған материалдық және рухани мәдениеті арқылы танылады, оны жеткізуші тілдік деректер», - деп көрсетеді [11-95].

 Бұл бағытта  Р.Шойбековтың,  Ә.Ахметовтың, Ж.Манкееваның, Р.Б.Иманалиеваның,  А.Ж.Мұқатаеваның, С.Сәтенованың, А.Жылқыбаеваның,  Қ.Ароновтың, Б.Уызбаеваның, Қ.Ғабитханұлының, М.Мұсабаеваның, М.Атабаеваның еңбектерінде  жан-жақты сөз болады. 

Қоғам дамып өркендеген сайын тіл де өзгеріске түседі. Бұл – заңды құбылыс. Тілдің өзгеріске түсуіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Соның ішінде жергілікті тұрғындардың өзара қарым-қатынас жасау барысында туындаған тіл ерекшеліктері сөздік қордың шеңберін кеңейтеді. Қазіргі таңда тіл білімінде диалектілер мен говорларды азайтып, әдеби тілді тұрақтандыру жолдары қолға алынып, тек әдеби тілді қалыптастыру негізге алынып отыр. Бірақ диалект сөздерді азайту мүмкін емес.  Себебі, диалектілердің өзі ана тілінде сақталған, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан төл тілдердің қатарына жатады. Әрине мұндай төл тіл халық ауыз әдебиеттерінде де, көркем шығармаларда да сақталған, яғни жазба әдебиет арқылы қазақ тілінің мұрасы болып қалады. Жергілікті тіл ерекшеліктерін азайтқаннан гөрі оны сұрыптап, талдап, әдеби тіл қатарына қосатын кез келді.  Сондықтан диалектілік ерекшеліктерді жүйелі түрде жан-жақты зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор. Сонымен қатар диалектілер арқылы қазақ халқының, жалпы сол тілде сөйлейтін халықтың этникалық болмысын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшелігін, көршілес халықтармен этникалық байланысын ашуға болады. Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш ретінде анықталады. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі [12, 6].

Тіл білімінің қайсыбір дәуірінде зерттеу нысаны болып  келе жатса да күні бүгінге дейін  өзектілігін жоймаған тақырыптардың  бірі – тілдің ақиқат дүниені таныту және таңбалау мәселесі. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба – таңбалаушы, ал оны білдіріп тұрған мағына – танытушы. Таныту тікелей ой арқылы жүзеге асады. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде көрініс табатын болғандықтан, адамның өзін қоршаған дүниені тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылымда алдыңғы мәселелер қатарына қояды.  Осыған байланысты ғалым Г.Әзімжанова былай дейді:  «Көркем әдебиет – тілді байытып, толықтырып, дамытып отыратын негізгі арналардың бірі. Көркем проза мәтінінің сапа, қасиеттерін одан әрі ұштап, жетілдіруде және оны мақсатты бағытталған арнада жүргізуде жазушы шеберлігінің сырын сараптап, талдап, түсіндірудің мәні зор. Көркем туындының құрылымы өте күрделі, ол көптеген компоненттерден тұрады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуетін зерттегенде прагматикалық мазмұны бар компоненттерді, ең кіші прагматикалақ мағынасы бар бөлшектердің қызметін қарастырып, олардың жалпы семантикалық-прагматикалық құрылымға кіруі анықталады. Прагматикалық тұрғыдан келгенде көркем проза мәтінін зерттеу процесінде адам факторын ескермеуге болмайды» [13-184].

Бір этностың мәдениеті  екінші этносқа оның тілі арқылы танылады. Ал тілдік таңбалар – рухани және материалдық мәдениетті сипаттаушы таңбалар жиынтығы. Тілдегі бірліктер халықтың дүниетанымы, болмысы, рухани мәдениеті, сол халықтың тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Тілдік таңба – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда әлі де зерттелмей келеді. Тіл - рухани күш, демек тілдік таңбалар, яғни таңбалаушы, таңбаланушы және объект арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады [14, 24].

Тіл – мәдениеттің  қайнар көзі, мәдениеттің құрастырушы  бөлігі, сонымен қатар тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз  сол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатын болғандықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажырату белгілері ұжымдық ортада әртүрлі болуы мұмкін. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы – ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыс тәжірибесінде қалыптасады. Себебі адамдардың табиғаттағы ақиқат дүниені бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен салыстыруы, әр түрлі дүниелердің ұқсас жақтарын салыстыруы негізінде санада бейнелер пайда болады. Сол бейнелер келе-келе белгілі бір ақиқат дүниенің атауына айналады.

Көркем мәтін  – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін -  ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады. Тіл білімінің лингвомәдениетану бағытында тіл адамның танымындағы мәдени константалар (тұрақты құндылықтар) арқылы ұғынылады, түсіндіріледі. Сол мәдени ақпараттар негізінде тілдің қызметін зерттеп айқындау жүзеге асады. Лингвомәдениеттану бағытының негізгі мақсаты – алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибелерін, ұлы өркениетіне қатысты ақиқат белгілерін таңбалайтын тұрақты тілдік бірліктерді зерттеу. Тілді лингвомәдени бағытта қарастыру үшін өзімізге танымал тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) зерттеу әдістері қатар қолданылады. 

Сонымен, этнография, тарих, мәдениет, салт-дәстүр, өнер, астрономия, т.б ғылымдармен тығыз байланыста зерттеледі. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты - мәдени константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек. Мысалы,  қазақ тілінде белгілі бір ұғымды ауыс мағынада түсіндіру үшін өздері күнделікті көріп жүрген, болмысы әбден танылған ұғымдарды қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2. Қазақ тілі диалектілік лексикологиясының этнолингвистикалық негізі

2.1. Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер

Лингвомәдениеттанымдық  тұрғыдан алғанда, тіл қарым-қатынас  және танымдық қызмет атқаратын құрал  ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл –  мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас  дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени  код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын маса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.

Тіл мен мәдениет екі түрлі  семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Мәдениет пен тілдің бастау бір бірімен тұспа - тұс келеді. Яғни, тіл – адами нақтылықты адамзаттың тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал адамзаттың тіршілігі – мәдениеттің әлемі екені белгілі. Әрине тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз, өткені ол әлемнің бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке жеткізуші ғана. Дегенмен тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани аламыз немесе тіл қатынас пен ойлаудың кейбір мәселелерін шешудің қосымша құралы деп есептеу де қате болар еді. Шын мәнінде, нақтылы әлем бейсаналы түрде тілдік нормалар негізінде жасалады. Адамның қандай да бір құбылысты әрқалай көруі, естуі, қабылдауы тілдік нормалардың өз көрінісінің формасына сай болуымен байланысты.

Информация о работе Диалектизмдерді лингвомәдениетанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері